БҰЙЫРАМЫН:
1. "Елеулі маңызды тауарлар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10953 тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Елеулі маңызды тауарлар тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 148, 149, 150-жолдармен толықтырылсын:
"
148. | 2701 | тас көмір, брикеттер, тас көмірден алынған түйіршіктер және қатты отынның ұқсас түрлері |
149. | 2702 | лигнит немесе гагаттан басқа агломерленген немесе агломерленбеген қоңыр көмір |
150. | 2503 00 | мұздатылған кептірілген, тұндырылған және коллоидты күкірттен басқа барлық түрдегі күкірт |
".
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі |
С. Жумангарин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі