"Елеулі маңызды тауарлар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 180 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 138-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 13 сәуірде № 32293 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Елеулі маңызды тауарлар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10953 тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Елеулі маңызды тауарлар тізбесі:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 148, 149, 150-жолдармен толықтырылсын:

      "

148.

2701

тас көмір, брикеттер, тас көмірден алынған түйіршіктер және қатты отынның ұқсас түрлері

149.

2702

лигнит немесе гагаттан басқа агломерленген немесе агломерленбеген қоңыр көмір

150.

2503 00

мұздатылған кептірілген, тұндырылған және коллоидты күкірттен басқа барлық түрдегі күкірт

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Сауда және интеграция министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады