БҰЙЫРАМЫН:
1. "Турагенттік қызметтің, Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 249 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11209 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
корсетілген бұйрыққа 1 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Оралов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Нысан
Турагенттік қызметтің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер
1. Туризмнiң ұйымдық нысандары:
1) халықаралық туризм ____________________________________________.
(келу және/немесе шығу туризмін көрсету)
2) ішкі туризм ____________________________________________________.
2. Кеңсенің орналасқан жері ________________________________________.
(мекен-жайды көрсету)
Нысан
Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер
1. Қызметтерді көрсететін өңір___________________________________.
2. Туристік маршруттармен жүріп өту тәжірибесі____________________.