Турагенттік қызметтің, Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысандарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 249 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 мамырда № 11209 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2021 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 20-6) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 23.01.2024 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы бұйрыққа:

      1) 1-қосымшаға сәйкес турагенттік қызметтің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысаны;

      2) 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысаны;

      3) 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын экскурсовод қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтің нысаны;

      4) 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтің нысаны бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2021 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 24 сәуір

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 249 бұйрығына
1-қосымша

Турагенттік қызметтің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер нысаны

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 23.01.2024 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурстарда орналастырылған: www.tsm.gov.kz и www.elisence.kz

      Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: "Турагенттік қызметтің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер"

      Индексі: 1-КТТ

      Кезеңділік: біржолғы

      Есепті кезең: __ күн __ ай ____ жыл

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: туристік агенттіктердің қызметін бастайтын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: туристік агенттіктер қызметінің басталғаны туралы құжаттарды беру кезінде

№ п/п

Туризмнiң ұйымдық нысандары

Кеңсенің орналасқан жері

Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің қатысушысы

шығу туризмі

келу және/немесе ішкі туризм

мекен-жайы

иә/жоқ

1

2

3

4

5





      Телефон _______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы __________________________________

      Орындаушы ___________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға

      _______________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы

      Мөр басатын орын

      _______________________________________________________________

      (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)

  Турагенттік қызметтің
басталғаны туралы
хабарламаға қоса беру үшін
мәліметтер нысанына
қосымша

"Турагенттік қызметтің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер" туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      1.1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.

      2.2-бағанда шығу туризмінің ұйымдық нысаны көрсетіледі.

      3.3-бағанда келу/ішкі туризмінің ұйымдық нысаны көрсетіледі.

      4.4-бағанда кеңсенің мекенжайы көрсетіледі.

      5.5-бағанда Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің қатысушысы көрсетіледі: иә__ / жоқ__.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 249 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер нысаны

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 23.01.2024 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурстарда орналастырылған: www.tsm.gov.kz и www.elisence.kz

      Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: "Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер"

      Индексі: 1-КТГ

      Кезеңділік: біржолғы

      Есепті кезең: __ күн __ ай ____ жыл

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: туристік гид қызметін бастайтын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: туристік гид қызметінің басталғаны туралы құжаттарды беру кезінде

№ п/п

Ақпараттық және (немесе) ұйымдастырушылық қызметтерін көрсететін өңір (ӘАОЖ бойынша орналасқан жерінің коды)

Ақпараттық және (немесе) ұйымдастырушылық қызметтерін көрсететін тіл(-дері)

1

2

3




      Телефон ____________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _______________________________

      Орындаушы ________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға

      ___________________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы

      Мөр басатын орын

      ____________________________________________________________________

      (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)

  Қазақстан Республикасында
дара кәсіпкер ретінде қызметін
жүзеге асыратын гид қызметінің
басталғаны туралы хабарламаға
қоса беру үшін мәліметтер
нысанына қосымша

"Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер" туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      1. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.

      2. 2-бағанда ақпараттық және (немесе) ұйымдастырушылық қызметтерін көрсететін өңір көрсетіледі (ӘАОЖ бойынша орналасқан жерінің коды).

      3. 3-бағанда ақпараттық және (немесе) ұйымдастырушылық қызметтерін көрсететін тіл(-дері) көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 249 бұйрығына
3-қосымша

Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын экскурсовод қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәлімет нысаны

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 23.01.2024 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурстарда орналастырылған: www.tsm.gov.kz и www.elisence.kz

      Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: "Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын экскурсовод қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәлімет"

      Индексі: 1-КТЭ

      Кезеңділігі: біржолғы

      Есепті кезең: __ күн __ ай ____ жыл

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: туристік экскурсовод қызметін бастайтын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: туристік экскурсовод қызметінің басталғаны туралы құжаттарды беру кезінде

№ п/п

Экскурсиялық қызметтерін көрсететін өңір (ӘАОЖ бойынша орналасқан жерінің коды)

1

2



      Телефон ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы __________________________________

      Орындаушы _____________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға

      _____________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы

      Мөр басатын орын

      ____________________________________________

      (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)

  Қазақстан Республикасында
дара кәсіпкер ретінде қызметін
жүзеге асыратын экскурсовод
қызметінің басталғаны туралы
хабарламаға қоса беру
үшін мәлімет нысанына
қосымша

"Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын экскурсовод қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер" туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      1.1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.

      2. 2-бағанда экскурсиялық қызметтерін көрсететін өңір көрсетіледі (ӘАОЖ бойынша орналасқан жерінің коды).

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 249 бұйрығына
4-қосымша

Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер нысаны

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 23.01.2024 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурстарда орналастырылған: www.tsm.gov.kz и www.elisence.kz

      Әкімшілік деректеркөздер нысанының атауы: "Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер"

      Индексі: 1-КТИ

      Кезеңділік: біржолғы

      Есепті кезең: __ күн __ ай ____ жыл

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: туризм нұсқаушысы қызметін бастайтын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы құжаттарды беру кезінде

№ п/п

Қызметтерді көрсететін өңір (ӘАОЖ бойынша орналасқан жерінің коды)

Туристік маршруттармен жүріп өту тәжірибесі

1

2

3




      Телефон ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _________________________________

      Орындаушы __________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға

      _____________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы Мөр басатын орын

      ______________________________________________

      (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)

  Қазақстан Республикасында
дара кәсіпкер ретінде қызметін
жүзеге асыратын туризм
нұсқаушысы қызметінің
басталғаны туралы хабарламаға
қоса беру үшін мәліметтер
нысанына
қосымша

"Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер" туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      1. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.

      2. 2-бағанда қызметтерді көрсететін өңір көрсетіледі (ӘАОЖ бойынша орналасқан жерінің коды).

      3. 3-бағанда туристік маршруттармен жүріп өту тәжірибесі көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады