"Әскери полиция органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдары патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидалары бекiтілсiн.
2. Қорғаныс министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 25 шілдедегі № 382 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15556 болып тіркелген);
2) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 25 шілдедегі № 382 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2021 жылғы 18 мамырдағы № 309 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22808 болып тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығына жүктелсін.
5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Р. Жаксылыков |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 321 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдары патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдары патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдары (бұдан әрі – ӘПО) патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. ӘПО патрульдік-бекеттік қызметінің әрекетін ұйымдастыру:
1) патрульдік нарядты даярлауды және оған нұсқау беруді;
2) патрульдік нарядтың қызмет өткеруін қамтиды.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) әскери полицияның бақылау-өткізу пункті (бұдан әрі – ӘП БӨП) – белгілі бір ауданға (жергілікті жерге, объектіге) өткізу режимін қамтамасыз ету немесе көлік құралдарының және жаяу жүргіншілердің қозғалысын шектеу үшін, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатысуымен өтетін іс-шаралар, зілзала, эпидемия және төтенше жағдай туындаған кезеңде қойылатын патрульдік наряд;
2) әскери полицияның патрульдік бекеті (бұдан әрі – Бекет) – патрульдік наряд өз құзыреті шегінде міндеттерді орындайтын жер немесе жергілікті жер учаскесі;
3) әскери полицияның патрульдік тобы – патрульдеу маршрутында (бекетте, ӘП БӨП-да) қызмет өткеру үшін біріктірілген бірнеше патрульдік наряд құзыреті шегінде міндетті орындайтын орын немесе жергілікті жер учаскесі;
4) арнайы автомобиль – байланыс құралдарымен, бейнетіркегіштермен, арнайы дыбыс және жарық дабылымен жабдықталған, сондай-ақ арнайы түсті графикалық схемалармен боялған, тану белгілері, жазулар салынған және патрульдеу маршруттарында (бекеттерде, ӘП БӨП-да) құқық тәртібін қамтамасыз ету, ұсталған адамдарды ӘПО-ға жеткізу, сондай-ақ жаяу патрульдік нарядтарды қызмет өткеру орындарына апару үшін пайдаланатын ӘПО көлік құралы;
5) патрульдеу маршруты – оған іргелес аумақ бар патрульдік нарядтың белгіленген жүру жолы, олардың шегі жергілікті жерде маршрутта орналасқан әскери объектілерге, әскери қызметшілердің демалу орындарына, әскери қалашықтарға, сауда объектілеріне, автобус және теміржол вокзалдарына (станцияларға), әуежайларға байланысты айқындалады.
6) ӘПО патрульдік-бекеттік қызметі (бұдан әрі – ПБҚ) – ӘПО құрамындағы құрылымдық бөлімше, оның міндеттері Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде құқық тәртібін қамтамасыз ету, қылмыс пен құқық бұзушылық профилактикасы, сақтандыру, анықтау, жолын кесу және ашу болып табылады;
7) ПБҚ патрульдік наряды – патрульдеу маршрутында, әскери полицияның бақылау-өткізу пункттерінде, сондай-ақ әскери полицияның патрульдік бекеттерінде құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша патрульдік нарядқа жүктелген міндеттерді орындайтын екі немесе одан да көп әскери полиция қызметкерінен (патруль бастығы және патрульдеуші) тұратын патруль (жаяу немесе арнайы автомобильдерде);
8) ПБҚ резерві – криминогендік жағдайдың нашарлауына, патрульдік нарядты күшейтуге, рейдтік іс-шаралар жүргізуге, анықтау, тергеу және сот органдарынан жасырынып жүрген, әскери бөлім орналасқан жерді өз еркімен тастап кеткен әскери қызметшілерді іздеуге байланысты, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатысуымен әскери іс-шаралар өткізілген, сондай-ақ зілзала, эпидемия және басқа да төтенше жағдай туындаған кезеңде патрульдеу маршруттарында (бекеттерде, ӘП БӨП-да) қызмет өткеру үшін тартылған ӘПО жеке құрамы;
9) ПБҚ-ның рейдтік іс-шаралары – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен мән-жайды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқық тәртібін сақтауға және нығайтуға бағытталған құқық бұзушылық профилактикасы бойынша ұйымдастыру және сақтандыру шаралары кешені;
10) ПҚБ-ның уәкілетті лауазымды адамы – ПБҚ-ны ұйымдастыру бойынша лауазымдық өкілеттік тұрақты немесе уақытша берілген лауазымды адам.
2-тарау. Патрульдік нарядты даярлау және оған нұсқау беру
4. Алдағы тәулікте патрульдік нарядтарды орналастыру патрульдік нарядтар құрамы, патрульдеу маршруттары (бекет, ӘП БӨП), қызмет өткеру және демалу уақыты туралы мәліметтерді көрсетіп ӘПО бастығының тиісті бұйрығымен күн сайын ресімделеді.
5. Әрбір патрульдеу маршрутына (бекетке, ӘП БӨП-ға) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карточка жасалады.
Патрульдеу маршрутының (бекеттің, ӘП БӨП-ның) карточкасы екі данада жасалады:
1) 1 данасы ӘПО-ның кезекші бөлімінде сақталады;
2) 2 данасы патрульдік нарядқа түсер алдында патруль бастығына беріледі.
6. Патрульдік нарядтарды тағайындау ӘПО әскери қызметшілерінің қызмет өткеру жағдайына және патрульдеу маршрутындағы (бекеттегі, ӘП БӨП-дағы) жағдайға сәйкес келетін жасын және жұмыс тәжірибесін ескере отырып жасалады.
7. Төтенше жағдай, рейд жүргізу кезінде туындайтын міндеттерді шешу үшін олардың мәні мен ауқымына байланысты ӘПО бастықтары оларды ұйымдастыру бойынша жеке жоспарлар (еркін түрде) жасайды немесе тиісті бұйрықтар шығарады.
8. Патрульдік наряд құрамына кіретін әскери қызметшілерге нұсқау беруді ПБҚ-ның уәкілетті лауазымды адамы арнайы жабдықталған сыныпта немесе ӘПО бастығы айқындаған аумақта (алаңда) жүргізеді, оның ұзақтығы 40 минуттан аспайды.
9. Нұсқау беру кезінде ПБҚ-ның уәкілетті лауазымды адамы:
1) патрульдік нарядтардың қызмет өткеруге әзірлігін анықтайды және анықталған кемшіліктерді жоюға шара қабылдайды;
2) патрульдік нарядтағы әскери қызметшілердің өз құқықтары мен міндеттерін, қару, арнайы құралдар мен күш қолдану тәртібін білуін тексереді;
3) патрульдік нарядтарды гарнизондағы криминогендік жағдайдың жай-күйі туралы, іздестіруде жүрген адамдар туралы бағдарлайды, өткен тәулікте патрульдеу маршруттарында (бекеттерде, ӘП БӨП-да) қызмет өткеру нәтижесі, оның ішінде патрульдеу кезінде жол берілген бұзушылық туралы хабардар етеді;
4) патрульдеу маршруттарында (бекеттерде, ӘП БӨП-да) патрульдік нарядтарды орналастыру туралы ақпаратты жеткізеді;
5) әскери қызметшілерге мұқият, сыпайы қарым-қатынас жасау, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қажет болған жағдайда көмек көрсету қажеттілігі туралы ақпаратты жеткізеді.
10. Нұсқау беру патрульдік нарядтарды таратумен және қызмет өткеру орнына түсу туралы бұйрық берумен аяқталады.
3-тарау. Патрульдік нарядтың қызмет өткеруі
11. Патрульдік нарядтың қызмет өткеруі бір немесе бірнеше патрульдеу маршрутында жүзеге асырылады. Патрульдеу маршрутына (бекетке, ӘП БӨП-ге) түскені, қызмет өткеру барысы, патрульдік нарядты қабылдау және тапсыру, сондай-ақ бір патрульдеу маршрутынан басқасына ауысқаны туралы патруль бастығы ПБҚ-ның уәкілетті лауазымды адамына және ӘПО бойынша кезекшіге баяндайды.
Баяндау радиобайланыс немесе басқа да қолжетімді тәсілмен ӘПО бастығы бекіткен кестеге сәйкес, бірақ екі сағатта бір реттен сиретпей, ал оқиға болған жағдайда дереу жасалады.
12. Тәуліктік патрульдік нарядтарды ауыстыру патрульдеу маршрутында (бекетте, ӘП БӨП-да) жүргізіледі. Ауысатын патрульдік наряд жаңадан түсетін патрульдік нарядқа қызмет өткеру барысында орын алған оқиғалар, алынған өкімдер туралы ауызша хабарлайды.
Ауысатын патрульдік наряд атыс қаруын, арнайы құралдарды тапсыру үшін ӘПО-ға келеді және ПБҚ-ның уәкілетті лауазымды адамына патрульдік нарядта қызмет өткеру барысы және нәтижесі туралы жазбаша еркін түрде баяндайды.
13. Патрульдік наряд патруль маршрутында (бекетте, ӘП БӨП-да) қызмет өткеру кезінде ПБҚ-ның уәкілетті лауазымды адамына және ӘПО бойынша кезекшіге бағынады.
14. Патрульдік наряд патрульдеу маршрутында (бекетте, ӘП БӨП-да) қызмет өткеру кезінде құқық бұзушылықты уақтылы анықтау және жолын кесу мақсатында жергілікті жерді және онда орналасқан объектілерді (заттарды) қарап-тексереді, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери көлік құралдарын пайдалануды, әскери қызметшілер мен басқа да адамдардың өзін-өзі ұстауын қадағалайды.
Қызмет өткеру кезеңінде патруль бастығы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қоғамдық орындарда тәртіп бұзған әскери қызметшілердің тізімін жасайды.
15. Патрульдік наряд әскери қызметшілермен және азаматтық адамдармен сөйлескен кезде Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызмет жарғысы 159 – 163-тармақтарының талаптарын басшылыққа алады.
Әскери қызметшілердің, запаста тұратын азаматтардың әскери жиындардан өту кезінде құжаттарын тексеру қауіпсіздік шараларын сақтаумен, жаяу жүргіншілердің және көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтірілмей жүргізіледі.
Тексеру аяқталғаннан кейін ескерту болмаған кезде патрульдік наряд бастығы тексерілген адамға құжаттарын қайтарып береді.
16. Құқық бұзушыны ұстау және ӘПО-ға жеткізу жасалған құқық бұзушылық сипатына қарай Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі 128 – 132-баптарының немесе "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 786 – 788-баптарының талаптарын сақтаумен жүргізіледі.
17. Құқық бұзушылар тобын ұстаған кезде патруль бастығы ол туралы радиобайланыс құралы арқылы немесе басқа да қолжетімді тәсілмен ППҚ-ның уәкілетті лауазымды адамына және ӘПО бойынша кезекшіге хабарлайды, қосымша күштер мен құралдар сұратады, көршілес патрульдік нарядтарды, сондай-ақ құқық қорғау органдарының аумақтық бөлімшелерін хабардар етеді.
18. Құқық бұзушы бағынбаған немесе қарсылық көрсеткен жағдайда патрульдік наряд "Әскери полиция органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10 – 12-баптарының талаптарына сәйкес оған (оларға) күш, арнайы құралдарды немесе атыс қаруын қолданады.
19. Патрульдік наряд теміржол (автобус, теңіз, өзен) станцияларында (порттарында), әуежайларда қызмет өткерген кезде әскери командалардың және жеке әскери қызметшілердің қозғалысын, олардың құқық тәртібін, әскери тәртіпті сақтауын бақылайды.
Бұзушылық анықталған кезде патруль бастығы топ (команда) жетекшісін бұзушылықты жою қажеттілігі туралы ауызша хабарлайды. Анықталған бұзушылық туралы команда (топ) жетекшісінің әскери құжаттарына жазба жасалады.
20. Патрульдеу маршруты (бекеті) ауданында ашық су тоғаны мен гидротехникалық құрылыс болған кезде патрульдік наряд әскери қызметшілердің ол үшін бөлінбеген жерлерде суға түсуіне жол бермеу бойынша шара қабылдайды.
21. Көршілес патрульдік нарядтармен өзара іс-қимыл жасау мақсатында бірыңғай радиосигнал немесе ысқырықпен сигнал беру белгіленеді:
1) "Ұста" – бір ұзақ сигнал;
2) "Маған көмекке" – екі қысқа сигнал. Қажет болған кезде сигналдар қайталанады.
Дабыл сигналын беру немесе көмекке шақыру үшін атыс қаруын қолдану Заңның 12-бабының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
22. Патрульдеу маршрутында (бекетінде) оқиға немесе қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпарат алған кезде патрульдік наряд көрсетілген орынға келеді және жедел-тергеу тобы келгенге дейін мынадай іс-қимыл жасайды:
1) зардап шеккендердің болуын және жай-күйін, оларға медициналық көмек көрсетілгенін немесе көрсетілмегенін анықтайды, қажет болған кезде медициналық көмек шақырады;
2) құқық бұзушылық (оқиға) жасалған жерді, уақытты, тәсілді және мән-жайды анықтайды;
3) оқиғаға қатысушылар, куәгерлер, көрген адамдар туралы деректер жинауды жүзеге асырады;
4) оқиға болған жерді күзетуді қамтамасыз етеді.
Жедел-тергеу тобы келгеннен кейін жиналған мәліметтерді топ жетекшісіне береді, көмек көрсетеді және одан әрі ПБҚ уәкілетті лауазымды адамының және ӘПО бойынша кезекшінің нұсқауы бойынша әрекет етеді.
23. Патрульдеу маршрутында (бекетте, ӘП БӨП-да) қызмет өткеру кезінде патрульдік нарядқа:
1) әскери қызметшілер мен азаматтық адамдарды негізсіз ұстауға;
2) өз еркімен патрульдеу маршрутын (бекетті, ӘП БӨП-ны) тастап кетуге;
3) қару мен арнайы құралдарды қажет болмаған кезде шешуге, қалдыруға, басқа біреуге беруге;
4) байланыс құралдары арқылы қызметтен тыс әңгімелесуге;
5) әскери қызметшілермен және азаматтық адамдармен қызметке қатысты емес әңгімелесуге, қызмет өткеруден басқа жаққа көңіл аударуға;
6) патрульдеу маршрутында (бекетте, ӘП БӨП-да) белгіленбеген уақытта демалуға;
7) арнайы автомобильмен қызметтік қажеттіліктен тыс бөгде адамдарды және жүкті жеткізуге, сондай-ақ арнайы автомобильді қараусыз қалдыруға;
8) басқа біреуге арнайы автомобильді басқаруға беруге;
9) ұсталған адамдарды арнайы автомобильде қараусыз қалдыруға;
10) ақаулы арнайы автомобильді немесе оны орынсыз пайдалануға жол берілмейді.
24. Арнайы автомобильде қызмет атқару кезінде, "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларының (бұдан әрі – ЖЖҚ) 6 бөлімі 1 тармақшасымен қарастырылған жағдайды ескермегенде, ЖЖҚ-н бұзуға жол берілмейді.
25. Патрульдеу маршрутында (бекетте, ӘП БӨП-да) кинолог қызметтік итпен қызмет өткерген кезде қызметтік ит қысқа байлауда, тұмылдырықта болады.
Қызметтік иттерді қолдану Заңның 11-бабының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
26. Патрульдік нарядтардың қызмет өткеруін бақылауды:
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасы қоғамдық қауіпсіздік басқармасы басшылық құрамының адамдары;
2) ӘПО бастығы және оның орынбасарлары;
3) ПБҚ-ның уәкілетті лауазымды адамы жүзеге асырады.
27. Патрульдік нарядтардың қызмет өткеруін бақылау ашық түрде жүргізіледі. Бақылауды жүзеге асыруға келген адам патруль бастығына ӘПО әскери қызметшісінің қызметтік куәлігін көрсетеді.
28. Патрульдеу маршрутында (бекетте, ӘП БӨП-да) патруль болмаған кезде лауазымды адам ӘПО бойынша кезекшіге дереу хабарлайды және патрульдік нарядтың болмау себептері мен болған жерін анықтау бойынша шаралар қабылдайды.
29. Патрульдеу маршрутында (бекетте, ӘП БӨП-да) қызмет өткеруді бақылау нәтижесі туралы лауазымды адам маршрут (бекет, ӘП БӨП) карточкасына жазба жасайды.
30. ӘПО бастығы тоқсанына бір реттен сиретпей, ал ПБҚ-ның уәкілетті лауазымды адамы ай сайын патрульдік нарядтың қызмет өткеруін бақылау тиімділігіне талдау жасайды.
Патрульдеу маршрутының (бекеттің, ӘП БӨП-ның) карточкасы
_____________________________________________________
(патрульдеу маршрутының (бекеттің, ӘП БӨП-ның) нөмірі және шартты атауы)
Патрульдеу маршрутының (бекеттің, ӘП БӨП-ның) орналасу схемасы
Схемаға мыналар енгізіледі:
1. Көше атаулары мен негізгі бағдарды (қоғамдық орындар, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық тамақтану орындары, көрнекі жер) көрсетумен патрульдеу маршрутының (бекеттің, ӘП БӨП-ның) орналасқан ауданы;
2. Жергілікті жер учаскесіне байланысты патрульдеу маршрутының (бекеттің, ӘП БӨП-ның) орналасқан жері;
3. Патрульдеу маршрутында орналасқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелері, медициналық мекемелер, ішкі істер органдары, жергілікті басқару органдары;
4. Схеманы жасау кезінде қолданылатын шартты атаулар.
Түсіндірме жазбада мыналар көрсетіледі:
1. Қызмет өткеру әдісі.
2. Патрульдеу маршрутының ұзындығы.
3. Ас ішу, ұзіліс жасау және т.б. көрсетумен қызмет өткеру кестесі.
4. Бекет, патрульдеу маршруты орналасқан аудандағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдері мен мекемелерінің, медициналық мекемелердің, ішкі істер органдарының, жергілікті басқару органдарының тізбесі (мекенжайларын көрсетумен).
5. Маршрутта әскери қызметшілердің анағұрлым көп шоғырлануы ықтимал орындар.
6. Патрульдік нарядтың жабдығы.
7. ӘПО бойынша кезекшіге байланысқа шығу тәртібі және кезеңділігі.
8. Патрульдеу маршрутында (бекетте, ӘП БӨП-да) қызмет өткерудің негізгі талаптары мен ерекшеліктері.
9. Қызмет өткеру кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
10. Патрульдік нарядтың қызмет өткеруін бақылауды жүзеге асыратын адамның жазатын орны.
____________________ гарнизонының ӘПО штаб бастығы (ӘПО атауы)
________________________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі мен аты-жөні)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдары патрульдік-бекеттік қызметін ұйымдастыру қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Беткі жағы
|
____________ гарнизонында |
Артқы жағы
Қызмет өткеру орны (патрульдеу маршруты, бекет, ӘП БӨП)
|
|