Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы БҰЙЫРАДЫ:
1. "Есептік ақпараты тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесін бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 11 наурыздағы № 3-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20128 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
нормативтік қаулымен бекітілген Есептік ақпараты тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесі осы бірлескен нормативтік қаулыға және бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Жоғары аудиторлық палатаның Жоспарлау және даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен нормативтік қаулының және бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен нормативтік қаулының және бұйрықтың Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен нормативтік қаулының және бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының жетекшілік ететін мүшесіне және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бірлескен нормативтік қаулы және бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасының |
Есептік ақпараты тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесі
1-тарау. Негізгі ережелер
1. Осы Есептік ақпараты тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) мемлекеттік органдарға жүктемені азайту және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінің (бұдан әрі – Жыл сайынғы бағалау жүйесі) 42-тармағына сәйкес жүргізілетін бағаланатын мемлекеттік органдардың есептік ақпаратында (бұдан әрі – есептік ақпарат) қамтылған деректерді қайта тексеру рәсімін оңтайландыру мақсатында әзірленді.
2. Әдістеме Жыл сайынғы бағалау жүйесінің орталық мемлекеттік органдар (бұдан әрі – ОМО) тізбесінде көзделген қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілетін ОМО-ны және тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес қайта тексеру жүргізу қажет болатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарын (бұдан әрі – ЖАО) анықтауға арналған.
3. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бағалаудағы тәуекелдерді басқару жүйесі – бағалау қызметінің неғұрлым басым бағыттары бойынша таңдау мен ресурстарды оңтайлы бөлу қағидаттары бойынша бағалау іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ететін әкімшілендіру жүйесі;
2) айыппұл балдары (К1) – алдыңғы бағалау жылындағы бағыттар бойынша бағалау шеңберінде ақпаратты анық, толық және уақтылы ұсынбау фактілері бойынша шегерілген балдардың сомасына негізделген тәуекел деңгейін анықтау өлшемшарты;
3) бағалау серпіні (К2) – алдыңғы екі бағалау кезеңдегі бағыт бойынша мемлекеттік органның қорытынды бағаларындағы айырмашылыққа негізделген тәуекел деңгейін анықтау өлшемшарты;
4) басым көрсеткіш (К3) – бағыт бойынша қорытынды бағалауда ең жоғары салмақтық мәні бар көрсеткіш бойынша мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалауға негізделген тәуекел деңгейін анықтау өлшемшарты.
Бағалау бағытында көрсеткіш болмаған не көрсеткіштердің салмақтық мәндері тең болған жағдайда, басым көрсеткіш ретінде бағалау өлшемшарты анықталады.
5) тәуекел көрсеткіші – мемлекеттік органға тәуекел деңгейін айқындау өлшемшарты бойынша рейтингтегі позицияға сәйкес берілетін балл.
Әдістеме үшін алдыңғы бағаланатын екі кезеңдегі тиісті блоктар мен бағыттар бойынша бағалау нәтижелері туралы қорытындылар ақпарат көзі болып табылады.
4. Есептік ақпараты тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдар әрбір бағалау блогы бөлінісінде жеке-жеке айқындалады.
5. "Мақсаттарға қол жеткізу" блогы бойынша есептік ақпараты қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау кезінде бағалаудың алдыңғы екі кезеңіндегі "Мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу" және "Бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізу" бағыттары бойынша бағалау нәтижелері пайдаланылады.
"Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы" блогы бойынша есептік ақпараты қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау кезінде бағалаудың алдыңғы екі кезеңіндегі "Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасы" және "Шағымдар мен арыздарды қарау сапасы" бағыттары бойынша бағалау нәтижелері пайдаланылады.
"Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы" блогы бойынша есептік ақпараты қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау кезінде бағалаудың алдыңғы екі кезеңіндегі "Персоналды басқару" және "Ақпараттық технологияларды қолдану" бағыттары бойынша бағалау нәтижелері пайдаланылады.
6. Тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау алдыңғы екі бағалау кезеңінің қорытындылары бойынша жыл сайын жүзеге асырылады.
7. Егер мемлекеттік орган есепті кезеңде Жыл сайынғы бағалау жүйесіне алғаш рет енгізілген болса, қайта тексеруге жататын бағалаудың басым көрсеткіштері/өлшемшарттары бойынша функциялардың мемлекеттік органға берілу жағдайларын қоспағанда, осы мемлекеттік органға қатысты қайта тексеру жүзеге асырылмайды.
Мемлекеттік органда алдыңғы бағаланатын кезеңде бағалау нәтижелері болмаған жағдайда, осы мемлекеттік органға қатысты "Бағалау серпіні" өлшемшарты қолданылмайды.
8. Тәуекелдерді басқару жүйесі қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілетін мемлекеттік органдардың санынан ОМО мен ЖАО қызметінің тиімділігін бағалаудың әр блогы бойынша қайта тексерілетін мемлекеттік органдардың үлесін 25%-ға дейін төмендетуге бағытталған.
Бұл ретте, ресми статистикалық ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік дерекқорларда және ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтер болған жағдайда, мемлекеттік органдардың есептік деректерін қайта тексеру барлық бағаланатын мемлекеттік органдарға қатысты қашықтан жүзеге асырылады.
2-тарау. Бағалау бағыттары бойынша тәуекел көрсеткіштерін айқындау
9. Бағалау бағыты бойынша тәуекел көрсеткішін айқындау мақсатында мынадай есептеу формуласы қолданылады:
Xn = К1n + К2n + К3n,
мұнда:
Xn – мемлекеттік органның бағыт бойынша тәуекелінің жиынтық көрсеткіші;
К1n – "Айыппұл балдары" өлшемшарты бойынша мемлекеттік органның тәуекел көрсеткіші;
К2n – "Бағалау серпіні" өлшемшарты бойынша мемлекеттік органның тәуекел көрсеткіші;
К3n – "Басым көрсеткіш" өлшемшарты бойынша мемлекеттік органның тәуекел көрсеткіші.
10. Жүргізілген есептеулер нәтижелері Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес "ОМО-ның бағыт бойынша тәуекел көрсеткіштері" және 2-қосымшаға сәйкес "ЖАО-ның бағыт бойынша тәуекел көрсеткіштері" кестелерінің тиісті бағандарына енгізіледі.
3-тарау. "Айыппұл балдары" өлшемшарты бойынша рейтингті есептеу
11. "Айыппұл балдары" өлшемшарты бойынша Әдістемеге 3 және 4-қосымшаларға сәйкес бағыт бойынша ең жоғары айыппұл балынан ең төмен айыппұл балына қарай ОМО мен ЖАО-ның рейтингі жүргізіледі.
12. "Айыппұл балдары" өлшемшарты бойынша рейтинг жасау кезінде ОМО өздеріне қатысты қызмет тиімділігіне бағалау жүргізілетін блоктағы орталық мемлекеттік органдар санының жартысына тең ең жоғары мәннен бастап 0,5 балды қоса отырып, тәуекел көрсеткіштері беріледі.
13. "Айыппұл балдары" өлшемшарты бойынша рейтинг жасау кезінде ЖАО өздеріне қатысты қызмет тиімділігіне бағалау жүргізілетін блоктағы жергілікті атқарушы органдар санының жартысына тең ең жоғары мәннен бастап 0,5 балды қоса отырып, тәуекел көрсеткіштері беріледі.
14. Бағыт бойынша бірдей айыппұл балдарын алған мемлекеттік органдар болған кезде осы мемлекеттік органдарға бірдей тәуекел көрсеткіштері беріледі. Тізімдегі келесі мемлекеттік орган өлшемшарт бойынша 0,5 балға төмен тәуекел көрсеткішін алады.
15. Балдары берілген мемлекеттік органдардың атаулары Әдістемеге 1- қосымшаға сәйкес "ОМО-ның бағыт бойынша тәуекел көрсеткіштері" және 2-қосымшаға сәйкес "ЖАО-ның бағыт бойынша тәуекел көрсеткіштері" кестелерінің тиісті бағандарына енгізіледі.
4-тарау. "Бағалау серпіні" өлшемшарты бойынша рейтингті есептеу
16. "Бағалау серпіні" өлшемшарты бойынша Әдістемеге 5 және 6-қосымшаларға сәйкес бағалау нәтижелерінің ең жоғары мәнінен төмен мәніне қарай ОМО мен ЖАО-ның рейтингі жүргізіледі.
17. "Бағалау серпіні" өлшемшарты бойынша рейтинг жасау кезінде ОМО өздеріне қатысты қызмет тиімділігіне бағалау жүргізілетін блоктағы мемлекеттік органдар санының жартысына тең ең жоғары мәннен бастап 0,5 балды қоса отырып, тәуекел көрсеткіштері беріледі.
18. "Бағалау серпіні" өлшемшарты бойынша рейтинг жасау кезінде ЖАО өздеріне қатысты қызмет тиімділігіне бағалау жүргізілетін блоктағы мемлекеттік органдар санының жартысына тең ең жоғары мәннен бастап 0,5 балды қоса отырып, тәуекел көрсеткіштері беріледі.
19. Алдыңғы бағаланатын екі кезең үшін бағыт бойынша бағалауда айырмашылығы бірдей мемлекеттік органдар болған жағдайда, Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тәсіл қолданылады.
20. Балдары берілген мемлекеттік органдардың атаулары Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес "ОМО-ның бағыт бойынша тәуекел көрсеткіштері" және 2-қосымшаға сәйкес "ЖАО-ның бағыт бойынша тәуекел көрсеткіштері" кестелерінің тиісті бағандарына енгізіледі.
5-тарау. "Басым көрсеткіш" өлшемшарты бойынша рейтингті есептеу
21. "Басым көрсеткіш" өлшемшарты бойынша Әдістемеге 7 және 8-қосымшаларға сәйкес басым көрсеткішті бағалау нәтижелерінің ең жоғары мәнінен төмен мәніне қарай ОМО мен ЖАО-ның рейтингі жүргізіледі.
22. "Басым көрсеткіш" өлшемшарты бойынша рейтинг жасау кезінде ОМО-ға мынадай тәуекел көрсеткіштері:
1) "Мақсаттарға қол жеткізу" блогының бағыттары бойынша өздеріне қатысты қызмет тиімділігіне бағалау жүргізілетін блоктағы мемлекеттік органдарының санына тең ең жоғары мәннен бастап 1 балды қоса отырып беріледі;
2) "Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы" блогының бағыттары бойынша өздеріне қатысты қызмет тиімділігіне бағалау жүргізілетін блоктағы мемлекеттік органдарының санына тең ең жоғары мәннен бастап 1 балды қоса отырып беріледі;
3) "Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы" блогының бағыттары бойынша өздеріне қатысты қызмет тиімділігіне бағалау жүргізілетін блоктағы мемлекеттік органдар санына тең ең жоғары мәннен бастап 1 балды қоса отырып беріледі.
23. "Басым көрсеткіш" өлшемшарты бойынша рейтинг жасау кезінде ЖАО-ға мынадай тәуекел көрсеткіштері:
1) "Мақсаттарға қол жеткізу" блогының бағыттары бойынша өздеріне қатысты қызмет тиімділігіне бағалау жүргізілетін блоктағы мемлекеттік органдардың санына тең ең жоғары мәннен бастап 1 балды қоса отырып беріледі;
2) "Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы" блогының бағыттары бойынша өздеріне қатысты қызмет тиімділігіне бағалау жүргізілетін блоктағы мемлекеттік органдардың санына тең ең жоғары мәннен бастап 1 балды қоса отырып беріледі;
3) "Мемлекеттік органды ұйымдастырушылық дамыту" блогының бағыттары бойынша өздеріне қатысты қызмет тиімділігіне бағалау жүргізілетін блоктың мемлекеттік органдарының санына тең ең жоғары мәннен бастап 1 балды қоса отырып беріледі.
24. Бағалау өлшемшарты бойынша нәтижелері бірдей мемлекеттік органдар болған жағдайда Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тәсіл қолданылады.
25. Балдары берілген мемлекеттік органдардың атаулары Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес "ОМО-ның бағыт бойынша тәуекел көрсеткіштері" және 2-қосымшаға сәйкес "ЖАО-ның бағыт бойынша тәуекел көрсеткіштері" кестелерінің тиісті бағандарына енгізіледі.
6-тарау. Қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындаумен қорытынды есептеу
26. Блоктар бойынша тәуекел көрсеткіштерін қорытынды есептеу мынадай формулалар бойынша жүзеге асырылады:
A = X1 + X2; B = X3 + X4; C = X5+ X6,
мұнда:
A - "Мақсаттарға қол жеткізу" блогы бойынша мемлекеттік орган тәуекелінің қорытынды көрсеткіші;
B - "Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы" блогы бойынша мемлекеттік орган тәуекелінің қорытынды көрсеткіші;
C - "Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы" блогы бойынша мемлекеттік орган тәуекелінің қорытынды көрсеткіші;
Х1 - "Мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу" бағыты бойынша мемлекеттік органның тәуекел көрсеткіші;
Х2 - "Бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізу" бағыты бойынша мемлекеттік органның тәуекел көрсеткіші;
Х3 - "Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасы" бағыты бойынша мемлекеттік органның тәуекел көрсеткіші;
Х4 - "Шағымдар мен арыздарды қарау сапасы" бағыты бойынша мемлекеттік органның тәуекел көрсеткіші;
Х5 - "Персоналды басқару" бағыты бойынша мемлекеттік органның тәуекел көрсеткіші;
Х6 - "Ақпараттық технологияларды қолдану" бағыты бойынша мемлекеттік органның тәуекел көрсеткіші.
27. Блоктар мен бағыттар бөлінісінде орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың қорытынды тәуекел көрсеткіштері Әдістемеге 9 және 10-қосымшаларға сәйкес "ОМО-ның блоктар бойынша тәуекел көрсеткіштерін қорытынды есептеу" және "ЖАО-ның блоктар бойынша тәуекел көрсеткіштерін қорытынды есептеу" кестелеріне енгізіледі.
28. Тәуекелдер көрсеткіштерін қосу нәтижесінде әр блок бойынша ең көп балл жинаған ОМО мен ЖАО айқындалады.
29. Мемлекеттік органдарда тәуекел көрсеткішінің мәні бірдей болған жағдайда, қорытынды тізімге алдыңғы бағаланатын кезеңдегі қызметінің қорытындысына сәйкес блок бойынша бағалаудың ең төменгі нәтижесіне ие болған мемлекеттік орган енгізіледі.
30. Егер мемлекеттік органға қатысты есептік ақпаратқа қатарынан соңғы екі бағаланатын кезең ішінде қайта тексеру жүргізілген жағдайда, онда бағаланатын кезеңде мұндай мемлекеттік орган қайта тексерілмейді.
31. Мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда қайта тексеру құқықтық мирасқор мемлекеттік органға қатысты жүргізіледі.
7-тарау. Қорытынды ережелер
32. Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша Әдістемеге 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, әр бағалау блогы бойынша қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдардың тізбесі қалыптастырылады.
33. Тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде қайта тексеруге жататын бағалау блоктары бойынша мемлекеттік органдардың тізбесін Жоғары аудиторлық палата бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдарға жібереді.
Есептік ақпараты тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесіне 1-қосымша |
Орталық мемлекеттік органдардың бағыт бойынша тәуекел көрсеткіштері
р/с № | Орталық мемлекеттік органның атауы | "Айыппұл балдары" | Тәуекел көрсеткіші | "Бағалау серпіні" | Тәуекел көрсеткіші | "Басым көрсеткіш" | Тәуекел көрсеткіші |
1 | |||||||
2 | |||||||
3 | |||||||
… |
Есептік ақпараты тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесіне 2-қосымша |
Жергілікті атқарушы органдардың бағыт бойынша тәуекел көрсеткіштері
р/с № | Жергілікті атқарушы органның атауы | "Айыппұл балдары" | Тәуекел көрсеткіші | "Бағалау серпіні" | Тәуекел көрсеткіші | "Басым көрсеткіш" | Тәуекел көрсеткіші |
1 | |||||||
2 | |||||||
3 | |||||||
… |
Есептік ақпараты тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесіне 3-қосымша |
Орталық мемлекеттік органдардың "Айыппұл балдары" өлшемшарты бойынша рейтингі
р/с № | Орталық мемлекеттік органның атауы | К1 | |
"Айыппұл балдары" | Тәуекел көрсеткіші | ||
1 | |||
2 | |||
3 | |||
4 | |||
5 | |||
6 | |||
7 | |||
8 | |||
9 | |||
10 | |||
11 | |||
12 | |||
13 | |||
14 | |||
15 | |||
16 | |||
17 |
Есептік ақпараты тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесіне 4-қосымша |
Жергілікті атқарушы органдардың "Айыппұл балдары" өлшемшарты бойынша рейтингі
р/с № | Жергілікті атқарушы органның атауы | К1 | |
"Айыппұл балдары" | Тәуекел көрсеткіші | ||
1 | |||
2 | |||
3 | |||
4 | |||
5 | |||
6 | |||
7 | |||
8 | |||
9 | |||
10 | |||
11 | |||
12 | |||
13 | |||
14 | |||
15 | |||
16 | |||
17 |
Есептік ақпараты тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесіне 5-қосымша |
Орталық мемлекеттік органдардың "Бағалау серпіні" өлшемшарты бойынша рейтингі
р/с № | Орталық мемлекеттік органның атауы | К2 | |
"Бағалау серпіні" | Тәуекел көрсеткіші | ||
1 | |||
2 | |||
3 | |||
4 | |||
5 | |||
6 | |||
7 | |||
8 | |||
9 | |||
10 | |||
11 | |||
12 | |||
13 | |||
14 | |||
15 | |||
16 | |||
17 |
Есептік ақпараты тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесіне 6-қосымша |
Жергілікті атқарушы органдардың "Бағалау серпіні" өлшемшарты бойынша рейтингі
р/с № | Жергілікті атқарушы органның атауы | К2 | |
"Бағалау серпіні" | Тәуекел көрсеткіші | ||
1 | |||
2 | |||
3 | |||
4 | |||
5 | |||
6 | |||
7 | |||
8 | |||
9 | |||
10 | |||
11 | |||
12 | |||
13 | |||
14 | |||
15 | |||
16 | |||
17 |
Есептік ақпараты тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесіне 7-қосымша |
Орталық мемлекеттік органдардың "Басым көрсеткіш" өлшемшарты бойынша рейтингі
р/с № | Орталық мемлекеттік органның атауы | К3 | |
"Басым көрсеткіш" | Тәуекел көрсеткіші | ||
1 | |||
2 | |||
3 | |||
4 | |||
5 | |||
6 | |||
7 | |||
8 | |||
9 | |||
10 | |||
11 | |||
12 | |||
13 | |||
14 | |||
15 | |||
16 | |||
17 |
Есептік ақпараты тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесіне 8-қосымша |
Жергілікті атқарушы органдардың "Басым көрсеткіш" өлшемшарты бойынша рейтингі
р/с № | Жергілікті атқарушы органның атауы | К3 | |
"Басым көрсеткіш" | Тәуекел көрсеткіші | ||
1 | |||
2 | |||
3 | |||
4 | |||
5 | |||
6 | |||
7 | |||
8 | |||
9 | |||
10 | |||
11 | |||
12 | |||
13 | |||
14 | |||
15 | |||
16 | |||
17 |
Есептік ақпараты тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесіне 9-қосымша |
Орталық мемлекеттік органдардың блоктар бойынша тәуекел көрсеткіштерін қорытынды есептеу
р/с № | Орталық мемлекеттік органның атауы | Мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу | Бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу | "Мақсаттарға қол жеткізу" блогы бойынша | Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасы | Шағымдар мен арыздарды қарау сапасы | "Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы" блогы бойынша | Персоналды басқару | Ақпараттық технологияларды қолдану | "Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы" блогы бойынша |
1 | ||||||||||
2 | ||||||||||
3 | ||||||||||
4 | ||||||||||
5 | ||||||||||
6 | ||||||||||
7 | ||||||||||
8 | ||||||||||
9 | ||||||||||
10 | ||||||||||
11 | ||||||||||
12 | ||||||||||
13 | ||||||||||
14 | ||||||||||
15 | ||||||||||
16 | ||||||||||
17 |
Есептік ақпараты тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесіне 10-қосымша |
Жергілікті атқарушы органдардың блоктар бойынша тәуекел көрсеткіштерін қорытынды есептеу
р/с № | Жергілікті атқарушы органның атауы | Мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу | Бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу | "Мақсаттарға қол жеткізу" блогы бойынша | Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы | Шағымдар мен өтініштерді қарау сапасы | "Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы" блогы бойынша | Персоналды басқару | Ақпараттық технологияларды қолдану | "Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы" блогы бойынша |
1 | ||||||||||
2 | ||||||||||
3 | ||||||||||
4 | ||||||||||
5 | ||||||||||
6 | ||||||||||
7 | ||||||||||
8 | ||||||||||
9 | ||||||||||
10 | ||||||||||
11 | ||||||||||
12 | ||||||||||
13 | ||||||||||
14 | ||||||||||
15 | ||||||||||
16 | ||||||||||
17 |
Есептік ақпараты тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесіне 11-қосымша |
Блок бойынша қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдардың тізбесі
р/с № | Мемлекеттік органның атауы |
Орталық мемлекеттік органдар | |
1 | |
2 | |
3 | |
4 | |
5 | |
6 | |
7 | |
Жергілікті атқарушы органдар | |
1 | |
2 | |
3 | |
4 | |
5 | |
6 | |
7 |