"Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2023 жылғы 12 мамырдағы № 302 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 мамырда № 32514 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
Б. Жакселекова

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2023 жылғы 12 мамырдағы
№ 302 Бұйрықпен
бекітілген

"Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы қағидалар

      1. Осы "Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті беруші) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;

      3) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк – тiркеушi орган және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының өтiнiш иесiне беретiн және жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу фактiсiн растайтын құжат.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 22.02.2024 № 157 (24.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Әділет министрлігі мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты олар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға береді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 22.02.2024 № 157 (24.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік көрсетілген қызметті көрсетілетін қызметті беруші көрсетеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе), осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес талаптар Тізбесінде келтірілген.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді не өтінішті "электрондық үкімет": www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы Тізбесінің 8-тармағына сәйкес құжаттарды қоса бере отырып жібереді.

      Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілінің мәліметтерін өзектендіру (түзету) мүдделі тұлғаның өтініші бойынша жүргізіледі.

      6. Өтінішті толтыру кезінде көрсетілетін қызметті алушы өзгерістер енгізу үшін қателер түсіндірмесін көрсете отырып, тіркелген кепіл туралы мәліметтерді енгізеді.

      Толтырылғаннан кейін растайтын құжаттардың (кепіл шарты, кепілді тіркеу туралы куәлік) электрондық көшірмелерін салады.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы жіберген кезде "жеке кабинетте" мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші тіркеуге өтініште көрсетілген мәліметтерді тексеруді жүзеге асырады, мәліметтерді архив материалдарының деректерімен салыстырып тексереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші техникалық қателерді түзетуді жылжымалы мүлік кепілі тізіліміне, сондай-ақ кепiлдi тiркеу туралы куәлiкке қосымша жазба енгізу арқылы жүзеге асырады.

      Түзету жүзеге асырылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы порталының жеке кабинетіне осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап жіберіледі.

      7. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері растайтын құжаттармен (кепіл шарты, кепілді тіркеу туралы куәлік) өзгерістер енгізу үшін қателер түсіндірмесін көрсете отырып, тіркелген кепіл туралы енгізілген мәліметтері бар көрсетілетін қызметті алушыдан өтінішті қабылдайды не көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдау жөніндегі қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті беруші тіркеуге өтініште көрсетілген мәліметтерді тексеруді жүзеге асырады, мәліметтерді архив материалдарының деректерімен салыстырып тексереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші техникалық қателерді түзетуді жылжымалы мүлік кепілі тізіліміне, сондай-ақ кепiлдi тiркеу туралы куәлiкке қосымша жазба енгізу арқылы жүзеге асырады.

      Түзету жүзеге асырылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап жіберіледі.

      8. Жылжымалы мүлiк кепiлiнің тізіліміне енгізілген өзгерістерден кейін міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы бұрын берілген куәлік жарамсыз болып есептеледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      10. Ақпараттық жүйеде іркіліс болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын (бұдан әрі – оператор) хабардар етеді.

      Бұл жағдайда оператор Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде техникалық проблема туралы еркін түрде акт жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жолдамауға құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілі туралы мәліметтерді
өзектендіру (түзету)"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

"Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптарының тізбесі

1

Қызмет берушінің атауы

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) 

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
2) электрондық үкіметтің веб-порталы: www. egov. kz

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап: мемлекеттік қызмет өтініш қабылданған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетіледі;
2) "электрондық үкімет" порталында: www. egov. kz. мемлекеттік қызмет бір жұмыс ішінде көрсетіледі.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы қағаз жеткізгіште: - міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын, жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу туралы куәлік, кепілдің тоқтатылуы туралы хабарлама немесе осы Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздемелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап;
2) www. egov. kz порталы арқылы электрондық форматта: міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу туралы куәлік, кепілдің тоқтатылғаны туралы хабарлама немесе осы Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздемелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері, және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алудың тәсілдері

тегін

7

көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесін

1) Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде: - осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
- растайтын құжат (кепіл шарты, жылжымалы мүлік кепілді тіркеу туралы куәлік).
Портал арқылы жүгінген кезде:
- өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған қажетті түзетуді жүргізу себебін көрсете отырып, өтініш (сұрау салу);
- растайтын құжат (кепіл шарты, кепілді тіркеу туралы куәлік).

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) кепілді тіркеу туралы өтінішті толтырудың толық болмауы;
3) кепiлдi тiркеу туралы тиiстi емес тұлғаның өтiнiшпен жүгінуі;

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Өз-өзіне қызмет көрсету, өздігінен қозғалуды, бағдар жасауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші құжаттар қабылдауды 1414, 88000807777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен тұратын жеріне бара отырып жүргізеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған – www. gov. kz.
Көрсетілетін қызметті алушы ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда электрондық цифрлық қолтаңба немесе бір реттік пароль пайдаланылған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қолжетімділік режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде авторизацияланған субъектілер үшін қолжетімді.
Субъект мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторизациялаудан өтеді, бұдан әрі "Цифрлық құжаттар" бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды.

  "Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілі туралы мәліметтерді
өзектендіру (түзету)"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Өтініш ________________________________________________________________ ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалы) Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) туралы өтініш №______

      Кепіл беруші

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні және жылы, ЖСН, заңды тұлғаның

      атауы және БСН)

      Жеке басты куәландыратын құжат: түрі ____________ сериясы _________ № ________

      ___________________ жылы ___________________________________________ берген

      (құжатты берген органның атауы)

      Пошталық мекенжайы, телефоны _____________________________________________

      ________________________________________________________ атынан әрекет ететін

                        (уәкілетті өкілдің деректемелері)

      __________________________________________________________________ негізінде

                  (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)

      байланысты қате мәліметтерді түзетуді сұраймын:

      _________________________________________________________________________

      Шартты жасасқан күн

      _________________________________________________________________________

      Шартты жасасқан орын

      _________________________________________________________________________

      Кепіл нысанасы туралы мәліметтер (жылжымалы мүліктің тізбесі мен сипаттамасы)

      _________________________________________________________________________

      Кепіл нысанасы құны

      _________________________________________________________________________

      Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы __________________

      Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің қолданыс мерзімі ___________________

      Кепілге қойылған мүлік:

      кепіл берушінің _____________ кепіл ұстаушының ____________ иелігінде және

      пайдалануында қалады.

      Оны пайдалануға болатыны: Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастаңыз)

      Қайта кепілге қою туралы мәліметтер: Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастаңыз).

      Өтініш берушінің электрондық поштасының мекенжайы ________________________

      Өтінішке қоса беремін: (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берген)

      1. _______________________________________________________________________

      2. _______________________________________________________________________

      Өтініш берілген күн: 20__ жылғы ______________

      Өтініш қабылданған күн: 20__ жылғы ______________

      Өтініш берушінің не оның өкiлiнің қолы:______________________________________

      Тіркеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және қолы _______________

      ________________________________________________________________________

      Уақыты: __________________ сағат _____________ минут.

      Ескертпе: Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Көрсетілетін қызметті алушы өзі көрсеткен тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің)

      мекенжайы, жұмыс орны, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық

      мекенжайы дұрыс екендігін, ал көрсетілген байланыстарға жіберілген хабарлама

      (хабархат) тиісті және жеткілікті деп саналатындығын өзінің қолтаңбасымен растайды.

      _______________ 20__ жылғы "___" ________.

      (қолы)                   (күні)

  "Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілі туралы мәліметтерді
өзектендіру (түзету)"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік № ____"___" _________20__ жылғы

      _____________________________________________________________________ берді

      __________________________________________________________________________

      кепіл ұстаушының немесе кепіл ұстаушының уәкілетті өкілінің деректемелері

      Мынадай:

Мүлік түрі

Тізілімдік нөмірі

Кепіл нысанасының сипаттамасы

Құрамдастарының саны

Құны

Ескертпе







      жылжымалы мүлікке қатысты кепіл тіркелгенін растау үшін.

      Кепіл ұстаушының құқығы _________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тұрғылықты жері, туған

      күні және жылы, заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы және (кепіл нысанасына) БСН

      ___________________________________________________________

      кепіл нысанасының сипаттамасы ______________________________________

      кепіл туралы шарттың негізінде туындады _____________________________________

      шарт жасалған күн

      тіркелген __________________________ және мынадай негізгі талаптарды қамтиды:

      тіркелген күні және нөмірі

      __________________________________________________________________________

      негізгі міндеттемелердің мөлшері, орындалу мерзімі және кепілдің басқа да талаптары

      ___________________ кепіл берушінің _______________________________________

      құқығы құқық түрі, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), тұратын

      жері, туған күні және жылы

      __________________________________________________________________________

      заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы және БСН

      расталды _________________________________________________________________

      кепіл нысанасына құқық белгілейтін құжаттың атауы,

      қабылдау күні, тіркеу нөмірі және күні

      Тіркеуші ____________________________________ ____________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы

      Басшы ____________________________ Басып шығару орны _____________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      __________________________________________________________________________

      қолы

  "Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілі туралы мәліметтерді
өзектендіру (түзету)"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүліктің кепілі туралы мәліметтерді өзектендіруден (түзетуден) дәлелді бас тарту туралы хабарлама

      Өтініштің бірегей №:_______________________________ Күні ___________________

      Бас тартудың негізі: ________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      (қолданыстағы заңнаманың сілтемесі бар, дәлелді бас тартудың мәтіні Мемлекеттік

      корпорацияда қалыптастырылады)

      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы"

      Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі

      құжатпен бірдей.

      "Жылжымайтын мүлік кепілінің тізілімдемесі" ақпараттық жүйесінен алынған және

      тиісті Мемлекеттік корпорацияның электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол

      қойылған деректерді қамтиды

  "Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілі туралы мәліметтерді
өзектендіру (түзету)"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

  Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
немесе көрсетілетін қызметті
алушы ұйымның атауы)
___________________
көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, көрсетілетін қызметті берушінің филиалы (мекенжайы көрсетіледі) Сіз қызмет көрсетуге қойылатын талаптарға негізделген тізбеде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесіне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету), құжаттарды, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1 ________________________________________;

      2 ________________________________________;

      3 ….

      Осы қолхат 2 данада, әрбір тарапқа біреуден жасалды.

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің) (қолы)

      Орындаушы: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _____________

      Телефоны ______________________

      Алдым: ______________________________________________________

      көрсетілетін қызметті алушының / тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы

      20___ жылғы "___" ____________

Об утверждении Правил оказания государственной услуги "Актуализация (корректировка) сведений о залоге движимого имущества, не подлежащего обязательной государственной регистрации"

Приказ и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 12 мая 2023 года № 302. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 мая 2023 года № 32514.

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить Правила оказания государственной услуги "Актуализация (корректировка) сведений о залоге движимого имущества, не подлежащего обязательной государственной регистрации" согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту регистрационной службы и организации юридических услуг Министерства юстиции Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства юстиции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра юстиции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      и.о. Министра юстиции
Республики Казахстан
Б. Жакселекова

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
и.о. Министра юстиции
Республики Казахстан
от 12 мая 2023 года № 302

Правила оказания государственной услуги "Актуализация (корректировка) сведений о залоге движимого имущества, не подлежащего обязательной государственной регистрации"

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила государственной услуги "Актуализация (корректировка) сведений о залоге движимого имущества, не подлежащего обязательной государственной регистрации" (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 1) статьи 10 Закона "О государственных услугах" Республики Казахстан (далее – Закон о госуслугах) и определяют порядок оказания государственной услуги "Актуализация (корректировка) сведений о залоге движимого имущества, не подлежащего обязательной государственной регистрации" (далее - государственная услуга).

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – услугодатель) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;

      2) услугополучатель – физические и юридические лица, за исключением центральных государственных органов, загранучреждений Республики Казахстан, местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, акимов районов в городе, городов районного значения, поселков, сел, сельских округов;

      3) свидетельство о регистрации залога движимого имущества – документ, выдаваемый регистрирующим органом и (или) некоммерческим акционерным обществом "Государственной корпорацией "Правительство для граждан" заявителю и подтверждающий факт регистрации залога движимого имущества.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным приказом Министра юстиции РК от 22.02.2024 № 157 (вводится в действие с 24.02.2024).

      3. Министерство юстиции в течение трех рабочих дней предоставляет в Государственную корпорацию информацию о порядке оказания государственных услуг и внесенных изменениях и (или) дополнениях в подзаконные нормативные правовые акты, определяющие порядок оказания государственной услуги, с даты их утверждения или изменения.

      Сноска. Пункт 3 – в редакции приказа Министра юстиции РК от 22.02.2024 № 157 (вводится в действие с 24.02.2024).

Глава 2. Порядок оказания государственной услуги

      4. Государственная услуга оказывается услугодателем.

      Перечень основных требований к оказанию государственной услуги, включающей характеристики процесса, форму, содержание и результат оказания, а также иные сведения с учетом особенностей предоставления государственной услуги приведены в Перечне требований (далее - Перечень), согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      5. Для получения государственной услуги услугополучатель обращается к услугодателю с заявлением по форме, согласно приложению 2 к настоящим Правилам, либо направляет заявление через через веб-портал "электронного правительства": www.egov.kz (далее – портал) с приложением документов согласно пункту 8 Перечня.

      Актуализация (корректировка) сведений залога движимого имущества, не подлежащего обязательной государственной регистрации, производится по заявлению заинтересованного лица.

      6. При заполнении заявления услугополучатель вносит сведения о зарегистрированном залоге с указанием пояснения ошибок для внесения изменений.

      После заполнения заявления вкладывает электронные копии подтверждающих документов (договор залога, свидетельство о регистрации залога).

      При направлении услугополучателем заявления через портал в "личном кабинете" автоматически отображается статус о принятии запроса на оказание государственной услуги.

      Услугодатель осуществляет проверку сведений, указанных в заявлении на регистрацию, сверяет сведения с данными архивными материалов.

      Услугодатель осуществляет исправление технических ошибок посредством внесения дополнительной записи в реестр залога движимого имущества, а также в свидетельство о регистрации залога.

      После осуществления корректировки в личный кабинет портала услугополучателя направляется свидетельство о регистрации залога движимого имущества, согласно приложению 3 к настоящим Правилам либо письменный мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги, согласно приложению 4 к настоящим Правилам.

      7. При обращении в Государственную корпорацию работник услугодателя принимает заявление от услугополучателя с внесенными сведениями о зарегистрированном залоге с указанием пояснения ошибок для внесения изменений с подтверждающими документами (договор залога, свидетельство о регистрации залога) либо работник услугодателя по приему документов отказывает в приеме заявления и выдает расписку по форме, согласно приложению 5 к настоящим Правилам.

      Услугодатель осуществляет проверку сведений, указанных в заявлении на регистрацию, сверяет сведения с данными архивными материалов.

      Услугодатель осуществляет исправление технических ошибок посредством внесения дополнительной записи в реестр залога движимого имущества, а также в свидетельство о регистрации залога.

      После осуществления корректировки услугополучателю направляется свидетельство о регистрации залога движимого имущества, согласно приложению 3 к настоящим Правилам.

      В случае представления услугополучателем неполного пакета документов предусмотренному пунктом 8 Перечня, а также документов с истекшим сроком действия направляется письменный мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги, согласно приложению 4 к настоящим Правилам.

      8. После внесенных изменений в реестр залога движимого имущества ранее выданное свидетельство о регистрации залога движимого имущества, не подлежащего обязательной государственной регистрации, считается недействительным.

      9. Услугодатель обеспечивает внесение данных о стадии оказания государственной услуги в информационную систему мониторинга оказания государственных услуг в порядке, установленном уполномоченным органом в сфере информатизации, в соответствии с подпунктом 11) пункта 2 статьи 5 Закона о госуслугах.

      10. В случае сбоя информационной системы услугодатель в течение одного рабочего дня уведомляет оператора информационно-коммуникационной инфраструктуры "электронного правительства" (далее – оператор).

      В этом случае оператор в течение срока, указанного в части первой настоящего пункта Правил, составляет в произвольной форме акт о технической проблеме и подписывает его с услугодателем.

Глава 3. Порядок обжалования решений, действий (бездействия) услугодателя по вопросам оказания государственных услуг

      11. Рассмотрение жалобы по вопросам оказания государственных услуг производится вышестоящим административным органом, должностным лицом, уполномоченным органом по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг (далее – орган, рассматривающий жалобу).

      Жалоба подается услугодателю и (или) должностному лицу, чье решение, действие (бездействие) обжалуются.

      Услугодатель, должностное лицо, чье решение, действие (бездействие) обжалуются, не позднее трех рабочих дней со дня поступления жалобы направляют ее и административное дело в орган, рассматривающий жалобу.

      При этом, в соответствии с пунктом 4 статьи 91 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан услугодатель, должностное лицо, чьи административный акт, административное действие (бездействие) обжалуются, вправе не направлять жалобу в орган, рассматривающий жалобу, если он в течение трех рабочих дней примет благоприятный административный акт, совершит административное действие, полностью удовлетворяющие требования, указанные в жалобе.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес услугодателя, в соответствии с пунктом 2 статьи 25 Закона о госуслугах подлежит рассмотрению в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня ее регистрации.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг подлежит рассмотрению в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней со дня ее регистрации.

      Если иное не предусмотрено законом, обращение в суд допускается после обжалования в досудебном порядке.

  Приложение 1
к к Правилам оказания
государственной услуги
"Актуализация (корректировка)
сведений о залоге движимого
имущества, не подлежащего обязательной
государственной регистрации"
  Форма

Перечень основных требований оказания государственной услуги "Актуализация (корректировка) сведений о залоге движимого имущества, не подлежащего обязательной государственной регистрации"

1

Наименование Услугодателя

Некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан"

2

Способы предоставления государственной услуги

1) Некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан";
2) веб-портал "электронного правительства": www.egov.kz

3

Срок оказания государственной услуги

1) с момента сдачи пакета документов услугополучателем при обращении к услугодателю:
государственная услуга оказывается в течение 2 рабочих дней с момента принятия заявления;
2) на портале "электронного правительства": www.egov.kz.
государственная услуга оказывается в течение 1 рабочего дня

4

Форма оказания государственной услуги

Электронная (частично автоматизированная)/ бумажная

5

Результат оказания государственной услуги

1) через услугодателя на бумажном носителе:
- свидетельство о регистрации залога движимого имущества, не подлежащего обязательной государственной регистрации, уведомление о прекращении залога или мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги, по основаниям, предусмотренным в пункте 9 Перечня;
2) через портал www.egov.kz в электронном формате:
- свидетельство о регистрации залога движимого имущества, не подлежащего обязательной государственной регистрации, уведомление о прекращении залога или письменный мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги, по основаниям, предусмотренным в пункте 9 Перечня.

6

Размер оплаты, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан

бесплатно

7

график работы услугодателя, Государственной корпорации и объектов информации

1) Прием заявлений и выдача готовых результатов государственных услуг осуществляется через Государственную корпорацию с понедельника по пятницу включительно с 9.00 до 18.00 часов без перерыва, дежурные отделы обслуживания населения Государственной корпорации с понедельника по пятницу включительно с 9.00 до 20.00 часов и в субботу с 9.00 до 13.00 часов кроме праздничных и выходных дней согласно Трудового кодекса Республики Казахстан.
2) портал – круглосуточно, за исключением технических перерывов, связанных с проведением ремонтных работ (при обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни, прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем).

8

перечень документов и сведений, истребуемых у услугополучателя для оказания государственной услуги

При обращении услугополучателя к услугодателю через Государственную корпорацию:
- заявление по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам;
- подтверждающий документ (договор залога, свидетельство о регистрации залога).
При обращении через портал:
- заявление (запрос) с указанием причины проведения необходимой корректировки, подписанное электронной цифровой подписью заявителя;
- подтверждающий документ (договор залога, свидетельство о регистрации залога).

9

Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законами Республики Казахстан

1) установление недостоверности документов, представленных заявителем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;
2) отсутствие полноты заполнения заявления о регистрации залога;
3) обращение ненадлежащего лица с заявлением о регистрации залога;

10

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги, в том числе оказываемой в электронной форме через Государственную корпорацию

Услугополучателям имеющим полную или частичную утрату способности, или возможности осуществлять самообслуживание, самостоятельно передвигаться, ориентироваться прием документов производится услугодателем с выездом по месту жительства, посредством обращения через единый контакт-центр 1414, 8 800 080 7777.
Адреса мест оказания государственной услуги размещены на интернет-ресурсе услугодателя – www.gov.kz.
Услугополучатель получает государственную услугу в электронной форме через портал при условии наличия электронной цифровой подписи или использования одноразового пароля, в случае регистрации и подключения абонентского номера услугополучателя, предоставленного оператором сотовой связи, к учетной записи портала.
Услугополучатель получает информации о порядке и статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством "личного кабинета" портала, а также Единого контакт-центра.
Сервис цифровых документов доступен для субъектов, авторизованных в мобильном приложении и информационных системах пользователей.
Субъект проходит авторизацию методами доступными в мобильном приложении и информационных системах пользователей, далее в разделе "Цифровые документы" просматривает необходимый документ для дальнейшего использования.

  Приложение 2
к Правилам оказания
государственной услуги
"Актуализация (корректировка)
сведений о залоге движимого
имущества, не подлежащего
обязательной государственной
регистрации"
  Форма

Заявление
____________________________________________________________________
(Филиал НАО "Государственная корпорация "Правительство для граждан")

Заявление об актуализации (корректировка) сведений о залоге движимого имущества,
не подлежащего обязательной государственной регистрации №______

      Залогодержатель __________________________________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии), дата, год рождения, ИИН физического
лица или наименование и БИН юридического лица)
Документ, удостоверяющий личность:
вид ________ серия _______ №
выдан ___________________________________________________________________
дата выдачи ______________________________________________________________
(наименование органа, выдавшего документ)
Почтовый адрес, телефон __________________________________________________
От имени которого действует
_________________________________________________________________________
(реквизиты уполномоченного представителя)
На основании _____________________________________________________________
(реквизиты документа, удостоверяющего полномочия)
Прошу внести исправление ошибочных сведений в связи:
_________________________________________________________________________
Дата заключения договора __________________________________________________
Место заключения договора _________________________________________________
Сведения о предмете залога (перечень и описание движимого имущества)
_________________________________________________________________________
Стоимость предмета залога _________________________________________________
Денежный эквивалент обязательства, обеспеченного залогом
Срок действия обеспеченного залогом обязательства
__________________________________________________________________________
Заложенное имущество остается во владении и пользовании: залогодателя
___________________________________________________________ залогодержателя
__________________________________________________________________________
Допустимость его использования: Да/Нет (ненужное зачеркнуть)
Сведения о перезалоге: Да/Нет (ненужное зачеркнуть)
Адрес электронной почты заявителя (при наличии)
__________________________________________________________________________
(наименование документа, серия, номер, когда и кем выдан)
К заявлению прилагаю:
1. ________________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________________
Дата подачи заявления: ______________ 20_____ года.
Дата приема заявления: ______________ 20_____ года.
Подпись заявителя либо его представителя:
__________________________________________________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии) и подпись регистратора
__________________________________________________________________________
Время: __________________ час _____________ мин.
Примечание:
Согласен на использования сведений, составляющих охраняемую законом тайну,
содержащихся в информационных системах Услугополучатель подтверждает своей
подписью ознакомление с тем, что указанные им адрес места жительства (места
нахождения), места работы, абонентский номер сотовой связи, электронный адрес
достоверны, а уведомление (извещение), направленное на указанные контакты, будет
считаться надлежащим и достаточным.
_______________ "___" ________ 20__ года. (подпись) (дата)

  Приложение 3
к Правилам оказания
государственной услуги
"Актуализация (корректировка)
сведений о залоге движимого
имущества, не подлежащего
обязательной государственной
регистрации"
  Форма

Свидетельство о государственной регистрации залога движимого имущества,
не подлежащего обязательной государственной регистрации
№ ____ от "___" _________ 20__ года

      Выдано ______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
реквизиты залогодержателя или уполномоченного представителя залогодержателя
Подтверждение того, что в отношении движимого имущества:

Вид имущества

Реестровый номер

Описание предмета залога

Количество составляющих

Стоимость

Примечание







      зарегистрирован залог Право залогодержателя
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии),

      место жительства, дата и год рождения физического лица, место нахождение,
наименование и БИН юридического лица на предмет залога
________________________________________________________________________
описание предмета залога возникло на основании договора о залоге
________________________________________________________________________
дата заключения договора зарегистрированного
________________________________________________________________________
дата и номер регистрации и включающего следующие основные условия:
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
размер, срок исполнения основного обязательства и другие условия залога
Право ______________________ залогодателя ________________________________
________________________________________________________________________
вид права (фамилия, имя, отчество (при его наличии), место жительства, дата и год
рождения физического лица, место нахождения, наименование и БИН юридического
лица подтверждено
________________________________________________________________________
наименование, дата принятия, номер и дата регистрации правоустанавливающего
документа на предмет залога
Регистратор _____________________________________________________________
________________________________________________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии) подпись
Руководитель _______________________________ М.П. ________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии)
_______________________________ подпись

  Приложение 4
к Правилам оказания
государственной услуги
"Актуализация (корректировка)
сведений о залоге движимого
имущества, не подлежащего
обязательной государственной
регистрации"
  Форма

Уведомление о мотивированном отказе в актуализации (корректировке) сведений
о залоге движимого имущества, не подлежащего обязательной государственной регистрации

      Уникальный заявления №: ______________________ Дата _______________________
Основание для отказа:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(текст мотивированного отказа формируется услугодателем)
Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан
"Об электронном документе и электронной цифровой подписи" равнозначен
документу на бумажном носителе. Содержит данные, полученные
из информационной системы "Реестр залога движимого имущества" и подписанные
электронно-цифровой подписью соответствующей Государственной корпорации

  Приложение 5
к Правилам оказания
государственной услуги
"Актуализация (корректировка)
сведений о залоге движимого
имущества, не подлежащего
обязательной государственной
регистрации"
  Фамилия, имя, отчество
(при его наличии), или
наименование организации
услугополучателя)
___________________________
(адрес услугополучателя)

Расписка об отказе в приеме документов

      Руководствуясь пунктом 2 статьи 20 Закона Республики Казахстан
"О государственных услугах", филиал услугодателя (указать адрес) отказывает
в приеме документов на оказание государственной услуги (указать наименование
государственной услуги в соответствии с перечнем государственной услуги) ввиду
представления Вами неполного пакета документов согласно перечню,
предусмотренному перечнем основных требований к оказанию государственной
услуги, а также документов с истекшим сроком действия отказывает в приеме
заявления, а именно:
Наименование отсутствующих документов:
1 __________________________________________________________;
2 __________________________________________________________;
3….
Настоящая расписка составлена в 2 экземплярах, по одному для каждой стороны.
Фамилия, имя, отчество (при его наличии)
(работника филиала услугодателя по приему документов) (подпись)
Исполнитель: (фамилия, имя, отчество (при его наличии) _____________________
Телефон _______________________
Получил: ______________________________________________________________
Фамилия, имя, отчество (при его наличии) / подпись услугополучателя
"___" _________ 20__ год