ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫЗ:
"Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі № 135 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 30 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18616 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парақтарын бекіту туралы;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы су ресурстарын алуды және (немесе) қолдануды, сондай-ақ су шаруашылығы құрылысжайларын пайдалануды жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне қатысты тексеру парағы;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы су объектілерінде немесе су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс, түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын, пайдалы қазбаларды және басқа да ресурстарды өндіру, кабельдерді, құбыр өткізгіштерді және басқа да коммуникацияларды төсеу, орманды кесу, бұрғылау және өзге жұмыстарды жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне қатысты тексеру парағы;
4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы су ресурстарын алуды және (немесе) қолдануды, сондай-ақ су шаруашылығы құрылысжайларын пайдалануды жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне қатысты тексеру парағы;
5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы су объектілерінде немесе су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс, түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын, пайдалы қазбаларды және басқа да ресурстарды өндіру, кабельдерді, құбыр өткізгіштерді және басқа да коммуникацияларды төсеу, орманды кесу, бұрғылау және өзге жұмыстарды жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне қатысты тексеру парағы бекітілсін;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген 1, 2 және 3-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бірлескен бұйрыққа 4 және 5-қосымшаларға сәйкес 4 және 5-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. __________Т. Жаксылыков |
Қазақстан РеспубликасыЭкология және табиғи ресурстарминистрі__________З. Сулейменова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу
жөніндегі комитеті
Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парақтарын бекіту туралы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 5 пен 6-тармақтарына және 143-бабының 1-тармағына Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының бекітілген "Тексеру парағының нысанын бекіту туралы" 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде№ 17371 болып тіркелген), Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың бағалау және басқару жүйесін, тексеру парағының нысандарын қалыптастыру қағидаларына cәйкес әзірленді.
2. Осы Критерийлерде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бақылау субъектілері (объектілері) – арнайы су пайдалануды, гидротехникалық құрылысжайларды пайдалануды, жер үсті ағынын реттеуді, сумен жабдықтау жүйелерінен өндірістік және техникалық мұқтаждарға су алу үшін су шаруашылығы ұйымдарының қызметтерін пайдалануды (бастапқы су пайдаланушылар), ғимараттар мен құрылысжайларды пайдалануды жүзеге асыратын, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізетін жеке және заңды тұлғалар, коммерциялық емес ұйымдар;
2) елеусіз бұзушылықтар – Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, халықтың өміріне және денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіру алғы шарттарын тудырмайтын, бірақ қызметін жүзеге асыру барысында жеке және заңды тұлғалармен орындауы міндетті болып табылатын талаптарды бұзу;
3) елеулі бұзушылықтар – Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, халықтың өміріне және денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіру алғышарттарын тудыратын бұзушылықтар;
4) өрескел бұзушылықтар – орындалмауы халықтың денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіретін Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзу, сондай-ақ тыйым салатын заңнама нормаларын сақтамауға байланысты бұзушылықтар;
5) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы тәуекел – халықтың сумен қамтамасыз етілуінің төмендеу ықтималдығы, су объектілерінің ластануының, бітелуінің және сарқылуының туындауы, су пайдаланушылардың бөлінген лимиттерге сәйкес су ресурстарын алуға құқықтарының бұзылуы, сондай-ақ су пайдаланушылардың қызметі нәтижесінде елді мекендерге судың зиянды әсері, өндіріске келісімдердің болмауы су объектілерінде және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінде жұмыс істеу, гидротехникалық құрылысжайларда адам шығынына, оның зардаптарының ауырлығын ескере отырып, адамдардың денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіруге әкеп соғуы мүмкін төтенше жағдайлардың туындауы мен алдын алу;
6) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;
7) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шкалаларда өлшенген мәндерді шартты жалпы шкалаға келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;
8) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – бұл ретте тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік бостандығын шектеудің ең төменгі мүмкін дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне бару және (немесе) тексерулердің рұқсат беру талаптарына сәйкестігін кейіннен профилактикалық бақылауды жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын төмендетуге бағытталған басқарушылық шешімдер қабылдау процесі қызметтің тиісті салаларында, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі үшін тәуекел деңгейін өзгертуге және (немесе) бақылау субъектісіне бару және (немесе) берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру арқылы осындай бақылау субъектісін профилактикалық бақылаудан босатуға бағытталған;
9) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті критерийлері (бұдан әрі – объективті критерийлер) – белгілі бір қызмет саласындағы тәуекел дәрежесіне қарай бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын және жеке бақылау субъектісіне тікелей тәуелді болмайтын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
10) тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері – бақылау субъектісінің тікелей қызметіне, салалық даму ерекшеліктеріне және осы дамуға әсер ететін факторларға байланысты, бақылау субъектілерін тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;
11) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері (бұдан әрі-субъективті критерийлер) – нақты бақылау субъектісі қызметінің нәтижелеріне қарай бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
12) тексеру парағы – сақталмауы жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіретін бақылау субъектілерінің қызметіне қойылатын талаптардың тізбесі;
13) іріктеме жиынтығы (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылаудың нақты саласындағы бақылау субъектілерінің біртекті тобына жататын бағаланатын субъектілердің тізбесі.
2-тарау. Бақылау субъектілерінің рұқсат беру талаптарына және профилактикалық бақылауға сәйкестігіне тексеру жүргізу тәсілдері
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару және (немесе) рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру және бақылау субъектілеріне (объектілеріне) профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын объективті және субъективті критерийлерді айқындау арқылы қалыптастырылады (шешімдерді мультикритериалдық талдау).
Бірінші кезеңде объективті критерийлер бойынша бақылау субъектілері (объектілері) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызылады:
1) жоғары тәуекел;
2) орташа тәуекел;
3) төмен тәуекел.
Объективті критерийлер бойынша жоғары және орташа тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызмет салалары үшін берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Объективті критерийлер бойынша тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызмет салалары үшін берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексеру және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Екінші кезеңде субъективті критерийлер бойынша бақылау субъектілері (объектілері) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызылады:
1) жоғары тәуекел;
2) орташа тәуекел;
3) төмен тәуекел.
Субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі):
1) тәуекелдің жоғары дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ге дейін қоса алғанда;
2) тәуекелдің орташа дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ке дейін қоса алғанда;
3) тәуекелдің төмен дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 30-ға дейін қоса алғанда.
4. Берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу және бақылау субъектілерін (объектілерін) профилактикалық бақылау үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері объективті және субъективті критерийлерді айқындау арқылы қалыптастырылады.
5. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызмет салалары үшін берілген рұқсаттар бойынша берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексерулер жүргізудің еселігі жылына бір рет құрайды.
Тәуекелдің орташа дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызмет салалары үшін берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексерулер жүргізудің еселігі екі жылда бір рет құрайды.
Тәуекел дәрежесінің төмендігіне жатқызылған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызмет салалары үшін берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексерулер жүргізудің еселігі үш жылда бір рет құрайды.
3-тарау. Тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті критерийлері
6. Объективті критерийлер бойынша барлық бақылау субъектілері су объектілерінің стратегиялық маңыздылығына және су алу көлеміне қарай тәуекелдің үш дәрежесі бойынша бөлінеді:
1) тәуекелдің жоғары дәрежесі – бақылау субъектілері (объектілері):
шаруашылық қызметті су қорғау аймақтары, белдеулер шегінде, ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілерінде және шағын су объектілерінде жүзеге асырады;
ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылысжайларының тізбесіне жатқызылған объектілерді және сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерін пайдаланады;
төтенше жағдайлар кезінде аса қауіпті I, II, III, сондай-ақ IV класты бөгеттерді пайдаланады;
жер үсті және жер асты суларын тәулігіне 100 және одан да көп текше метрден алуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асырады;
2) тәуекелдің орташа дәрежесі – су қорғау аймақтары, су объектілеріндегі белдеулер шегінде шаруашылық қызметті жүзеге асырады;
ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылысжайларының тізбесіне және сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелеріне жатқызылмаған объектілерді пайдаланады;
төтенше жағдайлар кезінде жоғары қауіп төндірмейтін IV класты бөгеттерді пайдалану;
тәулігіне 50-ден 100 текше метрге дейінгі жер үсті және жер асты суларын алуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асырады;
3) тәуекелдің төмен дәрежесі – бақылау субъектілері (объектілері):
шаруашылық қызметті су қорғау аймақтары, белдеулер шегінде және су объектілерінде жүзеге асырады;
ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылысжайларының тізбесіне және сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелеріне жатқызылмаған объектілерді пайдаланады;
тәулігіне 50 текше метрге дейін жер үсті және жер асты суларын алуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асырады.
7. Объективті критерийлер бойынша тәуекелдің жоғары және орташа дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу және бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында субъективті критерийлер және жоспардан тыс тексеру қолданылады.
Тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексеру және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
8. Жүргізілген алдыңғы профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына барумен және (немесе) сәйкестігін тексерумен оларды мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне кестелер мен тізімдерді қалыптастыру кезінде енгізуге жол берілмейді.
9. Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде бақылау субъектісіне бару және (немесе) берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігі арқылы профилактикалық бақылау жүзеге асырылатын бақылау субъектілері санының ең төменгі жол берілетін шегі мемлекеттік бақылаудың белгілі бір саласындағы осындай бақылау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.
4-тарау. Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері
10. Субъективті критерийлерді анықтау келесі кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:
1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;
2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.
11. Бақылау субъектілерін анықтау үшін мәліметтер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау қажет.
12. Субъектіге (объектіге) бару арқылы профилактикалық бақылау тізімін қалыптастыру кезінде тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
1) бастапқы есепке алуды жүргізу нәтижесінде алынған есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері;
2) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) барумен алдыңғы тексерулердің, профилактикалық бақылаудың нәтижелері;
3) мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының ресми интернет-ресурстарын талдау.
13. Берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру кестесін қалыптастыру кезінде тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
1) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) барумен алдыңғы тексерулердің, профилактикалық бақылаудың нәтижелері;
2) мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының ресми интернет-ресурстарын талдау.
5-тарау. Субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесін есептеу тәртібі
15. Бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.
Субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу бақылау субъектілеріне (SP) бару арқылы алдыңғы тексерулер мен профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін және субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (SC) қорытындылау жолымен автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады, кейіннен деректер мәндерін 0-ден 100 баллға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіреді.
Rпром = SP + SC, онда
Rпром-субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,
ЅР-бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,
SC-осы Критерийлердің 14-тармағына сәйкес айқындалған субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.
Есеп мемлекеттік бақылаудың әрбір саласының бақылау субъектілерінің біртекті тобының әрбір бақылау субъектісі бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылаудың бір саласының бақылау субъектілерінің біртекті тобына жататын бағаланатын бақылау субъектілерінің тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктемелі жиынтықты (іріктемені) құрайды.
16. Бақылау субъектілеріне бару арқылы алдыңғы тексерулер мен профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша алынған деректер бойынша 0-ден 100-ге дейінгі баллмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.
Осы Критерийлердің 12 және 13-тармақтарында көрсетілген ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 100 балл теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне барумен профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші елеулі және елеусіз дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.
Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады.
Бұл көрсеткіш келесі формула бойынша есептеледі:
ЅРз = (ЅР2 х 100/ЅР1) х 0,7, мұндағы:
ЅРз - елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
ЅР1 - елеулі бұзушылықтардың қажетті саны;
ЅР2-анықталған елеулі бұзушылықтар саны;
Елеусіз бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады.
Бұл көрсеткіш келесі формула бойынша есептеледі:
ЅРн = (ЅР2 х 100/ЅР1) х 0,3, мұндағы:
ЅРн - елеусіз бұзушылықтардың көрсеткіші;
ЅР1- елеусіз бұзушылықтардың қажетті саны;
ЅР2- анықталған елеусіз бұзушылықтар саны;
Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (ЅР) 0-ден 100 балға дейінгі шкала бойынша есептеледі және мынадай формула бойынша елеулі және елеусіз бұзушылықтар көрсеткіштерін жинақтау жолымен айқындалады:
ЅР = ЅРз + ЅРн, мұндағы:
ЅР - бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;
ЅРз - елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
ЅРн - елеусіз бұзушылықтардың көрсеткіші.
Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.
17. Осы Критерийлердің 12 және 13-тармақтарында сәйкес айқындалған субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 баллға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
хi - субъективті критерий көрсеткіші,
Wi- субъективті критерий көрсеткішінің үлес салмағы хi,
n - көрсеткіштер саны.
Осы Критерийлердің 12 және 13-тармақтарында сәйкес айқындалған субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.
18. R көрсеткіші бойынша субъектілер бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формуланы пайдалана отырып жүзеге асырылады:
R – жеке бақылау субъектісінің субъективті критерийлері бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды) ,
Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер бойынша субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесі шкаласы бойынша мүмкін болатын ең жоғары мән (шкаланың жоғарғы шекарасы),
Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер бойынша субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесі шкаласы бойынша мүмкін болатын ең төменгі мән (шкаланың төменгі шекарасы),
Rпром – осы Критерийлердің 15-тармағына сәйкес есептелген субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.
Қазақстан Республикасының су қорын қорғау, бөгеттер қауіпсіздігін пайдалану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлеріне 1-қосымша |
Су ресурстарын алуды және (немесе) пайдалануды, сондай-ақ су шаруашылығы құрылысжайларын пайдалануды жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне қатысты барумен профилактикалық бақылау үшін Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы бақылау субъектілеріне (объектілеріне) талаптардың бұзылу дәрежесі
№ | Талаптар | Бұзушылық дәрежесі |
1 | Жер асты суларына байқау және режимдік ұңғымаларды, су объектілеріндегі байқау режимдік жармаларды, су қорғау немесе су шаруашылығы белгілерін жою немесе бүлдіру фактілерінің болуы | Елеусіз |
2 | Су объектілерін ластанудан, бітелуден және сарқылудан қорғауды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық, технологиялық, орман мелиорациялық, агротехникалық, гидротехникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және басқа да іс-шаралардың орындалғанын растайтын құжаттардың болмауы | Елеулі |
3 | Арнайы су пайдалануға рұқсаттың болмауы | Өрескел |
4 | Су қоймасын пайдаланудың бекітілген режимін сақтамау | Өрескел |
5 | Су қоймасын пайдаланудың бекітілген режимінің болмауы | Өрескел |
6 | Су шаруашылығы құрылысжайларын және судың жай-күйіне әсер ететін техникалық құрылғыларды жарамды күйде ұстамау | Өрескел |
7 | Су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайларының қауіпсіздік критерийлеріне мониторинг жүргізбеу (журналдың болуы) | Өрескел |
8 | Су шаруашылығы жүйелерінің қауіпсіздік критерийлерін түзетуді жүргізбеу (жобалық құжаттаманың болуы) | Өрескел |
9 | Су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайларына көп факторлы тексеру жүргізбеу (қорытындының болуы) | Өрескел |
10 | Толық және сенімді ақпаратты қамтитын бөгеттердің қауіпсіздігі туралы декларацияның болмауы | Өрескел |
11 | Әрбір су жинау құрылысжайында және сарқынды суларды шығаруда су шығынын өлшеу кезеңділігін сақтамау | Елеулі |
Қазақстан Республикасының су қорын қорғау, бөгеттер қауіпсіздігін пайдалану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлеріне 2-қосымша |
Су объектілерінде немесе су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс, түбін тереңдету және жару жұмыстарын, пайдалы қазбалар мен басқа да ресурстарды өндіруді, кәбілдерді, құбыржолдарды және басқа да коммуникацияларды төсеуді, ағаш кесуді, бұрғылау және өзге де жұмыстарды жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне қатысты барумен профилактикалық бақылау үшін Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы бақылау субъектілеріне (объектілеріне) талаптардың бұзылу дәрежесі
№ | Талаптар | Бұзушылық дәрежесі |
1 | Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар мен басқа да құрылысжайларды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу шарттарын келісудің болмауы | Елеулі |
2 | Жаңадан іске қосылатын және реконструкцияланған кәсіпорындарда және объектілерде су объектілерінің ластануын, бітелуін болдырмайтын құрылысжайлар мен құрылғылардың болмауы | Елеулі |
Қазақстан Республикасының су қорын қорғау, бөгеттер қауіпсіздігін пайдалану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлеріне 3-қосымша |
Су ресурстарын алуды және (немесе) пайдалануды, сондай-ақ су шаруашылығы құрылысжайларын пайдалануды жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне қатысты берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру үшін Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы бақылау субъектілеріне (объектілеріне) талаптардың бұзылу дәрежесі
№ | Талаптар | Бұзушылық дәрежесі |
1 | Арнайы су пайдалануға рұқсаттың болмауы | Өрескел |
2 | Арнайы су пайдалануға арналған рұқсатта белгіленген су тұтыну және су бұру лимиттерін сақтамау | Өрескел |
3 | Су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның ведомствосымен келісілген су тұтыну мен су бұрудың үлес нормаларының болмауы | Өрескел |
4 | Су алу немесе ағызу жүзеге асырылатын өлшем, су алу және ағызу орындарының нөмірлерін, сондай-ақ мұндай суларды қайталама су пайдаланушыларға беруді есепке алу тораптарын көрсете отырып, су шаруашылығы құрылысжайлары мен техникалық құрылғылардың орналасу схемасының болмауы | Елеулі |
5 | Суды бастапқы есепке алу журналының болмауы | Елеусіз |
6 | Есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде суларды бастапқы есепке алу жөніндегі анық және толық ақпаратты ұсынбау | Өрескел |
7 | Суды тұтыну мен ағызуды есепке алу үшін жарамды, мемлекеттік аттестаттаудан өткен өлшеу құралдарының, сондай-ақ бүтін және бүлінбеген пломбалардың болмауы | Елеулі |
8 | Су кадастрының есебі мен есептілігінің деректерін бұрмалау, сондай-ақ суды алу, пайдалану және су бұру туралы есепті ұсынбау 2-ТП (Су шаруашылығы) жылдық | Өрескел |
Қазақстан Республикасының су қорын қорғау, бөгеттер қауіпсіздігін пайдалану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлеріне 4-қосымша |
Берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру үшін су объектілерінде немесе су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс, түбін тереңдету және жару жұмыстарын, пайдалы қазбалар мен басқа да ресурстарды өндіруді, кәбілдерді, құбыржолдарды және басқа да коммуникацияларды төсеуді, ағаш кесуді, бұрғылау және өзге де жұмыстарды жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы бақылау субъектілеріне (объектілеріне) талаптардың бұзылу дәрежесі
№ | Талаптар | Бұзушылық дәрежесі |
1 | Белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық құжаттаманың болмауы және оған экономика салаларының объектілерін салу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру сәйкестігі | Елеулі |
Қазақстан Республикасының су қорын қорғау, бөгеттер қауіпсіздігін пайдалану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлеріне 5-қосымша |
Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы бақылау субъектілеріне (объектілеріне) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті критерийлер тізбесі
№ |
Субъективті критерий көрсеткіші |
Субъективті критерий көрсеткіші бойынша ақпарат көзі |
Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (сомасы 100 балдан аспауы тиіс), wi | Шарттар/мәндер, xi | |
1-шарт/мәні |
2-шарт/мәні | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
6 |
Барумен профилактикалық бақылау үшін | |||||
Су ресурстарын алуды және (немесе) пайдалануды, сондай-ақ су шаруашылығы құрылысжайларын пайдалануды жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне қатысты | |||||
1 | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 19/1-274 бұйрығымен бекітілген Есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде бекітілген суларды бастапқы есепке алу қағидаларына сәйкес суларды бастапқы есепке алу бойынша анық және толық ақпарат беру немесе уақтылы беру |
Мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының ресми интернет-ресурстарын талдау / бастапқы есепке алуды жүргізу нәтижесінде алынған есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері | бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы, профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу | ия | жоқ |
0% | бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы, профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу | ||||
2 | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 15 мамырдағы № 27 бұйрығыен бекітілген Суды алу, пайдалану және су бұру туралы есепті ұсыну немесе уақтылы ұсыну 2-ТП (су шаруашылығы) жылдық |
Мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының ресми интернет-ресурстарын талдау | бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы, профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу | ия | жоқ |
0% | бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы, профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу | ||||
Берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына | |||||
Су ресурстарын алуды және (немесе) пайдалануды, сондай-ақ су шаруашылығы құрылысжайларын пайдалануды жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне қатысты | |||||
1 |
Арнайы су пайдалануға рұқсаттың болуы |
Мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының ресми интернет-ресурстарын талдау | бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы, профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу | ия | жоқ |
0% | бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы, профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу | ||||
2 |
Жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) өзгерту /атауын немесе заңды мекенжайын өзгерту | Мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының ресми интернет-ресурстарын талдау | бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы, профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу | жоқ | ия |
0% | бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы, профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу | ||||
3 |
Дара кәсіпкерді қайта тіркеу, оның атауын немесе заңды мекенжайын өзгерту | Мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының ресми интернет-ресурстарын талдау | бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы, профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу | жоқ | ия |
0% | бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы, профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу | ||||
4 | "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру |
Мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының ресми интернет-ресурстарын талдау | бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы, профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу | жоқ | ия |
0% | бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы, профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу | ||||
Су объектілерінде немесе су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс, түбін тереңдету және жару жұмыстарын, пайдалы қазбалар мен басқа да ресурстарды өндіруді, кәбілдерді, құбыржолдарды және басқа да коммуникацияларды төсеуді, ағаш кесуді, бұрғылау және өзге де жұмыстарды жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне қатысты | |||||
5 | Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар мен басқа да құрылысжайларды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу жағдайларын келісудің болуы |
Мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының ресми интернет-ресурстарын талдау | бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы, профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу | ия | жоқ |
0% | бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы, профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу | ||||
6 |
Жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) өзгерту /атауын немесе заңды мекенжайын өзгерту | Мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының ресми интернет-ресурстарын талдау | бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы, профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу | жоқ |
ия |
0% | бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы, профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу | ||||
7 | Дара кәсіпкерді қайта тіркеу, оның атауын немесе заңды мекенжайын өзгерту | Мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының ресми интернет-ресурстарын талдау | бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы, профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу | жоқ |
ия |
0% | бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы, профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу | ||||
8 | "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру |
Мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының ресми интернет-ресурстарын талдау | бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы, профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу | жоқ |
ия |
0% | бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы, профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу |
Тексеру парағы
Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, су ресурстарын алуды және (немесе) пайдалануды, сондай-ақ су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануды жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне қатысты бөгеттердің қауіпсіздігі саласында __________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _______________________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт________________________________________
( № , күні)
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы________________________________
(Жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі бақылау субъектісінің
(объектісінің) нөмірі____________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы _________________________________________
_____________________________________________________________________
№ | Талаптар тізімі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | Жер асты суларына байқау және режимдік ұңғымаларды, су объектілеріндегі байқау режимдік жармаларды, су қорғау немесе су шаруашылығы белгілерін жою немесе зақымдау | ||
2 | Су объектілерін ластанудан, бітелуден және сарқылудан қорғауды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық, технологиялық, орман мелиорациялық, агротехникалық, гидротехникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және басқа да іс-шаралардың орындалғанын растайтын құжаттар | ||
3 | Арнайы су пайдалануға рұқсаттың болуы | ||
4 | Су қоймасын пайдаланудың бекітілген режимін сақтау | ||
5 | Су қоймасын пайдаланудың бекітілген режимінің болуы | ||
6 | Су шаруашылығы құрылысжайларын және судың жай-күйіне әсер ететін техникалық құрылғыларды ақаусыз күйде ұстау | ||
7 | Су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайларының қауіпсіздік критерийлеріне мониторинг жүргізу (журналдың болуы) | ||
8 | Су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайларының қауіпсіздік критерийлеріне түзету жүргізу (жобалау құжаттамасының болуы) | ||
9 | Су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайларына көп факторлы тексеру жүргізу (қорытындының болуы) | ||
10 | Толық және сенімді ақпаратты қамтитын бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясының болуы | ||
11 | Әрбір су жинау құрылысжайында және сарқынды суларды шығаруда су шығынын өлшеу кезеңділігін сақтау |
Лауазымды тұлға (лар) __________________________ ____________
(лауазымы) (қолы)
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Бақылау субъектісінің басшысы ______________________ ____________
(лауазымы) (қолы)
_________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Тексеру парағы
Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, құрылыс, түбін тереңдету және жару жұмыстарын, пайдалы қазбалар мен басқа да ресурстарды өндіруді, кәбілдерді, құбырларды және басқа да коммуникацияларды төсеуді, орман кесуді, су объектілерінде немесе су қорғау аймақтары мен белдеулерінде бұрғылау және өзге де жұмыстарды жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне қатысты бөгеттердің қауіпсіздігі саласында_________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, тексеруді/ профилактикалық бақылауды
тағайындаған мемлекеттік орган ________________________________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, тексеруді/профилактикалық бақылауды
тағайындау туралы акт ________________________________________________________
( № , күні)
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы________________________________________
(Жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі
бақылау субъектісінің (объектісінің) нөмірі_______________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы ________________________________________________
____________________________________________________________________________
№ | Талаптар тізімі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар мен басқа да құрылысжайларды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу жағдайларын келісудің болуы | ||
2 | Жаңадан іске қосылатын және реконструкцияланған кәсіпорындарда және объектілерде су объектілерінің ластануын, бітелуін болдырмайтын құрылысжайлар мен құрылғылардың болуы |
Лауазымды тұлға (лар) __________________________ ____________
(лауазымы) (қолы)
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Бақылау субъектісінің басшысы ______________________ ____________
(лауазымы) (қолы)
________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Тексеру парағы
Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, су ресурстарын алуды және (немесе) пайдалануды, сондай-ақ су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануды жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне қатысты бөгеттердің қауіпсіздігі саласында _____________________________
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган________________________________
____________________________________________________________________
________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт_________________________________________
_____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
( № , күні)
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы________________________________
__________________________________________________________________
(Жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі
бақылау субъектісінің (объектісінің) нөмірі_______________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы__________________________________________
__________________________________________________________________
№ | Талаптар тізімі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | Арнайы су пайдалануға рұқсаттың болуы | ||
2 | Арнайы су пайдалануға рұқсатта белгіленген су тұтыну және су бұру лимиттерін сақтау | ||
3 | Су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның ведомствосымен келісілген су тұтыну мен су бұрудың үлес нормаларының болуы | ||
4 | Су шаруашылығы құрылысжайлары мен техникалық құрылғыларының көмегімен су алу немесе ағызу жүзеге асырылатын суды өлшеу, алу және ағызу орындарының нөмірлерін көрсете отырып, су шаруашылығы құрылысжайлары мен техникалық құрылғылардың, сондай-ақ мұндай суларды қайталама су пайдаланушыларға беруді есепке алу тораптарының орналасу схемасының болуы | ||
5 | Суды бастапқы есепке алу журналының болуы | ||
6 | Есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде суларды бастапқы есепке алу бойынша анық және толық ақпарат беру | ||
7 | Суды тұтыну мен ағызуды есепке алу үшін жарамды және мемлекеттік аттестаттаудан өткен өлшеу құралдарының, сондай-ақ бүтін және бүлінбеген пломбалардың болуы | ||
8 | Су кадастрының есебі мен есептілігінің дәйекті деректерін ұсыну, сондай-ақ суды алу, пайдалану және су бұру туралы есепті ұсынбау 2-ТП (су шаруашылығы) жылдық |
Лауазымды тұлға (лар) __________________________ ____________
(лауазымы) (қолы)
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Бақылау субъектісінің басшысы ______________________ ____________
(лауазымы) (қолы)
________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Тексеру парағы
Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, құрылыс, түбін тереңдету және жару жұмыстарын, пайдалы қазбалар мен басқа да ресурстарды өндіруді, кәбілдерді, құбырларды және басқа да коммуникацияларды төсеуді, орман кесуді, су объектілерінде немесе су қорғау аймақтары мен белдеулерінде бұрғылау және өзге де жұмыстарды жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне қатысты бөгеттердің қауіпсіздігі саласында _________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________
__________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт_____________________________________
( № , күні)
_____________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы________________________________
(Жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі
бақылау субъектісінің (объектісінің) нөмірі________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы ________________________________________
_____________________________________________________________________
№ | Талаптар тізімі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | Бекітілген жобалық құжаттаманың болуы және оған экономика салалары объектілерін салудың, реконструкциялаудың, техникалық қайта жарақтандырудың сәйкестігі |
Лауазымды тұлға (лар) __________________________ ____________
(лауазымы) (қолы)
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Бақылау субъектісінің басшысы ______________________ ____________
(лауазымы) (қолы)
________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))