Мүгедектігі бар адамның жұмыс орны стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 179 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 мамырда № 32613 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасы төртінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамның жұмыс орны стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орны стандарты;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орны стандарты бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Т. Дуйсенова

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2023 жылғы 26 мамырдағы
№ 179 бұйрығына
1-қосымша

Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамның жұмыс орны стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамның жұмыс орны стандарты (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасы үшінші абзацына сәйкес әзірленді.

      2. Осы стандарт кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамға арналған жұмыс орнына қойылатын талаптарды белгілейді.

      3. Осы стандартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      мүгедектігі бар адам – тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, мертігуден (жараланудан, жарақаттан, контузиядан), олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам;

      пандус – жолдың көлденең бетінің бір деңгейінен екіншісіне, оның ішінде кресло-арбамен ауысуға арналған қозғалыс бағыты бойынша тегіс көлбеуі бар құрылыс.

2-тарау. Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамның жұмыс орнына қойылатын талаптар

      4. Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамның жұмыс орны негізгі антропометриялық және эргономикалық талаптарға жауап беретін басты және қосалқы жабдықты қамтиды.

      5. Жұмыс орнын жарақтандыру кезінде кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамның жеке талаптары мен шектеулері ескеріледі.

      6. Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамның жұмыс орнын ұйымдастыру кезінде пайдаланылатын және ескерілетін негізгі элементтер:

      кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамның антропометриялық және анатомиялық-морфологиялық шектеулерінің орнын толтыруға арналған арнайы жабдық пен құрылғылар;

      кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамның антропометриялық және анатомиялық-морфологиялық ерекшеліктерін ескере отырып қосымша арнайы әзірленген қол құралын жасау, оны пайдалану тиімділігін барынша арттырады;

      кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адам организмінің антропометриялық және анатомиялық-морфологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс кезінде пайдаланылатын материалдар, бөлшектер технологиялық жабдықты басқарудың негізгі элементтері жұмыс аймағының шегінде болады;

      жұмыс аймағындағы барлық элементтер еңбек ету кезінде зақым алуды болдырмау үшін берік бекітіледі;

      Мүгедектігі бар адамдардың ерекше қажеттіліктері негізге қосымша кеңістік ұсынылады (мысалы, кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамға бұрылыс алаңын ұлғайту) және жұмыс орны жарықтандырылады.

      7. Өндірістік жабдықты, жиһазды орналастыру кезінде кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамның кіру, бұрылу және кедергісіз өту мүмкіндіктерін қамтамасыз ету ескеріледі.

      Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адам пайдаланатын барлық жабдық, жиһаз қолжетімді аймақта орналастырылады.

      8. Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамның жұмыс орнындағы жабдық пен жиһаздың орналастырылуы, жұмыс орнын жарақтандыру еңбек қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етеді.

      9. Адамдар келетін өндірістік объектілер табиғи және жасанды жарықтандырумен қамтамасыз етіледі. Орташа дәлдіктегі жұмысты орындау кезінде жұмыс орнындағы аралас жарықтандыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес кемінде 500 люксті, төменгі дәлдік пен өрескел жұмыстар кезінде кемінде 300 люксті көздейді.

      10. Жарық көздері жеткілікті жарық бере алады, жарық шекарасын нақты белгілей отырып, жарық ағынын толыққанды бөледі. Жұмыс орны мен қоршаған заттар элементтерінің үстіңгі беті жылтырамайды.

      11. Үй-жайдың ауданы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28525 болып тіркелген) бекітілген әкімшілік тұрғын үй және тұрғын үй ғимараттарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес кресло-арбамен жүріп-тұратын, мүгедектігі бар адамға бір жұмыс істейтін адамға 7,65 шаршы метр есебінен қабылданады.Үй-жайлардың көлемі микроклимат бойынша нормативтердің талаптарын қамтамасыз ету қажеттілігіне қарай есептеу жолымен айқындалады, бірақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23852 болып тіркелген) бекітілген Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес 15 текше метрден кем емес.

      12. Мүгедектігі бар адамның жұмыс орнын жекелеген учаскелерде организм үшін қарсы көрсетілген процестер өтетін үй-жайға орналастыру кезінде мүгедектігі бар адамның жұмыс аймағындағы өндірістік ортаның параметрлері реттеледі. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26831 болып тіркелген) бекітілген адамға әсер ететін физикалық факторларға қойылатын гигиеналық нормативтер ескеріледі.

      13. Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамдар үшін жабдықтың, жұмыс аймағының, жиһаздың элементтерін жеке, қажет болған жағдайда оны трансформациялауды қамтамасыз ете отырып орындау қажет.

      14. Ұйымдастырушылық-техникалық жабдықтау өзінің өлшемдері бойынша антропометриялық деректерге сәйкес келеді, ол төзімділік қасиетке ие, пайдалану жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

      15. Жұмыс үстелі мынадай сипаттамалар мен мүмкіндіктерге ие:

      үстел бетінің биіктігі мен еңісін өзгерту;

      қосымша жергілікті жарықтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі;

      қосалқы жабдықты қосымша бекіту мүмкіндігін қамтамасыз ету;

      жылжымалы жәшіктердің, заттар мен бөлшектерді қармау және ұстау құрылғысының болуы.

      Жұмыс орындығы мынадай сипаттамалар мен мүмкіндіктерге ие:

      орындықтың және арқалықтың биіктігі мен еңісін өзгерту;

      қосымша басқыштарды қондыру (қажеттілігіне қарай);

      қосымша шынтақтірегіштерді орнату;

      қозғалысты жеңілдету үшін қосымша тірегіштер мен тұтқаларды орнату.

      16. Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адам үшін жұмыс орнын жабдықтау кезінде жұмыс жабдығын, жиһазды таңдау және орналастыру кресло-арбадағы қызметкерге қатысты сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің халықтың баяу қимылдайтын топтарына арналған талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады:

      1) кресло-арбаның вертикальді осінде айналу кезінде алатын аймағының габариттері: 1400х1400 миллиметр;

      2) қоршаған орта элементтерінің қолжетімділігі:

      жанында орналасқанда: еденнен1400 миллиметрден аспайды және 300 миллиметрден төмен болмайды;

      фронтальды күйде: еденнен 1200 миллиметрден аспайды және 400 миллиметрден төмен болмайды.

      17. Компьютермен жұмыс істеуді көздейтін жұмыс орны қажет болған жағдайда арнайы пернетақтамен, арнайы компьютерлік тышқанмен жабдықталады.

      18. Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамның жүріп-тұруына қойылатын талаптар:

      1) ғимаратта кресло-арбамен жүріп-тұратын адамдарға лайықталған кіреберіс қарастырылады. Сыртқы баспалдақтар мен пандустардың тұтқалары болады. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес пандустың еңісі 8 %-дан аспайтын кезде оның ең жоғары бір көтерілу биіктігі (марш) 0,8 метрден аспайды. Қозғалыс жолындағы еден биіктігінің алмасуы 0,2 метр және одан төмен болса пандустың еңісі 10 %-ға дейін ұлғайтылады;

      2) қозғалыс жолында:

      кабинеттердің есіктері ашық болғанда қозғалыс жолағының ені – 90 сантиметрден кем болмайды;

      есік жақтауларының ені – 90 сантиметрден кем болмайды;

      табалдырықтардың биіктігі – 2,5 сантиметрден аспайды;

      жұмыс орнын орналастыру жүріп-тұрудың ең төменгі қажеттілігін қамтамасыз етеді;

      қозғалыс жолында аспалы жабдық жоқ, орын ауыстыруға кедергі болмайды;

      3) жұмыс орнын екінші және жоғарғы қабаттарда орналастыру: жұмыс орындары екінші және жоғарғы қабаттарда орналасқан жағдайда, кабинасы 140х120 сантиметрден кем болмайтын, есік жақтауларының ені 90 сантиметрден кем болмайтын жолаушы лифтілері жабдықталады;

      лифт болмаған жағдайда баспалдақты жеке көтеру құрылғысы болады.

      19. Мүгедектігі бар адамдарға санитариялық-тұрмыстық қызмет көрсету сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.

      Қоғамдық дәретханаларда азаматтардың барлық санаттарына, оның ішінде кресло-арбамен жүріп-тұратын адамдарға қолжетімді болатын кемінде бір әмбебап кабина қарастырылады.

      Әмбебап кабинаның өлшемдері: ені – 1,65 метрден кем болмайды, тереңдігі – 1,8 метрден кем болмайды. Кабинада:

      кресло-арбаны қоюға арналған кеңістік, сондай-ақ киімге, балдақтар мен басқа да қажеттіліктерге арналған ілгіштер;

      тұтқалар, айналмалы немесе қайырмалы отырғыштарды орнату мүмкіндігі қарастырылады.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2023 жылғы 26 мамырдағы
№ 179 бұйрығына
2-қосымша

Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орны стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орны стандарты (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасы үшінші абзацына сәйкес әзірленді.

      2. Осы стандарт көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамға арналған жұмыс орнына қойылатын талаптарды белгілейді.

      3. Осы стандартта мынадай негізгі ұғым пайдаланылады:

      тифлокешен – көзі нашар көретін және көрмейтін пайдаланушылар үшін арнайы жабдықпен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жарақтандырылған компьютер, сондай-ақ брайль принтерлері.

2-тарау. Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орнына қойылатын талаптар

      4. Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орны негізгі эргономиялық талаптарға жауап беретін басты және қосалқы жабдықты қамтиды.

      5. Жұмыс орнын жарақтандыру кезінде көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жеке талаптары мен шектеулері ескеріледі.

      6. Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орнын ұйымдастыру кезінде пайдаланылатын және ескерілетін негізгі элементтер:

      мүгедектігі бар адамды соқырлығынан туындаған оның физиологиялық шектеулерінің орнын толтыруға арналған арнайы жабдық пен құрылғылар;

      көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның ерекшеліктері ескеріле отырып арнайы әзірленген бедерлі қаріпті қамтамасыз ету;

      жұмыс істеу кезінде пайдаланылатын материалдармен, құралдармен тифлокешенді басқарудың негізгі элементтері көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адам организмінің ерекшеліктері ескерілген жұмыс аймағының шегінде болады;

      көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адам үшін жұмыс процесінің тиімділігін және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс аймағында қоршаған ортаны сәйкестендіру үшін қосымша жабдықтау (акустикалық, тактильді, визуальды).

      7. Өндірістік жабдықты, жиһазды орналастыру кезінде көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның кедергісіз өтуін қамтамасыз ету ескеріледі. Сондай-ақ жүріп-тұру жолдарында тактильді бағыттаушы көрсеткіштерді (едендегі және қабырғадағы) монтаждау көзделеді.

      8. Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орнындағы жабдықтар мен жиһаздардың орналасуы, оны жарықтандыру еңбек қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етеді.

      9. Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адам үшін жұмыс орнын ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар:

      1-сыныпты микроклимат;

      шу 80 децибелден аспайды;

      локальды дірілдің болмауы;

      ультрадыбыс, инфрадыбыстың болмауы;

      зиянды заттар ең жоғары деңгейде рұқсат етілетін мәндер шегінде;

      қолдардың тоңып қалуына жол берілмейді.

      10. Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орны сезу, есту, көру бағдарлары бар тифлокешендермен жабдықталады, олар жұмыс орнындағы бағдар жүйесін қамтамасыз етуге бағытталған.

      11. Барлық технологиялық құрылғылар тифлобелгілермен жарықтандырылады, ол мүгедектігі бар адамға оларды көру қабілетін бақылаусыз пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл тифлобелгілер құралды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

      Қажет болған жағдайда көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орны радионүктелермен жабдықталады. Егер үй-жайда көру қабілетінен толық айырылған бірнеше мүгедектігі бар адам жұмыс істесе, онда ортақ радиохабар тарату көзі орнатылады.

      12. Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орнына қойылатын талаптар мыналар болып табылады:

      жұмысты көру және есту қабілетін бақылаусыз орындау мүмкіндігін қамтамасыз етуге арналған компьютерлік тифлокешендер;

      компьютерлермен және ұйымдастыру техникасымен жұмыс істеу үшін брайль дисплейіне қосылуға мүмкіндік беретін тифлоорганайзер және брайль принтерлері, пернетақталары.

      13. Жұмыс орнын жоспарлау қызметкердің еңбек процесінде ең аз кеңістікте қозғалуын ескере отырып жүзеге асырылады.

      14. Қызметкер мен цех ішіндегі көліктің қозғалу жолдары бөлінген. Өндірістік үй-жайлар 3-тен жоғары болмайтын қабатта, тура кіреберісте орналастырылады. Едендер мен баспалдақтарды жабу үшін тайып кетуге қарсы материалдар пайдаланылады. Терезелерге, баспалдақтар мен бағыттаушы тұтқаларға сақтандыратын кедергілер орнатылады.

      Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс аймағы мен қозғалыс жолдары жүйелік бағдарлармен ("дыбыстық маяктар") және рельефтік жазулармен жарақтандырылады.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2023 жылғы 26 мамырдағы
№ 179 бұйрығына
3-қосымша

Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орны стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы есту қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орны стандарты (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасы үшінші абзацына сәйкес әзірленді.

      2. Осы стандарт есту қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамға арналған жұмыс орнына қойылатын талаптарды белгілейді.

2-тарау. Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орнына қойылатын талаптар

      3. Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орны, өндірістік жабдық элементтерінің конструкциясы жұмыс аймағында эргономиялық талаптарға сәйкес келеді.

      4. Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамдар қарқынды шу және жергілікті өндірістік діріл жағдайларындағы, қозғалмалы механизмдері бар, улағыштық қасиетке ие заттарды өндіру жұмыстарына жіберілмейді.

      5. Жұмыс орнын жарақтандыру кезінде есту қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жеке талаптары мен шектеулері ескеріледі.

      6. Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның антропометриялық және анатомиялық-морфологиялық шектеулерінің орнын толтыруға арналған арнайы жабдық пен құрылғылар есту қабілеті толық бұзылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орнын ұйымдастыру кезінде пайдаланылатын және ескерілетін негізгі элементтер болып табылады.

      7. Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орнындағы жабдық пен жиһаздың орналасуы, жарақтандыру еңбек қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етеді.

      8. Адамдар тұрақты келетін өндірістік объектілер табиғи және жасанды жарықтандырумен қамтамасыз етіледі. Орташа дәлдіктегі жұмысты орындау кезінде жұмыс орнындағы аралас жарықтандыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес кемінде 500 люксті, төменгі дәлдік пен өрескел жұмыстар кезінде кемінде 300 люксті көздейді.

      9. Жарық көздері жеткілікті жарық бере алады, жарық шекарасын нақты белгілей отырып, жарық ағынын толыққанды бөледі. Жұмыс орны мен қоршаған заттар элементтерінің үстіңгі беті жылтырамайды.

      10. Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орны қосымша:

      дыбыстық сигналдарды жарыққа, мәтіндік жүгіртпе жолға өзгертетін жабдықпен;

      сөзді мәтінге өзгертетін жарық (визуальды) индикаторлармен жабдықталады.

      11. Есту және көру қабілеті қатар бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орнына қойылатын талаптар мыналар болып табылады:

      көруді және естуді бақылаусыз жұмыстың орындалуын қамтамасыз етуге арналған тактильдік тифлокешендер;

      компьютерлермен және ұйымдастыру техникасымен жұмыс істеу үшін брайль дисплейіне қосылуға мүмкіндік беретін тифлоорганайзер және брайль принтерлері, пернетақталары.

      12. Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамдардың еңбегін пайдаланатын кәсіпорындарда ымдау тілі аудармашысының кабинеті көзделеді. Аталған кабинет есту қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы техникалық байланыс құралдарымен: мәтіндік хабарламасы бар телефондармен немесе веб-камерасы бар ноутбуктермен жабдықталады.

      13. Жұмыс орнында қауіп және эвакуация туралы ақпараттандыру үшін қосымша жыпықтауыш жарық сигналдары орнатылады.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2023 жылғы 26 мамырдағы
№ 179 бұйрығына
4-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің күші жойылған бұйрығының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Мүгедектің жұмыс орны стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 519 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 13913 болып тіркелді).

      2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушысының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы № 298 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушысының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 29077 болып тіркелді).

      3. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 367 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 4-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 29707 болып тіркелді).

Об утверждении стандартов рабочего места лиц с инвалидностью

Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 26 мая 2023 года № 179. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 мая 2023 года № 32613

      Примечание ИЗПИ!
Вводится в действие с 01.07.2023.

      В соответствии с абзацем четвертым подпункта 5) статьи 12 Социального кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить:

      1) Стандарт рабочего места лица с инвалидностью, передвигающегося на кресле-коляске, согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) Стандарт рабочего места лица с инвалидностью с полной потерей зрения согласно приложению 2 к настоящему приказу;

      3) Стандарт рабочего места лица с инвалидностью с полной потерей слуха согласно приложению 3 к настоящему приказу.

      2. Признать утратившими силу приказ и структурные элементы некоторых приказов Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан и Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан согласно приложению 4 к настоящему приказу

      3. Департаменту занятости населения Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие с 1 июля 2023 года дня и подлежит официальному опубликованию.

      Министр труда и социальной
защиты населения Республики Казахстан
Т. Дуйсенова

  Приложение 1 к приказу
Министр труда и социальной
защиты населения
Республики Казахстан
от 26 мая 2023 года № 179

Стандарт
рабочего места лица с инвалидностью, передвигающегося на кресле-коляске

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящий стандарт рабочего места лица с инвалидностью, передвигающегося на кресле-коляске, (далее – стандарт) разработан в соответствии с абзацем третьим подпункта 5) статьи 12 Социального кодекса Республики Казахстан.

      2. Настоящий стандарт устанавливает требования к рабочему месту для лица с инвалидностью, передвигающегося на кресле-коляске.

      3. В настоящем стандарте используются следующие основные понятия:

      лицо с инвалидностью – лицо, имеющее нарушение здоровья со стойким расстройством функций организма, обусловленное заболеваниями, увечьями (ранениями, травмами, контузиями), их последствиями, дефектами, которое приводит к ограничению жизнедеятельности и необходимости его социальной защиты;

      пандус – сооружение, имеющее сплошную наклонную по направлению движения поверхности, предназначенное для перемещения с одного уровня горизонтальной поверхности пути на другой, в том числе на кресле-коляске.

Глава 2. Требования к рабочему месту лица с инвалидностью, передвигающегося на кресле-коляске

      4. Рабочее место лица с инвалидностью, передвигающегося на кресле-коляске, включает в себя основное и вспомогательное оборудование, которое отвечает основным антропометрическим и эргономическим требованиям.

      5. При оснащении рабочего места учитываются индивидуальные требования и ограничения лица с инвалидностью, передвигающегося на кресле-коляске.

      6. Основные элементы рабочего места лица с инвалидностью, передвигающегося на кресле-коляске, которые используются и учитываются при его организации:

      специальное оборудование и приспособления, призванные компенсировать антропометрические и анатомо-морфологические ограничения лица с инвалидностью, передвигающегося на кресле-коляске;

      создание дополнительного специально разработанного ручного инструмента с учетом антропометрических и анатомо-морфологических особенностей лица с инвалидностью, передвигающегося на кресле-коляске максимизирует эффект его использования;

      основные элементы управления технологическим оборудованием, используемых при работе материалов, деталей находятся в пределах рабочей зоны с учетом антропометрических и анатомо-морфологических особенностей организма лица с инвалидностью, передвигающегося на кресле-коляске;

      все элементы в рабочей зоне надежно закрепляются во избежание нанесения трудовых увечий.

      Исходя из особых потребностей лицам с инвалидностью дополнительно предоставляется пространство (например, увеличение разворотной площадки для инвалида, передвигающегося на кресле-коляске) и освещение рабочего места.

      7. При расстановке производственного оборудования, мебели учитываются обеспечение возможности подъезда, разворота и беспрепятственного прохода для лица с инвалидностью, передвигающегося на кресле-коляске.

      Все оборудование, мебель, используемые лицом с инвалидностью, передвигающимся на кресле-коляске, располагаются в зоне доступности.

      8. Расстановка оборудования и мебели, освещение рабочего места лица с инвалидностью, передвигающегося на кресле-коляске, обеспечивает безопасность и комфортность труда.

      9. Производственные объекты с пребыванием людей обеспечиваются естественным и искусственным освещением. При выполнении работ средней точности комбинированная освещенность на рабочем месте предусматривается не менее 500 люкс, малой точности и грубых работ – не менее 300 люкс согласно государственных нормативов в области архитектуры, градостроительства и строительства.

      10. Источники света имеют достаточную светоотдачу, полноценное распределение светового потока с четким обозначением световой границы. Поверхность элементов рабочего места и окружающих предметов не имеют ярких бликов.

      11. Площадь помещений принимается из расчета 7,65 квадратных метров на одного работающего лица с инвалидностью, передвигающегося на кресле-коляске, согласно Санитарно-эпидемиологическим требованиям к административным и жилым зданиям, утвержденным приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 28525). Объем помещений определяется путем расчета, исходя из необходимости обеспечения требований нормативов по микроклимату, но не менее 15 кубических метров согласно Санитарно-эпидемиологическим требованиям к зданиям и сооружениям производственного назначения, утвержденным приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 23852).

      12. При размещении рабочего места лица с инвалидностью в помещении, где на отдельных участках протекают процессы, противопоказанные для организма, регулируются параметры производственной среды в рабочей зоне лица с инвалидностью. При этом учитываются гигиенические нормативы к физическим факторам, оказывающим воздействие на человека, утвержденные приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 26831).

      13. Для лиц с инвалидностью, передвигающихся на кресле-коляске, необходимо индивидуальное исполнение элементов оборудования, рабочей поверхности, мебели, при необходимости – с обеспечением ее трансформации.

      14. Организационно-техническая оснастка по своим размерам соответствует антропометрическим данным, обладает устойчивостью, обеспечивает комфортность и безопасность пользования.

      15. Рабочий стол обладает следующими характеристиками и возможностями:

      изменение высоты и наклона поверхности;

      возможность обеспечения дополнительного местного освещения;

      обеспечение возможности дополнительного крепления вспомогательного оборудования;

      наличие выдвижных ящиков, устройство для захвата и удержания предметов и деталей.

      Рабочий стул обладает следующими характеристиками и возможностями:

      изменение высоты и наклона сидения и спинки;

      установка дополнительных подножек (по необходимости);

      установка дополнительных подлокотников;

      установка дополнительных упоров и поручней для облегчения передвижения.

      16. При обустройстве рабочего места для лица с инвалидностью, передвигающегося на кресле-коляске, подбор и расстановка рабочего оборудования, мебели осуществляется с учетом требований для маломобильных групп населения в отношении сотрудника в кресле-коляске в соответствии с требованиями государственных нормативов в области архитектуры, градостроительства и строительства:

      1) габариты занимаемой зоны при вращении кресла-коляски вокруг вертикальной оси: 1400х1400 миллиметров;

      2) доступность элементов окружающей среды:

      при расположении сбоку: не выше 1400 миллиметров и не ниже 300 миллиметров от пола;

      при фронтальном положении: не выше 1200 миллиметров и не ниже 400 миллиметров от пола.

      17. Рабочее место, предполагающее работу на компьютере, в случае необходимости оборудуется специальной клавиатурой, специальной компьютерной мышью.

      18. Требования к передвижению лица с инвалидностью, передвигающегося на кресле-коляске:

      1) в здании предусматривается вход, приспособленный для лиц, передвигающихся на кресло-коляске. Наружные лестницы и пандусы имеют поручни. В соответствии с требованиями государственных нормативов в области архитектуры, градостроительства и строительства максимальная высота одного подъема (марша) пандуса не превышает 0,8 метров при уклоне не более 8 %. При перепаде высот пола на путях движения 0,2 метра и менее увеличивается уклон пандуса до 10 %;

      2) на пути движения:

      ширина полос движения при открытых дверях кабинетов – не менее 90 сантиметров;

      ширина дверных проемов – не менее 90 сантиметров;

      высота порогов – не более 2,5 сантиметров;

      размещение рабочего места обеспечивает минимальную необходимость передвижений;

      по пути движения отсутствуют навесное оборудование, препятствия для перемещения;

      3) размещение рабочего места на втором и выше этажах:

      при размещении рабочих мест на втором этаже и выше оборудуются пассажирские лифты с кабиной не менее 140х120 сантиметров, шириной дверного проема – не менее 90 сантиметров;

      лестничное индивидуальное подъемное устройство при отсутствии лифта.

      19. Санитарно-бытовое обслуживание лиц с инвалидностью обеспечивается в соответствии с требованиями государственных нормативов в области архитектуры, градостроительства и строительства.

      В общественных уборных предусматривается не менее одной универсальной кабины, доступной для всех категорий граждан, в том числе передвигающихся на кресло-коляске.

      Универсальная кабина имеет размеры: ширина – не менее 1,65 метров, глубина – не менее 1,8 метров. В кабине предусматривается:

      пространство для размещения кресло-коляски, а также крючки для одежды, костылей и других принадлежностей;

      возможность установки поручней, поворотных или откидных сидений.

  Приложение 2 к приказу
Министр труда и социальной
защиты населения
Республики Казахстан
от 26 мая 2023 года № 179

Стандарт
рабочего места лица с инвалидностью с полной потерей зрения

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящий стандарт рабочего места лица с инвалидностью с полной потерей зрения (далее – стандарт) разработан в соответствии с абзацем третьим подпункта 5) статьи 12 Социального кодекса Республики Казахстан.

      2. Настоящий стандарт устанавливает требования к рабочему месту для лица с инвалидностью с полной потерей зрения.

      3. В настоящем стандарте используется следующее основное понятие:

      тифлокомплекс – компьютер, который оснащен специальным оборудованием и программным обеспечением для слабовидящих и незрячих пользователей, а также брайлевские принтеры.

Глава 2. Требования к рабочему месту лица с инвалидностью с полной потерей зрения

      4. Рабочее место лица с инвалидностью с полной потерей зрения включает в себя основное и вспомогательное оборудование, которое отвечает основным эргономическим требованиям.

      5. При оснащении рабочего места учитываются индивидуальные требования и ограничения лица с инвалидностью с полной потерей зрения.

      6. Основные элементы рабочего места лица с инвалидностью с полной потерей зрения, которые используются и учитываются при его организации:

      специальное оборудование и приспособления, призванные компенсировать физиологические ограничения лица с инвалидностью, вызванные его слепотой;

      обеспечение специально разработанного рельефного шрифта с учетом особенностей лица с инвалидностью с полной потерей зрения;

      основные элементы управления тифлокомплексом, используемых при работе материалов, приспособлений находятся в пределах рабочей зоны с учетом особенностей организма лица с инвалидностью с полной потерей зрения;

      дополнительное оборудование для идентификации окружающей среды в рабочей зоне (акустические, тактильные, визуальные) для обеспечения эффективности рабочего процесса и безопасности труда для лица с инвалидностью с полной потерей зрения.

      7. При расстановке производственного оборудования, мебели учитываются обеспечение беспрепятственного прохода для лица с инвалидностью с полной потерей зрения. Также предусматриваются монтаж тактильных направляющих указателей (напольные и настенные) на путях движения.

      8. Расстановка оборудования и мебели, освещение рабочего места лица с инвалидностью с полной потерей зрения обеспечивает безопасность и комфортность труда.

      9. Санитарно-гигиенические требования к организации рабочего места для лица с инвалидностью с полной потерей зрения:

      микроклимат 1 класс;

      шум не превышает 80 децибел;

      отсутствие локальной вибрации;

      отсутствие ультразвука, инфразвука;

      вредные вещества в пределах максимально допустимых значений;

      не допускается переохлаждение рук.

      10. Рабочее место лица с инвалидностью с полной потерей зрения оборудуется тифлокомплексом с осязательными, слуховыми, зрительными ориентирами, которые призваны обеспечивать систему ориентации на рабочем месте.

      11. Все технологические приспособления оснащаются тифлометками, что позволят лицу с инвалидностью их использовать без зрительного контроля. Также данные тифлометки обеспечивают безопасность использования инструмента.

      При необходимости рабочее место лица с инвалидностью с полной потерей зрения оборудуется радиоточками. Если в помещении работают несколько лиц с инвалидностью с полной потерей зрения, то устанавливается общий источник радиооповещения.

      12. Требованиями к рабочему месту лица с инвалидностью с полной потерей зрения являются:

      компьютерные тифлокомплексы, призванные обеспечить возможность выполнения работы без зрительного и слухового контроля;

      тифлоорганайзер и брайлевские принтеры, клавиатуры, дающие возможность подсоединения к брайлевскому дисплею, для работы с компьютерами и оргтехникой.

      13. Планировка рабочего места осуществляется с учетом минимальных пространственных перемещений работника в процессе труда.

      14. Пути передвижения работника и внутрицехового транспорта разделены. Размещение производственных помещений непосредственно у входа, не выше 3 этажа. Для покрытия полов и лестниц используются противоскользящие материалы. Устанавливаются предохранительные барьеры на окна, лестницы и направляющие поручни.

      Рабочая зона и пути передвижения лиц с инвалидностью с полной потерей зрения оснащаются системами ориентиров ("звуковые маяки") и рельефными надписями.

  Приложение 3 к приказу
Министр труда и социальной
защиты населения
Республики Казахстан
от 26 мая 2023 года № 179

Стандарт
рабочего места лица с инвалидностью с полной потерей слуха

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящий стандарт рабочего места лица с инвалидностью с полной потерей слуха (далее – стандарт) разработан в соответствии с абзацем третьим подпункта 5) статьи 12 Социального кодекса Республики Казахстан.

      2. Настоящий стандарт устанавливает требования к рабочему месту для лица с инвалидностью с полной потерей слуха.

Глава 2. Требования к рабочему месту лица с инвалидностью с полной потерей слуха

      3. Рабочее место лица с инвалидностью с полной потерей слуха, конструкция элементов производственного оборудования в зоне работы соответствуют эргономическим требованиям.

      4. Лица с инвалидностью с полной потерей слуха не допускаются к работам в условиях интенсивного шума и локальной производственной вибрации, с движущимися механизмами, в производстве веществ, обладающих токсичностью.

      5. При оснащении рабочего места учитываются индивидуальные требования и ограничения лица с инвалидностью с полной потерей слуха.

      6. Основными элементами рабочего места с полной потерей слуха, которые используются и учитываются при его организации, являются специальное оборудование и приспособления, призванные компенсировать антропометрические и анатомо-морфологические ограничения лица с инвалидностью с полной потерей слуха.

      7. Расстановка оборудования и мебели, освещение рабочего места лица с инвалидностью с полной потерей слуха обеспечивает безопасность и комфортность труда.

      8. Производственные объекты с постоянным пребыванием людей обеспечиваются естественным и искусственным освещением. При выполнении работ средней точности комбинированная освещенность на рабочем месте предусматривается не менее 500 люкс, малой точности и грубых работ – не менее 300 люкс согласно государственных нормативов в области архитектуры, градостроительства и строительства.

      9. Источники света имеют достаточную светоотдачу, полноценное распределение светового потока с четким обозначением световой границы. Поверхность элементов рабочего места и окружающих предметов не имеют ярких бликов.

      10. Рабочее место лица с инвалидностью с полной потерей слуха оборудуется дополнительно:

      оборудованием, преобразующим звуковые сигналы в световые, в текстовую бегущую строку;

      световыми (визуальными) индикаторами, преобразующими речь в текст.

      11. Требованиями к рабочему месту для лиц с инвалидностью с одновременным нарушением слуха и зрения являются:

      тактильные тифлокомплексы, призванные обеспечить выполнение работы без зрительного и слухового контроля;

      тифлоорганайзер и брайлевские принтеры, клавиатуры, дающие возможность подсоединения к брайлевскому дисплею, для работы с компьютерами и оргтехникой.

      12. На предприятии, использующем труд лиц с инвалидностью с полной потерей слуха, предусматривается кабинет переводчика жестового языка. Указанный кабинет оборудуется специальными техническими средствами связи для лиц с инвалидностью с нарушениями слуха: телефонами с текстовым сообщением или ноутбуком с веб-камерой.

      13. На рабочем месте дополнительно устанавливаются мигающие световые сигналы для информирования об опасности и эвакуации.

  Приложение 4 к приказу
Министр труда и социальной
защиты населения
Республики Казахстан
от 26 мая 2023 года № 179

Перечень
утративших силу приказа и структурных элементов некоторых приказов Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан и Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

      1. Приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 14 июня 2016 года № 519 "Об утверждении стандартов рабочего места инвалида" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13913).

      2. Пункт 1 Перечня некоторых приказов Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан, Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан и исполняющего обязанности Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан, в которые вносятся изменения и дополнения, утвержденный приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 9 августа 2022 года № 298 "О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан, Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан и исполняющего обязанности Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 29077).

      3. Пункт 4 Перечня некоторых приказов Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан, Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан и исполняющего обязанности Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан в которые вносятся изменения, утвержденный приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 14 сентября 2022 года № 367 "О внесении изменений в некоторые приказы Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан и Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан и исполняющего обязанности Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 29707).