Мүгедектігі бар адамның жұмыс орны стандарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 519 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 13 шілдеде № 13913 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 179 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2023 № 179 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.09.2022 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.09.2022 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамның жұмыс орны стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орны стандарты;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орны стандарты бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.09.2022 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Мүгедектің жұмыс орны стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 910 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12854 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 20 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
Т. Дүйсенова

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 519 бұйрығына
1-қосымша

Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамның жұмыс орны стандарты

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.09.2022 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамның жұмыс орны стандарты (бұдан әрі – стандарт) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы стандарт кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамға арналған жұмыс орнына қойылатын талаптарды белгілейді.

      3. Осы стандартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: мүгедектігі бар адам – тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, мертігуден (жараланудан, жарақаттан, контузиядан), олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам; пандус – жолдың көлденең бетінің бір деңгейінен екіншісіне, оның ішінде кресло-арбамен ауысуға арналған қозғалыс бағыты бойынша тегіс көлбеуі бар құрылыс.

2-тарау. Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамның жұмыс орнына қойылатын талаптар

      4. Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамның жұмыс орны негізгі антропометриялық және эргономикалық талаптарға жауап беретін басты және қосалқы жабдықты қамтиды.

      5. Жұмыс орнын жарақтандыру кезінде кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамның жеке талаптары мен шектеулері ескеріледі.

      6. Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамның жұмыс орнын ұйымдастыру кезінде пайдаланылатын және ескерілетін негізгі элементтер:

      кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамның антропометриялық және анатомиялық-морфологиялық шектеулерінің орнын толтыруға арналған арнайы жабдық пен құрылғылар; кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамның антропометриялық және анатомиялық-морфологиялық ерекшеліктерін ескере отырып қосымша арнайы әзірленген қол құралын жасау, оны пайдалану тиімділігін барынша арттырады;

      кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адам организмінің антропометриялық және анатомиялық-морфологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс кезінде пайдаланылатын материалдар, бөлшектер технологиялық жабдықты басқарудың негізгі элементтері жұмыс аймағының шегінде болады; жұмыс аймағындағы барлық элементтер еңбек ету кезінде зақым алуды болдырмау үшін берік бекітіледі;

      қажет болған жағдайда мүгедектігі бар адамға қосымша кеңістік ұсынылады (мысалы, кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адам үшін бұрылу алаңын ұлғайту);

      қажет болған жағдайда жұмыс орнын қосымша жарықтандыру көзделеді.

      7. Өндірістік жабдықты, жиһазды орналастыру кезінде кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамның кіру, бұрылу және кедергісіз өту мүмкіндіктерін қамтамасыз ету ескеріледі. Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адам пайдаланатын барлық жабдық, жиһаз қолжетімді аймақта орналастырылады.

      8. Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамның жұмыс орнындағы жабдық пен жиһаздың орналастырылуы, жұмыс орнын жарақтандыру еңбек қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етеді.

      9. Адамдар келетін өндірістік объектілер табиғи және жасанды жарықтандырумен қамтамасыз етіледі. Орташа дәлдіктегі жұмысты орындау кезінде жұмыс орнындағы аралас жарықтандыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес кемінде 500 люксті, төменгі дәлдік пен өрескел жұмыстар кезінде кемінде 300 люксті көздейді.

      10. Жарық көздері жеткілікті жарық бере алады, жарық шекарасын нақты белгілей отырып, жарық ағынын толыққанды бөледі. Жұмыс орны мен қоршаған заттар элементтерінің үстіңгі беті жылтырамайды.

      11. Үй-жайдың ауданы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № ҚР ДСМ-52 бұйрығымен бекітілген әкімшілік тұрғын үй және тұрғын үй ғимараттарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28525 болып тіркелген) кресло-арбамен жүріп-тұратын, мүгедектігі бар адамға бір жұмыс істейтін адамға 7,65 шаршы метр есебінен қабылданады.Үй-жайлардың көлемі микроклимат бойынша нормативтердің талаптарын қамтамасыз ету қажеттілігіне қарай есептеу жолымен айқындалады, бірақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 3 тамыздағы № ЖЖМ-72 бұйрығымен бекітілген Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23852 болып тіркелген) сәйкес 15 текше метрден кем емес.

      12. Мүгедектігі бар адамның жұмыс орнын жекелеген учаскелерде организм үшін қарсы көрсетілген процестер өтетін үй-жайға орналастыру кезінде мүгедектігі бар адамның жұмыс аймағындағы өндірістік ортаның параметрлері реттеледі. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26831 болып тіркелген) адамға әсер ететін физикалық факторларға қойылатын гигиеналық нормативтер ескеріледі.

      13. Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамдар үшін жабдықтың, жұмыс аймағының, жиһаздың элементтерін жеке, қажет болған жағдайда оны трансформациялауды қамтамасыз ете отырып орындау қажет.

      14. Ұйымдастырушылық-техникалық жабдықтау өзінің өлшемдері бойынша антропометриялық деректерге сәйкес келеді, ол төзімділік қасиетке ие, пайдалану жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

      15. Жұмыс үстелі мынадай сипаттамалар мен мүмкіндіктерге ие:

      үстел бетінің биіктігі мен еңісін өзгерту;

      қосымша жергілікті жарықтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі;

      қосалқы жабдықты қосымша бекіту мүмкіндігін қамтамасыз ету;

      жылжымалы жәшіктердің, заттар мен бөлшектерді қармау және ұстау құрылғысының болуы.

      Жұмыс орындығы мынадай сипаттамалар мен мүмкіндіктерге ие:

      орындықтың және арқалықтың биіктігі мен еңісін өзгерту;

      қосымша басқыштарды қондыру (қажеттілігіне қарай);

      қосымша шынтақтірегіштерді орнату;

      қозғалысты жеңілдету үшін қосымша тірегіштер мен тұтқаларды орнату.

      16. Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адам үшін жұмыс орнын жабдықтау кезінде жұмыс жабдығын, жиһазды таңдау және орналастыру кресло-арбадағы қызметкерге қатысты сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің халықтың баяу қимылдайтын топтарына арналған талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады:

      1) осы стандартқа қосымшаға сәйкес кресло-арбаның вертикальді осінде айналу кезінде алатын аймағының габариттері: 1400х1400 миллиметр;

      2) қоршаған орта элементтерінің қолжетімділігі:

      жанында орналасқанда: 1300 миллиметрден аспайды және 250 миллиметрден төмен болмайды;

      фронтальды күйде: 1200 миллиметрден аспайды.

      17. Компьютермен жұмыс істеуді көздейтін жұмыс орны қажет болған жағдайда арнайы пернетақтамен, арнайы компьютерлік тышқанмен жабдықталады.

      18. Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамның жүріп-тұруына қойылатын талаптар:

      1) ғимаратта кресло-арбамен жүріп-тұратын адамдарға лайықталған кіреберіс қарастырылады. Сыртқы баспалдақтар мен пандустардың тұтқалары болады. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес пандустың еңісі 8 %-дан аспайтын кезде оның ең жоғары бір көтерілу биіктігі (марш) 0,8 метрден аспайды. Қозғалыс жолындағы еден биіктігінің алмасуы 0,2 метр және одан төмен болса пандустың еңісі 10 %-ға дейін ұлғайтылады. Ерекше жағдайларда бұрандалы пандустар қарастырылады;

      2) қозғалыс жолы:

      кабинеттердің есіктері ашық болғанда қозғалыс жолағының ені – 90 сантиметрден кем болмайды;

      есік жақтауларының ені – 90 сантиметрден кем болмайды;

      табалдырықтардың биіктігі – 2,5 сантиметрден аспайды;

      қажет болған жағдайда ғимаратта ені 90 сантиметрден кем болмайтын тайғанамайтын жабуы бар, тұтқасының биіктіктігі 70-90 сантиметр болатын пандус монтаждалады;

      жұмыс орнын орналастыру жүріп-тұрудың ең төменгі қажеттілігін қамтамасыз етеді;

      қозғалыс жолында аспалы жабдық жоқ, орын ауыстыруға кедергі болмайды;

      3) жұмыс орнын екінші және жоғарғы қабаттарда орналастыру: жұмыс орындары екінші және жоғарғы қабаттарда орналасқан жағдайда, кабинасы 140х110 сантиметрден кем болмайтын, есік жақтауларының ені 90 сантиметрден кем болмайтын жолаушы лифтілері жабдықталады;

      лифт болмаған жағдайда баспалдақты жеке көтеру құрылғысы болады.

      19. Мүгедектігі бар адамдарға санитариялық-тұрмыстық қызмет көрсету сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.

      Қоғамдық дәретханаларда азаматтардың барлық санаттарына, оның ішінде кресло-арбамен жүріп-тұратын адамдарға қолжетімді болатын кемінде бір әмбебап кабина қарастырылады.

      Әмбебап кабинаның өлшемдері: ені – 1,65 метр, тереңдігі – 1,8 метр. Кабинада:

      кресло-арбаны қоюға арналған кеңістік, сондай-ақ киімге, балдақтар мен басқа да қажеттіліктерге арналған ілгіштер;

      қажет болған жағдайда тұтқалар, айналмалы немесе қайырмалы отырғыштарды орнату мүмкіндігі қарастырылады.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 519 бұйрығына
2-қосымша

Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орны стандарты

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.09.2022 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орны стандарты (бұдан әрі – стандарт) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы стандарт көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамға арналған жұмыс орнына қойылатын талаптарды белгілейді.

      3. Осы стандартта мынадай негізгі ұғым пайдаланылады: тифлокешен – көзі нашар көретін және көрмейтін пайдаланушылар үшін арнайы жабдықпен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жарақтандырылған компьютер, сондай-ақ брайль принтерлері.

2-тарау. Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орнына қойылатын талаптар

      4. Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орны негізгі эргономиялық талаптарға жауап беретін басты және қосалқы жабдықты қамтиды.

      5. Жұмыс орнын жарақтандыру кезінде көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жеке талаптары мен шектеулері ескеріледі.

      6. Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орнын ұйымдастыру кезінде пайдаланылатын және ескерілетін негізгі элементтер:

      мүгедектігі бар адамды соқырлығынан туындаған оның физиологиялық шектеулерінің орнын толтыруға арналған арнайы жабдық пен құрылғылар;

      көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның ерекшеліктері ескеріле отырып арнайы әзірленген бедерлі қаріпті қамтамасыз ету;

      жұмыс істеу кезінде пайдаланылатын материалдармен, құралдармен тифлокешенді басқарудың негізгі элементтері көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адам организмінің ерекшеліктері ескерілген жұмыс аймағының шегінде болады;

      көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адам үшін жұмыс процесінің тиімділігін және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс аймағында қоршаған ортаны сәйкестендіру үшін қосымша жабдықтау (акустикалық, тактильді, визуальды).

      7. Өндірістік жабдықты, жиһазды орналастыру кезінде көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның кедергісіз өтуін қамтамасыз ету ескеріледі. Сондай-ақ жүріп-тұру жолдарында тактильді бағыттаушы көрсеткіштерді (едендегі және қабырғадағы) монтаждау көзделеді.

      8. Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орнындағы жабдықтар мен жиһаздардың орналасуы, оны жарықтандыру еңбек қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етеді.

      9. Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адам үшін жұмыс орнын ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар:

      1-сыныпты микроклимат;

      шу 80 децибелден аспайды;

      локальды дірілдің болмауы;

      ультрадыбыс, инфрадыбыстың болмауы;

      зиянды заттар ең жоғары деңгейде рұқсат етілетін мәндер шегінде;

      қолдардың тоңып қалуына жол берілмейді.

      10. Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орны сезу, есту, көру бағдарлары бар тифлокешендермен жабдықталады, олар жұмыс орнындағы бағдар жүйесін қамтамасыз етуге бағытталған.

      11. Барлық технологиялық құрылғылар тифлобелгілермен жарықтандырылады, ол мүгедектігі бар адамға оларды көру қабілетін бақылаусыз пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл тифлобелгілер құралды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

      Қажет болған жағдайда көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орны радионүктелермен жабдықталады. Егер үй-жайда көру қабілетінен толық айырылған бірнеше мүгедектігі бар адам жұмыс істесе, онда ортақ радиохабар тарату көзі орнатылады.

      12. Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орнына қойылатын талаптар мыналар болып табылады:

      жұмысты көру және есту қабілетін бақылаусыз орындау мүмкіндігін қамтамасыз етуге арналған компьютерлік тифлокешендер;

      компьютерлермен және ұйымдастыру техникасымен жұмыс істеу үшін брайль дисплейіне қосылуға мүмкіндік беретін тифлоорганайзер және брайль принтерлері, пернетақталары.

      13. Жұмыс орнын жоспарлау қызметкердің еңбек процесінде ең аз кеңістікте қозғалуын ескере отырып жүзеге асырылады.

      14. Қызметкер мен цех ішіндегі көліктің қозғалу жолдары бөлінген. Өндірістік үй-жайлар 3-тен жоғары болмайтын қабатта, тура кіреберісте орналастырылады. Едендер мен баспалдақтарды жабу үшін тайып кетуге қарсы материалдар пайдаланылады. Терезелерге, баспалдақтар мен бағыттаушы тұтқаларға сақтандыратын кедергілер орнатылады.

      Жұмыс аймағы және көзі көрмейтіндердің қозғалу жолдары бағдарлар жүйелерімен ("дыбыстық маяктар", санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың кіреберісіндегі, жұмыс орындары жабдығындағы, лифтілердегі, дәліздердегі және тағы басқа орындардағы бедерлі жазулар) жарақтандырылады.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 519 бұйрығына
3-қосымша

Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орны стандарты

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.09.2022 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы есту қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орны стандарты (бұдан әрі – стандарт) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы стандарт есту қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамға арналған жұмыс орнына қойылатын талаптарды белгілейді.

2-тарау. Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орнына қойылатын талаптар

      3. Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орны, өндірістік жабдық элементтерінің конструкциясы жұмыс аймағында эргономиялық талаптарға сәйкес келеді.

      4. Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамдар қарқынды шу және жергілікті өндірістік діріл жағдайларындағы, қозғалмалы механизмдері бар, улағыштық қасиетке ие заттарды өндіру жұмыстарына жіберілмейді.

      5. Жұмыс орнын жарақтандыру кезінде есту қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жеке талаптары мен шектеулері ескеріледі.

      6. Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның антропометриялық және анатомиялық-морфологиялық шектеулерінің орнын толтыруға арналған арнайы жабдық пен құрылғылар есту қабілеті толық бұзылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орнын ұйымдастыру кезінде пайдаланылатын және ескерілетін негізгі элементтер болып табылады.

      7. Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орнындағы жабдық пен жиһаздың орналасуы, жарақтандыру еңбек қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етеді.

      8. Адамдар тұрақты келетін өндірістік объектілер табиғи және жасанды жарықтандырумен қамтамасыз етіледі. Орташа дәлдіктегі жұмысты орындау кезінде жұмыс орнындағы аралас жарықтандыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес кемінде 500 люксті, төменгі дәлдік пен өрескел жұмыстар кезінде кемінде 300 люксті көздейді.

      9. Жарық көздері жеткілікті жарық бере алады, жарық шекарасын нақты белгілей отырып, жарық ағынын толыққанды бөледі. Жұмыс орны мен қоршаған заттар элементтерінің үстіңгі беті жылтырамайды.

      10. Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орны қосымша:

      дыбыстық сигналдарды жарыққа, мәтіндік жүгіртпе жолға өзгертетін жабдықпен;

      сөзді мәтінге өзгертетін жарық (визуальды) индикаторлармен жабдықталады.

      11. Есту және көру қабілеті қатар бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орнына қойылатын талаптар мыналар болып табылады:

      көруді және естуді бақылаусыз жұмыстың орындалуын қамтамасыз етуге арналған тактильдік тифлокешендер;

      компьютерлермен және ұйымдастыру техникасымен жұмыс істеу үшін брайль дисплейіне қосылуға мүмкіндік беретін тифлоорганайзер және брайль принтерлері, пернетақталары.

      12. Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамдардың еңбегін пайдаланатын кәсіпорындарда ымдау тілі аудармашысының кабинеті көзделеді. Аталған кабинет есту қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы техникалық байланыс құралдарымен: мәтіндік хабарламасы бар телефондармен немесе телефакстермен жабдықталады.

      13. Жұмыс орнында қауіп және эвакуация туралы ақпараттандыру үшін қосымша жыпықтауыш жарық сигналдары орнатылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады