"Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 13-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
М. Карабаев |
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 1 маусымдағы № 402 Бұйрыққа қосымша |
Автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 13-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды және меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
3. Автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станцияларының негізгі міндеттері:
1) нақты уақыт режимінде жүкпен немесе жүксіз автокөлік құралдарының габариттік және салмақтық параметрлерін дұрыс өлшеуді қамтамасыз ету;
2) автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстар желісінің сақталуын қамтамасыз ету және автомобиль жолдарының мерзімінен бұрын нормативтік емес тозын азайту;
3) Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль көлігі саласында жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу;
4) Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасы, Қазақстан Республикасының ратификациялаған халықаралық шарттары талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.
4. Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:
1) автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станциясы – автомобиль көлігі құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеу жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған, осы мақсаттар үшін зияткерлік көлік жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін өлшеу құралы, стационарлық типтегі салмақ жабдығы немесе жылжымалы ұтқыр таразылар бар стационарлық немесе ауыспалы пункт (бұдан әрі – өлшеу стациялары);
2) автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станциясының операторы – автомобиль көлігі құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға (бұдан әрі – өлшеу станциясының операторы);
3) көлік құралын өлшеу – міндетті метрологиялық тексеруден өткен және тиісті сертификаты бар стационарлық типтегі салмақ өлшеу жабдығы немесе тасымалданатын ұтқыр таразылар арқылы автокөлік құралдарының жалпы массасы мен осіндегі жүктемелерді айқындау процесі;
4) өлшеу қателігі – өлшеу нәтижесінің өлшенетін шаманың шынайы (нақты) мәнінен ауытқуы;
5) интеллектуалды көлік жүйесі – жол жүрісін және тасымалдау қызметін басқаруды, мониторингтеу мен бақылауды қамтамасыз ететін өзара байланысты автоматтандырылған жүйелердің, оның ішінде автоматты режимде жұмыс істейтін, автомобиль көлігі және жол жүрісі саласындағы құқық бұзушылықтарды тіркейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарының, аспаптары мен жабдықтарының кешені;
6) нақнұсқа – салмақтық параметрлерін өлшеу кезінде көлік құралының осътің жүктемелерін біркелкі бөлуге арналған жылжымалы мобильді таразылар үлгідегі салмақ өлшеу жабдығының бөлігі;
7) өлшеу станциясының маманы – автомобиль көлігі құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеуді жүзеге асыратын, жоғары техникалық білімі бар, өлшеу станциясы операторының қызметкері.
5. Өлшеу құрылғыларының метрологиялық салыстырып тексеруі "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Стационарлық өлшеу станциялары мен жылжымалы өлшеу пункттері фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыратын, автоматты режимде жұмыс істейтін, автомобиль көлігі құралдарының түрін, маркасын, мемлекеттік тіркеу белгісін, фронталды суретін, автомобиль көлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеу кезіндегі жалпы көрінісін (алдынан көрініс, бүйірден және артынан көрініс) сақтай алатын функциясы бар, соның ішінде автоматты режимде көлік құралының салмақтық және габариттік параметрлерінің өлшеу нәтижелерін ИКЖ және Көліктік деректер қорының ақпараттық аналитикалық жүйесіне (бұдан әрі – КДК ААЖ) жолдап отыратын құрылғылармен жабдықталады.
6. Өлшеу станциясының операторы өлшеу станциясы орналасқан аумақты сыртқы жарықтандыруды қамтамасыз етеді.
7. Жылжымалы таразыларды пайдалану көлік құралының нақты салмақтық параметрлерін өлшеуге арналған алаңдар мобильді таразының платформасының биіктігі бойынша тереңдеуі бар, қатты жабында және жарықтандырылған учаскелерде жүзеге асырылады. Көлік құралының барлық осътің біркелкілігін қамтамасыз ететін осътік топтары үшін нақнұсқаларды қолдануға рұқсат етіледі.
8. Стационарлық өлшеу станцияларының операторлары таразы жабдықтарын орналастыру үшін алаңның бейнебақылау жүйесін қамтамасыз етеді.
Стационарлық станциялар мен жылжымалы өлшеу пункттері өз қызметін мына жерлерде жүзеге асырады:
1) республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарда;
2) жалпы пайдалы қазбаларды өндіру карьерлерінде;
3) ірі кәсіпорындарда, зауыттарда (асфальт, бетон зауыттары және басқалар);
4) Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде;
5) елді мекендерге кіре берістерін қамтиды.
9. Стационарлық өлшеу станциялары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес стационарлық өлшеу станцияларының жабдықтары мен мүліктерінің тізбесіне (бұдан әрі – Стационарлық өлшеу станцияларының жабдықтары мен мүліктерінің тізбесі) сәйкес жұмыс істеу үшін қажетті жабдықтармен және мүлікпен жарақтандырылады.
10. Жылжымалы өлшеу пункттері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жылжымалы өлшеу станцияларының жабдықтары мен мүліктерінің тізбесіне (бұдан әрі – Жылжымалы өлшеу станцияларының жабдықтары мен мүліктерінің тізбесі) сәйкес жұмыс істеу үшін қажетті жабдықтармен және мүлікпен жарақтандырылады.
11. Стационарлық станциялар мен жылжымалы өлшеу пункттері өз қызметін кәсіпкерлік субъектісі тіркелген жер бойынша жүзеге асырады (кәсіпкерлік субъектісі тіркелген өңір шегінде автомобиль көлік құралдарының салмақтық өлшемдерін өлшеу жүргізу).
2-тарау. Автомобиль көлігі құралдарын өлшеудің тәртібі
12. Автокөлік құралдарын өлшеу стационарлық немесе жылжымалы өлшеу пункттерінде жүзеге асырылады.
Автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станцияларының операторлары өз қызметтерін жария шарт негізінде көрсетеді.
13. Автомобиль көлігін өлшеу барысында өлшеу станциясының маманы сұйық жүк тиеген автомобиль көлігін өлшеген кезде автомобиль көлігінің толық тоқтауына және цистернадағы тербелістің азаюына көз жеткізеді.
Мобильді таразыларда автомобиль көлік құралдарының нақты салмақ параметрлерін өлшеу жылжымалы таразының платформасының биіктігі бойынша тереңдеуі бар қатты жабынды алаңдарда жүргізіледі.
Сондай-ақ, көлік құралының нақты салмақтық параметрлерін өлшеуге Көлік құралының барлық біліктерінің біркелкілігін қамтамасыз ететін біліктер топтары үшін нақнұсқаларды қолдануға рұқсат етіледі.
Көлік құралының нақты габариттік параметрлерін және сызықтық өлшемін өлшеу көліктің осьтерінің бірқалыптылығын сақтайтын жол жабынынан немесе басқа да алаңнан оның ұзындығы, ені және биіктігі бойынша шеткі екі нүктенің арасында өлшенеді.
Автокөлік құралының дөңгелектері таразы таразы жабдығы платформасының ортасы бойынша орналасады.
Көлік құралының барлық осьтері кезекпен өлшенуі тиіс.
14. Салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеу кезінде өлшеу станциясының маманы:
1) метрологиялық тексеруден өткен салмақ өлшеу жабдығын пайдаланады;
2) жүргізушінің (тасымалдаушының) талабы бойынша автомобиль көлі құралдарының салмақтық параметрлерін өлшеу нәтижелерін ұсынуға;
3) автомобиль көлігі құралдарының салмақтық габариттік параметрлерін өлшеу осы Қағидалардың 13-тармағында айқындалған тәртіппен жүргізеді.
Автомобиль көлігі құралдарының нақты салмақтық параметрлерін өлшеу процесі бейнебақылау камераларының көріну аймағында жүзеге асырылады.
15. Автомобиль көлігі құралдарының салмақтық параметрлерін өлшеу кезінде өлшеу станциясының маманына:
1) автомобиль көлігі құралын өлшеу туралы дәйексіз деректер енгізуге;
2) салмақ өлшеу жабдығымен айла-шарғы жасау жолымен автомобиль көлігі құралының нақты деректерін өзгертуге жол берілмейді.
16. Автомобиль көлігі құралының жүргізушісі салмақ габариттік параметрлерін өлшеу кезінде:
1) Автомобиль көлігі құралының кабинасынан шықпауға;
2) өлшеу станциясы маманының талаптарын орындауға;
3) көтерілетін осьті түсіруге (ленивец);
4) пневматикалық жастықтардағы қысымның өзгеруіне жол бермеуге;
5) өлшеу станциясының маманына көлік құралын тіркеу туралы куәлікті береді немесе электрондық нұсқасын ұсынады.
17. Автокөлік құралының жүргізушісі салмақ-габариттік параметрлерді өлшеу кезінде автомобиль көлігі құралын өлшеу актісін қағаз тасығышта алады.
18. Автомобиль көлігі құралының габариттік параметрлерін өлшеу кезінде "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығымен бекітілген рұқсат етілген параметрлерінің 10, 11 және 12-тармақтарында көрсетілген құрылғылар мен жабдықтар есепке алынбайды (№11009 Мемлекеттік нормативті құқықтық актілердің тізілімінде тіркелген).
19. Өлшеу станциясының операторы автомобиль көлігі құралының салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеу нәтижелері, өлшеу күні, уақыты, орны, автомобиль көлігі құралының түрі, маркасы, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі және ИКЖ және КДҚ ААЖ-не тасымалдаушының атауы туралы мәліметтерге өзгеріс енгізуге рұқсат етілмейді.
3-тарау. Автомобиль көлігі құралын өлшеу актісін беру тәртібі
20. ИКЖ және КДҚ ААЖ-де автомобиль көлігі құралдарының салмақтық параметрлерін өлшеу нәтижелері туралы келіп түскен деректерге сәйкес өлшеу актісі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша автоматты түрде электрондық түрде қалыптастырылады. Қажет болған жағдайда өлшеу нәтижелері принтерде басып шығарылады.
21. Өлшеу актісінде:
1) Автомобиль көлігі құралдарының салмақ габариттік параметрлерін өлшеу нөмірі, күні, уақыты, өлшеу станциясы операторының атауы;
2) өлшеу станциясының орналасқан жері (стационарлық/жылжымалы);
3) өлшеу құралдарының атауы, түрі және сериялық нөмірі, шығарылған жылы, тіркеу нөмірі;
4) автомобиль көлігі құралының (жеке автомобиль көлігі құралының, тартқыштың, тіркеменің, жартылай тіркеменің) маркасы, моделі және мемлекеттік тіркеу нөмірі;
5) автомобиль көлігі құралының түрі (жеке автомобиль көлік құралы немесе автопойыз);
6) автомобиль көлігі құралының (жалғыз автомобиль көлігі құралының, тартқыштың, тіркеменің (жартылай тіркеменің) иесі (атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, телефоны, көлік құралын тіркеу туралы куәліктің нөмірі) және автомобиль көлігі құралын иелену құқығын растайтын құжат туралы мәліметтер;
7) тасымалдаушының атауы (ЖСН немесе БСН);
8) көлік құралының жүргізушісі (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жүргізуші куәлігінің сериясы мен нөмірі);
9) жүктің атауы;
10) қозғалыс бағыты бойынша жүріп өткен қашықтықты көрсете отырып, қозғалыс бағыты мен бағыты.
4-тарау. Өлшеу станциялары операторларының тізіліміне енгізу тәртібі
22. Өлшеу станциялары операторларының тізілімін (бұдан әрі – тізілім) жүргізуді Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өлшеу станциясы операторларының ұсынылған мәліметтері негізінде жүзеге асырады.
23. Тiзiлiм автомобиль көлігі құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын өлшеу станциялары операторларының бiрыңғай тiзбесiн жүргізу мақсатында құрылады.
24. Тiзiлiм бiрыңғай, мерзiмдік нақтыланып отыратын өлшеу станциялары операторларының және олар туралы барлық қажеттi ақпараттық-анықтамалық сипаттағы мәлiметтердi қамтитын тiзбенi бiлдiредi.
25. Жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар тізілімге ену үшін уәкілетті органға ұсынады:
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштер;
2) жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәліктің көшірмесі және/немесе заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
3) стационарлық өлшеу станциясы үшін жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттың көшірмесі (немесе жылжымайтын мүлікті жалдау шартының көшірмесі);
4) нақты орналасқан жерінің мекенжайы, өлшеу станциясы операторының заңды мекенжайы;
5) құжаттардың түпнұсқаларын қоса бере отырып, стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығының немесе тасымалданатын мобильді таразылардың, электрондық өлшеу құралдарының (габариттік жақтау, рулетка, сызғыш, деңгей) паспорттары мен сертификаттарының көшірмелері (салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары қайтарылады);
Екі және одан да көп өлшеу станциясы және/немесе жылжымалы өлшеу пункті ашылған жағдайда өтініш әрбір өлшеу станциясына беріледі.
26. Тізілімде мынадай мәліметтер бар:
1) өлшеу станциялары операторының атауы;
2) мекенжайы (облыс, аудан, қала (кент, ауыл), көше, үй), байланыс телефондары, өлшеу станциялары операторының электрондық пошта мекенжайы;
3) стационарлық өлшеу станцияларының орналасқан жері;
4) стационарлық станциялардың және жылжымалы өлшеу пунктінің жұмыс режимі;
5) стационарлық станциялардың және жылжымалы өлшеу пункттерінің түрі, саны.
27. Уәкілетті орган тізілімді өзінің интернет-ресурсында орналастыруды жүзеге асырады: www.miid.gov.kz.
28. Уәкілетті орган тиісті ақпаратты алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде интернет-ресурста орналастырылған тізілімді жаңартуды жүзеге асырады.
29. Өлшеу станциялары операторларының тізілімінен шығаруға негіз болып табылады:
1) жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның өлшеу станциялары операторларының тізілімінен ерікті түрде шығару туралы өтініші;
2) жеке кәсіпкерлігін тоқтату немесе заңды тұлғаны тарату;
3) өлшеу станциялары операторларының тізіліміне енгізу кезінде жалған ақпарат беру;
4) ИКЖ және КДҚ ААЖ-не өлшеу нәтижелері туралы мәліметтерді жібермей автомобиль көлігі құралдарының салмақтық параметрлерін өлшеу;
5) ИКЖ және КДҚ ААЖ-не өлшеу нәтижелері туралы мәліметтерді ұсынбау;
6) метрологиялық тексеру мерзімі өткен стационарлық үлгідегі жүктеме өлшеу жабдығын немесе тасымалданатын мобильді таразыларды мен электрондық өлшеу құралдарын (габариттік жақтау, рулетка, сызғыш, деңгей) пайдалану;
7) өлшеу станциясы операторының орналасқан жерінің өзгергені туралы өзгеріс болғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде хабарламау;
8) осы Қағидалардың 4-тармағының 7) тармақшасына сәйкес өлшеу станциялары операторының қызметкері біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
9) станция операторының нақты өлшемей автомобиль көлігі құралдарының салмақтық параметрлерін өлшеу нәтижелерін беруі, өлшем нәтижелері туралы анық емес мәліметтерді ИКЖ және КДҚ ААЖ-ға беруі;
10) стационарлық үлгідегі жабдықты немесе жылжымалы таразыны, электрондық өлшеу құралдарын (габариттік жақтау, рулетка, сызғыш, деңгей) пайдаланбай автомобиль көлігі құралдарының салмақтық параметрлерін өлшеу;
11) станция операторының автомобиль көлігі құралдарының салмақтық-габариттік параметрлерін өлшеу жүргізілген күннен бастап он екі ай ішінде күнделікті жазу бейнефайлдарының мұрағаттық сақтауын қамтамасыз етпеуі;
12) ИКЖ және КДҚ ААЖ-ге автомобиль көлігі құралдарының салмақтық-габариттік параметрлерін өлшеу нәтижелері туралы анық емес және (немесе) толық емес мәліметтерді енгізу, сол сияқты енгізбеу;
13) өлшеу станциясы операторының өндірістік үй-жайы мен аумағының осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
Уәкілетті орган жоғарыда көрсетілген негіздер негізінде өлшеу станциясының операторын өлшеу станциясының операторлары туралы деректерді Мемлекеттік сатып алу порталына адал емес өнім берушілердің тізіліміне жібере отырып, өлшеу станциясы операторларының тізілімінен алып тастаған сәттен бастап бір жылға қызметке тыйым сала отырып, өлшеу станциясы операторларының тізілімінен алып тастайды.
Автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларына 1-қосымша |
Стационарлық өлшеу станциясының жабдығы мен мүлік тізбесі
1. Өндірістік үй-жай мен аумақ.
2. Салмақ параметрлерін өлшеу нәтижелерін ИКЖ және КДҚ ААЖ-не автоматты режимде беруге мүмкіндік беретін жабдықпен жарақтандырылған стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығы;
3. Электрондық өлшеу құралдары (габариттік жақтау, рулетка, сызғыш, деңгей);
4. Термометр (жазғы кезеңде бақылау үшін);
5. Ысқырық;
6. Байланыс құралы;
7. Аудио бейне жазу құралдары;
8. ИКЖ және КДҚ ААЖ-не автомобиль көлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеу нәтижелері туралы ақпарат пен мәліметтерді қалыптастыруға, сақтауға және автоматты түрде беруге арналған компьютерлік жабдығы бар бағдарламалық-аппараттық кешенмен жарақтандырылған бағдарлама;
9. Мамандарға арналған жұмыс орындары;
10. Ақпараттық стенд;
11. Өрт сөндіру және алғашқы медициналық көмек көрсету құралдары;
12. Сыртқы жарықтандыру.
Автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларына 2-қосымша |
Жылжымалы өлшеу пунктінің жабдығы мен мүлік тізбесі
1. Арнайы көлік;
2. Салмақ параметрлерін өлшеу нәтижелерін ИКЖ және КДҚ ААЖ-не автоматты режимде беруге мүмкіндік беретін жабдықпен жарақтандырылған стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығы;
3. Өлшеу құралдары (габариттік жақтау, рулетка, сызғыш, деңгей);
4. Термометр (жазғы кезеңде бақылау үшін);
5. Нақнұсқа;
6. Ысқырық;
7. Байланыс құралы;
8. Аудио бейне жазу құралдары;
9. Қызметкерлерге арналған жұмыс орындары;
10. ИКЖ және КДҚ ААЖ-не автомобиль көлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеу нәтижелері туралы ақпарат пен мәліметтерді қалыптастыруға, сақтауға және автоматты түрде беруге арналған компьютерлік жабдығы бар бағдарламалық-аппараттық кешенмен жарақтандырылған бағдарлама;
11. Сыртқы жарықтандыру;
12. Ақпараттық стенд;
13. Өрт сөндіру және алғашқы медициналық көмек көрсету құралдары;
14. Жол конустары;
15. Автокөлік құралындағы қызғылт сары немесе сары түсті жарқылдауық маяктардың жабдығы (оның базасында автокөлік құралдарын өлшейтін жылжымалы пункт орналасқан).
Автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Автокөлік құралының параметрлерін өлшеу актісі №_____ серия ______
"___" ___________ 20__ ж. сағ.__мин.__. | _______________________________ |
(Күні және уақыты) (Өлшеу орны) |
_______________________________________________________________________
өлшеу станциясының орналасқан жері (стационарлық/жылжымалы);
_______________________________________________________________________
(Өлшеу станциясы операторының аты-жөні мен атауы)
_______________________________________________________________________
атауы, өлшеу құрылғысының түрі мен сериялық номері, шығарылған жылы
_______________________________________________________________________
(көлік құралының жүргізушісі (аты, тегі, әкесінің аты (бар болса))
_______________________________________________________________________
тасымалдаушының атауы (ЖСН және БСН);
автокөлік құралының маркасы (тартқыш) ___________ мем.номер ______________
тіркеме/жартылай тіркеме___________ мем.номер ___________________________
_______________________________________________________________________ қозғалыс бағыты бойынша жүріп өткен қашықтықты көрсете отырып, қозғалыс бағыты мен бағыты, қашықтығы _________км.
Жүк атауы _______________________________ жүк салмағы__________________т.
Арнайы рұқсат (бар болса) ________________________________________________
Автомобиль көлік құралының иесі _________________________________________
Параметр | Рұқсат етілген | Нақты | Асқаны | |||||||
Жол бетінен есептелген биіктігі, м. | ||||||||||
Ені, м. | ||||||||||
Ұзындығы, м. | ||||||||||
Жүк автокөлік құралының артқы сыртқы нүктесiнен тысқары шықпауы тиіс | ||||||||||
Толық салмағ, т. | ||||||||||
Тіркеменің толық салмағы, т. | ||||||||||
АКҚ-ң доңғалақ формуласы | Ось | 1 осьі | 2 осьі | 3 осьі | 4 осьі | 5 осьі | 6 осьі | 7 осьі | 8 осьі | 9 осьі |
Рұқсат етілген | ||||||||||
Нақты | ||||||||||
% | ||||||||||
Еңістігі | ||||||||||
Біліктердің арақашықтығы, м. |
Акт толтырған (дар) ______________________________________________________
(аты-жөні) (қолы)
Акт көшірмесін алдым ____________________________________________________
(Жүргізуші аты-жөні (заңды тұлға өкілі, қолы)
Автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
Өтініш
_______________________________________________________________ (жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның атауы)
____________________________________________________________________ (өтініш иесінің БСН, ЖСН)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________ (автомобиль көлік құралының түрі, маркасы, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________ (жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның атауы мекенжайы (облыс, аудан, қала (кент, ауыл), көше, үй), байланыс телефондары, электронды пошта мекенжайы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________ (қызмет түрі)
"____" ________________ 20 ___ ж.