БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Бағалаушылар палаталарына қатысты бағалау қызметі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 54 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 5 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26590 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:";
көрсетілген бірлескен бұйрықтың 1 және 2-қосымшалары осы бірлескен бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі __________А. Куантыров |
Қазақстан РеспубликасыПремьер-Министрінің орынбасары -Қаржы министрі__________Е. Жамаубаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитеті
Бағалаушылар палаталарына қатысты бағалау қызметі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бағалаушылар палаталарына қатысты бағалау қызметі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттар (бұдан әрі – Өлшемшарттар) бағалау қызметін жүзеге асыратын бақылау субъектілерін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабына және 143-бабына, "Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту және "Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) және "Тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;
2) бақылау субъектісі – мүшелерінің бағалау қызметінің сапасын бақылауды жүзеге асыру, бағалаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында құрылған кәсіби қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым;
3) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;
4) елеулі бұзушылық – жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің елеулі бұзушылықтарына әкеп соғатын Заңда, осы Заңды іске асыру мақсатында қабылданған бағалау қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды бұзу;
5) елеусіз бұзушылық – Заңда, осы Заңды іске асыру мақсатында қабылданған бағалау қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды бұзу;
6) өрескел бұзушылық – "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының кодексінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатын, Заңда, осы Заңды іске асыру мақсатында қабылданған бағалау қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды бұзу, сондай-ақ міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның құру шарттарын бұзу;
7) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;
8) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау субъектісін бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату процесі;
9) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – бағалау саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
10) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
11) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, бақылау субъектілерін тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы.
2-тарау. Объективті өлшемшарттар
3. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің жоғары дәрежесіндегі бақылау субъектілеріне бағалау қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар жатады.
4. Объективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілерінің қызмет салалары үшін бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
3-тарау. Субъективті өлшемшарттар
5. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай:
1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;
2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады..
6. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау Заңды, осы Заңды іске асыру мақсатында қабылданған бағалау қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін бұзатын бақылау субъектілерін анықтау үшін қажет.
Ақпаратты жинау және өңдеу процестері толық автоматтандырылады және алынған деректердің дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді.
Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
1) бақылау субъектісі ұсынатын есептіліктер мен мәліметтерге мемлекеттік орган жүргізетін мониторинг нәтижелері;
2) бұрынғы тексерулер мен бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері.
7. Қолда бар ақпарат көздері негізінде реттеуші мемлекеттік орган бағалауға жататын субъективті өлшемшарттарды қалыптастырады.
8. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзушылықтың біржолғы немесе жүйелі сипатына, әрбір ақпарат көзі бойынша бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес бұзушылық дәрежесіне – өрескел, елеулі және елеусіз дәрежелерге сәйкес келетін субъективті өлшемшарттар айқындалады.
Бақылау субъектілері қызметінің тәуекел дәрежесін бағалауға қойылатын талаптарды бұзушылық дәрежесі (өрескел, елеулі, елеусіз) осы Өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес субъективті өлшемшарттар бойынша өрескел, елеулі, елеусіз бұзушылықтардың белгіленген анықтамаларына сәйкес беріледі.
Талдау және бағалау кезінде бұрын есепке алынған және нақты бақылау субъектісіне қатысты пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.
Жүргізілген алдыңғы бару арқылы профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты кезекті мемлекеттік бақылау кезеңіне тізімдерді қалыптастыру кезінде оларды енгізуге жол берілмейді.
Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган субъективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілерін мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызады:
1) жоғары тәуекел;
2) орташа тәуекел;
3) төмен тәуекел.
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері 71-ден 100-ге дейін қоса болса, бақылау субъектісі (объектісі) тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатады.
9. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын негізге ала отырып, реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес Өлшемшарттардың 5-тарауына сәйкес субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.
Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдылығы және субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің маңыздылығы осы Өлшемшарттарға 2-қосымшаға сәйкес бағалау қызметі саласындағы субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті өлшемшарттар тізбесі бойынша белгіленеді.
4-тарау. Тәуекелдерді басқару
10. Адал бақылау субъектілерін көтермелеу және бұзушыларға бақылауды шоғырландыру қағидатын іске асыру мақсатында бақылау субъектілері реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттарымен айқындалатын кезеңге бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізуден босатылады.
11. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату, егер мұндай негіздер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделсе, реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалаудың өлшемшарттарына сәйкес қолданылатын тәуекелдерді бағалау мен талдаудың, аудиттің, сараптамалардың баламалы (тәуелсіз) жүйелері негізінде мүмкін болады.
5-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін есептеу тәртібі
12. Мемлекеттік орган Өлшемшарттардың 6-тармағына сәйкес көздерден субъективті өлшемшарттар бойынша ақпарат жинайды және деректер базасын қалыптастырады.
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу алдыңғы тексерулер мен бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (SP) және 9-тармаққа сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (SC) қосу жолымен, кейіннен деректер мәндерін 0-ден 100 баллға дейінгі диапозонға қалыпқа келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.
Rарал = SP + SC , мұнда
Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,
SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,
SC – 9-тармаққа сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.
Есеп мемлекеттік бақылаудың әрбір саласының бақылау субъектілерінің біртекті тобының әрбір бақылау субъектісі бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылаудың бір саласының бақылау субъектілерінің біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын бақылау субъектілерінің тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.
13. Алдыңғы тексерулер мен бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша 0-ден 100-ге дейінгі баллмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.
Өлшемшарттардың 6-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне 100 балл тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші елеулі және елеусіз дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.
Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады.
Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7, мұнда
SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.
Елеусіз бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады.
Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3, мұнда
SРн – елеусіз бұзушылықтардың көрсеткіші;
SР1 – елеусіз бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған елеусіз бұзушылықтардың саны.
Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және елеусіз бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:
SР = SРз + SРн, мұнда
SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;
SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SРн – елеусіз бұзушылықтардың көрсеткіші.
Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.
Бағалаушылар палаталарына қатысты бағалау қызметі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1-қосымша |
Бақылау субъектілері қызметінің тәуекел дәрежесін бағалауға қойылатын талаптарды бұзу дәрежесі
№ | Талаптар | Бұзушылық дәрежесі |
1. | Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасында белгіленген нысан бойынша қаржылық есептілік депозитарийінің ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейін бағалаушылар палатасының қызметі және өз мүшелерінің қызметі туралы дәйекті ақпаратты ұсыну | Өрескел |
2. | Ипотекалық шарт жасасу кезінде, сондай-ақ кепілге қойылған мүлікті сату кезінде қамтамасыз ету болып табылатын мүлікті бағалау туралы есептердің көшірмесін "PDF (Portabe Dokument Format)" электрондық форматында қаржылық есептілік депозитарийінің ақпараттық жүйесінде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейін орналастыру | Өрескел |
3. | Бағалаушылар палатасының құрамында кемінде үш жүз бағалаушының болуы | Елеулі |
4. | Бағалаушының тек бір бағалаушылар палатасына мүшелігі жөніндегі талаптарды сақтау | Елеулі |
5. | Бағалаушылар палатасының мүдделер қақтығысының алдын алу немесе реттеу жөнінде шаралар белгілеуі | Елеулі |
6. | Бағалаушылар палатасы мүшелерінің жалпы жиналысы бекіткен бағалаушылар палатасына мүшелігі туралы ереженің болуы | Елеулі |
7. | Бағалаушылар палатасының мамандандырылған органдарының, олар туралы ережелердің және олардың қызметті жүзеге асыру қағидаларының болуы | Елеусіз |
8. | Бағалаушылар палатасының жарғысында белгіленген тәртіппен және мерзімде бағалаушылар палатасында алқалық және атқарушы органдардың, бақылау органының (тексеру комиссиясының) және мамандандырылған органдардың бағалаушылар палатасы мүшелерінің жалпы жиналысымен бекітілген есептерінің болуы | Елеусіз |
9. | Бағалаушылардың іскерлік және кәсіби әдеп кодексінің болуы | Елеулі |
10. | Бағалаушылар палатасының жалпы жиналысымен бекітілген Бағалаушылар палатасының Сараптамалық кеңесінің қызметі туралы ереженің болуы | Елеусіз |
11. | Бағалаушылар палатасы Cараптамалық кеңесінің құрамында кемінде бес сарапшының болуы | Елеулі |
12. | Бағалаушылар палатасы Сараптамалық кеңесінің мүшелерін сайлау мерзімдерін сақтау | Елеусіз |
13. | Бағалаушылар палатасы Сараптамалық кеңесінің төрағасы лауазымында сарапшының болу мерзімі туралы талапты сақтау | Елеусіз |
14. | Бағалау туралы есепке сараптама жүргізу мерзімдерін сақтау | Елеулі |
15. |
Бағалаушылар палатасына кіру үшін жеке тұлға беретін құжаттардың мынадай тізімге сәйкестігі: | Елеулі |
16. | Бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлға туралы ақпараттың, сондай-ақ еңбек шартын жасасқан және (немесе) өзгерістің туындауы күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде бағалаушы ұсынатын осы ақпараттың кез келген өзгерісі туралы мәліметтердің болуы | Елеусіз |
17. | Бағалаушы тоқсан сайын ұсынатын есеп жасалған күнді және оның реттік нөмірін, бағалау объектісін, айқындалған құнның түрін көрсете отырып, көрсетілген кезеңде қол қойылған бағалау туралы есептер жөніндегі ақпараттардың болуы | Елеусіз |
18. | Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағалаушылар палатасы әзірлеген бағалаушыларға, сарапшыларға біліктілік емтихандарын өткізуге арналғанн тест тапсырмаларының болуы | Елеулі |
19. | "Бағалаушы", "сарапшы" біліктілігін беру туралы куәліктерді беру қағидаларының болуы | Елеулі |
20. |
Бағалаушыларға кандидаттарды оқыту, кәсіптік қайта даярлау бағдарламасының болуы және мынадай сағат көлемінде пәндерді қамтитын үлгілік бағдарламаға сәйкестігі: | Елеулі |
21. | Бағалаушылар палатасы бекіткен бағалаушылар мен сарапшылардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан өткені туралы сертификаттарды беру қағидаларының болуы | Елеусіз |
22. | Біліктілік комиссиясы отырысының өткізілгендігі жөнінде хаттаманың болуы | Елеусіз |
23. | Бағалаушылар палатасы мүшелеріне қатысты тексерулерді ұйымдастыру, жүргізу және өтініштерді қарау тәртібінің болуы | Елеулі |
24. | Бағалаушылар палатасында интернет-ресурстың болуы | Елеулі |
25. | Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органға берілетін өз қызметі және өз мүшелерінің қызметі туралы тоқсан сайынғы ақпаратты бағалаушылар палатасының интернет-ресурсында уақтылы орналастыруы | Елеулі |
26. | Ақшаның түсуі және жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті бағалаушылар палатасының интернет-ресурсында орналастыру | Елеусіз |
27. | Бағалаушылар палатасының интернет-ресурсында "бағалаушы", "сарапшы" біліктілігін беру туралы шешімді орналастыру | Елеулі |
28. | Бағалаушылар палатасының интернет-ресурсында бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сараптамалық кеңес мүшелерінің тізілімдерін жүргізу және орналастыру, сондай-ақ мәліметтерге уақтылы өзгерістер (толықтырулар) енгізу. | Елеулі |
29. | Сараптама кеңесі мүшелерінің тізіліміне "сарапшы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтату туралы күні мен уақыты көрсетілген ақпаратты уақтылы енгізу | Елеулі |
Бағалаушылар палаталарына қатысты бағалау қызметі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 2-қосымша |
Бағалау қызметі саласындағы субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі
_________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің
_________________________________________________________________
138-бабына сәйкес
_____________________________________бағалаушылар палатасына қатысты
Субъективті өлшемшарт көрсеткіші | Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі | Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (барлығы 100 балдан аспайды), wi |
Шарттар/ |
1-шарт /мәні | |||
1 | 2 | 3 | 4 |
Қазақстан Республикасы | Бақылау субъектілері ұсынған есептілік пен мәліметтерге мемлекеттік орган жүргізетін мониторинг нәтижелері | 100 | 1 факт |
100% |
мұнда:
xi – есепке алу шарты және субъективті өлшемшарт көрсеткішінің сандық мәні,
wi– xi субъективті өлшемшарт көрсеткішінің үлес салмағы.
Бағалаушылар палатасына қатысты бағалау қызметі саласындағы тексеру парағы
______________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 сәйкес
_____________________________________________________________________
бағалаушылар
палатасына ____________________________________________________қатысты
бақылау субъектілерінің біртекті тобының атауы
_____________________________________________________________________
тексеру тағайындаған мемлекеттік орган
_____________________________________________________________________
бақылау субъектісіне бару арқылы тексеру/ профилактикалық бақылау тағайындау туралы акт
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
күні мен №
Бақылау субъектісінің атауы_____________________________________________
____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы _________________________________________
_____________________________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1. | Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасында белгіленген нысан бойынша қаржылық есептілік депозитарийінің ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейін бағалаушылар палатасының қызметі және өз мүшелерінің қызметі туралы дәйекті ақпаратты ұсыну | ||
2. | Ипотекалық шарт жасасу кезінде, сондай-ақ кепілге қойылған мүлікті сату кезінде қамтамасыз ету болып табылатын мүлікті бағалау туралы есептердің көшірмесін "PDF (Portabe Dokument Format)" электрондық форматында қаржылық есептілік депозитарийінің ақпараттық жүйесінде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейін орналастыру | ||
3. | Бағалаушылар палатасының құрамында кемінде үш жүз бағалаушының болуы | ||
4. | Бағалаушының тек бір бағалаушылар палатасына мүшелігі жөніндегі талаптарды сақтау | ||
5. | Бағалаушылар палатасының мүдделер қақтығысының алдын алу немесе реттеу жөнінде шаралар белгілеуі | ||
6. | Бағалаушылар палатасы мүшелерінің жалпы жиналысы бекіткен бағалаушылар палатасына мүшелігі туралы ереженің болуы | ||
7. | Бағалаушылар палатасының мамандандырылған органдарының, олар туралы ережелердің және олардың қызметті жүзеге асыру қағидаларының болуы | ||
8. | Бағалаушылар палатасының жарғысында белгіленген тәртіппен және мерзімде бағалаушылар палатасында алқалық және атқарушы органдардың, бақылау органының (тексеру комиссиясының) және мамандандырылған органдардың бағалаушылар палатасы мүшелерінің жалпы жиналысымен бекітілген есептерінің болуы | ||
9. | Бағалаушылардың іскерлік және кәсіби әдеп кодексінің болуы | ||
10. | Бағалаушылар палатасының жалпы жиналысымен бекітілген Бағалаушылар палатасының Сараптамалық кеңесінің қызметі туралы ереженің болуы | ||
11. | Бағалаушылар палатасы Cараптамалық кеңесінің құрамында кемінде бес сарапшының болуы | ||
12. | Бағалаушылар палатасы Сараптамалық кеңесінің мүшелерін сайлау мерзімдерін сақтау | ||
13. | Бағалаушылар палатасы Сараптамалық кеңесінің төрағасы лауазымында сарапшының болу мерзімі туралы талапты сақтау | ||
14. | Бағалау туралы есепке сараптама жүргізу мерзімдерін сақтау | ||
15. |
Бағалаушылар палатасына кіру үшін жеке тұлға беретін құжаттардың мынадай тізімге сәйкестігі: | ||
16. | Бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлға туралы ақпараттың, сондай-ақ еңбек шартын жасасқан және (немесе) өзгерістің туындауы күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде бағалаушы ұсынатын осы ақпараттың кез келген өзгерісі туралы мәліметтердің болуы | ||
17. | Бағалаушы тоқсан сайын ұсынатын есеп жасалған күнді және оның реттік нөмірін, бағалау объектісін, айқындалған құнның түрін көрсете отырып, көрсетілген кезеңде қол қойылған бағалау туралы есептер жөніндегі ақпараттардың болуы | ||
18. | Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағалаушылар палатасы әзірлеген бағалаушыларға, сарапшыларға біліктілік емтихандарын өткізуге арналғанн тест тапсырмаларының болуы | ||
19. | "Бағалаушы", "сарапшы" біліктілігін беру туралы куәліктерді беру қағидаларының болуы | ||
20. |
Бағалаушыларға кандидаттарды оқыту, кәсіптік қайта даярлау бағдарламасының болуы және мынадай сағат көлемінде пәндерді қамтитын үлгілік бағдарламаға сәйкестігі: | ||
21. | Бағалаушылар палатасы бекіткен бағалаушылар мен сарапшылардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан өткені туралы сертификаттарды беру қағидаларының болуы | ||
22. | Біліктілік комиссиясы отырысының өткізілгендігі жөнінде хаттаманың болуы | ||
23. | Бағалаушылар палатасы мүшелеріне қатысты тексерулерді ұйымдастыру, жүргізу және өтініштерді қарау тәртібінің болуы | ||
24. | Бағалаушылар палатасында интернет-ресурстың болуы | ||
25. | Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органға берілетін өз қызметі және өз мүшелерінің қызметі туралы тоқсан сайынғы ақпаратты бағалаушылар палатасының интернет-ресурсында уақтылы орналастыруы | ||
26. | Ақшаның түсуі және жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті бағалаушылар палатасының интернет-ресурсында орналастыру | ||
27. | Бағалаушылар палатасының интернет-ресурсында "бағалаушы", "сарапшы" біліктілігін беру туралы шешімді орналастыру | ||
28. | Бағалаушылар палатасының интернет-ресурсында бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сараптамалық кеңес мүшелерінің тізілімдерін жүргізу және орналастыру, сондай-ақ мәліметтерге уақтылы өзгерістер (толықтырулар) енгізу | ||
29. | Сараптама кеңесі мүшелерінің тізіліміне "сарапшы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтату туралы күні мен уақыты көрсетілген ақпаратты уақтылы енгізу |
Лауазымды тұлға(лар)
_____________________________________________________________________
лауазымы қолы
_____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы _________________________________________
лауазымы қолы
____________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)