"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабы 1-тармағының 13-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу тәртібі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату тәртібі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
Д. Қыдырәлі |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жоғарғы аудиторлық палатасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі 2023 жылғы 23 маусымдағы № 258-НҚ бұйрығына 1-қосымша |
Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу тәртібі
1-тарау. Көшірме жасауға немесе басып шығаруға нақты шығындардың мөлшері
1. Сұрау салынатын құжаттардың және (немесе) материалдардың көшірмелерін жасауға жұмсалатын шығындарды ақпарат пайдаланушы мынадай мөлшерде төлейді:
сұрау салынатын ақпарат А4 пішімінде ұсынылған жағдайда – сұрау салынатын ақпараттың әрбір парағы үшін айлық есептік көрсеткіштің 0,1 %-ы;
сұрау салынатын ақпарат А3 пішімінде ұсынылған жағдайда – сұрау салынатын ақпараттың әрбір парағы үшін айлық есептік көрсеткіштің 0,2 %-ы;
сұрау салынатын ақпарат А2 немесе А1 пішімдерінде ұсынылған жағдайда – сұрау салынатын ақпараттың әрбір парағы үшін айлық есептік көрсеткіштің 2 %-ы;
сұрау салынатын ақпарат А0 пішімінен асатын пішімде ұсынылған жағдайда – сұрау салынатын ақпараттың әрбір парағы үшін айлық есептік көрсеткіштің 5 %-ы.
Көшірме жасауға немесе басып шығаруға нақты шығындардың мөлшерімен белгіленген талаптар "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін құқықтық қатынастарға қолданылмайды.
2-тарау. Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындарды төлеу тәртібі
2. Ақпарат иеленуші меншік нысанына қарамастан, сұрау салынатын ақпаратты осы бұйрықтың талаптарын ескере отырып, өзінде бар құжаттар және (немесе) материалдар көлемінде және пішімінде ұсынады.
3. Ақпарат иеленуші Көшірме жасауға немесе басып шығаруға нақты шығындардың мөлшеріне сәйкес нақты шығындардың құнын есептейді және ақпарат пайдаланушыға белгіленген тәртіппен алынған сұраудың тіркелген күнінен бастап 7 жұмыс күн ішінде шот ұсынады.
Бұл ретте ақпарат иеленуші:
1) сұрау салынатын құжаттың және (немесе) материалдың көлемі мен пішімін;
2) сұрау салынатын құжаттардың және (немесе) материалдардың көшірмелерін жасауға жұмсалған шығыстар мөлшерін;
3) сұрау салынатын ақпаратты ұсыну үшін төлемді аударуға төлем құжатын толтыру үшін қажетті ақпаратты;
4) сұрау салынатын ақпаратты ұсыну үшін ақпарат пайдаланушының төлемді енгізуінің он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімін көрсетеді.
4. Ақпарат иеленуші мемлекеттік орган немесе мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеме болған жағдайда, ақпарат пайдаланушы ақпаратты ұсыну үшін төлемді Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындарды төлеу тәртібінің (бұдан әрі – Тәртіп) 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бюджетке аударуды жүзеге асырады.
5. Ақпарат иеленуші квазимемлекеттік сектор субъектісі, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушы болып табылса, сондай-ақ егер ақпарат заңды тұлғалардан, оларға мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалануға, олардың иелігіндегі экологиялық ақпаратқа, төтенше жағдайлар туралы, табиғи және техногендік апаттар, олардың болжамдары мен салдары, өрт қауіпсіздігінің жай-күйі, санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық ахуал, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы ақпаратқа және азаматтардың елді мекендермен өндіріс объектілерінің амандығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кері әсері бар басқа да факторларға, сондай-ақ мемлекеттік монополия субъектілерімен өндіретін (өткізетін), тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына қатысты бөлікте сұратылған жағдайда ақпарат пайдаланушы осы Тәртіптің 2-тармағына сәйкес ақпарат иеленушінің шотына ақпарат бергені үшін төлемді аударуды жүзеге асырады.
6. Ақылы негізде берілетін ақпарат осы Тәртіптің 3 талаптарына сәйкес көрсетілген ақпараттың ұсынылғаны үшін ақпарат пайдаланушы төлем жүргізгеннен кейін және ақпарат иеленушіге төленгенін растайтын төлем құжаты ұсынғаннан кейін жолданады (беріледі).
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі 2023 жылғы 23 маусымдағы № 258-НҚ бұйрығына 2-қосымша |
Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға және басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату тәртібі
1. Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындарды төлеуден мынадай әлеуметтік осал топтарға жататын ақпарат пайдаланушылар босатылады:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері және Ұлы Отан соғысы кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі бар адамдар;
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және Ұлы Отан соғысы кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдар;
3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
5) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін аурулар тізімінде көрсетілген кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;
7) жасы бойынша зейнеткерлер;
8) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, кәмелеттік жасқа дейін ата-анасынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған балалар (мұндай адамдар әскери қызметке шақыру кезінде жасы жедел әскери қызметті өткеру мерзіміне ұзартылады);
9) қандастар;
10) экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
11) көп балалы отбасылар;
12) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқару, әскери қызметте, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру, адам өмірін құтқару, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза болған (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
13) толық емес отбасылар.
2. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату тәртібінің 1-тармақта көрсетілген ақпарат пайдаланушылар ақпарат иеленушіге тиісті мәртебесін растайтын құжаттарды ұсынған кезде төлемнен босатылады.
3. Тиісті мәртебені растайтын құжаттарды ұсыну мерзімі белгіленген тәртіппен алынған сұрау салу тіркелген күннен бастап 7 жұмыс күнінен аспауы қажет.