Отбасының (адамның) әлеуметтік саламаттылығын айқындау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 267 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 маусымда № 32923 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 24-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Қоса беріліп отырған:

      1. Отбасының (адамның) әлеуметтік саламаттылығын айқындау әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрі
Т. Дуйсенова

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 29 маусымдағы
№ 267 бұйрығына
қосымша

Отбасының (адамның) әлеуметтік саламаттылығын айқындау әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Отбасының (адамның) әлеуметтік саламаттылығын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 24-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Отбасының цифрлық картасы арқылы отбасыларды (адамдарды) олардың әлеуметтік саламаттылығының деңгейі бойынша қалыптастыру және сегменттеу үшін қолданылады.

      Отбасының цифрлық картасының мәліметтері Әлеуметтік кодексіне және (немесе) қолданыстағы заңнамасына сәйкес әлеуметтік қорғау шараларына әлеуетті мұқтаж адамдарды (отбасыларды) айқындау, оның ішінде мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың проактивті мемлекеттік қызметтер көрсетуі үшін негіз болып табылады.

      2. Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) динамикалық байқау – пациенттің денсаулық жағдайын жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқау нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;

      2) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

      3) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының жиынтық кірісінің айына отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

      4) жеке қосалқы шаруашылық – ауылдық жерде және қала маңындағы аймақта орналасқан жер учаскесінде өз қажеттерін қанағаттандыруға арналған қызмет түрі;

      5) жер учаскесі – Қазақстан Республикасның Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер аумағы;

      6) жұмыссыз – жұмыс іздеуші және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;

      7) кедейлік шегі – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін айқындау үшін өлшемшарт ретінде белгіленетін, бір адамға шаққандағы ақшалай кірістің шекті ең төмен шамасы;

      8) мүгедектігі бар адам – тыныс-тіршілігінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне алып келетін, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, бұзылуларына байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам;

      9) тұрғынжай – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме, модульдік (мобильді) тұрғын үй);

2-тарау. Отбасының (адамның) әлеуметтік саламаттылығының деңгейін айқындау

      3. Отбасының (адамның) әлеуметтік саламаттылығының деңгейі барлық бағыттар бойынша көрсеткіштер балдарының сомасынан айқындалады және мынадай формула бойынша есептеледі:

      Әсд = ∑(Ккк) + ∑(Мк) + ∑(Жк) +∑(Әқк) +∑(Дск) +∑(Бк) +∑(Тк) +∑(Ашк)

      мұндағы:

      Әсд – отбасының (адамның) әлеуметтік саламаттылығының деңгейі;

      Ккк – "Кірістер және кредиттік міндеттемелер" көрсеткіші;

      Мк – "Жылжымалы мүлік" көрсеткіші;

      Жк – "Адамдарды жұмыспен қамту" көрсеткіші;

      Әқк – "Әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтермен қамтамасыз ету" көрсеткіші;

      Дск – "Денсаулық сақтау саласындағы қызметтермен қамтамасыз ету" көрсеткіші;

      Бк – "Білім беру саласындағы қамтамасыз ету" көрсеткіші;

      Тк – "Тұрғын үй жағдайлары және инфрақұрылым" көрсеткіші;

      Ашк – "Ауыл шаруашылығы саласындағы қамтамасыз ету" көрсеткіші.

3-тарау. Отбасының әлеуметтік саламаттылығының деңгейін айқындау үшін көрсеткіштерді есептеу

      4. Әрбір бағыт бойынша отбасының әлеуметтік саламаттылығының деңгейін айқындау үшін көрсеткіштерді есептеу көрсеткіштерге сәйкес келетін өлшемшарттардың балдарын жинақтау жолымен жүргізіледі.

      5. "Кірістер және кредиттік міндеттемелер" көрсеткіші:

      1) "Жан басына шаққандағы орташа кіріс деңгейі" өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді:

      кірістің болмауы – 0 балл;

      жан басына шаққандағы орташа кіріс деңгейі 0-ден жоғары, бірақ кедейлік шегінен төмен – 40 балл;

      жан басына шаққандағы орташа кіріс деңгейі кедейлік шегінен жоғары, бірақ 1 (бір) ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен – 100 балл;

      жан басына шаққандағы орташа кіріс деңгейі 1-ден 2-ге дейін ең төмен күнкөріс деңгейі – 170 ұпай;

      жан басына шаққандағы орташа кіріс деңгейі 2-ден 3-ке дейін ең төмен күнкөріс деңгейі – 280 балл;

      жан басына шаққандағы орташа кіріс деңгейі 3-тен 4-ке дейін ең төмен күнкөріс деңгейі – 400 балл;

      жан басына шаққандағы орташа кіріс деңгейі ең төмен күнкөріс деңгейінен 4 және одан жоғары – 620 балл.

      2) "Ағымдағы кредиттік міндеттемелердің болуы/болмауы" өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді:

      кредиттік міндеттемелердің болмауы – 0 балл;

      кредиттік міндеттемелердің болуы – минус 50 балл.

      3) "Кредиттік міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешектің болуы/болмауы" өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді:

      кредиттік міндеттемелер бойынша 90 күннен артық және 1000 теңгеден жоғары берешектің болмауы – 0 балл;

      кәмелетке толған бір отбасы мүшесінде (адамда) кредиттік міндеттемелер бойынша мерзімі өткен 90 күннен артық және 1000 теңгеден астам берешектің болуы – минус 250 балл;

      кәмелетке толған барлық отбасы мүшелерінде 90 күннен артық және 1000 теңгеден астам кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің болуы – минус 500 балл.

      6. "Жылжымалы мүлік" көрсеткіші:

      1) "Жылжымалы мүліктің болуы/болмауы" өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді:

      отбасының меншігінде жеңіл автомобильдің болмауы – минус 50 балл;

      бір жеңіл автомобильдің болуы – 0 балл;

      екі жеңіл автомобильдің болуы – 50 балл;

      үш немесе одан да көп жеңіл автомобильдердің болуы – 100 балл.

      2) "Коммерциялық көліктің болуы/болмауы (автобус, жүк автокөлігі, шағын автобустар, арнайы автокөліктер)" өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді:

      коммерциялық автокөліктің болмауы – 0 балл;

      коммерциялық автокөліктің болуы (автобус, жүк автокөлігі, шағын автобустар, арнайы автокөліктер) – 80 балл.

      3) "Ауыл шаруашылығы техникасының болуы/болмауы" өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді:

      ауыл шаруашылығы техникасының болмауы – 0 балл;

      ауыл шаруашылығы техникасының бір түрінің болуы – 100 балл;

      ауыл шаруашылығы техникасының екіден астам түрінің болуы – 200

      балл.

      7. "Адамдардың жұмыспен қамтылуы" көрсеткіші:

      1) "Жұмыссыз адамдардың болуы/болмауы" өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді:

      еңбекке қабілетті адамның болмауы – минус 100 балл;

      еңбекке қабілетті жұмыс істемейтін адамдардың болуы – 0 балл.

      2) "Жұмыс істейтін адамдардың болуы" өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді:

      бір жұмыс істейтін адамның болуы – 150 балл;

      2 және одан да көп жұмыс істейтін адамдардың болуы – 300 балл.

      3) "Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамның тіркелуі/ тіркелмеуі" өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді:

      кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлға ретінде тіркелген тұлғаның болмауы – 0 балл;

      жеке кәсіпкер ретінде тіркелген тұлғаның болуы – 50 балл;

      жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің, акционерлік қоғамның құрылтайшысы ретінде тіркелген тұлғаның (тұлғалардың) болуы – 100 балл;

      жеке кәсіпкер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшысы, акционерлік қоғам ретінде бір мезгілде тіркелген тұлғаның (тұлғалардың) болуы – 150 балл.

      8. "Әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтермен қамтамасыз ету" көрсеткіші:

      1) "18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалардың және 23 жасқа дейінгі жастар қатарындағы оқушылардың болуы/болмауы" өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді:

      кәмелетке толмаған балалар мен 23 жасқа дейінгі жастар қатарындағы оқушылардың болмауы – 0 балл;

      кәмелетке толмаған баланың немесе 23 жасқа дейінгі жастар қатарындағы бір оқушының болуы – минус 50 балл;

      кәмелетке толмаған баланың және/немесе 23 жасқа дейінгі жастар қатарындағы екі оқушының болуы – минус 100 балл;

      кәмелетке толмаған баланың және/немесе 23 жасқа дейінгі жастар қатарындағы үш оқушының болуы – минус 150 балл;

      кәмелетке толмаған балалардың және/немесе 23 жасқа дейінгі жастар қатарындағы төрт және одан да көп оқушының болуы – минус 200 балл.

      2) "18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдардың болуы/болмауы" өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді:

      мүгедектігі бар адамның болмауы – 0 балл;

      1 және/немесе 2-топтағы мүгедектігі бар адамдардың болуы – минус 250 балл;

      3-топтағы мүгедектігі бар адамның болуы – минус 100 балл.

      3) "Бала кезінен мүгедектігі бар адамдардың немесе мүгедектігі бар баланың болуы/болмауы" өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді:

      бала кезінен мүгедектігі бар адамның немесе мүгедектігі бар баланың болмауы – 0 балл;

      бала кезінен мүгедектігі бар адамдардың немесе мүгедектігі бар баланың болуы – минус 150 балл.

      9. "Денсаулық сақтау саласындағы қызметтермен қамтамасыз ету" көрсеткіші:

      1) "Медициналық мекемеге тіркелудің болуы/болмауы" өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді:

      медициналық мекемеге тіркелген отбасы мүшелерінің болуы – 0 балл;

      медициналық мекемеге бекітілмеген отбасы мүшелерінің болуы – минус 20 балл.

      2) "Отбасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысушылардың болуы/болмауы" өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді:

      міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылардың болуы – 0 балл;

      міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылардың болмауы – минус 20 балл.

      3) "Динамикалық байқауға жататын созылмалы ауруы бар адамның болуы/болмауы" өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді:

      динамикалық бақылауға жататын созылмалы ауруы бар адамның болмауы – 0 балл;

      динамикалық бақылауға жататын созылмалы ауруы бар адамның болуы – минус 80 балл.

      4) "Диспансерлік есепте тұрған адамның болуы/болмауы" өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді:

      диспансерлік есепте тұрған адамның болмауы – 0 балл;

      диспансерлік есепте тұрған адамның болуы – минус 50 балл.

      10. "Білім беру саласындағы қызметтермен қамтамасыз ету" көрсеткіші:

      1) "Балалардың болуы/болмауы және оларды мектепке дейінгі мекемеге бекіту" өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді:

      мектеп жасына дейінгі балалардың болмауы – 0 балл;

      мектепке дейінгі мекемеге тіркелген балалардың болуы – 0 балл;

      мектепке дейінгі мекемеге тіркелмеген балалардың болуы – минус 50 балл.

      2) "Орта білім беру ұйымына тіркелген балалардың болуы/болмауы" өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді:

      мектеп жасындағы балалардың болмауы – 0 балл;

      мектеп мекемесіне тіркелген балалардың болуы – 0 балл;

      мектеп мекемесіне тіркелмеген балалардың болуы – минус 100 балл.

      11. "Тұрғын үй жағдайлары және инфрақұрылым" көрсеткіші:

      1) "Отбасының (адамның) тұрғын үймен қамтамасыз етілуі" өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді:

      тұрғын үйдің болмауы – минус 200 балл;

      отбасының бір мүшесіне кем дегенде 18 шаршы метр бір тұрғын үй бірлігінің болуы – минус 80 балл;

      отбасының бір мүшесіне 18 шаршы метрден астам бір тұрғын үй бірлігінің болуы – 0 балл;

      екі-үш тұрғын үйдің болуы – 100 балл;

      үш-алты тұрғын үйдің болуы – 400 балл;

      алты-он бір тұрғын үйдің болуы – 1000 балл;

      он бір бірліктен астам тұрғын үйдің болуы – 2 000 балл.

      2) "Коммерциялық жылжымайтын мүліктің болуы/болмауы" өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді:

      коммерциялық жылжымайтын мүліктің болмауы – 0 балл;

      коммерциялық жылжымайтын мүліктің болуы – 100 балл.

      3) "Елді мекеннің мәртебесі" өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді:

      астана, республикалық маңызы бар қала санатына жататын елді мекенде тіркелу – 70 балл;

      облыстық маңызы бар қала санатына жататын елді мекенде тұрғылықты жері бойынша тіркелу – 0 балл;

      ауданның, аудандық маңызы бар қаланың санатына жататын елді мекенде тұрғылықты жері бойынша тіркелу – минус 30 балл;

      ауылдық округ санатына жататын елді мекенде тұрғылықты жері бойынша тіркелу – минус 50 балл;

      ауылдық елді мекен санатына жататын елді мекенде тұрғылықты жері бойынша тіркелу – минус 70 балл;

      тіркелмеу – минус 100 балл.

      12. "Ауыл шаруашылығы саласындағы қамтамасыз ету" көрсеткіші:

      1) "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы/болмауы" өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді:

      жеке қосалқы шаруашылықтың болмауы – 0 балл;

      жеке қосалқы шаруашылықтың болуы 500 мың теңгеге дейін – 50 балл;

      жеке қосалқы шаруашылықтың болуы 500 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін – 150 балл;

      жеке қосалқы шаруашылықтың болуы 1 миллион теңгеден 2 миллион теңгеге дейін – 350 балл;

      жеке қосалқы шаруашылықтың болуы 2 миллион теңгеден астам – 600 балл.

      2) "Жер учаскесінің болуы/болмауы" өлшемшарттары бойынша балдар былай бөлінді:

      жер учаскесінің болмауы – 0 балл;

      жер учаскесінің болуы – 150 балл.

4-тарау. Отбасыларды әлеуметтік саламаттылығының деңгейлері (санатар) бойынша бөлу

      13. A, B, C, D, E әлеуметтік саламаттылық деңгейлерін (санаттарын) саралау:

      "А" жақсы деңгейіне 1 800 және одан жоғары балл жинаған отбасы (адамдар) жатады;

      "В" қанағаттанарлық деңгейіне 730-дан 1799 балл жинаған отбасы (адамдар) жатады;

      "С" төмен деңгейіне минус 30-дан 729 дейін балл жинаған отбасы (адамдар) жатады.

      "D" дағдарыс деңгейіне минус 460-тан минус 29 дейін балл жинаған отбасы (адамдар) жатады.

      "E" мүшкіл деңгейге минус 459 дейін балл жинаған отбасы (адамдар) жатады.

      ___________________________________

Об утверждении Методики определения социального благополучия семьи (лица)

Приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 29 июня 2023 года № 267. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 июня 2023 года № 32923

      В соответствии с пунктом 3 статьи 24 Социального кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:

      Утвердить прилагаемую:

      1. Методику определения социального благополучия семьи (лица).

      2. Департаменту социальной помощи Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра -
Министр труда и социальной
защиты населения Республики Казахстан
Т. Дуйсенова

  Приложение к приказу
Заместитель Премьер-
Министра - Министр труда и
социальной защиты населения
Республики Казахстан
от 29 июня 2023 года № 267

Методика определения социального благополучия семьи (лица)

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящая Методика определения социального благополучия семьи (лица) (далее – Методика) разработана в соответствии с пунктом 3 статьи 24 Социального кодекса Республики Казахстан (далее – Социальный кодекс) и применяется для формирования и сегментирования семей (лиц) по уровню их социального благополучия посредством Цифровой карты семьи.

      Сведения Цифровой карты семьи являются основанием для определения потенциально нуждающихся лиц (семей) в мерах социальной защиты, в том числе оказания проактивных государственных услуг государственными органами и (или) организациями в соответствии с Социальным кодексом и (или) действующим законодательством Республики Казахстан.

      2. Основные понятия, используемые в Методике:

      1) динамическое наблюдение – систематическое наблюдение за состоянием здоровья пациента, а также оказание необходимой медицинской помощи по результатам данного наблюдения;

      2) прожиточный минимум – минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины;

      3) среднедушевой доход – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      4) личное подсобное хозяйство – вид деятельности для удовлетворения собственных нужд на земельном участке, расположенном в сельской местности и пригородной зоне;

      5) земельный участок – выделенная в замкнутых границах часть земли, закрепляемая в установленном Земельным кодексом Республики Казахстан порядке за субъектами земельных отношений;

      6) безработный – физическое лицо, осуществляющее поиск работы и готовое приступить к работе;

      7) черта бедности – предельная минимальная величина денежного дохода на одного человека, устанавливаемая в качестве критерия для определения размера государственной адресной социальной помощи;

      8) лицо с инвалидностью – лицо, имеющее нарушение здоровья со стойким расстройством функций организма, обусловленное заболеваниями, увечьями (ранениями, травмами, контузиями), их последствиями, нарушениями, которое приводит к ограничению жизнедеятельности и необходимости его социальной защиты;

      9) жилище – отдельная жилая единица (индивидуальный жилой дом, квартира, комната в общежитии, модульный (мобильный) жилой дом), предназначенная и используемая для постоянного проживания, отвечающая установленным строительным, санитарным, экологическим, противопожарным и другим, обязательным нормам и правилам.

Глава 2. Определение уровня социального благополучия семьи (лица)

      3. Уровень социального благополучия семьи (лица) определяется из суммы баллов показателей по всем направлениям и рассчитывается по следующей формуле:

      Усб = ∑(Пдк) + ∑(Пи) + ∑(Пз) +∑(Псо) +∑(Пзд) +∑(По) +∑(Пж) +∑(Псх)

      где:

      Усб – уровень социального благополучия семьи (лица);

      Пдк – показатель "Доходы и кредитные обязательства";

      Пи – показатель "Движимое имущество";

      Пз – показатель "Занятость лиц";

      Псо – показатель "Обеспечение услугами в области социальной защиты";

      Пзд – показатель "Обеспечение услугами в области здравоохранения";

      По – показатель "Обеспечение в области образования";

      Пж – показатель "Жилищные условия и инфраструктура";

      Псх – показатель "Обеспечение в сфере сельского хозяйства".

Глава 3. Расчет показателей для определения уровня социального благополучия семьи

      4. Расчет показателей для определения уровня социального благополучия семьи по каждому направлению производится путем суммирования баллов критериев, соответствующих показателей.

      5. Показатель "Доходы и кредитные обязательства":

      1) по критерию "Уровень среднедушевого дохода" баллы распределены:

      отсутствие доходов – 0 баллов;

      уровень среднедушевого дохода выше 0, но ниже размера черты бедности – 40 баллов;

      уровень среднедушевого дохода выше размера черты бедности, но ниже 1 (одного) прожиточного минимума – 100 баллов;

      уровень среднедушевого дохода от 1 до 2-х прожиточного минимума – 170 баллов;

      уровень среднедушевого дохода от 2-х до 3-х прожиточного минимума – 280 баллов;

      уровень среднедушевого дохода от 3-х до 4-х прожиточного минимума – 400 баллов;

      уровень среднедушевого дохода от 4 и выше прожиточного минимума – 620 баллов.

      2) по критерию "Наличие/отсутствие текущих кредитных обязательств" баллы распределены:

      отсутствие кредитных обязательств – 0 баллов;

      наличие кредитных обязательств – минус 50 баллов.

      3) по критерию "Наличие/отсутствие просроченной задолженности по кредитным обязательствам" баллы распределены:

      отсутствие задолженности по кредитным обязательствам больше 90 дней и свыше 1000 тенге – 0 баллов;

      наличие просроченной задолженности по кредитным обязательствам у одного совершеннолетнего члена семьи (лица) больше 90 дней и свыше 1000 тенге – минус 250 баллов;

      наличие просроченной задолженности по кредитам больше 90 дней и свыше 1000 тенге у всех совершеннолетних членов семьи – минус 500 баллов.

      6. Показатель "Движимое имущество":

      1) по критерию "Наличие/отсутствие движимого имущества" баллы распределены:

      отсутствие в собственности семьи легкового автомобиля – минус 50 баллов;

      наличие одного легкового автомобиля – 0 баллов;

      наличие двух легковых автомобилей – 50 баллов;

      наличие трех и более легковых автомобилей – 100 баллов.

      2) по критерию "Наличие/отсутствие коммерческого транспорта (автобус, грузовой автотранспорт, микроавтобусы, специализированные автомобили)" баллы распределены:

      отсутствие коммерческого автотранспорта – 0 баллов;

      наличие коммерческого автотранспорта (автобус, грузовой автотранспорт, микроавтобусы, специализированные автомобили) – 80 баллов.

      3) по критерию "Наличие/отсутствие сельскохозяйственной техники" баллы распределены:

      отсутствие сельскохозяйственной техники – 0 баллов;

      наличие одного вида сельскохозяйственной техники – 100 баллов;

      наличие более двух видов сельскохозяйственной техники – 200 баллов.

      7. Показатель "Занятость лиц":

      1) по критерию "Наличие/отсутствие безработных лиц" баллы распределены:

      отсутствие трудоспособного лица – минус 100 баллов;

      наличие трудоспособных неработающих лиц – 0 баллов.

      2) по критерию "Наличие работающих лиц" баллы распределены:

      наличие одного работающего лица – 150 баллов;

      наличие двух и более работающих лиц – 300 баллов.

      3) по критерию "Наличие/отсутствие регистрации лица, осуществляющего предпринимательскую деятельность" баллы распределены:

      отсутствие лица, зарегистрированного в качестве лица, осуществляющего предпринимательскую деятельность – 0 баллов;

      наличие лица, зарегистрированного в качестве индивидуального предпринимателя – 50 баллов;

      наличие лица (лиц), зарегистрированного в качестве учредителя товарищества с ограниченной ответственностью, акционерного общества – 100 баллов;

      наличие лица (лиц), зарегистрированного одновременно в качестве индивидуального предпринимателя, учредителя товарищества с ограниченной ответственностью, акционерного общества – 150 баллов.

      8. Показатель "Обеспечение услугами в области социальной защиты":

      1) по критерию "Наличие/отсутствие несовершеннолетних детей в возрасте до 18 лет и учащихся из числа молодежи в возрасте до 23 лет" баллы распределены:

      отсутствие несовершеннолетних детей и учащихся из числа молодежи до 23 лет – 0 баллов;

      наличие одного несовершеннолетнего ребенка или учащихся из числа молодежи в возрасте до 23 лет – минус 50 баллов;

      наличие двух несовершеннолетних детей и/или учащихся из числа молодежи в возрасте до 23 лет – минус 100 баллов;

      наличие трех несовершеннолетних детей и/или учащихся из числа молодежи в возрасте до 23 лет – минус 150 баллов;

      наличие четырех и более несовершеннолетних детей и/или учащихся из числа молодежи в возрасте до 23 лет – минус 200 баллов.

      2) по критерию "Наличие/отсутствие лиц с инвалидностью старше 18 лет" баллы распределены:

      отсутствие лица с инвалидностью – 0 баллов;

      наличие лиц с инвалидностью 1 и/или 2 группы – минус 250 баллов;

      наличие лица с инвалидностью 3 группы – минус 100 баллов.

      3) по критерию "Наличие/отсутствие лиц с инвалидностью с детства или ребенка с инвалидностью" баллы распределены:

      отсутствие лица с инвалидностью с детства или ребенок с инвалидностью – 0 баллов;

      наличие лиц с инвалидностью с детства или ребенок с инвалидностью – минус 150 баллов.

      9. Показатель "Обеспечение услугами в области здравоохранения":

      1) по критерию "Наличие/отсутствие прикрепления к медицинскому учреждению" баллы распределены:

      наличие прикрепленных членов семьи к медицинскому учреждению – 0 баллов;

      наличие неприкрепленных членов семьи к медицинскому учреждению – минус 20 баллов.

      2) по критерию "Наличие/отсутствие в семье участников обязательного социального медицинского страхования" баллы распределены:

      наличие участников системы обязательного социального медицинского страхования – 0 баллов;

      отсутствие участников системы обязательного социального медицинского страхования – минус 20 баллов.

      3) по критерию "Наличие/отсутствие лица с хроническим заболеванием, подлежащим динамическому наблюдению" баллы распределены:

      отсутствие лица с хроническим заболеванием, подлежащим динамическому наблюдению – 0 баллов;

      наличие лица с хроническим заболеванием, подлежащим динамическому наблюдению – минус 80 баллов.

      4) по критерию "Наличие/отсутствие лица, состоящего на диспансерном учете" баллы распределены:

      отсутствие лица, состоящего на диспансерном учете – 0 баллов;

      наличие лица, состоящего на диспансерном учете – минус 50 баллов.

      10. Показатель "Обеспечение услугами в области образования":

      1) по критерию "Наличие/отсутствие детей и их прикрепление к дошкольному учреждению" баллы распределены:

      отсутствие детей дошкольного возраста – 0 баллов;

      наличие детей, прикрепленных к дошкольному учреждению – 0 баллов;

      наличие детей, неприкрепленных к дошкольному учреждению – минус 50 баллов.

      2) по критерию "Наличие/отсутствие детей, прикрепленных к организации среднего образования" баллы распределены:

      отсутствие детей школьного возраста – 0 баллов;

      наличие детей, прикрепленных к школьному учреждению – 0 баллов;

      наличие детей, неприкрепленных к школьному учреждению – минус 100 баллов.

      11. Показатель "Жилищные условия и инфраструктура":

      1) по критерию "Обеспеченность семьи (лица) жильем" баллы распределены:

      отсутствие жилья – минус 200 баллов;

      наличие одной единицы жилья менее 18 квадратных метров на одного члена семьи – минус 80 баллов;

      наличие одной единицы жилья более 18 квадратных метров на одного члена семьи – 0 баллов;

      наличие от двух до трех единиц жилья – 100 баллов;

      наличие от трех до шести единиц жилья – 400 баллов;

      наличие от шести до одиннадцати единиц жилья – 1 000 баллов;

      наличие более одиннадцати единиц жилья – 2 000 баллов.

      2) по критерию "Наличие/отсутствие коммерческой недвижимости" баллы распределены:

      отсутствие коммерческой недвижимости – 0 баллов;

      наличие коммерческой недвижимости – 100 баллов.

      3) по критерию "Статус населенного пункта" баллы распределены:

      регистрация в населенном пункте, относящийся к категории столицы, городе республиканского значения – 70 баллов;

      регистрация по месту жительства в населенном пункте, относящийся к категории города областного значения – 0 баллов;

      регистрация по месту жительства в населенном пункте, относящийся к категории района, города районного значения – минус 30 баллов;

      регистрация по месту жительства в населенном пункте, относящийся к категории сельского округа – минус 50 баллов;

      регистрация по месту жительства в населенном пункте, относящийся к категории сельского населенного пункта – минус 70 баллов;

      отсутствие регистрации – минус 100 баллов.

      12. Показатель "Обеспечение в сфере сельского хозяйства":

      1) по критерию "Наличие/отсутствие личного подсобного хозяйства" баллы распределены:

      отсутствие личного подсобного хозяйства – 0 баллов;

      наличие личного подсобного хозяйства до 500 тысяч тенге – 50 баллов;

      наличие личного подсобного хозяйства от 500 тысяч тенге до 1 миллиона тенге – 150 баллов;

      наличие личного подсобного хозяйства от 1 миллиона тенге до 2 миллионов тенге – 350 баллов;

      наличие личного подсобного хозяйства более 2 миллионов тенге – 600 баллов.

      2) по критерию "Наличие/отсутствие земельного участка" баллы распределены:

      отсутствие земельного участка – 0 баллов;

      наличие земельного участка – 150 баллов.

Глава 4. Распределение семей по уровням (категориям) социального благополучия

      13. Ранжирование уровней (категорий) социального благополучия A, B, C, D, E следующие:

      к благополучному уровню "А" относятся семьи (лица), имеющие от 1 800 и выше баллов;

      к удовлетворительному уровню "В" относятся семьи (лица), имеющие от 730 до 1 799 баллов.

      к неудовлетворительному уровню "С" относятся семьи (лица), имеющие от минус 30 до 729 баллов.

      к кризисному уровню "D" относятся семьи (лица), имеющие от минус 460 до минус 29 баллов.

      к экстренному уровню "Е" относятся семьи (лица), имеющие до минус 459 баллов.