"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігi туралы ереженің 15-тармағының 130-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Т. Дуйсенова |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 30 маусымдағы № 277 бұйрығына қосымша |
Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігi туралы ереженің 15-тармағының 130-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi – Заң) сәйкес ақталған жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балаларына біржолғы ақшалай өтемақы төлеу тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегі уәкiлетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) ақшалай өтемақы беру жөнiндегi уәкiлетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпочта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;
3) ақшалай өтемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган – уәкілетті мемлекеттік органның ведомствосының аумақтық бөлімшесі;
4) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-тарау. Ақшалай өтемақыны төлеу тәртiбi
3. Заңның 22-бабында көрсетiлген негiздер бойынша ақшалай өтемақы алуға құқығы бар азаматтар ақшалай өтемақы тағайындау үшiн тұрғылықты тұратын жерi бойынша ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкілетті ұйымға мыналарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) жеке басты куәландыратын құжат;
3) ақшалай өтемақы алу құқығын растайтын құжат (прокуратура органдарынан немесе сот органдарынан Заңның 22-бабында көрсетілген орындарда болған кезеңі көрсетіліп ақталғаны туралы анықтама).
Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балалары үшін қосымша – туу туралы куәлік не тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасынан үзінді көшірме, прокуратура органдарынан немесе сот органдарынан Заңның 22-бабында көрсетiлген орындарда болған кезеңі көрсетіліп ата-анасының біреуінің ақталғаны туралы анықтама.
Ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегі уәкiлетті ұйым жеке басты куәландыратын құжаттар, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
4. Ақшалай өтемақы тағайындау үшiн қажеттi құжаттардың түпнұсқасы және салыстырып тексеру үшiн көшiрмелері аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдарға ұсынылады.
Өтінішті қабылдаған кезде салыстырып тексерілгеннен кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушiге қайтарылады.
Ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi аудандық (қалалық) уәкiлеттi ұйымдардың жұмыскерлерi құжаттардың көшiрмелерiн растайды, iстердi қалыптастырады, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешiмдердiң жобаларын дайындап, оларды өтініш қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкілеттi ұйымдарына жібередi.
5. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдары iстерді және ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешiмдердің жобаларын бес жұмыс күні ішінде ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi тиiстi уәкiлеттi органға жібереді.
6. Ақтау туралы анықтамада бас бостандығынан айыру орындарында, психиатриялық мекемелерде, арнайы қоныстарда болған уақыты, сондай-ақ бас бостандығы шектеулi жағдайда мәжбүрлi еңбекке (оның iшiнде "еңбек армиясы", "НКВД жұмысшылар колониясы" деп аталатындарда) тартылған уақыты туралы ақпарат жеткiлiксiз көрсетiлген жағдайда ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органдар мен ақшалай өтемақы беру жөнiндегi уәкiлетті ұйымдар прокуратура органдарының архивтерінен қосымша анықтамаларды сұратып алады.
7. Бас бостандығынан айыру орындарында, психиатриялық мекемелерде, арнайы қоныстарда негiзсiз қуғын-сүргiнге ұшыраған адамдардың болған мерзiмi, сондай-ақ бас бостандығы шектеулi жағдайда мәжбүрлi еңбекке (оның iшiнде "еңбек армиясы", "НКВД жұмысшылар колониясы" деп аталатындарда) тартылған уақыты көрсетiлген, ақталғанын растайтын анықтама келiп түскен кезде ақталуы туралы бұрын берiлген анықтама ақшалай өтемақы тағайындауға негiз болып табылады.
8. Ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкілеттi орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдарынан құжаттар мен шешiмдердің жобалары келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ақшалай өтемақы тағайындау не оны тағайындаудан бас тарту жөнiнде шешiм қабылдайды және iс пен бұл шешiмдердi белгiленген тәртіппен ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі аудандық (қалалық) уәкiлеттi ұйымдарға бередi.
Ақшалай өтемақы тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешiмге ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегі уәкiлеттi органның басшысы (не оның мiндетiн атқарушы адам) қол қояды.
Ақшалай өтемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган оны тағайындаудан бас тартудың себебiн жазбаша уәждейдi және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдары арқылы тиiстi құжаттарды өтiнiш иесiне бepу үшiн аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегі уәкiлетті органдарға қайтарып бередi.
9. Айлық есептiк көрсеткiш өзгерген кезде ақшалай өтемақы сомасын қайта есептеуді аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым жүргізеді, ол облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымы арқылы ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегі уәкілетті органға тиiсті шешiмнің жобасын бекітуге жiбередi. Ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегі уәкілетті орган ақшалай өтемақыны есептеудiң дұрыстығын тексередi және үш жұмыс күні ішінде ақшалай өтемақыны бекiтедi не оны қайта есептеу жөнiнде шешiм шығарады.
10. Егер ақшалай өтемақылар Заңның 22 және 23-баптарының қолданылуы жаңғыртылғанға дейiн тағайындалған болса, онда аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлетті ұйымдар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдары арқылы ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешiмнiң жобасын ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегі уәкілеттi органға ұсынады, ол қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткiштiң мөлшерiн ескере отырып, оны бекiту туралы шешiм шығарады.
11. Ақшалай өтемақылар төлеудi ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым ақшалай өтемақы беру жөнiндегі уәкiлетті ұйымдар арқылы ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкілетті органдардың шешiмiне сәйкес ақшалай өтемақы алуға құқығы бар алушылардың банк шотына есептеу жолымен жүзеге асырады.
Қаражатты MT100 форматындағы төлем тапсырыстарымен аударған кезде аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлетті ұйымдар тiзiм-ведомостарды дайындайды және оларды ақшалай өтемақы беру жөнiндегi уәкiлетті ұйымдарға бередi.
Ақшалай өтемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым ақшалай қаражатты алғаннан кейiн тiзiм-ведомосқа сәйкес оны аудандар (қалалар) бойынша бөледi және төлеудi жүзеге асырады.
Қаражатты МТ102 форматындағы төлем тапсырыстарымен аударған кезде ақшалай өтемақы беру жөнiндегi уәкiлетті ұйымдар тiзiм-ведомостарды электронды түрде алады.
12. Егер ақшалай өтемақы есептелген, бiрақ ақталған адам қайтыс болуы себебiнен алынбаған жағдайда өтемақының тағайындалған сомасы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мұрагерлерiне төленедi.
13. Аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдар уәкілетті мемлекеттік орган көрсеткен күнге және ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкілеттi органдар шешiмдерiнiң негiзiнде ақшалай өтемақы алушылардың тiзiмiн жасайды және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкілеттi ұйымдарына ұсынады.
14. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдары ақшалай өтемақы төлеу үшiн қажетті қаражат туралы аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдар берген ақпаратты жинақтайды және оны ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымға бередi.
15. Ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған мерзiмде уәкілетті мемлекеттік органға ақшалай өтемақы төлеу үшін қажеттi қаражаттың қажеттілігі туралы ақпарат береді.
16. Уәкілетті мемлекеттік орган өзінің мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша тиiстi жылға арналған қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлінген сомалар шегiнде ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның банк шотына қаражат аударады.
17. Ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым бөлiнген қаражатқа сәйкес облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша ақшалай өтемақы төлеу графигін жасайды.
18. Ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкілеттi ұйым банктiк үш күн iшiнде алынған қаражатты төлем тапсырыстарымен ақшалай өтемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымға аударады.
19. Ақшалай өтемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым ақшалай қаражатты алған кезде алушыларға ақшалай өтемақы берудi жүзеге асырады.
20. Төленген ақшалай өтемақы сомалары бойынша облыстық, аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдар мен ақшалай өтемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдар арасында салыстырып тексеру актілері жасалады.
21. Бөлiнген трансферттер бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегі уәкiлетті ұйымның арасында ай сайын салыстырып тексеру актісi жасалады.
22. Ақшалай өтемақы беру жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым мен ақшалай өтемақыны беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым арасында заңнамада белгіленген тәртіппен жасалған шарт негізінде жүргізіледі.
Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің Еңбек және
әлеуметтік қорғау комитетінің
____________________________
аумақтық бөлімшесінің басшысына
Өтiнiш
Маған біржолғы ақшалай өтемақы тағайындауыңызды сұраймын
Тегi _________________________________________________________________
Аты _________________________________________________________________
Әкесiнiң аты (бар болса) ________________________________________________
Туған күні ______ ж. "___" ______________________________________________
Мекенжайы___________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың түрi ________________________________
(құжаттың түрi көрсетіледі)
Сериясы _________ нөмiрi ___________ кiм берді ___________________________
Банк шотының №______________________________________________________,
Банк атауы____________________________________________________________
Зейнетақы, мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша
мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы, мемлекеттік арнайы жәрдемақы, арнайы
мемлекеттiк жәрдемақы аламын
_____________________________________________________________________
(қажеттісінің асты сызылады)
Бiржолғы ақшалай өтемақының бiр бөлiгiн немесе толық мөлшерiн бұрын басқа
республикада алғаны-алмағаны (жоқ, иә; алған болса, қандай негiзде алғаны көрсетіледі)
___________________________________________________________
Ақтау туралы анықтаманың нөмiрi және оның берiлген күні
_____________________________________________________________________
Біржолғы ақшалай өтемақы тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға
және өңдеуге келісім беремін.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
Күні ___________________________ Өтінiш берушінің қолы _________________
Өтінiш қабылданды (күнi) _________________
Өтiнiштi қабылдаған маманның Т.А.Ә. (бар болса) __________________________
Қолы _____________________
Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешім
20__ж. _____ № ______ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің ______________ облысы (қаласы) бойынша департаменті
Азамат _____________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнің аты (бар болса)
Жынысы _________________ Туған күнi _________________________________
Ақтау туралы анықтаманың берiлген күнi ________________________________
Ақтау туралы анықтаманы берген органның атауы
_____________________________________________________________________
_________________________________берiлген __________№ ________________
(тегi, аты, әкесiнің аты (бар болса)
ақтау туралы анықтамаға сәйкес
Бас бостандығынан айыру орындарында, психиатриялық мекемелерде, арнайы қоныстарда
болған уақыты, сондай-ақ бостандығы шектелген жағдайда мәжбүрлi еңбекке тартылған
(оның ішінде "еңбек армиясы", "НКВД жұмысшылар колоннасы" деп аталатындарда
болған) уақыты 19__ж._____ - 19__ж.__________ аралығын құрайды.
Бас бостандығынан айыру орындарында, психиатриялық мекемелерде, арнайы қоныстарда
болған толық айлардың саны, сондай-ақ бостандығы шектелген жағдайда мәжбүрлi еңбекке
тартылған (оның ішінде "еңбек армиясы", "НКВД жұмысшылар колоннасы" деп
аталатындарда) уақыты
______________________________________________________________ құрайды
(жазумен)
Есептелген сома _______________________________________________________
(жазумен)
Осы сома төленетiн айлардың саны көрсетiлген ағымдағы жылы төленуге жататын сома
_____________________________________________________________________
(жазумен)
Осы сома келесi екi жылда төленуге тиiс айлардың саны көрсетiлген төленуге жататын
қалған сома ___________________________________________________
(жазумен)
M.О. Департамент басшысы ______________ _______________________________
(қолы) (тегі)
Тағайындау жөнiндегi маман ______________ ______________________________
(қолы) (тегі)
Шешім жобасын дайындаған:
M.O. Мемлекеттік корпорация
бөлімшесінің бастығы ______________ ____________________________________
(қолы) (тегі)
Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы ______________ __________________
(қолы) (тегі)