Байланыс операторларының абоненттері және (немесе) байланыс қызметтерінің пайдаланушылары туралы қызметтік ақпаратты жинауды және сақтауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 220/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 шiлдеде № 33007 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.02.2024 № 107/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Байланыс операторларының абоненттері және (немесе) байланыс қызметтерінің пайдаланушылары туралы қызметтік ақпаратты жинауды және сақтауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.02.2024 № 107/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 220/НҚ Бұйрықпен
бекітілген

Байланыс операторларының абоненттері және (немесе) байланыс қызметтерінің пайдаланушылары туралы қызметтік ақпаратты жинауды және сақтауды жүзеге асыру қағидалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.02.2024 № 107/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Байланыс операторларының абоненттері және (немесе) байланыс қызметтерінің пайдаланушылары туралы қызметтік ақпаратты жинауды және сақтауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) "Жедел-іздестіру қызметі туралы", "Байланыс туралы", "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы", "Ақпараттандыру туралы", "Қарсы барлау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының байланыс операторларының байланыс қызметтерінің абоненттері және (немесе) пайдаланушылары туралы қызметтік ақпаратты жинауды және сақтауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.02.2024 № 107/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) абонент – байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасаған жеке немесе заңды тұлға;

      2) байланыс қызметтерінің абоненттері және (немесе) пайдаланушылары туралы қызметтік ақпарат – байланыс желілерінде қарсы барлау қызметін және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсаттарына ғана арналған және өзіне мыналарды қамтитын абоненттер және (немесе) пайдаланушылар туралы мәліметтер:

      абоненттік және (немесе) пайдаланушы нөмірлері иелерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, абоненттік және (немесе) пайдаланушы нөмірлері туралы ақпарат;

      ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары туралы ақпарат;

      биллингтік мәліметтер (абонент және (немесе) пайдаланушы алған қызметтер туралы мәліметтер);

      техникалық регламент талаптарына сәйкес желідегі абоненттік құрылғының орналасқан жері;

      деректер беру желісіндегі мекенжайы;

      деректер беру желісіндегі интернет-ресурстарға өтініш жасау мекенжайы;

      интернет-ресурстың сәйкестендіргіштері;

      деректер беру желісінің хаттамалары қамтылған абоненттер туралы мәліметтер;

      3) абоненттік нөмір – оның көмегімен басқа абоненттік жабдықпен қосылу орнатылатын және желіде абонентті сәйкестендруге мүмкіндік беретін, байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан кезде абонентке пайдалануға бөлінетін нөмір;

      4) байланыс желісі – байланыс құралдары мен желілерден тұратын және телекоммуникацияларға немесе почта байланысына арналған технологиялық жүйе;

      5) байланыс операторы – байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жеке немесе заңды тұлға.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.02.2024 № 107/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Осы Қағидалардың талаптары почта байланысын қоспағанда, байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын байланыс операторларына (бұдан әрі – Оператор) қолданылады.

2 тарау. Байланыс операторларының абоненттері және (немесе) байланыс қызметтерінің пайдаланушылары туралы қызметтік ақпаратты жинауды және сақтауды жүзеге асыру тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.02.2024 № 107/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Оператор абоненттер және (немесе) пайдаланушылар туралы қызметтік ақпаратты екі жыл ішінде жинауды және сақтауды қамтамасыз етеді, олар аяқталғаннан кейін ақпарат жойылады. Оператор "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 637-бабында көзделген абоненттер және (немесе) пайдаланушылар туралы қызметтік ақпаратты жинау және сақтау жөніндегі міндеттерді бұзғаны үшін жауаптылықта болады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.02.2024 № 107/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Оператор осы Қағидаларға сәйкес телекоммуникация құралдарынан абонентке және (немесе) пайдаланушыларға көрсетілген байланыс қызметтер туралы қызметтік ақпаратты тұрақты жинауды жүзеге асырады және оның Оператор жүйесінде (бұдан әрі – Жүйе) сақталуын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.02.2024 № 107/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Абоненттер және (немесе) пайдаланушылар туралы қызметтік ақпаратты сақтау тек қана Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылады. Байланыс қызметтерін көрсету жағдайларын қоспағанда, шетелдегі Қазақстан Республикасының абоненттеріне абоненттер және (немесе) пайдаланушылар туралы қызметтік ақпаратты Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге беруге тыйым салынады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.02.2024 № 107/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Жүйенің пайдаланылатын құралдарын жаңғырту (ауыстыру) кезінде оның сипаттамаларын жақсарту мақсатында (көрсетілетін байланыс қызметтері түрінің саны, абоненттер саны ұлғайғанда, сақталатын ақпараттың көлемі өскенде, Жүйенің функционалдағы кеңейтілгенде), сақталған ақпараттың жоғалуына немесе өзгеруіне жол берілмейді.

      8. Оператор қызметтік ақпаратты қолда бар ақпараттық жүйелерден, дерекқор мен техникалық байланыс құралдарынан алады.

      9. Функционалды түрде Жүйе жинау, сақтау, басқару және қорғау құралдарының функцияларын орындайтын логикалық модульдерден тұрады. Жүйе модульдерінің өзара әрекеті хаттамасын Оператор байланыс желілерінде қарсы барлау қызметі мен жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыратын органмен келіседі.

      10. Абонент және (немесе) пайдаланушылар туралы байланыс қызметтер қызметтік ақпарат ақпаратты сақтау жабдығындағы Жүйеде жиналады.

      Жүйе мыналарды:

      1) абоненттер және (немесе) пайдаланушылар туралы ақпаратты және абонентке көрсетілген қызметтер туралы ақпаратты сақтауды:

      заңды тұлғалар үшін – бизнес-сәйкестіндіру нөмірі, шоттарды жеткізу үшін мекенжай;

      жеке тұлғалар үшін – тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен берілген күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, электрондық почтаның мекенжайлары, почталық мекенжайы;

      байланыс телефондарының нөмірлері; абоненттік жабдықтарды орнату мекенжайы; шартты жасасу және қолданылуын тоқтату күні; абонентке қолжетімді байланыс қызметтерінің тізбесі; абоненттік нөмір;

      биллинг – абоненттерге көрсетілетін қызметтерді есепке алу операцияларын автоматты түрде орындауға, сондай-ақ оларды тарифтеуге және ақы төлеу үшін шоттар беруге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

      биллингтік мәліметтер – абоненттің жеке шоты бойынша ақпарат, шотты толтыру туралы ақпарат, деректерді беру желісіндегі абоненттердің мекенжайлары;

      деректерді беру желісіндегі абоненттердің мекенжайлары және деректерді беру желісіндегі интернет-ресурстарға кірудің мекенжайы, интернет желісіне қол жеткізудің әрбір көрсетілген қызметі бойынша деректерді беру желісінің хаттамалары, оның ішінде: "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабының ережелеріне сәйкес уақыт белдеулерін ескере отырып, абонентті желіде тіркеу күні мен уақыты; осы сессия үшін бөлінген динамикалық немесе статикалық ІР-мекенжайы; желіге шығу нүктесі; желіге шығу жүзеге асырылған абоненттік нөмір және ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру коды; осы сессия ішінде берілген және қабылданған ақпарат көлемі; қызметтердің әрқайсысы көрсетілген уақыт кезеңі; пайдаланушы қолданған байланыс түрі, жіберілген немесе алынған электрондық хабарламаның мекенжайлары, почталық хабарламаның электрондық почта мекенжайлары, интернет-ресурсты сәйкестендіруші, уақыт белдеулері есебімен интернет-ресурста деректер өзгеруінің басы мен аяқталу күні және уақыты, сондай-ақ өзгеріс болған ІР-мекенжайы;

      2) сақтаудың бірыңғай форматын;

      3) уақытқа деректерді байланыстыруды;

      4) деректердің өзгермеуін;

      5) сақталатын деректердің толықтығы мен анықтығын;

      6) телекоммуникациялар желілерінде жедел-іздестіру іс-шаралары құралдарымен біріктіру мүмкіндігін;

      7) байланыс қызметтерін пайдаланушылар және оларға көрсетілген байланыс қызметтері туралы сұраулардың алуан түрлерін қабылдауды қамтамасыз ететін автоматтандырылған қол жеткізуді, берілген параметрлер бойынша ақпарат пен жүйелік есептер беруді;

      8) авторизацияның бағдарламалық және техникалық құралдары арқылы Жүйенің деректеріне рұқсат етілмеген қолжеткізуден қорғауды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.02.2024 № 107/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Об утверждении Правил осуществления операторами связи сбора и хранения служебной информации об абонентах и (или) пользователях услуг связи

Приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 220/НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 июля 2023 года № 33007.

      Сноска. Заголовок - в редакции приказа Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 29.02.2024 № 107/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 15 Закона Республики Казахстан "О связи" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления операторами связи сбора и хранения служебной информации об абонентах и (или) пользователях услуг связи.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 29.02.2024 № 107/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Комитету телекоммуникаций Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан обеспечить:

      1) в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр цифрового развития, инноваций и
аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
Б. Мусин

      СОГЛАСОВАН
Комитет национальной безопасности
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
Министр цифрового
развития, инноваций и
аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
от 30 июня 2023 года № 220/НҚ

Правила осуществления операторами связи сбора и хранения служебной информации об абонентах и (или) пользователях услуг связи

      Сноска. Заголовок - в редакции приказа Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 29.02.2024 № 107/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила осуществления операторами связи сбора и хранения служебной информации об абонентах и (или) пользователях услуг связи (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законами Республики Казахстан "Об оперативно-розыскной деятельности", "О связи", "О национальной безопасности Республики Казахстан", "Об информатизации", "О контрразведывательной деятельности" и определяют порядок осуществления операторами связи Республики Казахстан сбора и хранения служебной информации об абонентах и (или) пользователях услуг связи.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 29.02.2024 № 107/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. В настоящих Правилах применяются следующие понятия:

      1) абонент – физическое или юридическое лицо, с которым заключен договор на оказание услуг связи;

      2) служебная информация об абонентах и (или) пользователях услуг связи – сведения об абонентах и (или) пользователях услуг связи, предназначенные исключительно для целей проведения контрразведывательной деятельности и оперативно-розыскных мероприятий на сетях связи и включающие в себя:

      информацию об абонентских и (или) пользовательских номерах, включая сведения об индивидуальных идентификационных номерах (для физических лиц) или бизнес-идентификационных номерах (для юридических лиц) владельцев абонентских и (или) пользовательских номеров;

      информацию об идентификационных кодах абонентских устройств сотовой связи, включая сведения об индивидуальных идентификационных номерах (для физических лиц) или бизнес-идентификационных номерах (для юридических лиц) владельцев абонентских устройств сотовой связи;

      биллинговые сведения (сведения о полученных абонентом и (или) пользователем услугах);

      местоположение абонентского устройства в сети в соответствии с требованиями технического регламента;

      адреса в сети передачи данных;

      адреса обращения к интернет-ресурсам в сети передачи данных;

      идентификаторы интернет-ресурса;

      протоколы сети передачи данных;

      3) абонентский номер – номер, выделяемый в пользование абоненту при заключении договора об оказании услуг связи, по которому идентифицируется абонентское устройство с помощью которого устанавливается соединение с другим абонентским оборудованием и позволяющий идентифицировать абонента в сети;";

      4) сеть связи - технологическая система, включающая в себя средства и линии связи и предназначенная для телекоммуникаций или почтовой связи;

      5) оператор связи – физическое или юридическое лицо, зарегистрированное на территории Республики Казахстан, оказывающее услуги связи и (или) эксплуатирующее сети связи.

      Сноска. Пункт 2 - в редакции приказа Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 29.02.2024 № 107/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Требования настоящих Правил распространяются на операторов связи, осуществляющих деятельность по оказанию услуг связи, за исключением почтовой связи (далее - Оператор).

Глава 2. Порядок осуществления операторами связи сбора и хранения служебной информации об абонентах и (или) пользователях услуг связи

      Сноска. Заголовок главы 2 - в редакции приказа Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 29.02.2024 № 107/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Оператор обеспечивает сбор и хранение служебной информации об абонентах и (или) пользователях услуг связи в течение двух лет, по истечении которых информация уничтожается. Оператор несет ответственность, предусмотренную статьей 637 Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях", за нарушение обязанности по сбору и хранению служебной информации об абонентах и (или) пользователях услуг связи.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции приказа Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 29.02.2024 № 107/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Оператор осуществляет постоянный сбор служебной информации о предоставленных абоненту и (или) пользователю услугах связи со средств телекоммуникаций (средств связи) в соответствии с настоящими Правилами и обеспечивает ее хранение в системе Оператора (далее – Система).

      Сноска. Пункт 5 - в редакции приказа Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 29.02.2024 № 107/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Хранение служебной информации об абонентах и (или) пользователях услуг связи осуществляется исключительно на территории Республики Казахстан. Запрещается передача служебной информации об абонентах и (или) пользователях услуг связи за пределы Республики Казахстан, за исключением случаев оказания услуг связи абонентам Республики Казахстан, находящимся за рубежом.

      Сноска. Пункт 6 - в редакции приказа Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 29.02.2024 № 107/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. При модернизации (замене) используемых средств Системы в целях улучшения ее характеристик (при увеличении количества видов оказываемых услуг связи, количества абонентов, возрастании объемов хранимой информации, расширении функциональности Системы) потеря или изменение уже хранящейся информации не допускается.

      8. Оператор получает служебную информацию из имеющихся информационных систем, баз данных и технических средств связи.

      9. Функционально Система состоит из логических модулей, выполняющих функции сбора, хранения, управления и средств защиты. Протокол взаимодействия модулей Системы согласовывается Оператором с органом, осуществляющим контрразведывательную деятельность и оперативно-розыскные мероприятия на сетях связи.

      10. Служебная информация об абоненте и (или) пользователе услуг связи накапливается в Системе на оборудовании хранения информации.

      Система обеспечивает:

      1) хранение информации об абонентах и (или) пользователях услуг связи и информации об оказанных абоненту услугах:

      для юридических лиц – бизнес-идентификационный номер, адрес для доставки счетов;

      для физических лиц – фамилия, имя и отчество (если оно указано в документе, удостоверяющем личность), местожительство, номер и дата выдачи документа, удостоверяющего личность, индивидуальный идентификационный номер, адреса электронной почты, почтовый адрес;

      номера контактных телефонов; адрес установки абонентского оборудования; дата заключения и прекращения действия договора; перечень услуг связи, доступных абоненту; абонентский номер;

      биллинг – аппаратно-программный комплекс, предназначенный для автоматического выполнения операций учета услуг, предоставляемых абонентам, а также их тарификации и выставления счетов для оплаты;

      биллинговые сведения – информация по личному счету абонента, информация о пополнении счета, адреса абонентов в сети передачи данных;

      адреса абонентов в сети передачи данных и адреса обращения к интернет-ресурсам в сети передачи данных, протоколы сети передачи данных по каждой предоставляемой услуге доступа в сеть интернет, включая: дату и время регистрации абонента в сети с учетом временных поясов согласно положениям статьи 36-2 Закона Республики Казахстан "О связи"; динамический или статический IP-адрес, выделенный для данной сессии; точку выхода в сеть; абонентский номер и идентификационный код абонентского устройства сотовой связи, с которого был осуществлен выход в сеть; объем переданной и принятой информации в течение данной сессии; период времени, в течение которого предоставлялась каждая из услуг; использованный пользователем вид связи, адреса переданного или полученного электронного сообщения, адреса электронной почты почтового сообщения, идентификатор интернет-ресурса, дата и время начала и окончания изменений данных на интернет-ресурсе с учетом временных поясов, а также IP-адрес, с которого происходило изменение;

      2) единый формат хранения;

      3) привязку данных ко времени;

      4) неизменность данных;

      5) полноту и достоверность хранимых данных;

      6) возможность интеграции со средствами оперативно-розыскных мероприятий на сетях телекоммуникаций;

      7) автоматизированный доступ, обеспечивающий прием различных видов запросов о пользователях услуг связи и оказанных им услугах связи, выдача информации и системных отчетов по заданным параметрам;

      8) защиту от несанкционированного доступа к данным Системы с помощью программных и технических средств авторизации.

      Сноска. Пункт 10 - в редакции приказа Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 29.02.2024 № 107/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).