Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереже 15-тармағының 39) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 26.12.2023 № 542-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
Д. Қыдырәлі |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жоғарғы аудиторлық палатасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет)
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі 2023 жылғы 13 шілдедегі № 281-НҚ Бұйрығымен бекітілген |
Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереже 15-тармағының 39) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 26.12.2023 № 542-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы қоғамдық мүдделерді ескеру және қорғау, сондай-ақ ақпаратты пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында құрылады.
3. Комиссия ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрi – уәкілетті орган) жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
4. Комиссияның қызметі оның құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау және шешу кезінде айқындылық пен ашықтық негізінде жүзеге асырылады.
5. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актілерін, өзге де нормативтiк құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2-тарау. Комиссияның негізгі міндеттері
6. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша;
2) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша;
3) ақпаратты ашық түрде орналастыру арқылы артық құжат айналымын азайту мәселесі бойынша;
4) ақпарат иеленушілердің ақпараттық ашықтықты қамтамасыз етуі бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
7. Комиссия құрамына мыналар кіреді:
1) Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары;
2) мемлекеттік органдардың өкілдері;
3) ғылыми, үкіметтік емес және басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ақпаратқа қол жеткізу саласында ғылыми және сараптамалық білімі бар тұлғалар.
Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды және кемінде тоғыз адамды құрайды.
8. Уәкілетті органның бірінші басшысы Комиссия төрағасы болып табылады.
9. Комиссияның мүшелері:
1) Комиссия отырысының күн тәртiбiне және Комиссия жұмысының жоспарына ұсыныстар енгiзеді;
2) отырыста сөз сөйлейді және енгiзiлген ұсыныстар бойынша дауыс берудiң өткiзiлуiне бастама жасайды;
3) Комиссия жұмысының материалдарымен танысады және олардың көшiрмелерiн алады, Комиссия қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) Комиссияның кезектен тыс отырысын өткізу туралы өтініш жасайды;
5) күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өзінің айрықша пікірін білдіреді, оны жазбаша түрде баяндайды және Комиссия отырысының хаттамасына қосады;
6) Қазақстан Республикасында ақпаратқа қол жеткізу қамтамасыз ету бойынша талдамалық, шолу және есеп беру материалдарын дайындауға қатысады.
10. Комиссия мүшесі мынадай негіздер бойынша:
1) денсаулық жағдайына байланысты;
2) қайтыс болған жағдайда немесе сот қайтыс болды деп жариялағанда;
3) сот хабарсыз кетті деп танығанда;
4) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танығанда;
5) Комиссия отырыстарына дәлелсіз себептермен бір жыл ішінде үш реттен артық қатыспағанда;
6) мемлекеттік органнан (ұйымнан) босатылған жағдайында;
7) коммерциялық емес ұйым таратылған жағдайда;
8) Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің депутаттарының өкілеттігі тоқтатылған жағдайда;
9) мемлекеттік органдардың, ғылыми, үкіметтік емес және басқа да ұйымдардың өкілдері ауыстырылған жағдайда;
10) өз қалауы бойынша оның құрамынан шығарылады.
11. Комиссия органдары:
1) жұмыс органы;
2) төраға;
3) төраға орынбасары;
4) хатшы.
12. Комиссияның жұмыс органының функциялары уәкілетті органға жүктеледі.
Комиссияның жұмыс органы:
1) Комиссия жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша қажетті құжаттармен және материалдармен бірге, отырыс хаттамасының жобасын қоса бере отырып, ұсыныстар дайындайды.
Электрондық құжат форматындағы материалдар мен хаттама жобасын Комиссия хатшысы Комиссияның мүшелеріне Комиссияның отырысы өткізілгенге дейін үш күн бұрын жібереді.
Егер Комиссияның құрамында электрондық құжат айналымы жүйесі жоқ мүшелері болса, материалдар мен хаттама жобасы электрондық почта арқылы жіберіледі;
2) Комиссия мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, Комиссия отырысының күн тәртібін әзірлейді.
3) қол жетімділігі шектеулі ақпаратқа қатысы жоқ ақпаратқа қол жеткізумен байланысты қоғамдық қатынастарда Қазақстан Республикасының заңнамасын іске асыру тәжірибесін қорыту және талдау мақсатында ақпаратты пайдаланушылардың сауалдарын қарайды;
4) Комиссияның қызметіне қатысты мәселелер бойынша ақпарат иеленушілерден және пайдаланушылардан қажетті ақпаратты сұратады және алады;
5) жыл сайын, ағымдағы жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей, Комиссия мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, Комиссияның алдағы жылға арналған жұмыс жоспарын қалыптастырады;
6) жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі 1 ақпанға дейін жыл қорытындысы бойынша Комиссияның қызметі туралы есепті қалыптастырады;
7) ақпаратқа қол жеткізу саласы мәселелері бойынша ақпаратты иеленушілер мен пайдаланушылар үшін әдістемелік ұсынымдар, түсініктемелер, пікірлер және басқа да ақпараттық материалдар әзірлейді;
8) ақпаратқа қол жеткізу саласында анықталған проблемалық мәселелерді талдау және зерделеу үшін мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың мамандарын, сарапшыларын және өкілдерін тартады;
9) өз жұмысына басқа мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тартады;
10) мемлекеттік органдардың, өзге ұйымдардың өкілдерін және Комиссияның мүшелері болып табылмайтын адамдарды (келісу бойынша) Комиссия отырысына шақырады.
13. Комиссия төрағасы:
1) Комиссия жұмысына басшылық етуді жүзеге асырады;
2) Комиссияның кезекті отырысының күн тәртібін бекітеді;
3) Комиссияның жұмыс жоспарын бекітеді;
4) Комиссия отырыстар шақырады;
5) Комиссия отырыстарының хаттамаларына қол қояды;
6) Комиссия шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес дербес жауапты болады.
Комиссия төрағасы болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды.
14. Комиссияның хатшысы Комиссияның мүшесі болып табылмайды.
15. Комиссия отырыстары тоқсанына бір реттен сиретпей, тоқсанның соңғы айының соңғы онкүндігінде өткізіледі.
Ашық отырыстар жұмыс органының ресми интернет-ресурсында және (немесе) әлеуметтік желілердегі аккаунттарында онлайн-форматта таратылады.
16. Отырыстың күн тәртібін, сондай-ақ өткізілетін күнін, уақыты мен орнын Комиссияның төрағасы айқындайды.
Егер Комиссияна отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Комиссия мүшелері отырысқа алмастыру құқығынсыз қатысады.
17. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын электрондық құжат форматында жіберу арқылы жүргізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Егер қаралатын мәселелер бойынша дауыс беру парағында көзделмеген шешімдер болған жағдайда, Комиссияның хатшысы хаттаманың жобасын жасап, оны Комиссияның мүшелеріне электрондық құжат форматында дауыс беру үшін жібереді.
Комиссияның мүшелері хаттама жобасын алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде электрондық құжат форматында келісу парағын жіберу арқылы дауыс беруі қажет. Егер Комиссияның мүшесі белгіленген мерзімде дауыс бермеген жағдайда, хаттама жобасы ескертусіз дауыс берілді деп саналады.
Егер Комиссияның құрамында электрондық құжат айналымы жүйесі жоқ мүшелері болса, келісу парағы электрондық почта арқылы жіберіледі.
18. Комиссияның отырысын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парағының негізінде Комиссия хатшысы үш жұмыс күні ішінде электрондық құжат форматында Комиссия отырысының хаттамасын жасайды.
19. Комиссия отырысының хаттамасына Комиссияның төрағасы немесе оның орынбасары электрондық құжат форматында қол қояды.
20. Дауыс беру парақтары қоса берілген Комиссияның материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алу мен сақтауды Комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
21. Комиссия отырыстарының материалдары мен хаттамалық шешімдері Комиссияның отырысы өткізілген күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей Комиссияның жұмыс органының интернет-ресурсына орналастырылады.
22. Комиссияның жұмыс жоспары және жыл қорытындысы бойынша комиссияның қызметі туралы есеп жұмыс органының интернет-ресурсында олар бекітілген күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей орналастырылады.
Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеге қосымша |
Комиссия мүшелерінің ДАУЫС БЕРУ ПАРАҒЫ ___________________________________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы
№ _____ мәжіліс күні:
Мәселе № | Мәселенің мазмұны | Шешім жобасы | Комиссия мүшесінің шешімі | ||||
қолдаймын | қолдамаймын | пысықталсын | күн тәртібінен алып тасталсын | ескертпе (егер шешімді қолдаса, толтырылмайды) | |||
1. |
________________ | |
(қолы) |