БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын қорғау, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 18-02/664 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11995 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын қорғау, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтер:
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
"9. Орман өрт сөндіру станцияларының мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінің және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызметкерлерін өртке қарсы киіммен жарақтандыру нормативтері
№ р/с | Атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Таралу аймағы |
1. | Өрт сөндірушінің плащы (комбинезон) | Дана | 1 | Орман өрт сөндіру станциясының әрбір қызметкеріне (өрт сөндіру машиналарын, жабдықтары мен аппаратураларын жөндеу жөніндегі радиооператор мен слесарды қоспағанда) |
2. | Арнайы киім және арнайы аяқ киім (алмалы-салмалы жылу оқшаулағыш төсемі бар күрте мен шалбар, жүннен жасалған касканың астынан киетін шлем, карабиносы бар құтқарушы өрт сөндіруші белдігі, өрт сөндірушінің балтасына арналған белдік қап, өрт сөндіруші етік) жиынтықта | Жинақ | 1 | |
3. | Қорғаныс шлемдері | Дана | 1 | |
4. | Қолғап | Дана | 1 |
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. |
Н. Шарбиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі