Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша нормалар мен нормативтерді бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 18-02/664 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 қыркүйекте № 11995 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша нормалар мен нормативтер бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 4 тамыз



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 20 шілдедегі
№ 18-02/664 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру бойынша нормалар мен нормативтер

      Ескерту. Нормативтерге өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.05.2016 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.07.2023 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ормандарды күзету және қорғау жөніндегі iс-шараларды орындауға арналған техника мен жабдықтардың тиесілік нормалары

Техниканың атауы

Жұмыс көлемiнiң 1000 шақырымына, бiрлiк

Өрттен қорғалатын аумақтың 1000 гектарына, бірлік

Орман қорғау жұмыстары (бүрку), 1000 гектар, бірлік

Минералдандырылған алқаптар (жыралар) жасау

Минералдандырылған алқаптарға (жыраларға) күтім жасау

Өртке қарсы мақсаттағы жолдар салу

Өртке қарсы мақсаттағы жолдарды жөндеу және күтіп-ұстау

Алматы, Шығыс Қазақстан,Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аймақтарында

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының шөлді аймақтарында

барлық облыстардың ормандыдала және далалы аймақтарында

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Өрт сөндiру машинасы





0,015

0,002

0,049


2

Мынадай тарту сыныбындағы тракторлар:









1)

3 тонна

0,84


9,3

2,79

0,023

0,004

0,1


2)

1,4 тонна

1,34

1,9

20,2

6,06




1,9

3

Бульдозер



2,76

0,83





4

Бортты автомашина, жүк көтергіштігі 2,5-3,0 тонна

0,02

0,01

0,72

0,22




0,045

5

Сыйымдылығы 2,5-3 тонна автоцистерна








0,47

6

Патрульдік машина





0,023

0,002

0,074


7

Мотоцикл (ат)





0,81

0,022

0,615


8

Бензиндi ара



2,7


0,038

0,001

0,123


9

Тiркемелi, аспалы машиналар мен құралдар:









1)

бұташапқыш, қопарғыш



2,84






2)

террасер



2,0

3,03





3)

дискілі тырма

0,76

0,45


2,79





4)

таптауыш



0,46

3,03





5)

шалғы


1,45







6)

ағаш тасуға арналған айлабұйың



4,0






10

Ранецті бүріккіш, ауа үрлейтін бүріккіш





0,75

0,004

0,246


11

Тракторлы бүрiккiш








1,9

12

Орман өртiн сөндiретiн мотопомпа





0,03

0,004

0,049


13

Өртке қарсы қолданылатын қос дискілі соқа





0,008

0,001

0,025


14

Орман өртiне қолданылатын фрезерлiк агрегат





0,008

0,001

0,025


15

Орман өртiне қарсы жолақ тартушы





0,008


0,025


16

Тұтандырғыш аппарат





0,015


0,025


2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету және қорғау жөніндегі іс-шараларды орындауға арналған, қамтамасыз етілетін объектілердің және техниканың, байланыс құралдары мен спутниктік навигация аспаптарының тиесілік нормалары

Байланыс құралдарымен және спутниктік навигация аспаптарымен қамтамасыз етілетін объектілер мен техниканың атауы

Байланыс құралдарының атауы

Спутниктік навигация аспаптары

Стационарлы

Ұтқыр

Ұстап жүретін

1

Мемлекеттік орман иеленушінің кеңсесі

1




2

Орман өрт сөндіру станциясы

1




3

Өрт сөндіру машинасы


1


1

4

Патрульдік машина


1


1

3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету және қорғау жөніндегі іс-шараларды орындайтын жұмыскерлерге арналған байланыс құралдары мен спутниктік навигация аспаптарының тиесілік нормалары

Байланыс құралдарымен және спутниктік навигация аспаптарымен қамтамасыз етілетін қызметкерлердің атауы

Байланыс құралдарының атауы

Спутниктік навигация аспаптары

Стационарлы

Ұтқыр

Ұстап жүретін

1

Орманшы



1

1

2

Орманшының көмекшісі



1

1

3

Орман шебері



1

1

4

Орман күзетшісі (ерекше қорғалатын табиғи аумақтың мемлекеттік инспекторы)



1


5

Орман өрт сөндіру станциясының бастығы



1

1

6

Орман өрт сөндірушісі



1


7

Радиооператор



1


4. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман қорын пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру жөнiндегi іс-шараларды орындауға арналған техника мен жабдықтардың тиесілілік нормалары

Техниканың атауы

Күтіп-баптау мақсатында кесу, 1000 текше метр, бірлік

Санитариялық кесу 1000 текше метр, бірлік

Екпелер өсіру, миллион дана, бірлік

Көшеттер, өсіру, миллион дана, бірлік

Жұмыс көлемінің 1000 гектарына, бірлік

Алаңдарды қопсыту

Алаңдарды тазарту

Топырақты дайындау

Себу алдында топырақты өңдеп, ағаш тұқымын себу

Себу алдында топырақты өңдеп, ағаш отырғызу

Орман ағаш тарын күтіп баптау

Орманның табиғи қайта түленуіне жәрдемдесу

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

1

Мынадай тарту сыныбындағы тракторлар:












1)

5-6 тонн





34,5

14






2)

3 тонны



0,145

0,81


0,76

7,99


2,03

0,3

0,24

3)

1,4 тонны

0,41

0,41

0,021

2,62



0,49

0,6

0,95

1,04


4)

0,6-0,9 тонны



0,169

0,44








2

Экскаватор



0,024

0,143








3

Автомашиналар:












1)

Бортты жүккөтергіштігі 2,5-3 тонна

0,02

0,02

0,04


0,24

0,07

0,07

0,25

0,23

0,7

0,12

2)

жүккөтергіштігі 3-5 тонна өзiаударғыш



0,19

0,05








3)

жүккөтергіштігі 2,5-3 тонна автоцистерна

0,001

0,001

0,02

0,12

0,24

0,14

0,07

0,11

0,01

0,02


4

Сорғы станциясы



0,12









5

Бензиндi ара

0,55

0,23










6

"Секор" үлгісіндегі мотоаспап

0,42











7

Тiркемелi, аспалы машиналар мен құралдар:












1)

бұташапқыш, қопарғыш





34,5

14,0






2)

төрт корпусты соқа



0,01

0,07



3,59

0,3


0,3

0,08

3)

қопсытқыш соқа




0,08








4)

фреза



0,12

0,25







0,08

5)

қар жыртқыш







1,14





6)

қазғыш қапсырма, қазғыш соқа



0,01

0,38








7)

дискілi тырма



0,001

0,015



3,26

0,1



0,08

8)

тiсті тырмалар (буын)



0,024

0,08



1,47


3,8



9)

сыдыра жыртқыш







0,29






Қопсытқыштар:












10)

орман қарықтарын жасайтын қопсытқыш







0,2



1,34


11)

бүйiрлi қопсытқыш










1,04


12)

қопсытқыш өciмдік коректендiргіш



0,13

2,36






1,04


13)

булы қопсытқыш



0,005

0,15



0,29


0,95



14)

таптауыш



0,002

0,01








15)

орман питомниктерiне арналған тұқым сепкіш



0,02









16)

сексеуілге арналған тұқым сепкiш








0,2




17)

ағаш отырғызатын машина отырғызғыш




0,19





6,09



18)

бүрiккiш



0,011

0,18








19)

тіркемелер, тыңайтқыш шашқыш



0,006

0,11








20)

тіркеуіш



0,006

0,02





2,03



8

Жаңбырлатқыш машина



0,12

0,6








5. Мемлекеттік орман қоры жерлеріндегі ормандарды қорғау нормативтерi*

Мемлекеттік орман қорының санаттары

Орман қарау аймағының нормативтiк алаңы, мың гектар

Орман шеберi учаскесiнiң нормативтiк алаңы, мың гектар

1

2

3

4

1

Елдi мекендер мен емдеу-сауықтыру мекемелерiнiң жасыл аймақтары, қала ормандары мен орманды саябақтар

0,25

1,0

2

Мемлекеттік қорғаныштық орман алқаптары

0,35

1,6

3

Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа да су объектілерінің жағалауларындағы тыйым салынған белдеулер;

халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланымдағы темір жолдар мен автомобиль жолдарының бойындағы қорғаныштық орманды екпелер;

халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланымдағы темір жолдар мен автомобиль жолдарына, магистральды құбырларға және басқа да желілiк құрылыстарға бөлiп берілген белдеулердегi қорғаныштық екпелер

1,75

8,0

4

Эрозияға қарсы ормандар:

1) дала және орманды-дала аудандарында;

2) шөлдi аудандарда

1,5

30,0

7,0

150,0

5

Егiстiк топырағын қорғау ормандары:

оның iшінде:

1) далалық шоқ ормандар; Қазақстандық шағын адырды қоса алғанда, шөлейт, дала, орманды-дала аудандарындағы ормандар

2) орманы аз таулы аудандардағы ормандар;

3) шөлдi аудандардағы ормандар

2,0

5,25

40,0

9,0

24,0

160,0

6

Ерекше қорғалатын орман аумақтары:

оның iшiнде:

1) мемлекеттік қорықтық аймақтар ормандары; мемлекеттік табиғат ескерткіштері; генетикалық орман резерваттарын қоса алғанда ғылыми маңызы бар орман учаскелерi; ормандағы жемiстік екпе ағаштар;

2) ерекше бағалы орман массивтерi; жаңғақты кәсiпшілiк аймақтары;

3) субальпiлiк ормандар

1,25



2,5

5,0

5,0



10,0

20,0


      Ескерту: * - аумақтың игерілуiне, мемлекеттік орман қоры учаскелерiнiң ормандылығына және қол жетiмділiгiне қарай көрсетілген нормативтердi +/- 25 пайызға түзетуге рұқсат етіледi.

6. Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орман өрт сөндіру станциялары қызметкерлері санының нормативтері *

Лауазымдар атауы

Қызметкерлер саны

1-үлгідегі орман өрт сөндіру станциясы

2-үлгідегі орман өрт сөндіру станциясы

1

Орман өрт сөндіру станциясының басшысы

1

1

2

Өрт сөндіру машинасының жүргізушісі

1

2

3

Тракторшы-машинист

1

2

4

Радиооператор

1

1

5

Өрт сөндіру машиналарын, жабдықтары мен аппаратурасын жөндеу жөніндегі слесарь

1

1

6

Орман өрт сөндірушісі

4

8


      Ескерту: * - аумақтың игерілуiне, мемлекеттік орман қоры учаскелерiнiң ормандылығына және қолжетiмділiгiне қарай көрсетілген нормативтердi +/- 25 пайызға түзетуге рұқсат етіледi.

7. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiндегі ормандарды қорғау нормативтері *

Функциональдық аймақтар

Орман қарау аймағының нормативтiк алаңы, мың гектар

Орман шеберi учаскесiнiң нормативтiк алаңы, мың гектар

1

2

3

4

1. Биосфeралық қорықтарды қоса алғанда мемлекеттік табиғи қорықтар

1

Қорықтық режим, оның iшiнде:

1) орманды-дала және дала аудандарында

2) таулы аудандарда оның iшiнде:

а) орман өскен

б) ормансыз

3) шөл және шөлейт аудандарда

4) сулы-батпақты алқапта

1,25

2, 3

4,0

20,0

9,5


2. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер

1

Қорықтық режим, оның iшiнде:

1) орманды-дала және дала аудандарында

2) таулы аудандарда оның iшiнде:

а) орман өскен

б) ормансыз

3) шөл және шөлейт аудандарда

1,25

2,3

4,0

20,0

5,0

9,5

16,0

80,0

2

Қаумал режимi, оның iшiнде:

1) рекреациялық пайдаланудағы, оның iшiнде:

а) жоғары қарқынмен пайдаланылатын;

б) төмен қарқынмен пайдаланылатын

2) әкiмшілiк-өндiрiстiк қызметте; келушілер мен туристерге қызмет көрсетуде; шектеулi шаруашылық қызметте

0,25

1,0

1,5

1,0

4,0

5,0

3. Мемлекеттік табиғи резерваттар

1

Қорықтық өзек, оның iшiнде:

1) орманды-дала және дала аудандарында

2) таулы аудандарда, оның iшiнде:

а) орман өскен

б) ормансыз

3) шөл және шөлейт аудандарда

1,25

2,3

4,0

20,0

5,0

9,5

16,0

80,0

2

Аралық аймақ

1,25

5,0

3

Бұзылған ландшафттарды қалпына келтiру аймағы; тұрақты даму аймағы

2,5

10,0


      Ескерту: * - аумақтың игерiлуіне, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың рекреациялық жүктемесiне, аймақтарға бөлiнуiне қарай көрсетiлген нормативтердi +/- 25 пайызға түзетуге рұқсат етіледi.

8. Орман қорын авиациялық қорғау жөніндегі жұмыстардың нормативтерi

Өрт қауiптілiгiнiң табиғи сыныптары бойынша орман түрлерi

Қорғалатын алаң, мың гектар

Әуе кемелерінің нормативтері (дана) оның ішінде

Өрт қауiптiлiгiнiң сыныбы

Өрт қауіптілi гінің тиiстi сыныбында нормативтiк ұшу сағаты, сағат/мың гектар

тікұшақтар

ұшақтар

1

2

3

4

5

6

7

1

Ертіс өңiрiнiң (Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары) қатты кеуiп қалған қарағайлы ормандары, уақытша және байырғы қайыңды ормандары мен көктеректi ормандары, тiзбектi тоғайлардың жайылмалы ормандары

931

4 (II-IV классты тік ұшақтар)


1

2

3

4

5

-

0,043

0,154

0,335

1,190

2

Қазақтың шағын адыры мен аралдағы қарағайлы ормандардың (Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары) қатты кеуіп қалған және кеуiп қалған қарағайлы ормандары, байырғы және уақытша қайыңды ормандары мен көктеректі ормандары, жайылмалы ормандары

809

4 (II-IV классты тік ұшақтар)


1

2

3

4

5

-

0,096

0,205

0,466

0,979

3

Жоңғар Алатауының, Күнгей Алатауының, Терiскей Алатауының, Iле Алатауының (Алматы облысы) жартастағы шыршалы ормандары, мүкшөптi шыршалы ормандары және майқарағайлы ормандары, кеуіп қалған көктеректi ормандары, алма ағаштары және тоғайлы ормандары

1069

3 (I-классты 1 тікұшақ II-IV классты 2 тік ұшақтар)

2

1

2

3

4

5

-

0,151

0,274

0,317

0,442

4

Оңтүстік және Кендi Алтайдың, Сауыр Тарбағатайдың және Қалба жотасының (Шығыс Қазақстан облысы) кеуіп қалған және жартастағы қарағайлы ормандары, шыршалы ормандары, майқарағайлы ормандары, самырсынды ормандары, балқарағайлы ормандары, қайыңды ормандары және көктеректі ормандары

2686

4 (I-классты 1 тікұшақ II-IV классты 3 тік ұшақтар)

1

1

2

3

4

5

-

0,041

0,093

0,200

0,502

5

Қазақтың шағын адырының қатты кеуіп қалған және кеуіп қалған қарағайлы ормандары, байырғы және уақытша қайыңды ормандары мен көктеректі ормандары, жайылмалы ормандары (Қарағанды облысы)

90,3

1 (II-IV классты тік ұшақтар)


1

2

3

4

5

-

0,245

0,749

1,544

2,756

6

Сексеуілді және тоғайлы ормандар (Жамбыл облысы)

3283,7

1 (II-IV классты тік ұшақтар)

1

1

2

3

4

5

-

0,012

0,024

0,117

0,462


Авиациялық күзетуге жататын орман қорының барлық алаңы

8869

17

4




      Ескерту:

      1. Өрт қауiптiлiгiнiң мынадай сыныптарында (бұдан әрі – ӨҚС) күзету жиiлiгi мынаны құрайды:

      І ӨҚС-да ұшып аралау жүргiзілмейдi;

      ІІ ӨҚС-да күн ара – 1 ұшып

      III ӨҚС-да күн сайын – 1 ұшып аралау;

      IV ӨҚС-да күн сайын – 2 ұшып аралау;

      V ӨҚС-да күн сайын – 3 ұшып аралау.

      2. Күзету жиiлiгi жел жылдамдығы секундына 8 метрден асқан жағдайда, сондай-ақ өрт қаупi бар маусымның демалыс және мерекелi күндерiнде көбейтілуi мүмкiн.

9. Орман өрт сөндіру станцияларының мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінің және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызметкерлерін өртке қарсы киіммен жарақтандыру нормативтері

№ р/с

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Таралу аймағы

1.

Өрт сөндірушінің плащы (комбинезон)

Дана

1

Орман өрт сөндіру станциясының әрбір қызметкеріне (өрт сөндіру машиналарын, жабдықтары мен аппаратураларын жөндеу жөніндегі радиооператор мен слесарды қоспағанда)

2.

Арнайы киім және арнайы аяқ киім (алмалы-салмалы жылу оқшаулағыш төсемі бар күрте мен шалбар, жүннен жасалған касканың астынан киетін шлем, карабиносы бар құтқарушы өрт сөндіруші белдігі, өрт сөндірушінің балтасына арналған белдік қап, өрт сөндіруші етік) жиынтықта

Жинақ

1

3.

Қорғаныс шлемдері

Дана

1

4.

Қолғап

Дана

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады