"Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын қорғау, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 18-02/664 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 21 шілдедегі № 227 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 24 шілдеде № 33141 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын қорғау, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 18-02/664 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11995 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын қорғау, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтер:

      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

      "9. Орман өрт сөндіру станцияларының мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінің және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызметкерлерін өртке қарсы киіммен жарақтандыру нормативтері

№ р/с

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Таралу аймағы

1.

Өрт сөндірушінің плащы (комбинезон)

Дана

1

Орман өрт сөндіру станциясының әрбір қызметкеріне (өрт сөндіру машиналарын, жабдықтары мен аппаратураларын жөндеу жөніндегі радиооператор мен слесарды қоспағанда)

2.

Арнайы киім және арнайы аяқ киім (алмалы-салмалы жылу оқшаулағыш төсемі бар күрте мен шалбар, жүннен жасалған касканың астынан киетін шлем, карабиносы бар құтқарушы өрт сөндіруші белдігі, өрт сөндірушінің балтасына арналған белдік қап, өрт сөндіруші етік) жиынтықта

Жинақ

1

3.

Қорғаныс шлемдері

Дана

1

4.

Қолғап

Дана

1

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а.
Н. Шарбиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады