Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 шілдедегі № 312 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 27 шілдеде № 33163 болып тіркелді.


      26.07.2023 редакциясында

      ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 31.07.2023 ж. жарияланды

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 шілдедегі № 312 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 27 шілдеде № 33163 болып тіркелді

      Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 85) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі       Т. Дуйсенова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2023 жылғы 26 шілдедегі
№ 312 бұйрығына
қосымша

      Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидалары

      1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидалары (бұдан әрі -үлгілік қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 85) тармақшасына сәйкес әзірленді және облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік тәртібін айқындайды.

      2. Осы үлгілік қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) әлеуметтік еңбек саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйе – уәкілетті мемлекеттік органның, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, еңбек мобильділігі орталықтарының, мансап орталықтарының, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған ақпараттандыру объектісі;

      2) қандас – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкес тиісінше мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;

      3) қандастарды бейімдеу және интеграциялау орталығы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын және қандастарға, олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және интеграциялау қызметтерін көрсетуге және уақытша тұруға арналған заңды тұлға;

      4) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың және (немесе) қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;

      5) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ішкі көшіп-қонушы;

      6) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың және (немесе) қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;

      7) облыс ішінде қоныс аудару – мемлекеттік тұрғын үй қорынан және/немесе жұмыс берушілердің қаражаты есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу немесе кәсіпкерлік бастамаларға жәрдемдесу мүмкіндігі болған кезде экономикалық даму әлеуеті төмен ауылдардан облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға, экономикалық өсу орталықтарына бір облыс шегінде қоныс аудару;

      8) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарды айқындайтын жергілікті атқарушы органы;

      9) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы басшылықты, көші-қон процестерін реттеуді, халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      10) ішкі көші-қон – жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының ішінде тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында қоныс аударуы;

      11) ішкі көшіп-қонушы – тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында Қазақстан Республикасының ішінде өз бетінше қоныс аударушы адам;

      12) этникалық қазақ – ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.

      2-тарау. Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеу тәртібі

      3. Өңірлерде көші-қон процестерін мониторингтеу олардың әлеуметтік-экономикалық, демографиялық және мәдени дамуының жай-күйіне, экологиялық ахуалына әсері ескеріліп жүзеге асырылады.

      Өңірдегі көші-қон процестерінің ерекшеліктеріне халықтың тығыздығы, көшіп келу, эмиграция, еңбек көші-қоны, ішкі көші-қон ағыны, урбандалу процесі, өңірдің экологиялық және діни жағдайы, халықтың ұлттық құрамы, өңірлік еңбек нарығының теңгерімділігі, инженерлік-көліктік және әлеуметтік инфорақұрылыммен қамтамасыз ету жатады.

      4. Өңірдегі көші-қон процестерін реттеу үшін жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:

      өңірдің тиісті аумағын қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерге жатқызуға (жатқызбауға);

      шетелдік жұмыс күшін, оның ішінде этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан тартуға квотаны ұлғайтуға (қысқартуға);

      қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квоталарын ұлғайтуға (қысқартуға);

      еңбекші көшіп келушілерді тартуға квотаны ұлғайтуға (қысқартуға) қатысты ұсыныстар енгізеді.

      5. Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру екі бағыт бойынша:

      1) Үкімет айқындаған өңірлерге қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде;

      2) бір облыс шегінде жүзеге асырылады.

      6. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жөніндегі жергілікті атқарушы орган жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін экономикалық даму әлеуеті орташа және жоғары ауылдық елді мекендердің, шағын және моноқалалар, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, сондай-ақ экономикалық өсу орталығы қатарынан елді мекендердің тізбесін қалыптастырады.

      7. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жөніндегі жергілікті атқарушы орган жыл сайын, 15 желтоқсанға дейін, қандастар мен қоныс аударушыларды, оның ішінде облыс ішінде қоныстандыру мақсатында жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуына арналған елді мекендердің тізбесін анықтайды.

      8. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган елді мекендер тізбесін Электрондық еңбек биржасында, "Қоныс аудару" бөлімінде орналастыруды қамтамасыз етеді және еңбек мобильділігі орталықтарына, ауылдық округтердің әкімдіктеріне жібереді.

      9. Халықтың кетуі халықтың көбею қарқынына қарағанда көп болған кезде көші-қон процестерін реттеу білікті жұмыс күшін тартуға және оларға жедел әлеуметтік бейімделуге жәрдемдесуге, қандастарды, әсіресе, жастарды кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға бағытталған іс-шаралар әзірлеу арқылы да жүзеге асырылады.

      10. Демографиялық дамуды мемлекеттік қолдауға қажеттілігі бар даму әлеуеті бар агломерация және ауылдық елді мекендердің, шағын және моноқалалардың, аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың аумақтарында қандастарды қоныстандыру үшін бейімдеу бағдарламалары жүзеге асырылады.

      11. Көші-қон жағдайының дамуын мониторингтеуді және болжауды қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру, мектептер, балабақшалар және медициналық мекемелер салу мәселелерін шешу, әлеуметтік-экономикалық дамытуды жоспарлау мақсатында халықты тіркеу есебі жүзеге асырылады.

      12. Қазақстан Республикасының азаматтарын, Қазақстан Республикасында уақытша болатын немесе тұрғылықты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты және (немесе) уақытша болатын (тұратын) жеріне тіркеу және есепке алу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен бекітілген "Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" қағидаларымен жүзеге асырылады.

Об утверждении Типовых правил регулирования миграционных процессов в областях, городах республиканского значения, столице

Приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 26 июля 2023 года № 312. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 июля 2023 года № 33163.

      В соответствии с подпунктом 85) пункта 15 Положения о Министерстве труда и социальной защиты населения Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2017 года № 81, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить типовые правила регулирования миграционных процессов в областях, городах республиканского значения, столице согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету по миграции Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра -
Министр труда и социальной
защиты населения Республики Казахстан
Т. Дуйсенова

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство финансов
Республики Казахстан
      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан
      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

 
  Приложение к приказу
Заместитель Премьер-
Министра - Министр труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан
от 26 июля 2023 года № 312

Типовые правила регулирования миграционных процессов в областях, городах республиканского значения, столице

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие типовые правила регулирования миграционных процессов в областях, городах республиканского значения, столице (далее – типовые правила) разработаны в соответствии с подпунктом 85) пункта 15 Положения о Министерстве труда и социальной защиты населения Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2017 года № 81 и определяют типовой порядок регулирования миграционных процессов в областях, городах республиканского значения и столице.

      2. Основные понятия, которые используются в настоящих типовых правилах:

      1) единая информационная система социально-трудовой сферы – объект информатизации, предназначенный для автоматизации деятельности уполномоченного государственного органа, местных исполнительных органов по вопросам социальной защиты и занятости населения, центров трудовой мобильности, карьерных центров, Центра развития трудовых ресурсов и межведомственного взаимодействия в целях предоставления государственных услуг населению в социально-трудовой сфере;

      2) кандас – этнический казах и (или) члены его семьи казахской национальности, ранее не состоявшие в гражданстве Республики Казахстан, получившие соответствующий статус в порядке, установленном уполномоченным органом по вопросам миграции населения;

      3) центр адаптации и интеграции кандасов – юридическое лицо, учреждаемое местным исполнительным органом областей, городов республиканского значения, столицы в соответствии с законодательством Республики Казахстан и предназначенное для оказания кандасам, членам их семей адаптационных и интеграционных услуг и временного проживания;

      4) региональная квота приема кандасов – предельное число кандасов или кандасов и членов их семей, прибывающих для постоянного проживания в регионы, определенные Правительством Республики Казахстан, которые обеспечиваются мерами государственной поддержки, предусмотренными участникам активных мер содействия занятости в соответствии с Социальным кодексом Республики Казахстан;

      5) переселенец – внутренний мигрант, переселившийся в регионы, определенные Правительством Республики Казахстан;

      6) региональная квота приема переселенцев – предельное число переселенцев или переселенцев и членов их семей, прибывающих для постоянного проживания в регионы, определенные Правительством Республики Казахстан, которые обеспечиваются мерами государственной поддержки, предусмотренными участникам активных мер содействия занятости в соответствии с Социальным кодексом Республики Казахстан;

      7) внутриобластное переселение – переселение в пределах одной области из сел с низким экономическим потенциалом в города областного (районного) значения при возможности выделения жилища из государственного жилищного фонда и трудоустройства на постоянное рабочее место или в развитии предпринимательской инициативы;

      8) местный исполнительный орган по вопросам социальной защиты и занятости населения – местный исполнительный орган области, городов республиканского значения, столицы, определяющий направления в сфере социальной защиты и занятости населения;

      9) уполномоченный орган по вопросам миграции населения – центральный исполнительный орган, осуществляющий в пределах своей компетенции руководство в области миграции населения, регулирование миграционных процессов, координацию работы и реализацию государственной политики в области миграции населения;

      10) внутренняя миграция - переселение физических лиц внутри Республики Казахстан в целях постоянного или временного проживания;

      11) внутренний мигрант – лицо, переселяющееся внутри Республики Казахстан самостоятельно в целях постоянного или временного проживания

      12) этнический казах – иностранец или лицо без гражданства казахской национальности.

Глава 2. Порядок регулирования миграционных процессов в областях, городах республиканского значения, столице

      3. В регионах мониторинг миграционных процессов осуществляется с учетом их влияния на состояние социально-экономического, демографического и культурного развития, экологическую обстановку.

      К особенностям миграционных процессов в регионе относятся плотность населения, иммиграция, эмиграция, трудовая миграция, потоки внутренней миграции, процесс урбанизации, экологическая и религиозная обстановка региона, национальный состав населения, сбалансированность регионального рынка труда, обеспеченность инженерно-транспортной и социальной инфраструктурой.

      4. Для регулирования миграционных процессов в регионе местные исполнительные органы по вопросам социальной защиты и занятости населения вносят предложения в уполномоченный орган по вопросам миграции населения, касающиеся:

      отнесения (исключения) соответствующей территории региона для расселения кандасов и переселенцев;

      увеличения (сокращения) квоты на привлечение иностранной рабочей силы, в том числе из числа этнических казахов и бывших соотечественников;

      увеличения (сокращения) региональных квот приема кандасов и переселенцев на среднесрочный период или предстоящий год;

      увеличения (сокращения) квоты на привлечение трудовых иммигрантов.

      5. Расселение кандасов и переселенцев осуществляется по двум направлениям:

      1) в регионы, определенные Правительством, в рамках региональных квот приема переселенцев и кандасов;

      2) в пределах одной области.

      6. Местный исполнительный орган по вопросам социальной защиты и занятости населения для повышения мобильности рабочей силы формирует перечень населенных пунктов для переселения из числа сельских населенных пунктов, малых и моногородов со средним и высоким потенциалом экономического развития, городов областного и районного значения, а также центра экономического роста.

      7. Местный исполнительный орган по вопросам социальной защиты и занятости населения ежегодно, до 15 декабря определяет перечень населенных пунктов для добровольного переселения лиц для повышения мобильности рабочей силы в целях расселения кандасов и переселенцев, в том числе для внутриобластного переселения.

      8. Местный орган по вопросам социальной защиты и занятости населения обеспечивает размещение перечня населенных пунктов в Электронной бирже труда, в разделе "Переселение" и направляет в центр трудовой мобильности, в карьерные центры, акиматам сельских округов.

      9. При оттоке населения, превышающем темпы воспроизводства населения, регулирование миграционных процессов осуществляется, в том числе путем разработки мероприятий, направленных на привлечение квалифицированной рабочей силы и оказание им содействия в ускоренной социальной адаптации, профессиональное обучение и переподготовку кандасов, особенно молодежи.

      10. В территориях агломерации и сельских населенных пунктов, малых и моногородов, городов районного и областного значения с потенциалом развития, имеющих потребность в государственной поддержке демографического развития реализуются адаптационные программы для расселения кандасов.

      11. В целях обеспечения мониторинга и прогнозирования развития миграционной ситуации, решения вопросов трудоустройства, строительства школ, детских садов, медицинских учреждений, планирования социально-экономического развития осуществляется регистрационный учет населения.

      12. Регистрация и учет граждан Республики Казахстан, временно пребывающих или постоянно проживающих в Республике Казахстан иностранцев и лиц без гражданства по месту постоянного и (или) временного пребывания (проживания) осуществляются в соответствии с Правилами регистрации внутренних мигрантов, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 1427 "Об утверждении Правил регистрации внутренних мигрантов и внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан".