"Бағаларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 16 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2023 жылғы 25 шiлдедегі № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 шiлдеде № 33179 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бағаларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 16 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18065 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 39) тармақшасына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бағаларды тіркеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бағаларды тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 39) тармақшасына сәйкес әзірленді.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қағидалар аумақтық статистика бөлімшелерінің бағалар туралы ақпаратты жинау процесін ұйымдастыруға және жүзеге асыруға арналған.";

      4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қағидаларда "Мемлекеттік статистика туралы" Заңда айқындалған мәндердегі ұғымдар және мынадай негізгі анықтамалар пайдаланылады:";

      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Бағаларды тіркеуді тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) белгілі бір саны мен бағалар (тарифтер) тіркелетін базалық объектілер бекітіліп берілген аумақтық статистика бөлімшелерінің тиісті лауазымды адамдары (бұдан әрі – маман) жүзеге асырады.";

      7-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тауарлар мен ақылы көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлеріне бағалар (тарифтер) интернет арқылы (жолаушылардың теміржол көлігі мен әуе көлігі қызметі, ұялы байланыс, медициналық қызметтің жекеленген түрлері және басқа) немесе телефон (факс) арқылы тіркеледі. Бағалар туралы ақпаратты телефон арқылы алған кезде олардың қызметкерлерімен жеке байланысты ұстап тұру мақсатында және олардың бағаны анықтау кезінде өкіл тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) таңдауы кезінде қателіктерге жол бермеуі мақсатында, сондай-ақ іріктелген өкіл тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) ерекшеліктерінің салыстырмалылығына көз жеткізу үшін мамандар базалық объектілерге кезең-кезеңімен (тоқсанына бір рет) барып тұрады.";

      8-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өкіл тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) нақты түрлеріне тіркелген бағалар (тарифтер) тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтердің бағаларын жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанына енгізіледі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Бағаларды тiркеу іріктемелі статистикалық байқау қағидаттарына негізделеді және өңірдің елді мекенінің, елді мекендегі сауда объектілерінің, тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) және олардың базалық объектідегі әртүрлілігінің тек бір бөлігін қамтиды.

      Бағаларды тіркеу үшін іріктеп алынған елді мекендердің тізбесін статистиканың аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы (бұдан әрі – құрылымдық бөлімшенің басшысы) қалыптастырады және статистиканың аумақтық бөлімшесінің басшысымен келісіледі.

      Бағаларды тіркеу үшін базалық объектілерді және елді мекендердің тізбесін іріктеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 230 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12955 болып тіркелген) Тұтыну бағасының индексін құру әдіснамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Статистиканың аумақтық бөлімшелері статистикалық байқау жүргізу кезінде Заңның алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығы мен қорғалуын қамтамасыз ететін ережелеріне сәйкес басшылықты, сауда және көрсетілетін қызмет саласындағы базалық объектілер иелерін олардың объектілері бағаларды тіркеу үшін базалық объектілер тізіміне енгізілгені туралы хабардар етеді.

      Бағаларды тіркеу үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін құрылымдық бөлімше басшысы мамандар арасында бөледі. Әрбір өкіл тауарға (көрсетілетін қызметке) маман олардың нақты ассортиментті түрлерін таңдап алады. Байқауға таңдап алынған өкіл тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) ассортиментті түрлері құрылымдық бөлімше басшысымен келісіледі.";

      13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Есепті жылдың басында осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақтық статистика бөлімшесінің басшысы бекітетін тоқсандар бойынша Бағаларды тіркеу кезіндегі деректердің сапасы мен анықтығын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) жасалады.";

      Бағаларды тіркеу қағидаларына 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "

  Бағаларды тіркеу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  _____________________
_____________________
(аумақтық статистика
бөлімшесінің атауы)

      ";

      Бағаларды тіркеу қағидаларына 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "

  Бағаларды тіркеу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  _____________________
_____________________
(аумақтық статистика
бөлімшесінің атауы)

      ";

      Бағаларды тіркеу қағидаларына 3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "

  Бағаларды тіркеу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  "Бекітемін"
аумақтық статистика
бөлімшесінің басшысы
_____________________
(Т.А.Ә.(бар болған жағдайда))
_________________
(қолы)
20__жылғы "___"___________

      ";

      Бағаларды тіркеу қағидаларына 4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "

  Бағаларды тіркеу қағидаларына
4-қосымша
  Нысан
  _____________________
_____________________
(аумақтық статистика
бөлімшесінің атауы)

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросының басшысы
Ж. Шаймарданов

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 26 декабря 2018 года № 16 "Об утверждении правил регистрации цен"

Приказ Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 25 июля 2023 года № 12. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 июля 2023 года № 33179

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 26 декабря 2018 года № 16 "Об утверждении правил регистрации цен" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 18065) следующие изменения:

      преамбулу приказа изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 39) пункта 15 Положения об Агентстве по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 5 октября 2020 года № 427, а также подпунктом 25) пункта 15 Положения о Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан, утвержденного приказом Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 9-нқ, ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах регистрации цен, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Правила регистрации цен (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 39) пункта 15 Положения Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 05 октября 2020 года № 427.";

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Правила предназначены для организации и осуществления процесса сбора информации о ценах территориальными подразделениями статистики.";

      абзац первый пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "В Правилах используются понятия в значениях, определенных в Законе "О государственной статистике" (далее – Закон) и следующие основные определения:";

      часть первую пункта 5 изложить в следующей редакции:

      "Регистрация цен осуществляется соответствующими должностными лицами территориальных подразделений статистики (далее – специалист), за которыми закрепляется определенное количество товаров (услуг) и базовые объекты, где фиксируются цены (тарифы).";

      часть третью пункта 7 изложить в следующей редакции:

      "На отдельные виды товаров и платных услуг цены (тарифы) регистрируются через интернет (услуги пассажирского железнодорожного и воздушного транспорта, сотовой связи, отдельные виды медицинских услуг и другие) или по телефону (факсу). При получении информации о ценах по телефону, специалисты периодически (раз в квартал) посещают базовые объекты с целью поддержания личных контактов с их сотрудниками и для недопущения ошибок при выборе ими товаров (услуг)-представителей при определении цены, а также чтобы удостовериться в сопоставимости спецификаций отобранных товаров (услуг)-представителей.";

      часть четвертую пункта 8 изложить в следующей редакции:

      "Зафиксированные цены (тарифы) на конкретные виды товаров (услуг) -представителей заносятся в статистическую форму общегосударственного статистического наблюдения за ценами на потребительские товары и платные услуги.";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Регистрация цен основывается на принципах выборочного статистического наблюдения и охватывает только часть населенных пунктов региона, объектов торговли в населенном пункте, товаров (услуг) и их разновидностей в базовом объекте.

      Перечень населенных пунктов, отобранных для регистрации цен, формируется руководителем структурного подразделения территориального подразделения статистики (далее – руководитель структурного подразделения) и согласовывается с руководителем территориального подразделения статистики.

      Отбор базовых объектов и перечня населенных пунктов для регистрации цен осуществляется в соответствии с Методологией построения индекса потребительских цен, утвержденной приказом исполняющего обязанности Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 30 декабря 2015 года № 230 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12955).

      Территориальные подразделения статистики информируют руководство, владельцев базовых объектов торговли и сферы услуг о включении их объекта в список базовых объектов для регистрации цен, при проведении статистического наблюдения, в соответствии с положениями Закона, обеспечивающих конфиденциальность и защиту первичных статистических данных.

      Перечень товаров и услуг для регистрации цен распределяется руководителем структурного подразделения между специалистами. На каждый товар (услугу) - представитель специалистом подбираются конкретные их ассортиментные виды. Выбранные для наблюдения ассортиментные виды товаров (услуг) - представителей согласовываются с руководителем структурного подразделения.";

      часть первую пункта 13 изложить в следующей редакции:

      "13. В начале отчетного года составляется План мероприятий по обеспечению качества и достоверности данных при регистрации цен (далее – План), утверждаемый по кварталам руководителем территориального подразделения статистики, по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам.";

      текст в правом верхнем углу Приложения 1 к Правилам регистрации цен изложить в следующей редакции:

      "

  Приложение 1
к Правилам регистрации цен
  Форма
  _____________________
_____________________
(наименование территориального
подразделения
статистики)

      ";

      текст в правом верхнем углу Приложения 2 к Правилам регистрации цен изложить в следующей редакции:

      "

  Приложение 2
к Правилам регистрации цен
Форма
  _____________________
_____________________
(наименование территориального
подразделения
статистики)

      ";

      текст в правом верхнем углу Приложения 3 к Правилам регистрации цен изложить в следующей редакции:

      "

  Приложение 3
к Правилам регистрации цен
  Форма
  "Утверждаю"
Руководитель
территориального подразделения статистики
_____________________
(Ф.И.О. (при его наличии))
_____________________
(подпись)
"__"_________________20__года

      ";

      текст в правом верхнем углу Приложения 4 к Правилам регистрации цен изложить в следующей редакции:

      "

  Приложение 4
к Правилам регистрации цен
  Форма
  _____________________
_____________________
(наименование территориального
подразделения
статистики)

      ".

      2. Юридическому департаменту Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Руководитель Бюро национальной статистики
Агентства по стратегическому планированию и
реформам Республики Казахстан
Ж. Шаймарданов