БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №118 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10622 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау Қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
А. Саткалиев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2023 жылғы 31 шілдедегі № 286 Бұйрыққа қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 118 бұйрығымен бекітілген |
Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аукциондық баға – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі өндіретін электр бірыңғай сатып алушының сатып алуына арналған, аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалған және тиісті шекті аукциондық баға деңгейінен аспайтын баға;
2) басым тұтынушылар – құрамына электр энергиясын өндіру үшін қазба отындарын пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар кіретін тұлға немесе тұлғалар тобы және (немесе) өндіріп шығарған электр энергиясын осы тұлға немесе тұлғалар тобы толық көлемде тұтынатын не электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға орталықтандырылған сауда-саттықта сататын, жұмыс істеп тұрған (2018 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген және уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесіне енгізбеген) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін және (немесе) жұмыс істеп тұрған (2021 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілерін меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде иеленетін энергия өндіруші ұйымдар;
3) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі – қаржы-есеп айырысу орталығы) – Заңның 1-бабының 4) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган айқындаған, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының тарапы болып табылатын заңды тұлға;
4) жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф – басым тұтынушылар, өнеркәсіптік кешендер және тікелей тұтынушылар үшін электр энергиясын бірыңғай сатып алушы белгілейтін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілер өндірген электр энергиясын бірыңғай сатып алушының сатуына арналған тариф;
5) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
6) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын "шығындар" – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға арналған бірыңғай сатып алушының "шығындары", электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын "шығындар", электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында жұмсалған "шығындар" (кірістерді шегергенде), резервтік қорды қалыптастыруға арналған "шығындар" және оның қызметін жүзеге асыруға байланысты "шығындар";
7) қайталама энергетикалық ресурстар – электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын ферроқорытпа, кокс және доменді газдарды пайдалану бөлігінде өнеркәсіптік өндіріс процесінде жанама өнім ретінде түзілетін энергетикалық ресурстар;
8) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
9) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объект – қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға арналған техникалық құрылғылар мен қондырғылардың және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату үшін технологиялық жағынан қажетті, олармен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылымның жиынтығы;
10) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудан алынатын энергияны өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
11) операциялық шығындар – электр энергиясын бірыңғай сатып алушының қызметін жүзеге асыруға байланысты шығындар;
12) өнеркәсіптік кешен – өздерінің құрамындағы меншік, жалға алу немесе өзге де заттық құқықтағы генерациялайтын көздерден электр энергиясымен қамтамасыз етілетін көтерме тұтынушылар;
13) резервтік қор – қаржы-есеп айырысу орталығы қалыптастыратын қор, оның ақшасы арнайы банктік шотта сақталады және шартты тұтынушылар тарапынан өздеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясы берілгені үшін төлем жасалмау немесе төлемді кідірту салдарынан туындайтын кассалық алшақтықтар мен қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар алдындағы берешегін жабуға ғана пайдаланылады;
14) тікелей тұтынушылар – жасалған екі жақты шарттарға сәйкес өздерімен бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясымен қамтамасыз етілетін көтерме тұтынушылар;
15) уәкілетті орган – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
16) шартты тұтынушы – өзімен бірге бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алатын көтерме тұтынушы, өнеркәсіптік кешен және басым тұтынушы;
17) электр энергиясын бірыңғай сатып алушы – "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 32-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын, көрсетілген Заңда көзделген тәртіппен электр энергиясының жоспарлы көлемдерін орталықтандырылған сатып алуды және орталықтандырылған сатуды жүзеге асыратын, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;
18) электр энергиясын тұтыну аймағы – жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісі, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі өндірген электр энергиясын тұтынуға кедергі келтіретін техникалық сипаттағы шектеулері жоқ Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің бір бөлігі.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Алдағы күнтізбелік жылға Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сату үшін жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған болжамды тарифті айқындау тәртібі
3. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері жыл сайын бірінші қазанға қарай Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысандар бойынша айлар бойынша бөле отырып, болжамды жылға электр энергиясын желіге босатудың және тұтынудың болжамды көлемдері туралы ақпаратты жібереді.
4. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы жыл сайын алдыңғы болжамды жылдың 30 желтоқсанына дейін жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын қолданыстағы энергия өндіруші ұйымдар үшін нақты деректер және жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар үшін пайдалануға енгізуге жоспарланған болжамды деректер негізінде:
1) жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың болжамды жиынтық электр энергиясын өндіруді айлар бойынша болжамды күнтізбелік жылға есептеуді;
2) айлар бойынша бөліністе қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратумен, жаңартылатын энергия көздерінің барлық түрлерінен өндірілген электр энергиясының бір киловатт-сағатына есептегенде жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған болжамды шығындарды есептеуді жүзеге асырады.
Бұл ретте жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын қолданыстағы энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясын өндірудің болжамды көлемі осы тармаққа сәйкес нақты деректер негізінде өткен 2 жылдағы әрбір ай бойынша электр энергиясын нақты өндірудің орташа мәні ретінде айқындалады. Осы мән жаңартылатын энергия көздерін, толық белгіленген қуатқа пайдалануға берілген және кемінде күнтізбелік бір жыл жұмыс істеген қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар үшін есептеледі.
Жаңартылатын энергия көздерін, толық белгіленген қуатқа пайдалануға берілген және (немесе) күнтізбелік бір жылдан кем жұмыс істеген қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясын өндірудің болжамды көлемі ұсынылған хаттар негізінде айқындалады.
Жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын, іске қосу жоспарланып отырған энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясын өндірудің болжамды көлемі жасалған шарттар бойынша пайдалануға беру актілерін ұсыну мерзімдері немесе берілген хаттарда көрсетілген мерзімдер негізінде айқындалады.
Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифтің болжамды мәнін электр энергиясын бірыңғай сатып алушы алдағы күнтізбелік жылға жыл сайын мынадай формула бойынша айлар бөлінісінде есептейді:
5. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы жыл сайын ағымдағы жылғы он бесінші қаңтардан кешіктірмей айлар бөлінісінде болжанатын күнтізбелік жылға жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифтерді жариялайды.
6. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының енгізілуінің бірінші жылына Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатуға жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған алдағы күнтізбелік жылға арналған болжамды тарифті айқындау жүргізілмейді.
3-тарау. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатуға жаңартылатын энергия көздерін қолдауға алдағы есептік кезеңге арналған болжамды тарифті айқындау тәртібі (күнтізбелік ай)
7. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жұмыс істеуінің алғашқы екі айына жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифтің болжамды мәндерін электр энергиясын бірыңғай сатып алушы мынадай тәртіппен есептейді:
1) 2023 жылғы мамыр айындағы жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифтің нақты мәндері негізінде үлгілік сағат бағасының 24 (жиырма төрт) мәні есептеледі;
2) үлгілік сағаттық бағаның есептелген мәндері 2023 жылғы шілдедегі, тамыздағы тиісті сағаттарға қолданылады және 2023 жылғы шілдедегі, тамыздағы жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифтің тиісті болжамды мәндеріне айналады.
Үлгілік сағаттық тарифтің 24 (жиырма төрт) мәнінің әрқайсысы мынадай формула бойынша есептеледі:
24 - тәуліктегі сағат саны;
Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын және есеп айырысу-қаржы орталығымен жасалған ұзақ мерзімді сатып алу – сату шарты бар энергия өндіруші ұйымдар үшін 2023 жылғы мамыр айының j-ші сағатына жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифтің сағаттық орташа өлшенген мәндерін есептеу кезінде пайдаланылатын электр энергиясын сатуға арналған бастапқы бағалар ретінде электр энергиясы, осы шарттардың бағасы пайдаланылады.
2023 жылғы мамырдың j-ші тәулігінің жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифтің сағат сайынғы орташа өлшенген мәндерін есептеу кезінде пайдаланылатын электр энергиясының сағаттық көлемі ретінде тиісті өндірістің тәуліктік графигіне енгізілген шартты тұтынушылардың электр энергиясын өндіру (сату) және тұтынудың сағаттық көлемі пайдаланылады жүйелік оператор бекіткен электр энергиясын тұтыну-тұтыну (түзетулерді ескере отырып).
8. Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифтің болжамды мәндерін электр энергиясын бірыңғай сатып алушы алдағы есептік кезеңге (күнтізбелік айға) ай сайын есептейді.
9. Алдағы есептік кезеңге (2023 жылғы шілдені, тамызды қоспағанда) жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифтің болжамды мәндері ағымдағы есептік кезеңнің (күнтізбелік айдың) алдындағы есептік кезеңнің (күнтізбелік айдың) сағаттарына жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифтің нақты мәндеріне теңестіріледі.
10. Осы тарауға сәйкес айқындалатын жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифтің болжамды мәндері Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10531 болып тіркелген) Электр энергиясының көтерме сауда нарығының қағидаларына сәйкес алдын ала төлеу мақсаттары үшін қолданылады.
4-тарау. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатуға жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған нақты тарифті тәуліктің нақты сағатына есептеу тәртібі
11. Есептік кезең (күнтізбелік ай) тәулігінің тиісті сағаты үшін жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифтің нақты мәні мынадай формула бойынша айқындалады:
Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне келетін тәуліктің тиісті сағатында жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын нақты шығындардың үлесін білдіретін өлшеусіз коэффициент (цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерін, атаулы қолдау тізіміне енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерін, сондай-ақ шартты тұтынушылар болып табылатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерін қоспағанда) (s) мынадай формула бойынша айқындалады:
i - тиісінше 1-ден k, r, дейін өзгеретін реттік нөмірі;
k - тәуліктің осы сағатында электр энергиясын сатып алған шартты тұтынушылардың саны;
r - тәуліктің осы сағатында электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алған электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің жалпы саны.
12. Жаңартылатын энергия көздерін қолдау шығындары мыналарды қамтиды:
1) Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға арналған шығындары;
2) электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған шығындар, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында жұмсалған шығындар (кірістерді шегергенде);;
3) Резервтік қордың қағидаларында белгіленген тәртіппен айқындалатын резервтік қорды қалыптастыруға арналған шығындар;
4) Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының Баға белгілеу қағидаларында белгіленген тәртіппен айқындалатын операциялық шығындары.
5) Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында шеккен шығындары (кірістерді шегергенде).
13. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының операциялық шығындары жыл сайын Баға белгілеу қағидаларына сәйкес есептеледі және бекітіледі.
Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларына қосымша |
|
1-нысан |
202__ жылға арналған электр энергиясын өндірудің, желілерге жіберудің болжамды көлемдері
(Энергия өндіруші ұйымның және заңды тұлғаның атауы)
Рр/н | ЭӨҰ атауы | қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | Жыл |
1 | ||||||||||||||
… | ||||||||||||||
Барлығы: |
Бірінші басшы _________________________________________
(ТАӘ (бар болса), қолы)
2-нысан |
202__ жылға арналған электр энергиясын өндірудің, желілерге жіберудің болжамды көлемдері
(шартты тұтынушылар болып табылатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерін қоспағанда, электр энергиясын тұтынушының атауы)
Рр/н | Тұтынушының атауы | қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | Жыл |
1 |
Бірінші басшыы _________________________________________
(ТАӘ (бар болса), қолы)
3-нысан |
202__ жылға арналған электр энергиясын тұтынудың болжамды көлемдері
(Тікелей тұтынушы болып табылатын шартты тұтынушының атауы)
Рр/н | Тікелей тұтынушы болып табылатын шартты тұтынушының атауы | Электр энергиясын тұтынудың болжамды көлемдері | ||||||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | Жыл | ||
1 | ||||||||||||||
ЭӨҰ атауы | Электр энергиясын желілерге жіберудің болжамды көлемдері | |||||||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | Жыл | ||
Тұтынушының атауы | ЭӨҰ–нан электр энергиясын тұтынудың болжамды көлемдері | |||||||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | Жыл | ||
1 | ||||||||||||||
… | ||||||||||||||
Жиыны: |
Электр энергиясын тікелей тұтынушы болып табылатын шартты
тұтынушының бірінші басшысы _________________________________________
(ТАӘ (бар болса), қолы)
Энергия өндіруші ұйымныңбірінші басшысы
________________________ (ТАӘ (бар болса), қолы)
4-нысан |
202__ жылға арналған электр энергиясын тұтынудың болжамды көлемдері (Өндірістік кешен болып табылатын шартты тұтынушының атауы)
№ р/н | Өндірістік кешен болып табылатын шартты тұтынушының атауы | Электр энергиясын тұтынудың болжамды көлемдері | ||||||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | Жыл | ||
1 | ||||||||||||||
Электр энергиясын желілерге жіберудің болжамды көлемдері | ||||||||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | Жыл | ||
1 |
Өндірістік кешен болып табылатын шартты тұтынушының бірінші басшысы
_________________________________
(ТАӘ (бар болса), қолы)
5-нысан |
202__ жылға арналған электр энергиясын тұтынудың болжамды көлемдері (Басым тұтынушы болып табылатын шартты тұтынушының атауы)
№ р/н | Басым тұтынушы болып табылатын шартты тұтынушының атауы | Электр энергиясын тұтынудың болжамды көлемдері | ||||||||||||||||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | Жыл | ||||||||||||
1 | ||||||||||||||||||||||||
ЭӨҰ атауы | Электр энергиясын өндірудің болжамды көлемдері | |||||||||||||||||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | Жыл | ||||||||||||
1 | ЖЭК объектісінің атауы | Электр энергиясын желілерге жіберудің болжамды көлемдері | ||||||||||||||||||||||
… | қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | Жыл | |||||||||||
Тұтынушының атауы | ЭӨҰ–дан электр энергиясын тұтынудың болжамды көлемдері | |||||||||||||||||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | Жыл | ||||||||||||
1 | ||||||||||||||||||||||||
… | ||||||||||||||||||||||||
Жиыны: |
Басым тұтынушы болып табылатын шартты тұтынушысының бірінші
басшысы________________________________
(ТАӘ (бар болса), қолы)
Энергия өндіруші ұйымның бірінші басшысы
________________________________
(ТАӘ (бар болса), қолы)
ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымның бірінші басшысы
_______________________________
(ТАӘ (бар болса), қолы)