БҰЙЫРАМЫН:
1. ""Электрондық үкіметтің" архитектурасын қалыптастыру және іске асырылуын мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 12 тамыздағы № 193/НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19249 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "электрондық үкімет" архитектурасын қалыптастыру және іске асыру мониторингі қағидаларында:
3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. "Электрондық үкіметтің" архитектурасы акт-жобаларды тиімді басқару және оларды ЭҮ ИКП-да іске асыру мақсатында домендік модель негізінде мемлекеттің нысаналы клиентке бағдарланған архитектурасын қалыптастыруға арналған.
ЭҮ ИКП архитектурасын "электрондық үкімет" сервистік интегратормен және уәкілетті органмен келісім бойынша "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы қалыптастырады және бекітеді.";
6-тармақтың 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) бизнес-процестің нысаналы нұсқасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 881 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына (бұдан әрі – цифрлық трансформация қағидалары) сәйкес мемлекеттік органның қызметін, оның ішінде мемлекеттік функцияларды автоматтандыруды және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді көздейтін МО бизнес-процестерінің реинжинирингі;".
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформация департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы |
А. Жамбакин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі