""Электрондық үкіметтің" архитектурасын қалыптастыру және іске асырылуын мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 12 тамыздағы № 193/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 1 тамыздағы № 310/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 тамызда № 33226 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. ""Электрондық үкіметтің" архитектурасын қалыптастыру және іске асырылуын мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 12 тамыздағы № 193/НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19249 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "электрондық үкімет" архитектурасын қалыптастыру және іске асыру мониторингі қағидаларында:

      3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. "Электрондық үкіметтің" архитектурасы акт-жобаларды тиімді басқару және оларды ЭҮ ИКП-да іске асыру мақсатында домендік модель негізінде мемлекеттің нысаналы клиентке бағдарланған архитектурасын қалыптастыруға арналған.

      ЭҮ ИКП архитектурасын "электрондық үкімет" сервистік интегратормен және уәкілетті органмен келісім бойынша "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы қалыптастырады және бекітеді.";

      6-тармақтың 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) бизнес-процестің нысаналы нұсқасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 881 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына (бұдан әрі – цифрлық трансформация қағидалары) сәйкес мемлекеттік органның қызметін, оның ішінде мемлекеттік функцияларды автоматтандыруды және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді көздейтін МО бизнес-процестерінің реинжинирингі;".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформация департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
міндетін атқарушы
А. Жамбакин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады