БҰЙЫРАМЫН:
1. "Туристендіру картасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 қазандағы № 332 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 24950 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Туристендіру картасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Оралов |
Туристендіру картасы
№ п/п | Республикалық деңгейдегі туристік аумақтардың атауы |
1. | Абай облысының "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі |
2. | Абай облысының Алакөл көлінің жағалауы |
3. | Ақмола облысының Щучинск-Бурабай курорттық аймағы |
4. | Ақмола облысының Зеренді курорттық аймағы |
5. | Қонаев қаласын қоса алғанда, Алматы облысының Қапшағай су қоймасының жағалауы |
6. | Алматы облысының "Түрген" тау-шаңғы курорты |
7. | Алматы облысының "Oi-Qaragai Lesnaya Skazka" Mountain Resort тау курорт-қонақ үйі |
8. | Алматы облысының "Ақбулақ" халықаралық туристік орталығы |
9. | Алматы облысының "Хан Тенгри" халықаралық альпинистік лагері |
10. | Алматы облысының "Арасан" санаториялық-курорттық аймағы |
11. | Алматы облысының "Шарын" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі |
12. | Алматы облысының "Іле-Алатау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі |
13. | Алматы облысының "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі |
14. | Атырау облысының "Ортағасырлық Сарайшық" кешені |
15. | Шығыс Қазақстан облысының "Катон-Қарағай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі |
16. | Балқаш, Приозерск қалаларын қоса алғанда, Қарағанды облысының Балхаш көлінің жағалауы |
17. | Жетісу облысының "Алтын-Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі |
18. | Жетісу облысының Балқаш көлінің жағалауы |
19. | Жетісу облысының Жоңғаралатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі |
20. | Жетісу облысы Алакөл көлінің жағалау |
21. | Маңғыстау облысының Каспий теңізінің жағалауы |
22. | Түркістан облысының Түркістан қаласы |
23. | Түркістан облысының Отырар қалашығы |
24. | Түркістан облысының "Арыстанбаб" кесенесі |
25. | Түркістан облысының Сауран қалашығы |
26. | Түркістан облысының "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы |
27. | Түркістан облысының Кентау қаласы |
28. | Түркістан облысының Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағы |
29. | Павлодар облысының Баянауыл курорттық аймағы |
30. | Солтүстік Қазақстан облысының Имантау-Шалқар курорттық аймағы |
31. | Ұлытау облысының "Ұлытау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі |
32. | Астана қаласы |
33. | Алматы қаласы |
Өңірлік деңгейдегі туристік аумақтардың атауы | |
34. | Абай облысының Шошқалы көлінің курорттық аймағы |
35. | Абай облысының "Абай-Шәкәрім" кесенелер кешені |
36. | Абай облысының Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы |
37. | Ақтөбе облысының Қарғалы су қоймасының курорттық аймағы |
38. | Ақтөбе облысының "Ақтолағай" тау жотасы |
39. | Ақтөбе облысының "Барқын" құмдары |
40. | Ақтөбе облысының "Аққұм" құмдары |
41. | Ақтөбе облысының "Қасқыр" сарқырамасы |
42. | Атырау облысының "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты |
43. | Атырау облысының "Лотос алқабы" |
44. | Атырау облысының "Индер тұзды көлі" |
45. | Атырау облысының "Нарын құмдары" |
46. | Атырау облысының "Ақкегершін" борлы таулары |
47. | Алматы облысының "Таңбалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық музейі |
48. | Жетісу облысының Текелі қаласы |
49. | Шығыс Қазақстан облысының "Рахман қайнарлары" шипажайы |
50. | Шығыс Қазақстан облысының Бұқтырма су қоймасы |
51. | Шығыс Қазақстан облысы Алтай тау шаңғысы кластері |
52. | Жамбыл облысының "Ақыртас" сарай кешені |
53. | Жамбыл облысының "Айша бибі" кесенесі |
54. | Жамбыл облысының "Қарахан" кесенесі |
55. | Жамбыл облысының "Көне Тараз" тарихи-этномәдени кешені |
56. | Жамбыл облысының "Тектұрмас" этно-тарихи кешені |
57. | Батыс Қазақстан облысының "Батыс Қазақстан облыстық Хан Ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей-қорығы" |
58. | Батыс Қазақстан облысы "Орал қаласының балалар-жасөспірімдер туризмінің кластері" |
59 | Қарағанды облысының Қарқаралы курорттық аймағы |
60. | Қостанай облысы Алтынсарин ауданының курорттық аймағы |
61. | Қызылорда облысының "Ханқожа" көлі |
62. | Қызылорда облысының "Қорқыт ата" кесенесі |
63. | Қызылорда облысы Қамысты көлінің курорттық аймағы |
64. | Қызылорда облысының Жаңақорған балшық курорттары |
65. | Маңғыстау облысының керуен жолдары |
66. | Маңғыстау облысының киелі орындары |
67. | Маңғыстау облысының Үстірт түбегі |
68. | Маңғыстау облысының таулары және шатқалдары |
69. | Маңғыстау облысының тарих бесігі және мәдениет |
70. | Солтүстік Қазақстан облысының "Қазақстан жұлдызы" алтарі |
71. | Түркістан облысының "Аппақ Ишан" сәулет кешені |
72. | Түркістан облысының Боралдай петроглифтері |
73. | Түркістан облысының "Ақбура" кесенесі |
74. | Түркістан облысының "Ысмайл ата" кесенесі |
75. | Түркістан облысының "Ғайып Ерен Қырық Шілтен" жартасы |
76. | Түркістан облысының "Үкаша ата" кесенесі мен құдығы |
77. | Түркістан облысының "Бәйдібек ата" кесенесі |
78. | Түркістан облысының "Домалақ ана" кесенесі |
79. | Түркістан облысының "Қос ана" сәулет-мемориалдық кешені |
80. | Түркістан облысының "Баба түкті Шашты Әзіз" кесенесі |
81. | Түркістан облысының "Ысқақ баб" кесенесі |
82. | Түркістан облысының "Ақбикеш" мұнарасы |
83. | Түркістан облысының "Шәммәт ишан" мешіті |
84. | Түркістан облысының Мажратұт мыңжылдық тұт ағашы |
85. | Түркістан облысының "Кеме қалған" монументі |
86. | Түркістан облысының "Жылаған ата" үңгірі |
87. | Түркістан облысының Келіншектау тау жотасы |
88 | Түркістан облысының "Сарыағаш" курорттық аймағы |
89. | Түркістан облысының "Ақмешіт" үңгірі |
90. | Түркістан облысының Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі |
91. | Түркістан облысының "Ақсу" шатқалы |
92. | Түркістан облысының "Келте Машат" шатқалы |
93. | Түркістан облысының "Қаратау" мемлекеттік табиғи қорығы |
94. | Түркістан облысының "Ақсу-Жабағылы" мемлекеттік табиғи қорығы |
95. | Ұлытау облысының "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және музей қорығы |
96. | Ұлытау облысының "Жошы хан" тарихи-мәдени кешені |
97. | Шымкент қаласының "Шым қала" тарихи мәдени-кешені |
98. | Шымкент қаласының "Ибрагим ата" кесенесі |
99. | Шымкент қаласының "Қарашаш ана" кесенесі |
100. | Шымкент қаласының "Мірәлі баба" кесенесі |
101. | Шымкент қаласының "Хызыр" мұнарасы |
102. | Шымкент қаласының "Абділ Әзіз баб" кесенесі |