"Карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді алып қою және жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 15-4/513 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 330 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 20 қыркүйекте № 33438 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді алып қою және жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 15-4/513 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11753 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді алып қою және жою жөніндегі қағидаларында:

      1-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді алып қою және жою жөніндегі қағидалар "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы аумағына карантинді объектілердің әкелінуі мен таралуын болдырмау мақсатында карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді алып қою және жою тәртібін айқындайды.";

      2-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді фитосанитариялық бақылау бекеттерінде алып қою және жою тәртібі";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор № 1 алып қою актісіне қол қойылған сәттен бастап оны үш жұмыс күні ішінде (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық өсімдіктер карантині орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) берген карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысын қоса бере отырып (бар болса)) өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) басшысының (комиссия төрағасы) бұйрығымен құрылатын, құрамы аумақтық бөлімшенің, мемлекеттік кірістер органдарының және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарынан тұратын залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияға (бұдан әрі – Фитосанитариялық бақылау бекеттеріндегі комиссия) жолдайды.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою фактісі осы тарау шеңберінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге жатпайтын карантинге жатқызылған өнімді жою туралы актімен (бұдан әрі – жою туралы акт) ресімделеді.

      Жою туралы акт төрт данада жасалады: біріншісі – аумақтық бөлімше үшін, екіншісі – мемлекеттік кірістер органдары үшін, үшіншісі – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган үшін, төртіншісі – карантинге жатқызылған өнім иесі үшін.";

      3-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде алып қою және жою тәртібі";

      11, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде (бұдан әрі – автомобиль өткізу пункттері) залалданған карантинге жатқызылған өнімді (оның ішінде пошта жөнелтілімдерінен, қол жүгі мен багаждан) алып қоюды өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар № 1 алып қою актісін жасай отырып, жүзеге асырады.

      12. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор № 1 алып қою актісіне қол қойылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны (уәкілетті ұйым берген карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысын қоса бере отырып (бар болса)) аумақтық бөлімшесі басшысының (комиссия төрағасы) бұйрығымен құрылатын, құрамы мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарынан, жергілікті атқарушы органның, қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық уәкілетті органның өкілдерінен тұратын залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияға (бұдан әрі – Автомобиль өткізу пункттеріндегі комиссия) жолдайды.

      13. № 1 алып қою актісі негізінде автомобиль өткізу пункттеріндегі комиссия:

      1) залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою туралы шешім қабылдайды;

      2) залалданған карантинге жатқызылған өнімді оқшаулау және сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

      3) залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою тәртібін оның иесінің назарына жеткізеді;

      4) жергілікті атқарушы органның өкілдерін тарта отырып, залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою орны мен тәсілін айқындайды.";

      16-тармақ мындай редакцияда жазылсын:

      "16 Автомобиль өткізу пункттерінде залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою фактісі жою туралы актімен ресімделеді.

      Жою туралы акт бес данада жасалады: біріншісі – аумақтық бөлімше үшін, екіншісі – мемлекеттік кірістер органы үшін, үшіншісі – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган үшін, төртіншісі – карантинге жатқызылған өнім иесі үшін, бесіншісі – жергілікті атқарушы орган үшін.";

      4-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасы аумағында алып қою және жою тәртібі";

      19-тармақ мындай редакцияда жазылсын:

      "19. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор № 1 алып қою актісіне қол қойылған сәттен бастап оны үш жұмыс күні ішінде (уәкілетті ұйым берген карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысын қоса бере отырып (бар болса)) аумағында залалданған карантинге жатқызылған өнім анықталған аумақтық бөлімше басшысының (комиссия төрағасы) бұйрығымен құрылатын, құрамында аумақтық бөлімше, жергілікті атқарушы органның, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және ішкі сауда объектісі өкілдері залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияға (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы аумағындағы комиссия) жолдайды.";

      23-тармақ мындай редакцияда жазылсын:

      "23. Залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою фактісі осы тарау шеңберінде жою туралы актімен ресімделеді.

      Жою туралы акт төрт данада жасалады: біріншісі – аумақтық бөлімше үшін, екіншісі – жергілікті атқарушы орган үшін, үшіншісі – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган үшін, төртіншісі – карантинге жатқызылған өнім иесі үшін.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи ресустар

      министрлігі

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 3 июня 2015 года № 15-4/513 "Об утверждении Правил по изъятию и уничтожению подкарантинной продукции, зараженной карантинными объектами, не подлежащей обеззараживанию или переработке"

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 15 сентября 2023 года № 330. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 сентября 2023 года № 33438

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 3 июня 2015 года № 15-4/513 "Об утверждении Правил по изъятию и уничтожению подкарантинной продукции, зараженной карантинными объектами, не подлежащей обеззараживанию или переработке" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11753) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 4) пункта 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан "О карантине растений" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах по изъятию и уничтожению подкарантинной продукции, зараженной карантинными объектами, не подлежащей обеззараживанию или переработке, утвержденных указанным приказом:

      в главе 1:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Глава 1. Общие положения";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила по изъятию и уничтожению подкарантинной продукции, зараженной карантинными объектами, не подлежащей обеззараживанию или переработке, разработаны в соответствии с подпунктом 4) пункта 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан "О карантине растений" и определяют порядок изъятия и уничтожения подкарантинной продукции, зараженной карантинными объектами, не подлежащей обеззараживанию или переработке, в целях предотвращения ввоза и распространения карантинных объектов на территории Республики Казахстан.";

      в главе 2:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Глава 2. Порядок изъятия и уничтожения подкарантинной продукции, зараженной карантинными объектами, не подлежащей обеззараживанию или переработке, на фитосанитарных контрольных постах";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Государственный инспектор по карантину растений в течение трех рабочих дней с момента подписания акта изъятия № 1 направляет его (с приложением заключения фитосанитарной экспертизы состояния подкарантинной продукции (при наличии), выданного государственным учреждением "Республиканский центр карантина растений" Комитета государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (далее – уполномоченная организация)) в постоянно действующую комиссию по уничтожению зараженной подкарантинной продукции, создаваемую приказом руководителя (председатель комиссии) территориального подразделения ведомства уполномоченного органа по карантину растений (далее – территориальное подразделение), в составе должностных лиц территориального подразделения, органов государственных доходов и уполномоченного органа в области охраны окружающей среды (далее – Комиссия на фитосанитарных контрольных постах).";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Факт уничтожения зараженной подкарантинной продукции в рамках настоящей главы оформляется актом об уничтожении подкарантинной продукции, зараженной карантинными объектами, не подлежащей обеззараживанию или переработке, по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам (далее – акт об уничтожении).

      Акт об уничтожении составляется в четырех экземплярах: первый – для территориального подразделения, второй – для органа государственных доходов, третий – для уполномоченного органа в области охраны окружающей среды, четвертый – для владельца подкарантинной продукции.";

      в главе 3:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Глава 3. Порядок изъятия и уничтожения подкарантинной продукции, зараженной карантинными объектами, не подлежащей обеззараживанию или переработке, на автомобильных пунктах пропуска через таможенную границу Евразийского экономического союза";

      пункты 11, 12 и 13 изложить в следующей редакции:

      "11. Изъятие зараженной подкарантинной продукции (в том числе из почтовых отправлений, ручной клади и багажа) на автомобильных пунктах пропуска через таможенную границу Евразийского экономического союза (далее – автомобильные пункты пропуска) осуществляется государственными инспекторами по карантину растений с составлением акта изъятия № 1.

      12. Государственный инспектор по карантину растений в течение трех рабочих дней с момента подписания акта изъятия № 1 направляет его (с приложением заключения фитосанитарной экспертизы состояния подкарантинной продукции (при наличии), выданного уполномоченной организацией) в постоянно действующую комиссию по уничтожению зараженной подкарантинной продукции на автомобильных пунктах пропуска, создаваемую приказом руководителя территориального подразделения (председатель комиссии), в составе должностных лиц органов государственных доходов, местного исполнительного органа, уполномоченного органа в области охраны окружающей среды (далее – Комиссия на автомобильных пунктах пропуска).

      13. На основании акта изъятия № 1 Комиссия на автомобильных пунктах пропуска:

      1) принимает решение об уничтожении зараженной подкарантинной продукции;

      2) осуществляет меры по изолированию и обеспечению сохранности зараженной подкарантинной продукции;

      3) доводит до сведения владельца зараженной подкарантинной продукции порядок ее уничтожения;

      4) определяет с привлечением представителей местного исполнительного органа место и способ уничтожения зараженной подкарантинной продукции.";

      пункт 16 изложить в следующей редакции:

      "16. Факт уничтожения зараженной подкарантинной продукции на автомобильных пунктах пропуска оформляется актом об уничтожении.

      Акт об уничтожении составляется в пяти экземплярах: первый – для территориального подразделения, второй – для органа государственных доходов, третий – для уполномоченного органа в области охраны окружающей среды, четвертый – для владельца подкарантинной продукции, пятый –для местного исполнительного органа.";

      в главе 4:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Глава 4. Порядок изъятия и уничтожения подкарантинной продукции, зараженной карантинными объектами, не подлежащей обеззараживанию или переработке на территории Республики Казахстан";

      пункт 19 изложить в следующей редакции:

      "19. Государственный инспектор по карантину растений в течение трех рабочих дней с момента подписания акта изъятия № 1 направляет его (с приложением заключения фитосанитарной экспертизы состояния подкарантинной продукции (при наличии), выданного уполномоченной организацией) в постоянно действующую комиссию по уничтожению зараженной подкарантинной продукции, создаваемую приказом руководителя (председатель комиссии) территориального подразделения (на территории которого обнаружена зараженная подкарантинная продукция), в составе должностных лиц представителей территориального подразделения, местного исполнительного органа, уполномоченного органа в области охраны окружающей среды и объекта внутренней торговли (далее – Комиссия на территории Республики Казахстан).";

      пункт 23 изложить в следующей редакции:

      "23. Факт уничтожения зараженной подкарантинной продукции в рамках настоящей главы оформляется актом об уничтожении.

      Акт об уничтожении № 1 составляется в четырех экземплярах: первый – для территориального подразделения, второй – для местного исполнительного органа, третий – для уполномоченного органа в области охраны окружающей среды, четвертый – для владельца подкарантинной продукции.".

      2. Комитету государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
А. Сапаров

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство экологии
и природных ресурсов
Республики Казахстан