БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 566-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24864 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі |
А. Шаккалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Бірінші вице-министрі 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 347-НҚ бұйрығына қосымша |
Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесі
№ | Объектісі мен қолданылу саласы көрсетілген өлшемдер атауы | Метрологиялық талаптар | Ескертпе | |
Өлшеу диапазоны | Шекті жол берілетін қателік немесе дәлдік сыныбы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету және мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында | ||||
1 | Мемлекеттік Тудың геометриялық өлшемдерін өлшеу |
0-ден 500 мм дейін | МЕМСТ 7502 "Металл өлшеуіш рулетка. Техникалық шарттар" бойынша 2 дәлдік сыныбы | |
2 | Мемлекеттік Елтаңбаның геометриялық өлшемдерін өлшеу |
0-ден 1000 мм дейін | МЕМСТ 7502 "Металл өлшеуіш рулетка. Техникалық шарттар" бойынша 2 дәлдік сыныбы | |
3 | Мемлекеттік Елтаңба мен Мемлекеттік Ту үлгілерінің және Мемлекеттік Елтаңба мен Мемлекеттік Ту бейнеленген материалдық объектілердің немесе оның рәміздері элементтерінің түстілігін өлшеу | Шектеусіз |
Түс координаттарын өлшеудің абсолютті қателігі ± 2; | |
4 | Орау, сату және импорттау кезіндегі кез келген түрдегі қаптамада өлшенген тауарлардың массасын өлшеу | Шектеусіз | Өлшеу құралдарының дәлдік сыныбы мен түріне байланысты | |
5 | Орау, сату және импорттау кезіндегі кез келген түрдегі қаптамада өлшенген тауарлардың температурасын өлшеу | Минус 50 °С-ден 50 °С дейін | ∆ = ± 0,2 °С | |
6 | Орау, сату және импорттау кезіндегі кез келген түрдегі қаптамада өлшенген тауарлардың көлемін өлшеу | Шектеусіз | s = ± 0,1 % | |
7 | Орау, сату және импорттау кезіндегі кез келген түрдегі қаптамада өлшенген тауарлардың ылғалдылығын өлшеу | 20-дан 90 % дейін, | s = ± 0,5 % | |
8 | Масса немесе көлем бірліктерімен көрсетілген кез келген түрдегі қаптамада өлшенген өнімдердің мөлшерін өлшеу | 0-ден 15000 г (мл) дейін, | Массаны немесе көлемді өлшеуге арналған құралдардың метрологиялық талаптарына сәйкес | |
Сауда саласында | ||||
9 | Өндірілген және іске асырылатын өнімнің геометриялық параметрлерін өлшеу, олардың нәтижелері сатып алушы мен сатушы арасындағы сауда-коммерциялық операцияларда қолданылады | 0-ден 50000 мм дейін |
∆ = ± (0,5 ÷ 1,5) мм | |
10 | Сауда-коммерциялық операциялар кезінде қолданылатын тауар/өнімнің салмағын өлшеу | Шектеусіз | "Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлеккеттік жүйесі.Таразы автоматты әрекет емес" МЕМСТ OIML R 76-1 бойынша III дәлдік сыныбы | Ауылшаруашылық жәрмеңкелерде қатысатын тауарларды/өнімдерді есепке алмағанда |
Ескертпе. Негізгі қолданылатын қысқартулар:
мм – миллиметр;
г – грамм;
мл – миллилитр;
оС – градус