"Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 566-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 347-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 22 қыркүйекте № 33453 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 566-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24864 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
А. Шаккалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
Бірінші вице-министрі
2023 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 347-НҚ бұйрығына
қосымша

Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесі

Объектісі мен қолданылу саласы көрсетілген өлшемдер атауы

Метрологиялық талаптар

Ескертпе

Өлшеу диапазоны

Шекті жол берілетін қателік немесе дәлдік сыныбы

1

2

3

4

5

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету және мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында

1

Мемлекеттік Тудың геометриялық өлшемдерін өлшеу

0-ден 500 мм дейін
0-ден 2000 мм дейін
0-ден 4000 мм дейін

МЕМСТ 7502 "Металл өлшеуіш рулетка. Техникалық шарттар" бойынша 2 дәлдік сыныбы


2

Мемлекеттік Елтаңбаның геометриялық өлшемдерін өлшеу

0-ден 1000 мм дейін
0-ден 3000 мм дейін

МЕМСТ 7502 "Металл өлшеуіш рулетка. Техникалық шарттар" бойынша 2 дәлдік сыныбы


3

Мемлекеттік Елтаңба мен Мемлекеттік Ту үлгілерінің және Мемлекеттік Елтаңба мен Мемлекеттік Ту бейнеленген материалдық объектілердің немесе оның рәміздері элементтерінің түстілігін өлшеу

Шектеусіз

Түс координаттарын өлшеудің абсолютті қателігі ± 2;
түс координаттары ± 0,02


4

Орау, сату және импорттау кезіндегі кез келген түрдегі қаптамада өлшенген тауарлардың массасын өлшеу

Шектеусіз

Өлшеу құралдарының дәлдік сыныбы мен түріне байланысты


5

Орау, сату және импорттау кезіндегі кез келген түрдегі қаптамада өлшенген тауарлардың температурасын өлшеу

Минус 50 °С-ден 50 °С дейін

∆ = ± 0,2 °С


6

Орау, сату және импорттау кезіндегі кез келген түрдегі қаптамада өлшенген тауарлардың көлемін өлшеу

Шектеусіз

s = ± 0,1 %


7

Орау, сату және импорттау кезіндегі кез келген түрдегі қаптамада өлшенген тауарлардың ылғалдылығын өлшеу

20-дан 90 % дейін,

s = ± 0,5 %


8

Масса немесе көлем бірліктерімен көрсетілген кез келген түрдегі қаптамада өлшенген өнімдердің мөлшерін өлшеу

0-ден 15000 г (мл) дейін,

Массаны немесе көлемді өлшеуге арналған құралдардың метрологиялық талаптарына сәйкес


Сауда саласында

9

Өндірілген және іске асырылатын өнімнің геометриялық параметрлерін өлшеу, олардың нәтижелері сатып алушы мен сатушы арасындағы сауда-коммерциялық операцияларда қолданылады

0-ден 50000 мм дейін

∆ = ± (0,5 ÷ 1,5) мм
5000 мм жоғары
s = ± 2 %


10

Сауда-коммерциялық операциялар кезінде қолданылатын тауар/өнімнің салмағын өлшеу

Шектеусіз

"Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлеккеттік жүйесі.Таразы автоматты әрекет емес" МЕМСТ OIML R 76-1 бойынша III дәлдік сыныбы

Ауылшаруашылық жәрмеңкелерде қатысатын тауарларды/өнімдерді есепке алмағанда

      Ескертпе. Негізгі қолданылатын қысқартулар:

      мм – миллиметр;

      г – грамм;

      мл – миллилитр;

      оС – градус

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады