Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары жұмысының нәтижелерін бағалау қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 408 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 қыркүйекте № 33482 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 156-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары жұмысының нәтижелерін бағалау қағидалары мен өлшемшарттары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Жакупова

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 408 бұйрығына
қосымша

Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары жұмысының нәтижелерін бағалау қағидалары мен өлшемшарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары жұмысының нәтижелерін бағалау қағидалары мен өлшемшарттары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 156-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары жұмысының нәтижелерін бағалау тәртібі мен өлшемшарттарын айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі (бұдан әрі – ЖЕА) – адамның жұмысты орындау, қызмет көрсету қабілеттілігінің төмендеу деңгейін сипаттайтын, жоғалған еңбекке қабілеттілігіне пайыздық қатынаста көрсетілген шама;

      2) медициналық–әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) – мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеп (белгілемей), куәландырылатын адамның организмі функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау, сондай-ақ оның әлеуметтік қорғау шараларын қажетсінуін айқындау;

      3) медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшысы (бұдан әрі – МӘС тәуелсіз сарапшысы) – уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын талаптарға сәйкес келетін және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының тізілімінде тұратын жеке тұлға;

      4) "Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "МОДБ" ААЖ) – мүгедектікті белгілеу, еңбекке қабілеттілігінен айырылу, абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу бойынша бизнес-процестерді автоматтандыруға, сондай-ақ МӘС бөлімдерінде куәландырудан өткен адамдар бойынша деректерді сақтау мен өңдеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

      5) мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – ОЖБ) – мүгедектігі бар адамды абилитациядан және оңалтудан өткізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін оның жеке қажеттіліктері негізінде белгілейтін құжат;

      6) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2-тарау. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары жұмысының нәтижелерін бағалау тәртібі мен өлшемшарттары

      3. МӘС тәуелсіз сарапшылары жұмысының нәтижелерін бағалау "МОДБ" ААЖ автоматтандырылған режимде:

      ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-і күніне;

      жылына бір рет, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 қаңтарында жүргізіледі.

      4. МӘС тәуелсіз сарапшылары жұмысының нәтижелерін ай сайынғы бағалау осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін МӘС тәуелсіз сарапшылары қорытындыларының пайыздық орташа арифметикалық мәнін мынадай формула бойынша айқындау арқылы жүзеге асырылады:



      мұндағы:

      О – ай сайынғы бағалау (%);

      А – осы Қағидалардың 8-тармағымен белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін қорытындылардың саны;

      К1 – бағалау кезеңінде шығарылған сараптамалық қорытындылардың саны;

      К2 – мүгедектігі бар деп танылған куәландырылған адамдардың саны;

      К3 – куәландырылған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың саны (алғашқы куәландыру кезінде);

      К4 – жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі бұрын белгіленген куәландырудан өткен адамдардың саны.

      5. МӘС тәуелсіз сарапшылары жұмысының нәтижелерін жылдық бағалау ай сайынғы бағалаудың орташа арифметикалық мәнін айқындау арқылы жүзеге асырылады.

      6. МӘС тәуелсіз сарапшылары жұмысының нәтижелерін бағалау қорытындысы бойынша "МОДБ" ААЖ осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшысы жұмысының нәтижелерін бағалау кестесін қалыптастырады.

      7. МӘС тәуелсіз сарапшылары жұмысының ай сайынғы және жылдық бағалау қорытындысы "МОДБ" ААЖ-дағы оның жеке кабинетінде көрсетіледі.

      8. МӘС тәуелсіз сарапшылары жұмысының нәтижелерін бағалау мынадай өлшемшарттар бойынша жүзеге асырылады:

      1) сараптамалық шешім шығарудың уақтылығы;

      2) мүгедектік санатының (мүгедектік тобы) организм функциялары мен тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесіне сәйкестігі;

      3) алғашқы куәландыру кезінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға ЖЕА дәрежесін белгілеу;

      4) қайта куәландыру кезінде ЖЕА дәрежесін белгілеу;

      5) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының 41-тармағына сәйкес ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігін әзірлеу.

      9. МӘС тәуелсіз сарапшылары жұмысының нәтижелерін ай сайынғы және (немесе) жыл сайынғы бағалау қорытындысымен келіспеген жағдайда МӘС тәуелсіз сарапшысы уәкілетті мемлекеттік органның ведомствосына Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабында көзделген тәртіппен шағым береді.

  Медициналық-әлеуметтік
сараптаманың тәуелсіз
сарапшылары жұмысының
нәтижелерін бағалау қағидалары
мен өлшемшарттарына
қосымша

      Нысан

Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшысы жұмысының нәтижелерін бағалау кестесі

      __________________________________________________________

      (МӘС тәуелсіз сарапшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      20___ жылғы __________

      (жыл / ай)

Көрсеткіштер

Жалпы саны

Өлшемшарттарға сәйкес келетін қорытындылардың саны

Бағалау (%)

1.

сараптамалық шешімнің уақтылы шығарылуы

К1



2.

мүгедектік санатының (мүгедектік тобының) организм функциялары мен тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесіне сәйкестігі

К2



3.

алғашқы куәландыру кезінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға ЖЕА дәрежесін белгілеу

К3



4.

қайта куәландыру кезінде ЖЕА дәрежесін белгілеу

К4



5.

ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігінің әзірленуі

К2



6.

БАРЛЫҒЫ




      Ескертпе:

      К1 – бағалау кезеңінде шығарылған сараптамалық қорытындылардың саны;

      К2 – мүгедектігі бар деп танылған куәландырылған адамдардың саны;

      К3 – куәландырылған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың саны (алғашқы куәландыру кезінде);

      К4 – жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі бұрын белгіленген куәландырудан өткен адамдардың саны.

Об утверждении правил и критериев оценки результатов работы независимых экспертов медико-социальной экспертизы

Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 28 сентября 2023 года № 408. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 сентября 2023 года № 33482.

      Примечание ИЗПИ!
Вводится в действие с 01.01.2025.

      В соответствии с пунктом 3 статьи 156 Социального кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила и критерии оценки результатов работы независимых экспертов медико-социальной экспертизы.

      2. Департаменту социальных услуг Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2025 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр труда и социальной
защиты населения
Республики Казахстан
С. Жакупова

  Приложение к приказу
Министр труда и социальной
защиты населения
Республики Казахстан
от 28 сентября 2023 года № 408

Правила
и критерии оценки результатов работы независимых экспертов медико-социальной экспертизы

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила и критерии оценки результатов работы независимых экспертов медико-социальной экспертизы (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 3 статьи 156 Социального кодекса Республики Казахстан и определяют порядок и критерии оценки результатов работы независимых экспертов медико-социальной экспертизы.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) степень утраты общей трудоспособности (далее – степень УОТ) – величина, характеризующая уровень снижения способности человека выполнять работу, оказывать услуги, выраженная в процентном отношении к утраченной трудоспособности;

      2) медико-социальная экспертиза (далее – МСЭ) – оценка ограничений жизнедеятельности освидетельствуемого лица, вызванных стойким расстройством функций организма, с установлением (неустановлением) инвалидности и (или) степени утраты трудоспособности, а также определение его потребностей в мерах социальной защиты;

      3) независимый эксперт медико-социальной экспертизы (далее – независимый эксперт МСЭ) – физическое лицо, соответствующее требованиям, определяемым уполномоченным государственным органом, и состоящее в реестре независимых экспертов медико-социальной экспертизы;

      4) автоматизированная информационная система "Централизованный банк данных лиц, имеющих инвалидность" (далее – АИС "ЦБДИ") – аппаратно-программный комплекс, предназначенный для автоматизации бизнес-процессов по установлению инвалидности, утраты трудоспособности, разработке индивидуальной программы реабилитации, а также для хранения и обработки данных по лицам, прошедшим освидетельствование в отделах МСЭ;

      5) индивидуальная программа абилитации и реабилитации лица с инвалидностью (далее – ИПР) – документ, определяющий конкретные объемы, виды и сроки проведения абилитации и реабилитации лица с инвалидностью на основе его индивидуальных потребностей;

      6) уполномоченный государственный орган – центральный исполнительный органа, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в сфере социальной защиты населения в соответствии с законодательством Республики Казахстан, регулирование, контрольные функции за деятельностью Государственного фонда социального страхования.

Глава 2. Порядок и критерии оценки результатов работы независимых экспертов медико-социальной экспертизы

      3. Оценка результатов работы независимых экспертов МСЭ проводится АИС "ЦБДИ" в автоматизированном режиме:

      ежемесячно, к 5 числу месяца, следующего за отчетным;

      один раз в год, к 15 января года, следующего за отчетным.

      4. Ежемесячная оценка результатов работы независимых экспертов МСЭ осуществляется путем определения среднеарифметического значения процента заключений независимых экспертов МСЭ, соответствующих критериям, установленным пунктом 8 настоящих Правил, по следующей формуле:

     


      где:

      О – ежемесячная оценка (%);

      А – количество заключений, соответствующих критериям, установленным пунктом 8 настоящих Правил;

      К1 – количество вынесенных экспертных решений в оцениваемом периоде;

      К2 – количество освидетельствованных лиц, признанных лицами с инвалидностью;

      К3 – количество освидетельствованных участников системы обязательного социального страхования (при первичном освидетельствовании);

      К4 – количество освидетельствованных лиц, которым ранее установлена степень утраты общей трудоспособности.

      5. Годовая оценка результатов работы независимых экспертов МСЭ проводится путем определения среднего арифметического значения ежемесячных оценок.

      6. По итогам оценки результатов работы независимых экспертов МСЭ АИС "ЦБДИ" формирует таблицу оценки результатов работы независимого эксперта медико-социальной экспертизы по форме согласно приложению к настоящим Правилам.

      7. Итоги ежемесячной и годовой оценки результатов работы независимых экспертов МСЭ отражаются в его личном кабинете в АИС "ЦБДИ".

      8. Оценка результатов работы независимых экспертов МСЭ осуществляется по следующим критериям:

      1) своевременность вынесения экспертного решения;

      2) соответствие категории инвалидности (группы инвалидности) к степени нарушения функций организма и ограничения жизнедеятельности;

      3) установление степени УОТ участнику системы обязательного социального страхования при первичном освидетельствовании;

      4) установление степени УОТ при повторном освидетельствовании;

      5) разработка социальной части ИПР согласно пункту 41 Правил проведения медико-социальной экспертизы, утвержденных приказом заместителя Премьер-Министра – Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 29 июня 2023 года № 260 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 32922).

      9. В случае несогласия с итогами ежемесячной и (или) годовой оценки результатов работы независимых экспертов МСЭ независимый эксперт МСЭ подает жалобу в ведомство уполномоченного государственного органа, в порядке, предусмотренном статьей 91 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан.

  Приложение
к Правилам и критериям
оценки результатов работы
независимых экспертов медико-
социальной экспертизы
  Форма

Таблица оценки результатов работы независимого эксперта медико-социальной экспертизы

      _____________________________________________________________
(фамилия, имя, отчество (при наличии) независимого эксперта МСЭ)

      за __________ 20___ года
(месяц, год)

Показатели

Общее количество

Количество заключений, соответствующих критериям

Оценка (%)

1.

своевременность вынесения экспертного решения

К1



2.

соответствие категории инвалидности (группы инвалидности) к степени нарушения функций организма и ограничения жизнедеятельности

К2



3.

установление степени УОТ участнику системы обязательного социального страхования при первичном освидетельствовании

К3



4.

установление степени УОТ при повторном освидетельствовании

К4



5.

разработка социальной части ИПР

К2




ИТОГО




      Примечание:

      К1 - количество вынесенных экспертных решений в оцениваемом периоде;

      К2 - количество освидетельствованных лиц, признанных лицами с инвалидностью;

      К3 - количество освидетельствованных участников системы обязательного социального страхования (при первичном освидетельствовании);

      К4 - количество освидетельствованных лиц, которым ранее установлена степень утраты общей трудоспособности.