"Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі 2023 жылғы 2 қазандағы № 1040 Бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 1-тармағына (бұдан әрі – Заң), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарға (бұдан әрі – Талаптар) сәйкес әзірленді.
2. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген (бұдан әрі - Қағидалар) Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік), оның ведомстволарының аумақтық бөлімшелеріне және объектілеріне (бұдан әрі – объектілері) қолданылады.
3. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) байланыс жүйесі – ақпаратты (ақпарат) беруге (алмасуға), объектінің күзет қызметінің жұмысын жедел басқаруға арналған техникалық құралдар мен арнайы бөлінген байланыс арналарының жиынтығы;
2) баланс ұстаушы – мүлік бекітілген республикалық мемлекеттік мекеме;
3) бейнебақылау жүйесі – бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық және техникалық құралдардың және бейнежазбаларды сақтау құралдарының, сондай-ақ өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыратын бағдарламалық және (немесе) техникалық басқару құралдарының жиынтығы;
4) жарықтандыру жүйесі – тәуліктің қараңғы уақытында бейнебақылау жүйесі үшін жарықтандырудың қажетті деңгейін және объектідегі адамдар мен көлік құралдарын көруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін техникалық құралдар жиынтығы;
5) объектілердің персоналы – объектінің басшылары, жұмыскерлері, қызметкерлері;
6) объектінің басшысы – баланс ұстаушының басшысы;
7) объектінің периметрі – құқық белгілейтін құжаттарға сәйкес объектінің шекарасы;
8) оқу (профилактикалық) іс-шаралары - персонал мен күзетті оқытудың алғашқы ден қою дағдыларын дарыту мақсатында нұсқамалар мен сабақтар түрінде жүзеге асырылатын алдын алу тәсілдері;
9) өткізу режимі – адамдардың санкциясыз кіруі (шығуы), көлік құралдарының кіруі (шығуы), мүлікті кіргізу (шығару), әкелу (әкету) мүмкіндігін болдырмайтын, белгіленген тәртіпті регламенттейтін қағидалар жиынтығы;
10) терроризмге қарсы қорғалу паспорты - объект туралы жалпы және инженерлік-техникалық мәліметтер қамтылатын, оның терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін көрсететін және террористік тұрғыдан осал объектідегі терроризм актілерінің алдын алу, жолын кесу, барынша азайту және (немесе) салдарын жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға арналған ақпараттық-анықтамалық құжат;
11) эксперимент – террористік тұрғыдан осал Министрілік объектілеріне терроризм актісін жасауға кедергі келтіруге, оның зардаптарын барынша азайтуды және жоюды қамтамасыз етуге дайындалған бағалау жөніндегі іс-шара.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің м.а. 26.07.2024 № 486 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы өткізілетін іс-шаралардың уақтылы жүргізілуіне, сараланған тәсілге, барабарлық және кешенділік қағидаттарына негізделеді.
5. Министрлікте объектілерді терроризмге қарсы қорғау мәселелері жөніндегі қызметті үйлестіру Ішкі сатып алу және Министрліктің активтері департаментіне және объект басшыларына жүктеледі.
Объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын оның бірінші басшысы ұйымдастырады.
6. Объектілерде терроризм актісін жасауға кедергі келтіретін (терроризм актісін жасау тәуекелін төмендету) және объектілерде болуы мүмкін террористік қауіптердің салдарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға әзірлігін қамтамасыз ететін жағдайлар жасау үшін Министрлікте:
объектінің басшысы мыналар бойынша шараларды іске асырады:
Қағидаларға сәйкес объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу туралы шешім дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Ұлттық қауіпсіздік комитетінен келіп түсетін, террористік қауіптердің сипаты мен ерекшелігі және олардың объектілер үшін салдарын модельдеу туралы ақпаратты талдау. Министрліктің қарамағындағы мүдделі ведомстволарды, ұйымдарды хабардар ету;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік және (немесе) ішкі істер органдарының террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және оларды осы Нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар негізінде әзірлеуге қатысты ұсынымдарын жалпылау;
объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін мемлекеттік бақылау қорытындылары, сондай-ақ анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі шаралар объектілерінің басшылары қабылдайтын объектілеріндегі эксперименттердің нәтижелері бөлігінде ақпаратты жинақтау және талдау. Объектілердің терроризмге қарсы қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған шараларды әзірлеу;
террористік сипаттағы қауіп-қатер объектілері үшін ықтимал қауіптерді нақтылау;
объектіде терроризм актісін жасауға және оларды жою жөніндегі шараларды іске асыруға ықпал ететін себептер мен жағдайларды айқындау;
объектілерді қажетті инженерлік-техникалық құралдармен жарақтандыру;
белгіленген өткізу режимін қамтамасыз ету;
объектілер персоналын және күзет қызметі субъектілері қызметкерлерін терроризм актісін жасау қатерлеріне алғашқы ден қоюға даярлауды (оқытуды) ұйымдастыру (терроризм актісін жасау белгілерін анықтау, бұл туралы Құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдардың басшылығына хабарлау);
терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталуын бақылау;
жасалған терроризм актісі туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік және (немесе) ішкі істер органдарын уақтылы хабардар ету;
уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар, жедел басқару органдары террористік көріністерге ден қою, сондай-ақ терроризм актісінің жасалуы салдарынан туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді барынша азайту және (немесе) жою мәселелері бойынша оқу-жаттығулар, жаттығулар және эксперименттер өткізген кезде оларға объект персоналының қатысуы;
объектінің персоналын және күзет қызметі субъектілерінің қызметкерлерін террористік сипаттағы қатерлерге алғашқы ден қою дағдыларына оқыту;
объектіде терроризм актісін жасау кезінде персонал мен келушілерді хабардар етуді және эвакуациялауды ұйымдастыру;
объектінің терроризмге қарсы қорғалуының паспортын уақтылы жасау және оны тиісінше сақтау мен өзекті күйде ұстау;
негізгі құтқару, авариялық және өзге де қызметтер келгенге дейін адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін жағдайларды қоспағанда, терроризм актісінің салдарын жоюға және барынша азайтуға бағытталған бастапқы ден қою шараларын ұйымдастыру үшін қажетті күштер мен құралдарды қалыптастыру;
тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің қауіпсіздігін және объектінің (сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газ жабдығы, өрт сөндіру), объект персоналы мен келушілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл шараларды дайындау және ұйымдастыру, эвакуациялау жолдарын айқындау, персоналды қорғану құралдарымен қамтамасыз ету, аталған қызмет учаскелері үшін жауапты адамдарды белгілеу бойынша шараларды іске асырады.
2-тарау. Өткізу режимін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
7. Объектіде объектінің ерекшелігіне сәйкес келетін өткізу режимі белгіленеді.
8. Объектілердің басшылары осы Нұсқаулықтың 6-тарауының 74-тармағына сәйкес 2-топқа жатқызылған объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін қолданыстағы заңнама шеңберінде күзет қызметтерін көрсетуге, оның ішінде террористік тұрғыдан осал Министрлік объектілерін күзетуге лицензиясы бар күзет қызметі субъектісімен күзет қызметтерін көрсету туралы кемінде бір жыл мерзімге шарт жасасады.
9. Күзет қызметі субъектісімен күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасу кезінде объект басшысы күзет қызметі субъектісі іске асыратын терроризмге қарсы қорғауды және қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын көрсетеді, оларға мыналар жатады:
1) қызметкерлер мен көлік құралдарын объектіге немесе оның бөліктеріне (аймағына) санкцияланған рұқсат беруді ұйымдастыру;
2) объект аумағында құқыққа қарсы ниеті бар адамдарды, сондай-ақ оларды іске асыру үшін пайдаланылатын құралдар мен заттарды анықтау;
3) объектіні күзету, объектінің ықтимал қауіпті учаскелерін және дағдарысты аймақтарды қорғау (бақылау), оның ішінде оларда бөгде адамдардың бақылаусыз болуына жол бермеу;
4) жасалған терроризм актісі нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді барынша азайтуға және жоюға бағытталған алғашқы ден қою іс-шараларын орындау бойынша объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдармен оқу іс-шараларын ұйымдастыру;
5) осы Нұсқаулықта көзделген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сәйкес объектіде орнатылған техникалық қорғау құралдарын тиісінше пайдалану.
10. Объектілер үшін өткізу режимін ұйымдастыру тәртібі:
1) объектіде қызметкерлердің жұмыс кестесі және оларды жұмыстан тыс және жұмыс уақытында өткізу тәртібі;
2) келушілерді объектіге өткізу тәртібі;
3) материалдық құндылықтарды әкелу (әкету), әкелу (әкету) тәртібі;
4) объектілердің ықтимал қауіпті учаскелерінің тізбесі (кіру қақпасы, кіру есігі, қосалқы шығу, бірінші қабаттың терезелері, жертөле үй-жайы).
5) кіру учаскесі (кемінде екі негізгі учаске орнатылады:
бірінші учаске - қызметкерлерге және өзге де келушілерге кіруге шек қойылмаған ғимараттар, аумақтар, үй-жайлар;
екінші учаске - адамдардың белгілі бір санатына кіруге рұқсат етілген ғимараттар және (немесе) үй-жайлар-электр қалқаны, қазандық, серверлік, күрделі техникалық жабдығы бар үй-жайлар);
6) Террористік тұрғыдан осал объектілерге және аумағына алып өтуге (тасымалдауға) тыйым салынған нәрселер мен заттардың тізбесі осы Нұсқаулыққа 1-қосымшада айқындалған.
11. Объектідегі өткізу режимі өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыру тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады, ол объекті басшысының бұйрығымен әзірленеді және бекітіледі.
12. Объектінің басшысы оны ұйымдастыруға және бақылауға жауапты тұлғалардың өткізу режимінің тәртібін айқындайды. Күзет қызметі субъектісімен күзет қызметтерін көрсету туралы шарт болмаған жағдайда өткізу режимін тікелей орындауға жауапты адамдарды тағайындау көзделеді.
13. Объектілер үшін өткізу режимін ұйымдастыру тәртібі осы Нұсқаулықтың 10-тармағында қарастырылмаған мәліметтерден басқа мыналарды көздейді:
мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қызмет көрсететін тұлғаларды өткізу тәртібі;
объект қызметкерлерін жұмыс орындарына жаппай өткізуді жүзеге асыруға арналған орындар (негізгі және қосалқы) және оларды бақылау тәртібі.
14. Әрбір объектіде өткізу және объектішілік режимдерді ұйымдастыру тәртібінің негізінде оған тән ерекшеліктерді ескере отырып, объектінің басшысы міндетті түрде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде лауазымдық нұсқаулық әзірлеуді көздейді:
1) объектіге кірген кезде жеке басын куәландыратын тиісті құжаттарды тексеру;
2) объектінің аумағына автокөлік құралдарын өткізу кезінде әкелінетін жүктердің тиісті құжаттарын және сипатын тексеруді;
3) қызметтік істер бойынша объектіге баратын адамдардың құжаттарын және басқа ұйымдардан келу мақсаттарын тексеруді, келушілер кітабына тиісті жазбалар жасауды;
4) ішкі үй-жайларды тексеру, объектінің периметріннің бүлінуін тексеру, бөгде, жарылыс қаупі бар және күдікті заттарды анықтау тұрғысынан объектілердің аумағын жиі қарауды;
5) барлық анықталған бұзушылықтар туралы объект басшысына және күзет кәсіпорнындағы өзінің тікелей бастықтарына дереу баяндауды;
6) белгіленген ережелерді бұза отырып, объектінің аумағына кіруге және (немесе) қызметкерлерге қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасауға тырысатын адамдар анықталған кезде объектінің периметріне жақын жерде ұзақ уақыт тұрған белгісіз автокөлік табылған кезде нақты объектінің жарақтандырылуына сүйене отырып, объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдардың іс-әрекеттерін.
15. Лауазымдық нұсқаулық иесіздендірілген және әр объект үшін оның ерекшеліктерін ескере отырып жасалады.
16. Объектіде өткізу режимін сапалы ұйымдастыру мақсатында күзет қызметкерінің (қызметкерлерінің) лауазымын қарастыру.
17. Азаматтардың құқықтарын шектейтін, объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдар талаптарының заңдылығын түсіндіретін өткізу режимін ұйымдастыру тәртібі туралы хабарламаларды объект әкімшілігі көруге болатын жерлерге (объектіге кірген кезде) орналастырады.
3-тарау. Профилактикалық және оқу іс-шараларын ұйымдастыруға қойылатын талаптар
18. Объектілердің басшылары олардың терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бойынша профилактикалық және оқу іс-шараларын ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырушылар болып табылады.
19. Профилактикалық және оқу іс-шараларын ұйымдастырудың жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында объектінің басшысы осы функцияларды объектінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды жүргізуге жауапты қызметкерге жүктей алады және объектінің қызметкерлерімен көрсетілген іс-шараларды үйлестіруді өзі жүргізе алады.
Күзет қызметі субъектілерінің қызметкерлерімен профилактикалық және оқу іс-шараларын жүргізу оның басшысына жүктеледі.
20. Профилактикалық және оқу-жаттығу іс-шаралары нұсқамалар, сабақтар (практикалық және теориялық) және эксперименттер түрінде:
1) террористік тұрғыдан осал объектілерінің қызметкерлерімен;
2) террористік тұрғыдан осал объектілерде күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектісінің жұмыскерлерімен жүргізіледі.
21. Терроризмге қарсы қауіпсіздік мәселелері бойынша профилактикалық және оқу іс-шаралары тақырыптарының нұсқалары осы Нұсқаулыққа 2-қосымшада көрсетілген.
22. Объектінің жұмыскерлерімен профилактикалық және оқу іс-шараларын объектінің басшылары немесе объектінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды жүргізуге басшы уәкілеттік берген тұлға ұйымдастырады.
Терроризмге қарсы комиссияны үйлестіру кезінде профилактикалық және оқу іс-шараларына уәкілетті орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының аумақтық бөлімшелері тартылады.
23. Объектілерде терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтар профилактикалық іс-шаралар ретінде өткізу режимін, олардың дайындығын, сондай-ақ оларда күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілерді терроризм актісін жасауға кедергі келтіруге, салдарларды барынша азайтуды және жоюды қамтамасыз етуге бағытталған эксперименттер өткізуге рұқсат етіледі.
Өткізілген эксперимент нәтижелері бойынша объектінің басшысына бағалары мен ұсынымдары бар акт жолданады.
24. Оқу іс - шараларын объектілердің басшылары немесе өзге де лауазымды адамдар объектінің қызметкерлерімен, ал күзет қызметі субъектілерінің басшыларымен – объектіні күзетуге тартылатын қызметкерлермен ұйымдастырады.
25. Оқу іс-шаралары персоналды терроризм актісі (актілері) жасалған немесе оның жасалу қаупі болған жағдайлардағы іс-қимылға, оның салдарынан қорғау тәсілдеріне, келушілер мен персоналды объектіден қауіпсіз әрі уақтылы эвакуациялауға оқытуды қамтамасыз етеді.
26. Өткізу режимін ұйымдастыруға жауапты қызметкерлерге терроризмге қарсы қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарын пайдалану дағдыларын игеру және (немесе) жетілдіру, үй-жайларды қарап-тексеру техникасы, жарылғыш құрылғылардың ықтимал орнатылу орындарын анықтау бойынша қосымша сабақтар өткізіледі.
27. Сабақтар (практикалық және теориялық) объектінің басшысы немесе күзет қызметі субъектісінің басшысы бекіткен өткізу кестелеріне сәйкес өткізіледі.
28. Сипаты мен уақыты жағынан нұсқама жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлінеді. Нұсқама кезінде персоналға терроризм актісі туындаған жағдайдағы іс-әрекет алгоритмі, оның салдарын азайту және жою тәсілдері жеткізіледі.
29. Объект басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға жылына кемінде бір рет жоспарлы нұсқама өткізеді. Жоспарлы нұсқама жеке немесе жұмыскерлер тобына жүргізіледі.
30. Жоспардан тыс нұсқаманы объектілердің басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары, күзет қызметі субъектілерінің басшылары не өткізілетін оқу-жаттығуларға, жаттығулар мен эксперименттерге жұмылдырылған мемлекеттік органдардың өкілдері:
1) объект орналасқан өңірде террористік қауіп деңгейі енгізілген;
2) терроризм актісін жасаудың ықтимал қатері туралы ақпарат болған;
3) оқу-жаттығуларға, жаттығуларға, эксперименттерге дайындалған;
4) күзет іс-шараларын өткізуге дайындалған жағдайларда жүргізеді.
31. Жоспардан тыс нұсқама жеке немесе жұмыскерлер тобына жүргізіледі. Жоспардан тыс нұсқаманың мазмұны әрбір нақты жағдайда оны өткізу қажеттігін туындатқан себептер мен мән-жайларға байланысты айқындалады.
32. Сабақтар (теориялық және практикалық) өткізу кестесіне сәйкес жылына кемінде бір рет кезеңділікпен жүргізіледі. Практикалық және теориялық сабақтар жеке немесе бір типтегі объектілердің жұмысшылар тобына жүзеге асырады.
33. Теориялық сабақтар Министрлік және оның ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерін қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметкерлер арасында терроризм идеологиясының таралуының алдын алуға, сондай-ақ қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Практикалық сабақтар:
1) қауіпсіз және кедергісіз эвакуациялау жүргізу;
2) терроризм актісі қаупі төнген;
3) объектіде күдікті адамдар мен заттар, сондай-ақ объектіге тән терроризм актілерін жасаудың өзге де сценарийлері табылған кезде персоналдың іс-әрекетін үйлестіруге бағытталған.
34. Нұсқаулық өткізу Министрлік және оның ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерін терроризмге қарсы қауіпсіздіктің негізгі ережелерімен таныстыруға, сауатты және ұтымды мінез-құлық дағдыларын дамытуға арналған.
35. Терроризмге қарсы қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге жауапты адам ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарын әр түрлі адамдар тобының іс-қимыл алгоритмдерін пысықтау бойынша жоспарланған практикалық сабақ туралы кемінде бес тәулік бұрын хабардар етеді.
36. Нұсқамалар мен сабақтарды өткізу туралы осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша терроризмге қарсы дайындық жөніндегі оқу іс-шараларын есепке алу журналында жазба жүргізіледі.
37. Журнал нөмірленеді, тігіледі және мөрмен бекітіледі. Журналды толтыру қатаң реттілікті сақтай отырып жүргізіледі.
38. Журналды жүргізуді объектінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды жүргізуге жауапты тұлға жүзеге асырады.
39. Персонал саны 20 адамнан асатын объектілер үшін жоғарыда көрсетілген іс-шаралар бойынша құжаттама хаттама немесе анықтама түрінде рәсімделеді.
4-тарау. Террористік көріністерге ден қою, сондай-ақ жасалған терроризм актісінің нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою мәселелері бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыруға қойылатын талаптар
40. Объектілердің, күзет қызметі субъектілері басшыларының, сондай-ақ қызметкерлерінің уәкілетті мемлекеттік органдармен және жедел штабтармен өзара іс-қимылы терроризм актісін (актілерін) жасау немесе жасау қатерлеріне ден қоюға, терроризмге қарсы түрлі деңгейдегі оқу-жаттығуларды, жаттығуларды, эксперименттерді, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияларды дайындауға және жүргізуге әзірлікті қамтамасыз ету шеңберінде тұрақты негізде ұйымдастырылады.
41. Террористік тұрғыдан осал объектілердің басшылары, объектіге күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектілері уәкілетті мемлекеттік органдарға және (немесе) жедел штабтарға терроризмге қарсы түрлі деңгейдегі оқу-жаттығуларды, жаттығуларды, эксперименттерді және терроризмге қарсы операцияларды дайындау және жүргізу кезінде көмек көрсетеді.
42. Террористік тұрғыдан осал объектілердің басшылары, объектіге күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектілерінің басшылары терроризм актісін (актілерін) жасау немесе жасау қатерлеріне ден қоюға әзірлікті қамтамасыз ету шеңберінде объектінің персоналының, күзет қызметі субъектілерінің іс-қимыл алгоритмін әзірлейді:
1) терроризм актісінің (актілерінің) жасалу қауіпі немесе жасалуы туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің және Ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшелерін дереу хабардар ету бойынша;
2) терроризм актісінің (актілерінің) жасалу қауіпі немесе жасалуы туралы уәкілетті мемлекеттік органдардан ақпарат алған кезде;
3) жасалған терроризм актісі нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді барынша азайтуға және жоюға бағытталған бастапқы ден қою іс-шараларын орындау бойынша.
43. Объектіге терроризм актісінің жасалу қауіпіне мыналар жатады:
1) объектіге дайындалып жатқан терроризм актісі туралы хабарламаны алуға (оның ішінде анонимді);
2) күзетілетін аумаққа тыйым салынған заттарды заңсыз кіргізу (әкелу) әрекеттері;
3) объектінің аумағында қойылған құрылғыларды немесе мақсаты белгісіз заттарды табу;
4) объект қызметкерлерінің ескертулеріне әрекет жасамайтын белгісіз күдікті адамдар тобының объекті жанында жиналуы;
5) егер объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуші қызметкерлердің пікірі бойынша бұл террористік актіге дайындық іс-шаралары болып табылуы мүмкін объектінің жанындағы адамдардың басқа да күдікті әрекеттері.
44. Объектінің басшысы террористік қауіптілік деңгейін белгілеу кезінде мынадай қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді:
1) террористік қауіптіліктің "сары" деңгейінде:
объектіде өткізу режимін күшейту;
қауіпсіздік жүйелерінің (хабарлау, бейнебақылау және күзет сигнализациясы) жұмысқа жарамдылығын тексеру және қамтамасыз ету;
келушілерді, қызметкерлерді қажет болған жағдайда арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып тексеру;
алынған ақпаратқа қарай тиісті саладағы мамандарды тарта отырып, күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектілері, дағдарыс жағдайларын жою жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын объектілердің қызметкерлері арасында нұсқама өткізу;
терроризм актісінің (актілерінің) жасалу қаупі немесе жасалу кезіндегі іс-қимылдар бойынша қызметкерлер арасында нұсқама өткізу;
эвакуацияланған адамдардың, материалдық құндылықтар мен құжаттаманың уақытша болатын орындарын анықтай отырып, объектілердің қызметкерлерін шұғыл эвакуациялау мәселелерін пысықтау;
2) террористік қауіптіліктің "қызғылт сары" деңгейі кезінде (террористік қауіптіліктің "сары" деңгейі белгіленгенде қабылданатын шаралармен қатар):
терроризм актілеріне ден қою, сондай-ақ жасалған терроризм актісінің нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтармен бірлескен іс-қимылдарды пысықтау;
күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектілерінің дағдарысты жағдайларды жою жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын объектілер қызметкерлерінің жоғары дайындық режиміне келтіру;
3) террористік қауіптіліктің "қызыл" деңгейі белгіленген кезде (террористік қауіптіліктің "сары" және "қызғылт сары" деңгейлері енгізілгенде қабылданатын шаралармен қатар):
адамдарды құтқару жөнінде шұғыл шараларды қабылдау, құтқару қызметтері мен құрылымдарының үздіксіз жұмыс істеуіне көмек көрсету;
объектілердің қызметін тоқтата тұру (қажет болған жағдайда).
45. Объектінің басшысы не ол уәкілеттік берген адам терроризм актісі немесе оны жасау қаупі туралы ақпаратты уәкілетті органдарға жеткізгеннен кейін осы Нұсқаулыққа 4-қосымшада көрсетілген алгоритмдерге сәйкес жағдайға байланысты іс-қимыл жасайды.
5-тарау. Террористік тұрғыдан осал объектінің терроризмге қарсы қорғалу паспортын әзірлеуге және оның қолданылуына қойылатын талаптар
46. Объектінің терроризмге қарсы қорғалуының паспорты (бұдан әрі – паспорт) "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе бірлескен бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32950 болып тіркелген) бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортына (бұдан әрі - үлгілік паспорт) сәйкес бір мезгілде электрондық нұсқаны әзірлей отырып, екі данада жасалады.
47. Паспортта:
1) эвакуациялау орны;
2) жинау нүктелері;
3) ескерту жүйесі туралы ақпарат болуы керек.
48. Паспорттың мәліметтері шектеулі сипатта болады, олармен жұмыс істеу тәртібі қол жетімділігі шектеулі ақпаратқа қойылатын заңнама талаптарымен айқындалады.
Объектілерде паспорт таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын құжат болып табылады және егер оған құпиялылық белгісі берілмесе, "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі болады.
49. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс жүргізілетін объектілерде паспорт "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын ескере отырып, осы Нұсқаулыққа сәйкес әзірленеді.
50. Объектінің басшысы паспортты әзірлеуге, оны сақтауға және паспорт деректерін уақтылы жаңартуға жауапты болып табылады.
51. Паспорттың жобасы объектінің басшысы объектіні террористік тұрғыдан осал объектілердің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тізбесіне (бұдан әрі – аумақтық тізбе) енгізу туралы тиісті хабарлама алған кезден бастап 45 (қырық бес) жұмыс күні ішінде жасалады.
Паспортты әзірлеу мерзімдерін ұзарту қажет болған жағдайда Министрлік объектісінің басшысы объектінің орналасқан жері бойынша терроризмге қарсы комиссияның аппаратына (бөліміне) тиісті негізделген өтініш жолдайды.
Паспорт жасау мерзімі терроризмге қарсы комиссияның шешімі бойынша ұзартылады.
52. Объекті паспортының жобасы жасалғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде объектінің орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органының басшысына келісуге жіберіледі.
53. Паспорт жобасын келісу мерзімі паспорт үлгілік паспортта көрсетілген лауазымды адамға келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспауы тиіс.
54. Паспорт жобасы бойынша ескертулер болған жағдайда, ол қайтаруға негіз болған себептер көрсетіліп, паспорт жобасын жолдаған тұлғаға қайтарылады.
55. Паспорттың жобасы қайтарылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде пысықталады.
56. Қайтадан келіп түскен паспорт жобасын келісу мерзімі (бұрын көрсетілген ескертулерді орындау үшін) 7 (жеті) жұмыс күнінен аспауға тиіс.
57. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органының басшысымен келісілгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде паспортты, объектінің басшысы бекітеді (оның ішінде ол жаңартылған кезде).
58. Ғимарат, құрылыс (ғимараттар мен құрылыстар кешені) бірнеше құқық иеленушіге тиесілі объектілерді орналастыру үшін пайдаланылған кезде паспорт жасау олардың арасындағы жазбаша келісім бойынша объектінің барлық құқық иеленушілері немесе олардың біреуімен бірлесіп жүзеге асырылады.
59. Бірлесіп жасаған кезде паспортты террористік тұрғыдан осал объектілердің барлық құқық иеленушілері бекітуі тиіс.
60. Бір құқық иеленуші жасаған кезде паспортты объектінің басқа құқық иеленушілерімен келісім бойынша объектінің басшысы бекітеді.
61. Паспорттың көшірмелерінің (электрондық көшірмелерінің) саны және оларды объектінің басқа құқық иеленушілеріне жіберу олардың құқық иеленушілері арасындағы жазбаша келісіммен айқындалады.
62. Терроризм актілерінің зардаптарын жоюға және азайтуға тартылған органдарға паспортты уақтылы беруді қамтамасыз ету мақсатында паспортқа екі данада құжаттарды уақытша беру актісі жасалады.
63. Құжаттарды уақытша беру актісінің бір данасы паспортпен бірге терроризмге қарсы операцияға басшылықты жүзеге асыратын жедел штабқа беріледі.
64. Құжаттарды уақытша беру актісінің екінші данасы және паспорттың электрондық нұсқасы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдарына жолданады.
65. Объектінің паспорттарын есепке алу номенклатуралық істер форматында жүзеге асырылады.
66. Паспорт терроризмге қарсы операция, оқу-жаттығу, жаттығу және эксперимент өткізген жағдайда пайдаланылады.
67. Паспорттардың даналарын әзірлеу, келісу, есепке алу, сақтау және (немесе) жою нұсқаулықтарда егжей-тегжейлі баяндалады, паспорттың өзектілігін және оның жедел штабқа уақтылы берілуін қамтамасыз етеді.
68. Паспорт мынадай өзгерістер енгізген жағдайда түзетуге жатады:
1) меншік құқығы,
2) объект басшысы;
3) объектінің атауы;
4) объектінің негізгі мақсаты;
5) объектінің, іргелес аумақта құрылыс салудың жалпы ауданы мен периметрі, өзгерсе немесе күрделі жөндеу, ғимараттарды (құрылыстар мен ғимараттарда) және инженерлік жүйелерді реконструциялау аяқталғаннан кейін егер конструкциясында өзгерістер жасаса;
6) объектінің ықтимал қауіпті учаскелері;
7) объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету үшін тартылатын техникалық құралдар өзгерген жағдайда.
69. Паспортқа түзетулер енгізу оның өзгеру себебі туындаған сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
70. Паспортқа объектінің құқық иесі болып табылатын объект басшысының немесе ұйым паспортқа қол қоюға уәкілеттік берген адамның қолымен куәландырылған өзгерістер енгізіледі. Өзгерістер болған паспорттың элементтері ғана ауыстырылуға жатады.
Бір мезгілде объект басшысының қолы қойылған тиісті өзгерістер туралы ақпарат паспорттың екінші данасына қоса тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдарына жіберіледі.
71. Паспорт:
1) бес жылда кемінде бір рет;
2) паспорт мәтіні тармақтарының жартысынан астамына түзетулер енгізілген жағдайда толық ауыстырылуға жатады.
72. Күші жойылған паспорт тиісті акт жасала отырып, комиссиялық тәртіппен жойылуға жатады. Акт объектінің құқық иеленушісі болып табылатын ұйымда қалады, актінің көшірмесі паспорттың екінші сақтау орны бойынша жіберіледі.
6-тарау. Террористік тұрғыдан осал объектілерді инженерлік-техникалық жабдықпен жарақтандыруға қойылатын талаптар
73. Терроризм актісінің жасалуының ықтимал салдарын және инженерлік-техникалық жабдыққа қойылатын сараланған талаптардың айқындалуын ескере отырып, мынадай объектілердің топтары белгіленеді:
1) бірінші топтағы объектілер – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бөлімшелері күзететін объектілер;
2) екінші топтағы объектілер – жеке күзет ұйымы күзететін объектілер;
3) үшінші топтағы объектілер - жеке күзет ұйымы күзететін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ведомстволарының ғимараты.
74. Объектілер осы тараудың 73-тармағында көрсетілген топтар бойынша бөлінуіне қарамастан бейнебақылау, хабарландыру, өрт дабылы жүйелерімен және кіруді бақылау және басқару жүйелерімен (турникеттер) жарақтандырылады:
1) турникет құрылғыны ашудың және бұғаттаудың қолмен және автоматты және (немесе) қашықтықтан тәсілдерін қамтамасыз етеді;
2) объектінің персоналы мен келушілерін хабардар ету техникалық құралдардың көмегімен жүзеге асырылады және олар ғимаратта, үй-жайда, адамдар тұрақты немесе уақытша болатын объект аумағының учаскелеріне дыбыстық және (немесе) жарық сигналдарын беруді қамтамасыз етеді.
75. Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді жарақтандыру "Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысымен бекітілген мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инжинерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптар мен Талаптарға сәйкес қамтамасыз етіледі.
76. Осы Нұсқаулықтың 73-тармағында көрсетілген инженерлік-техникалық құралдарға қосымша екінші топтағы объектілерді жарақтандыру үшін мынандай инженерлік-техникалық құралдар пайдаланылады:
1) жете тексеріп қараудың техникалық құралдары (стационарлық және (немесе) қол металл детекторлары);
2) объектідегі ахуалды бақылау бойынша: байланыс, хабарлау, күзет және дабыл (оның ішінде дабыл берудің ұтқыр не стационарлық құралдары - "дабыл түймелері") сигнал беру жүйелері мен құралдары:
байланыс жүйесі күзет бекетіндегі (өткізу пунктіндегі) кезекші мен қызмет көрсету аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нарядтар арасында, сондай-ақ қызмет көрсету аумағы шегінде олардың арасында екі жақты радиобайланысты қамтамасыз етеді;
дабыл беру құралы (мобильді немесе стационарлық) дабылды объектіге дереу беруге мүмкіндік береді;
дабыл түймесі объектіде терроризм актісінің жасалу қаупі туралы уәкілетті органдарды уақтылы хабардар ету мақсатында күзет (өткізу) бекетінде (пунктінде) орнатылады.
77. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының аумағында орналасқан объектілерді жарақтандыру үшін "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасында террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысы міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 05/326 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30966 болып тіркелген) сәйкес инженерлік-техникалық құралдар пайдаланылады.
78. Телевизиялық күзет жүйесімен жабдықталады:
1) аумақтың периметрі;
2) бақылау-өткізу пункттері (бар болса);
3) күзет (өткізу) бекеттері (пункттері);
4) бас және қосалқы кіру есіктері;
5) ықтимал қауіпті учаскелері бар аумақ пен үй-жайлар, оларға апаратын үй-жайлар (орындар), дәліздер;
6) объект басшысының қалауы бойынша басқа да үй-жайлар жатады.
79. Телевизиялық күзет жүйесі мыналарды қамтамасыз етеді:
1) көрнекі ақпаратты автоматтандырылған режимде күзет бөлімшесінің арнайы бөлінген үй-жайындағы жергілікті бақылау пунктінің не орталықтандырылған күзет пунктінің мониторларына беруді қамтамасыз етеді;
2) оқиғаларды кейіннен талдау үшін бейнеақпаратты сақтау (ақпаратты сақтау мерзімі кемінде 30 тәулікті құрайды);
3) бейнежазбаға жедел қол жеткізу.
80. Объектінің телевизиялық күзет жүйесіне жататын бейнебақылау жүйелеріне қойылатын техникалық талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21693 болып тіркелген) бекітілген бейнемониторингтің ұлттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында (бұдан әрі – Бейнемониторингтің ұлттық жүйесінің жұмыс істеу қағидалары) көзделген бейнебақылау жүйелерінің ең төменгі техникалық шарттарына сәйкес келуі қажет.
81. Осы Тараудың 79-тармағында көрсетілген жүйелерді қоспағанда, объектілерді осы тарауда көзделген инженерлік-техникалық жабдықпен жабдықтау мүмкін болмаған кезде осы Нұсқаулыққа сәйкес олардың болмауын өтейтін инженерлік-техникалық шешімдер және (немесе) қауіпсіздік шаралары қабылданады.
82. Объектіні салуды, реконструкциялауды, жаңғыртуды, күрделі жөндеуді жобалау кезінде объектінің басшысы, объектінің террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу өлшемшарттарына сәйкестігін анықтауы және қажет болған жағдайда тиісті инженерлік-техникалық жарақтандыруды қарастыруы қажет.
83. Басшының немесе өзге де лауазымды адамдардың шешімі бойынша объектіде қосымша инженерлік-техникалық жабдық орнатылады.
84. Объектіні инженерлік-техникалық жабдықтармен жарақтандыру жөніндегі іс-шаралардың аяқталу мерзімі объектіге террористік тұрғыдан осал мәртебесін беру туралы (оны объектінің орналасқан жері бойынша аумақтық тізбеге енгізу туралы) хабарлама алған сәттен бастап 6 (алты) айдан аспайды.
85. Объектілердің үшін терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін комиссиялық тексеріп қарағаннан кейін әкімдік жанындағы терроризмге қарсы комиссиямен келісім бойынша объектілер үшін өзге де мерзімдер белгіленуі мүмкін.
86. Объектішілік бейнебақылау жүйелерін Бейнемониторингтің ұлттық жүйесіне қосу мерзімдері Бейнемониторингтің ұлттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында белгіленеді.
87. Объектілердің инженерлік-техникалық жабдықтары тұрақты негізде жұмыс істейтін күйде болуы тиіс.
88. Объектілер күзет және дабыл сигнализациясымен қол жеткізуді бақылау және басқару, жарықтандыру, бейнебақылау жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін резервтік электрмен жабдықтау жүйелерімен және құралдарымен жарақтандырылады.
89. Объектілер кіру топтары орналасқан жағдайда, сондай-ақ жұмыскерлердің көлік құралдарының қозғалыс жолдарына тікелей жақын болуы мүмкін ашық орындар болған жағдайда, объектілер соқтығысу қаупін болғызбау мақсатында көлік құралдарының жылдамдығын төмендету құралдарымен жабдықталады.
90. Көлік құралдарының жылдамдығын төмендету мынадай құралдардың бірін: гүл құмыраларын (биіктігі кемінде 50 сантиметр), сәулет және ландшафт элементтерін және басқа да антитарандық құрылғыларды пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Қаржы министрлігінің | |
қарамағындағы террористік | |
тұрғыдан осал объектілердің | |
терроризмге қарсы қорғалуын | |
ұйымдастыру жөніндегі | |
нұсқаулыққа 1-қосымша |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілерге және аумағына алып өтуге тыйым салынған нәрселер мен заттардың тізбесі
1. Қару:
1) атыс қаруы;
2) жарақаттаушы, газды және жарық-дыбыстық әсер ететін патрондары бар ұңғысыз қару;
3) суық қару, сондай-ақ суық қаруға жатпайтын әртүрлі пышақтар;
4) лақтыратын қару;
5) пневматикалық;
6) газды;
7) электрлік;
8) сигналдық;
9) зақымдаушы әсері радиоактивті сәулелену мен биологиялық әсерді пайдалануға негізделген қару мен заттар;
10) зақымдайтын әсері электромагниттік, жарық, жылу, инфрадыбыстық немесе ультрадыбыстық сәулеленуді пайдалануға негізделген қару мен заттар;
11) жоғарыда аталған қару түрлерін имитациялайтын заттар;
12) қару ретінде пайдаланылатын заттар (соққы-жару, лақтыру және тесу-кесу әрекеттері);
13) қаруға оқ-дәрілер және оның құрамдас бөліктері.
2. Механикалық және аэрозольдік тозаңдатқыштар және адам ағзасына жас ағызатын, тітіркендіретін және теріс әсер ететін құралдармен жарақталған құрылғылар.
3. Заттар:
1) жарылғыш;
2) улы;
3) уландырғыш;
4) радиоактивті;
5) күйдіргіш;
6) пиротехникалық;
7) тез тұтанғыш.
Қазақстан Республикасы | |
Қаржы министрлігінің | |
қарамағындағы террористік | |
тұрғыдан осал объектілердің | |
терроризмге қарсы қорғалуын | |
ұйымдастыру жөніндегі | |
нұсқаулыққа 2-қосымша |
Сабақ тақырыптарының нұсқалары
1. Оқу сабақтары (теориялық) тақырыптарының нұсқалары:
1) терроризмге қарсы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі заңнаманың негізгі талаптары;
2) терроризмнің мәні мен қоғамдық қауіптілігі, террористік сипаттағы әрекеттерді жасағаны үшін жауапкершілік;
3) террористік қауіптің ықтимал көздері туралы хабарлау;
4) объектілердің түрлі адамдардың топтарының террористік сипаттағы ықтимал қауіп-қатерлерге іс-қимыл алгоритмдерінің мақсаты және олармен жалпы танысу.
2. Тақырыптық нұсқама объектінің әрбір қызметкерін терроризм актісін жасау немесе оның объект аумағы шегінде жасалу қаупі жағдайындағы дербес мінез-құлық тәртібімен және іс-қимылдармен егжей-тегжейлі танысуына сәйкес жүргізіледі.
3. Практикалық сабақтар тақырыптарының нұсқалары:
Объекті қызметкерлерінің, күзет қызметкерлерінің практикалық іс-қимылдарын пысықтау:
1) иесіз заттар мен күдікті заттарды табу мақсатында үй-жайларды қарап тексеруді ұйымдастыру бойынша;
2) иесіз заттар, күдікті заттар табылған және миналау туралы хабар алған кездегі іс-әрекеттер;
3) иесіз заттар, күдікті заттар табылған және объектіні миналау туралы хабар алынған кезде ішкі істер органдарын, уәкілетті органдарды хабардар ету тәртібі бойынша;
4) персоналды және объектіге келушілерді хабардар етуді ұйымдастыру бойынша;
5) объект персоналы мен келушілерін эвакуациялауды ұйымдастыру бойынша;
6) адамдарды эвакуациялау кезінде іс-қимылдарды ұйымдастыру бойынша.
7) Алғашқы медициналық көмек көрсету:
атыс, сынық жаралар, шаншылып-кесілген, жыртылған жаралар;
күйік;
сүйектердің сынуы, буындардың шығуы;
көміртегі тотығымен және басқа да улы заттармен улану;
шок алу жағдайлары, контузиялар;
мидың шайқалуы кезінде.
8) террористің сыртқы белгілері:
қолдан жасалған жарылғыш құрылғының (бұдан әрі – ҚЖЖҚ) элементтерін жасыруға арналған ауа-райына сәйкес келмейтін кең киім;
киімнің астынан шығып тұратын ҚЖЖҚ элементтері, сымдар, тумблерлер, ажыратқыштар;
қолында қаруды немесе жарылғыш құрылғыны жасыруға болатын үлкен сөмкелер мен баулдың болуы;
тасымалданатын заттарға мұқият қарау, оларды денеге баса және жиі ұстап көру;
әртүрлі бұзылулар болуы мүмкін камуфляжды нысанды киімді пайдалану (шеврондардың болмауы, қалыптың төменгі және жоғарғы бөліктері түсінің сәйкес келмеуі, бас киім);
байланыс жүйесі күзет (өткізу) бекетіндегі (пунктіндегі) кезекші мен қызмет көрсету аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нарядтар арасында, сондай-ақ қызмет көрсету аумағы шегінде олардың арасында екі жақты радиобайланысты қамтамасыз етуі;
дабылды дереу жіберуге мүмкіндік беретін (мобильді немесе стационарлық);
дабыл түймесі объектіде терроризм актісінің жасалу қаупі туралы уәкілетті органдарды уақтылы хабардар ету мақсатында күзет (өткізу) бекетінде (пунктінде) орнатылады.
Қазақстан Республикасы | |
Қаржы министрлігінің | |
қарамағындағы террористік | |
тұрғыдан осал объектілердің | |
терроризмге қарсы қорғалуын | |
ұйымдастыру жөніндегі | |
нұсқаулыққа 3-қосымша |
Терроризмге қарсы дайындық бойынша оқу іс-шараларын есепке алу журналы № ___
Журналды жүргізу басталған күн 20__ жыл "___" _________.
Журналды жүргізу аяқталған күн 20__ жыл "___" __________.
(ішкі жағы)
Бөлім 1. Нұсқама
р/с № | Нұсқаманы өткізу күні | Нұсқама берілетін адамның тегі аты-жөні әкесінің аты (әкесінің аты бар болса) | Нұсқама түрі | Нұсқаманы өткізген адамның тегі аты-жөні әкесінің аты (әкесінің аты бар болса) және лауазымы | Нұсқама берілетін адамның қолы | Нұсқаманы өткізген адамның қолы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Бөлім 2. Сабақтар
Күні | Сабақтың тақырыбы | Оқу сұрақтары | Қатысқан қызметкерлердің саны | Сабақты өткізген адамның қолы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Қазақстан Республикасы | |
Қаржы министрлігінің | |
қарамағындағы террористік | |
тұрғыдан осал объектілердің | |
терроризмге қарсы қорғалуын | |
ұйымдастыру жөніндегі | |
нұсқаулыққа 4-қосымша |
Террористік сипаттағы ықтимал қауіп-қатерлерге объектілердің әртүрлі ортадағы адамдардың іс-қимыл алгоритмдері
1-бөлім. Объектіге келушілер мен қызметкерлерге қарулы шабуыл кезіндегі іс-қимыл алгоритмі
1. Объектіге келушілердің әрекеттері:
қорғану: ғимараттан ақырын шығу немесе үй-жайда жасырыну, есікті бұғаттау, құқық қорғау қызметкерлерінің келуін күту;
құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарды, күзетті, персоналды, объект басшылығын қарулы шабуыл жасау фактісі мен мән-жайлары туралы мүмкіндігінше кез келген тәсілмен хабардар ету.
2. Объект персоналының әрекеті:
құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарды, күзетті, персоналды, объект басшылығын қарулы шабуыл жасау фактісі мен мән-жайлары туралы мүмкіндігінше кез келген тәсілмен хабардар ету;
қорғану: ғимараттан ақырын шығу немесе үй-жайда жасырыну, есікті бұғаттау, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің келуін күту.
3. Объект күзетінің әрекеттері:
Қарулы қаскүнемді анықтау;
мүмкіндігінше объектіде адамдардың жаппай болу орындарына оның жылжуын бұғаттау;
кез келген әдіспен объект басшылығына, құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарға қарулы шабуыл жасау фактісі туралы ақпарат беру;
объектідегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шаралар қабылдау (эвакуациялау, ішкі кедергілерді оқшаулау және басқалар);
жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
4. Объект басшылығының іс-әрекеттері:
құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарды қарулы шабуыл жасау фактілері мен мән-жайлары туралы дереу хабардар ету;
объектідегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру (эвакуациялау, ішкі кедергілерді оқшаулау, объектідегі штаттан тыс жағдай туралы хабарлау және басқалар);
терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың келген күштерімен өзара іс-қимыл жасасу.
2-бөлім. Адамдарды кепілге алу кезіндегі іс-қимыл алгоритмі
5. Объектіге келушілердің іс-әрекеттері:
қорғану:кепілге алынбауға, ғимараттан ақырын шығып кетуге немесе үй-жайға тығылуға, есікті бұғаттау, құқық қорғау органдарының қызметкерлері келгенге дейін қауіпсіздікті сақтау;
құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарды кепілге алынған адамдар мен қаскүнемдердің басып алу мән-жайлары (саны, қару-жарағы, жарақтандырылуы, жасы, лақап аты, ұлты және басқалары) туралы мүмкіндігінше кез келген қолжетімді тәсілмен және өз қауіпсіздігін кепілдік берілген қамтамасыз ету шартымен ғана хабардар ету.
6. Объект қызметкерлерінің іс-әрекеттері:
қорғану: кепілге алынбауға, ғимараттан ақырын шығып кету немесе үй-жайға жасырыну, есікті бұғаттау, құқық қорғау органдарының қызметкерлері келгенге дейін немесе ғимараттан шығу үшін қауіпсіздікті сақтау;
құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарын кепілге алынған адамдар мен қаскүнемдердің басып алу мән-жайлары (саны, қару-жарағы, жарақтандырылуы, жасы, лақап аты, ұлты және басқалары) туралы мүмкіндігінше кез келген қолжетімді тәсілмен және өз қауіпсіздігін кепілдік берілген қамтамасыз ету шартымен ғана хабардар ету.
7. Объекті күзетінің іс-әрекеттері:
Қарулы қаскүнемді (-дерді) анықтау;
мүмкіндігінше оны/олардың объектідегі адамдардың жаппай болу орындарына жылжуын бұғаттау;
адамдарды кепілге алуға оқталу фактілері мен мән-жайлары туралы объект басшылығына, құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарға кез келген қолжетімді тәсілмен хабарлау;
объектідегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шаралар қабылдау (эвакуациялау, зиянкестер жолындағы ішкі кедергілерді оқшаулау және басқалар);
өз қауіпсіздігіңді қамтамасыз ету (кепілге алынбау және басқалар).
8. Объект басшылығының іс-әрекеттері:
құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарды және (немесе) үшінші тұлғаларды кепілге алуға әрекет жасау фактілері мен мән-жайлары туралы қолжетімді тәсілмен дереу хабардар ету;
мүмкіндігінше объектідегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру (эвакуациялау, ішкі кедергілерді оқшаулау, объектідегі штаттан тыс жағдай туралы хабарлау және басқалар);
мүмкіндігінше терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың келген күштерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
9. Кепілге алу кезіндегі іс-әрекеттер:
тыныштану, үрейленбеу, бәсең дауыспен сөйлеу;
басқыншылардың көзіне қарамау, дөрекілік танытпау. Басқыншыларды дене күшін немесе қаруды қолдануға итермелейтін әрекеттерге жол бермеу;
басқыншылардың талаптарын орындау, оларға қайшы келмеу, қобалжулар мен үрейге жол бермеу;
қатты сынаққа физикалық және моральдық тұрғыдан дайындалу;
басқыншыларға өшпенділік пен немқұрайлылық танытпау;
басынан бастап (әсіресе бірінші сағатта) басқыншылардың барлық нұсқауларын орындау. Басқыншылардан кез келген іс-әрекет жасауға рұқсат сұрау;
өз мінез-құлқымен басқыншылардың назарын аудармау, белсенді қарсылық көрсетпеу. Бұл сіздің жағдайыңызды нашарлатуы мүмкін;
егер қашудың сәттілігіне толық сенім болмаса, жүгіруге тырыспау;
басқыншылар туралы мүмкіндігінше көп ақпаратты есте сақтау (саны, қару-жарағы, сыртқы келбеті, дене бітімі, екпіні, әңгіме тақырыбы, темпераменті, мінез-құлық мәнері);
өзінің орналасқан (қамалған) жерін анықтауға тырысу;
мүмкіндік болған жағдайда, кез келген қолжетімді байланыс тәсілін пайдалана отырып, өмірге қауіп төндірмей, сақтық таныта отырып, болған жағдай туралы құқық қорғау органдарына немесе арнайы органдарға, қауіпсіздік бөлімшесіне немесе объектінің күзет қызметіне хабарлауға тырысу;
қандай болмасын, тағамды елеусіз қалдырмау. Бұл күш пен денсаулықты сақтауға көмектеседі;
жарақат алған жағдайда, өзіңізге алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысу;
ең бастысы, басқыншылар бақылауды тоқтатса да, үрейленбеу;
терезелерден, есіктерден және басқыншылардың өзінен алыс орналасу. Бұл үй-жайға шабуыл жасаған кезде, басқыншыларға тигізу үшін мергендердің ату жағдайында сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін қажет;
арнайы бөлімше қызметкерлері кепілге алынған адамдарды босату жөніндегі операцияны жүргізген кезде мынадай талаптарды сақтау қажет:
қабырғаға қарай еденге төмен қарап жату, басты қолмен жабу және қозғалмау;
арнайы бөлімше қызметкерлеріне қарсы жүгірмеу немесе олардан қашпау;
3-бөлім. Жарылғыш құрылғылар мен жарылғыш заттарды қою кезіндегі іс-әрекет алгоритмі
10. Жарылғыш құрылғыны көрсететін белгілер:
табылған затта сымдардың, арқандардың, изолентаның болуы;
зат шығаратын күдікті дыбыстар, шертулер, сағаттың тықылдауы;
заттан бадамға тән иісі немесе басқа ерекше иіс шығады;
табылған заттың ерекше орналасуы;
табылған затқа әр түрлі қуат көздері орнатылған, сыртқы белгілері бойынша антеннаға ұқсас сым.
11. Келушілердің күдікті затты тапқан кездегі іс-әрекеттері:
қолмен ұстамау, жақындамау, қозғалтпау;
иесіз заттың ықтимал иесін анықтау үшін айналасындағылардан сұрастыру;
радиобайланыс құралдарын, оның ішінде ұялы байланыс құралдарын осы заттың жанында пайдаланудан бас тарту;
мүмкіндігінше анықтау уақыты мен орнын белгілеу;
күдікті заттың табылғаны туралы күзетке, объект персоналына не аумақтық ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының кезекші бөлімдеріне дереу хабарлау;
жарылғыш құрылғыға ұқсас заттың сыртқы түрін және оны анықтаудың елеулі мән-жайларын сипаттауға дайын болу;
дүрбелең туғызбау үшін болған оқиға туралы білуге тиіс адамдардан басқа ешкімге жарылыс қаупі туралы хабарламау;
қорғанысты қамтамасыз ететін заттардың артына тығылу (ғимараттың бұрышы, бағана, қалың ағаш, автомашина және басқалары);
объектінің, құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдардың күзетін күдікті тұлға/тұлғалар туралы хабардар ету (саны, ЖҚҚ, қарудың болуы сыртқы белгілері, жарақтандырылуы, жасы, лақап аты, ұлты және басқалары);
нысаннан кету, мүмкін болмаған жағдайда - күрделі құрылыстың артына және қажетті қашықтықта жасырыну.
12. Күдікті зат табылған кездегі персоналдың іс-қимылы:
қолмен ұстамау, жақындамау, қозғалтпау;
иесіз заттың ықтимал иесін анықтау үшін айналадағылармен сұхбаттасу;
радиобайланыс құралдарын, оның ішінде ұялы байланыс құралдарын осы заттың жанында пайдаланудан бас тарту;
мүмкіндігінше жарылғыш затты анықтау уақыты мен орнын белгілеу;
күдікті заттың табылғаны туралы күзетке, объект персоналына не ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер аумақтық органдарының кезекші бөлімдеріне дереу хабарлау;
жарылғыш құрылғыға ұқсас заттың сыртқы түрін және оны анықтаудың елеулі мән-жайларын сипаттауға дайын болу;
дүрбелең туғызбау үшін болған оқиға туралы білуге тиіс адамдардан басқа ешкімге жарылыс қаупі туралы хабарламау;
мүмкіндігінше күзетпен бөгде адамдардың күдікті зат пен қауіпті аймаққа кіруін шектеуді ұйымдастыру;
қауіпті аймаққа іргелес аумақтан адамдарды ұйымдасқан түрде эвакуациялауды қамтамасыз етуге көмектесу;
қажет болған жағдайда қорғанысты қамтамасыз ететін заттарға (ғимараттың бұрышы, бағана, қалың ағаш, автомашина және басқалары) жасырынып бақылау жасау;
күдікті адам немесе өзімен бірге жарылғыш құрылғылары немесе жарылғыш заттары болуы мүмкін адамдар тобы (саны, ЖҚҚ, қарудың болуы сыртқы белгілері, жарақтандырылуы, жасы, лақап аты, ұлты және басқалары) анықталған жағдайда, объектіні, құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарды күзетуді хабардар ету;
келушілерді эвокуациялауды ұйымдастыруда басшылық пен күзетке жәрдем көрсету;
нысаннан кету мүмкін болмаған жағдайда - күрделі құрылыстың артына және қажетті қашықтықта жасырыну.
13. Күдікті зат табылған кездегі күзеттің іс-әрекеттері:
ұстамау, жақындамау, қозғалтпау;
иесіз заттың ықтимал иесін анықтау үшін айналасындағылардан сұрастыру;
радиобайланыс құралдарын, оның ішінде ұялы байланыс құралдарын осы заттың жанында пайдаланудан бас тарту;
мүмкіндігінше жарылғыш затты анықтау уақыты мен орнын белгілеу;
күдікті заттың табылғаны туралы күзетке, объект персоналына не ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер аумақтық органдарының кезекші бөлімдеріне дереу хабарлау;
жарылғыш құрылғыға ұқсас заттың сыртқы түрін және оны анықтаудың елеулі мән-жайларын сипаттауға дайын болу;
дүрбелең туғызбау үшін болған оқиға туралы білуге тиіс адамдардан басқа ешкімге жарылыс қаупі туралы хабарламау;
қажетті қашықтықта күдікті зат пен қауіпті аймаққа бөгде адамдардың кіруін шектеуді қамтамасыз ету;
қауіпті аймаққа іргелес аумақтан адамдарды ұйымдасқан түрде эвакуациялауды қамтамасыз ету;
қажет болған жағдайда қорғанысты қамтамасыз ететін заттарға (ғимараттың бұрышы, бағана, қалың ағаш, автомашина және басқалары) жасырынып бақылау жүргізу;
күдікті адам немесе өзімен бірге жарылғыш құрылғылары немесе жарылғыш заттары болуы мүмкін адамдар тобы (саны, ЖҚҚ, қарудың сыртқы белгілері, жарақтандырылуы, жасы, лақап аты, ұлты және басқалары) анықталған жағдайда объектіні, құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарды күзетуді хабардар ету.
14. Объект басшылығының іс-әрекеттері:
құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарды күдікті адамның анықталғаны немесе иесіз заттың табылғаны туралы дереу хабардар ету;
иесіз күдікті заттың табылған орнын қажетті қашықтықта қоршауды ұйымдастыру;
адамдарды объектіден эвакуациялауды ұйымдастыру, объектідегі штаттан тыс жағдай туралы хабарлау және басқалар;
күдікті заттарды табу мақсатында үй-жайларды аралап шығуды және аумақтарды қарап-тексеруді қамтамасыз ету;
терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың келген күштерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, қажетті ақпаратты ұсыну.
15. Жарылғыш құрылғы (бұдан әрі - ЖҚ) немесе ЖҚ-ға ұқсас зат табылған кезде алып тастауға және қоршап алудың қашықтықтары:
РГД-5 граната- 50 метр;
Ф-1 граната- 200 метр;
салмағы 200 грамм тротил шашкасы - 45 метр;
салмағы 400 грамм тротил шашкасы - 55 метр;
сыра банкасы 0,33 литр - 60 метр;
дипломат (кейс) - 230 метр;
жол чемоданы - 350 метр;
"жеңіл" автомашина - 460-580 метр;
автобус - 920 метр;
жүк көлігі (фургон) - 1240 метр.
4-бөлім. Өзін-өзі өлтіруші террористерді қолдана отырып жасалған шабуыл кезіндегі іс-қимыл алгоритмі
16. Объект келушілерінің іс-әрекеттері:
қорғану: ғимараттан ақырын шығып кету немесе үй-жайда жасырыну, есікті бұғаттау, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің келуін күту;
құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарды, күзетті, персоналды, объект басшылығын қарулы шабуыл жасау фактісі мен мән-жайлары туралы мүмкіндігінше кез келген тәсілмен хабардар ету.
17. Персоналдың іс-әрекеттері:
қорғану: ғимараттан ақырын шығып кету немесе үй-жайда жасырыну, есікті бұғаттау, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің келуін күту;
құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарды, күзетті, объект басшылығын қарулы шабуыл жасау фактісі мен мән-жайлары туралы мүмкіндігінше кез келген тәсілмен хабардар ету.
18. Объект күзетінің іс-әрекеттері:
мүмкіндігінше оны/олардың (жанкешті-лаңкестерді) объектідегі адамдардың жаппай болу орындарына жылжуын бұғаттау;
объектінің басшылығына, құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарға күдікті адамның немесе адамдар тобының анықталғаны туралы кез келген тәсілмен хабарлау;
объектідегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шаралар қабылдау (эвакуациялау, ішкі кедергілерді оқшаулау және басқалар);
қажет болған жағдайда объект бойынша (жеке өзі не бейнебақылау жүйесі арқылы) күдікті адамның немесе адамдар тобының жүріп-тұруын бақылауды ұйымдастыру;
өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
19. Объект басшылығының іс-әрекеттері:
объектіде күдікті адамның немесе адамдар тобының анықталғаны туралы құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарға ақпаратты дереу беру (оның ішінде адал ниетпен әрекет ету);
құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қаскүнемді анықтау және ұстау уақытын қысқартатын күдікті адам туралы барынша толық ақпарат беру;
адамдарды ұйымдасқан эвакуациялауды қамтамасыз ету;
өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5-бөлім. Телефон арқылы қауіп төнген кездегі іс-әрекеттер алгоритмі
20. Телефон арқылы қауіп-қатер алушының іс-әрекеті (басшы, қызметкер, кезекші бөлімшенің қызметкері):
1) әңгіме барысында қоңырау шалушының жынысын, жасын және оның сөйлеу ерекшеліктерін белгілеңіз:
дауыс (анық немесе тұйық, төмен немесе жоғары);
сөйлеу қарқыны (жылдам немесе баяу);
айтылу (айқын, бұрмаланған, кекештену, сақау, акцентпен немесе диалектімен);
сөзінің мәнері (шешіліп сөйлеу, кекетіп, әдепсіз сөйлеу);
2) дыбыстық фонға (автомашиналардың немесе теміржол көлігінің шуы, теле-немесе радиоаппаратураның дыбысы, дауыстар, басқалар), қоңырау сипатына (қалалық, қалааралық) назар аудару;
3) сөйлесудің нақты басталу уақытын және оның ұзақтығын белгілеу;
4) әңгімелесу барысында мынадай сұрақтарға жауап алуға тырысу:
бұл адам қайда, кімге, қандай телефон арқылы қоңырау шалады?
ол қандай нақты талаптар қояды?
жеке өзі талап ете ме немесе делдал ретінде әрекет ете ме және қандай да бір адамдар тобын білдіре ме?
ол қандай шарттарда немесе олар өз жоспарларынан бас тартуға келіседі?
онымен қалай және қашан байланысуға болады?
бұл қоңырау туралы кімге хабарлай аласыз немесе хабарлауыңыз керек?
5) сіз және басшылық шешім қабылдау немесе қандай да бір іс-әрекет жасау үшін қоңырау шалушыдан барынша уақыт аралығын созу мүмкіндігіне қол жеткізуге тырысу;
6) сөйлесу барысында немесе сөйлесу аяқталғаннан кейін дереу ішкі істер органдарының "102" арнасына немесе "112" бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне және ұйым басшылығына телефон қатері туралы хабарлау.
6-бөлім. Химиялық қауіпті және улы заттарды қолдану кезіндегі іс-әрекет алгоритмі
Объект қызметкерлерінің іс-әрекеттері:
өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
құқық қорғау және/немесе арнаулы мемлекеттік органдарды, күзетшілерді, объектінің персоналын күдікті адам, адамдар немесе заттар туралы хабардар ету.
Объект күзетінің іс-әрекеттері:
дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушыларды (жоғарыдағы белгілерді қараңыз) немесе құрамында қауіпті заттар бар заттарды сыртқы белгілері бойынша анықтауға болады;
объектінің басшылығын, құқық қорғау және / немесе арнаулы мемлекеттік органдарды күдікті адамды, адамдар тобын анықтау немесе құрамында қауіпті заттар болуы мүмкін заттарды анықтау туралы кез келген тәсілмен хабарлау;
мүмкіндігінше адамның / адамдардың объектідегі адамдардың жаппай болатын орындарына ілгерілеуіне тосқауыл қою;
қауіпті заттардың таралуын азайту үшін адамды / адамдарды оқшауланған жерде сылтаумен ұстап тұру;
объектідегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдау (эвакуация, ішкі кедергілерді бұғаттау);
қажет болған жағдайда күдікті адамның немесе адамдар тобының объект бойынша (жеке өзі не бейнебақылау жүйесі арқылы) қозғалысын бақылауды ұйымдастыру;
объектінің үй-жайларын күдікті жасырылған заттар мен оның аумағында зиянкестердің ықтимал көмекшілерін іздестіру;
өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Объект басшылығының іс-әрекеттері:
объектіде күдікті адамды, адамдар тобын, құрамында қауіпті заттар болуы мүмкін заттарды анықтау туралы ақпаратты құқық қорғау және/немесе арнаулы мемлекеттік органдарға дереу беру (оның ішінде адал ниетпен әрекет ету);
объектінің үй-жайларын жасырылған заттардың бетбелгілерін тексеруді және оның аумағында шабуылдаушының ықтимал көмекшілерін іздеуді ұйымдастыру;
құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне күдікті адам туралы барынша толық ақпарат беру, бұл шабуылдаушыны анықтау және ұстау уақытын қысқартуы мүмкін;
адамдардың ұйымдасқан эвакуациялауын қамтамасыз ету;
өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету.