Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының м.а. 2022 жылғы 30 қарашадағы № 05/326 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 желтоқсанда № 30966 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының аппарат басшысы М.А. Дәрібаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Президенті Іс
Басқарушысының міндетін атқарушы
М. Акимжанова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік күзет қызметі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Президенті Іс Басқарушысының
міндетін атқарушы
2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 05/326
Бұйрықпен бекітілген

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарға (бұдан әрі – Терроризмге қарсы қорғалуды ұйымдастыруға қойылатын талаптар) сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Нұсқаулықта террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар нақтыланады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында (бұдан әрі – Іс басқармасы) объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар белгіленеді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарына сәйкес Іс басқармасының террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызылған объектілеріне (бұдан әрі – Іс басқармасының объектілері) қолданылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Террористік тұрғыдан осал және күзетілетін адамдардың болуына арналған объектілер үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (бұдан әрі - ҚР МКҚ) "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыруға қосымша талаптар белгілейді.

      5. Осы Нұсқаулық жетекшілік ететін объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйіне бақылау мен бағалауды жүзеге асыру кезінде Іс басқармасының объектілеріне қызмет көрсететін ұйымның басшылары мен қызметкерлері, күзет қызметі субъектілерінің басшылары мен қызметкерлері, Іс басқармасының ведомстволары, сондай-ақ ҚР МКҚ мен уәкілетті органдар пайдалануға арналған.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Нұсқаулықта келесі ұғымдық аппарат қолданылады:

      1) күзет қызметінің субъектілері - Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері, жеке күзет ұйымдары;

      2) күзет қызметкерлері – күзет қызметі субъектілерінің қызметкерлері, Іс басқармасы объектілерінің күзет функцияларына және өткізу режимін сақтауға жауапты қызметкерлері;

      3) жеке күзет ұйымы - кәсіпкерлік қызмет ретінде күзет қызметтерін көрсететін коммерциялық ұйым;

      4) хабардар ету жүйесі – террористік тұрғыдан осал объектідегі адамдарды төтенше жағдайлар (авария, өрт, дүлей апат, шабуыл, терроризм актісі) кезінде және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар туралы жедел хабардар етуге (жарықпен және (немесе) дыбыстық хабарлауға) арналған техникалық құралдар жиынтығы;

      5) объектінің ықтимал қауіпті учаскелері – объектінің аумақтық бөлінген, жарылыс-өрт қаупі бар, қауіпті химиялық заттар, қару мен оқ-дәрілер, уытты заттар мен препараттар, технологиялық тізбектердің, жүйелердің, жабдықтардың немесе құрылғылардың элементтері қолданылатын, сақталатын немесе пайдаланылатын аймақтары (учаскелері), құрылымдық және технологиялық элементтері, объектінің қауіпті аймақтары, сондай-ақ объектіде адамдар жаппай болуы мүмкін орындары, өмір мен денсаулыққа залал келтірілуіне ықпал етуі мүмкін терроризм актісінің жасалуы, авария, қауіпті әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соғатын төтенше жағдай қаупінің туындауы, кейін терроризм актісін жасау үшін пайдалану мақсатында қауіпті заттар мен материалдардың ұрлануы ықтимал орындар;

      6) өткізу режимі – адамдардың санкциясыз кіруі (шығуы), көлік құралдарының кіруі (шығуы), мүлікті кіргізу (шығару), әкелу (әкету) мүмкіндігіне жол бермейтін, белгіленген тәртіпті регламенттейтін қағидалар жиынтығы;

      7) объектінің периметрі - құқық белгілейтін құжаттарға сәйкес объектінің шекарасы;

      8) бейнебақылау жүйесі – бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық және техникалық құралдардың және бейнежазбаларды сақтау құралдарының, сондай-ақ өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыратын бағдарламалық және (немесе) техникалық басқару құралдарының жиынтығы;

      9) терроризмге қарсы қорғалу паспорты – объект туралы жалпы және инженерлік-техникалық мәліметтер қамтылатын, оның терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін көрсететін және террористік тұрғыдан осал объектідегі терроризм актілерінің алдын алу, жолын кесу, барынша азайту және (немесе) салдарын жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға арналған ақпараттық-анықтамалық құжат;

      10) террористік тұрғыдан осал объектілер – аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық, қауіпті өндірістік объектілер, сондай-ақ стратегиялық маңызы бар экономика салаларының объектілері, адамдар көп жиналатын объектілер, терроризмге қарсы қорғалуды міндетті ұйымдастыруды талап ететін күзетілетін объектілер;

      11) оқу (профилактикалық) іс-шаралары – персонал мен күзетті оқытудың алғашқы ден қою дағдыларына үйрету мақсатында нұсқамалар мен сабақтар түрінде жүзеге асырылатын алдын ала тәсілдері.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар объектілер аумағында терроризм актісінің жасалуына жол бермейтін (терроризм актісін жасау қаупін төмендететін) жағдайлар жасауға, ықтимал террористік қауіптердің салдарларын барынша азайтуға және (немесе) жоюға бағытталған.

      Қорғану шараларын ұйымдастыру алдын ала әзірлеу, сараланған тәсіл, барабарлық, кешенділік қағидаттарына негізделген.

      8. Объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы келесі жағдайларды жасау арқылы қамтамасыз етіледі:

      1) шаралар қабылдау арқылы қол жеткізілетін объектілерге заңсыз кірудің алдын алу:

      объектілерге өткізу режимін белгілеу және оны мүлтіксіз сақтау;

      объектіні инженерлік-техникалық тұрғыдан объектіге заңсыз кіруді анықтауға мүмкіндік беретін құралдармен нығайту;

      2) терроризмге дайындалу және (немесе) жасалу актісінің белгілерін анықтау мынадай шараларды қабылдау арқылы қол жеткізіледі:

      күдікті адамдар мен заттарды анықтау үшін объектілердегі және жақын орналасқан аумақтағы жағдайды бақылау;

      қызметкерлер арасында экстремизмнің алдын алу (құқықтық оқыту, экстремизмге қарсы теріс эмоционалды көзқарас қалыптастыру);

      Іс басқармасының объектілерін инженерлік-техникалық жарақтандыру тұрғысынан материалдық-техникалық базаны жақсарту;

      3) объектілерде терроризм актілерін жасау әрекеттерінің жолын кесу, оған:

      ҚР МКҚ немесе объектінің дайындалған қызметкерлерінің күшімен немесе күзет қызметі субъектілерімен шарт жасасып, объектілерді күзетуді жүзеге асыру;

      объектілерге келушілер мен көлік құралдары кіруінің белгіленген тәртібін тұрақты бақылауды ұйымдастыру;

      қызметкерлерде қауіпсіздік мәдениетін, терроризмге қарсы сананы қалыптастыру;

      объектілердің терроризмге қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық іс-шараларды бақылау шараларын қабылдау арқылы қол жеткізіледі.

      4) объектілердегі ықтимал террористік қауіп-қатерлердің салдарын барынша азайту және жою мынадай шараларды қабылдау арқылы қол жеткізіледі:

      Іс басқармасы объектілерінің ерекшеліктеріне сәйкес келетін террористік сипаттағы ықтимал қауіп-қатерлерге ден қою алгоритмдерін әзірлеу;

      күзет қызметкерлерінің терроризм актісі жасалған кездегі және одан кейінгі әрекеттеріне қатысты тиісті дайындығы;

      объектіде терроризм актісі жасалған кезде уәкілетті органдарға уақытылы хабарлауды ұйымдастыру;

      объектінің терроризмге қарсы қорғалу паспортын уақытылы жасау және оны өзекті күйінде және тиісті түрде сақтау.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Іс басқармасы объектісінің терроризмге қарсы қорғалуын Іс басқармасының объектісіне қызмет көрсететін ұйымның бірінші басшысы (бұдан әрі – ұйым басшысы) ұйымдастырады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Ұйым басшысының бұйрығымен объектінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін және осы Нұсқаулық шеңберінде шаралар қабылдануын қамтамасыз ететін адам анықталады.

      Объектіні терроризмге қарсы қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ету үшін жауапты қызметкерді таңдау және тағайындау оның құзыреті мен терроризмге қарсы қызмет ерекшелігіне неғұрлым сәйкес келетін лауазымдық міндеттері ескеріле отырып жүргізіледі.

2-тарау. Өткізу режимін ұйымдастыруға қойылатын талаптар

      11. Іс басқармасының объектілеріндегі өткізу режимін ҚР МКҚ не Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ІІМ) қызметкерлері, не күзет қызметтерін жүзеге асыруға, оның ішінде террористік тұрғыдан осал объектілерді күзетуге тиісті лицензиясы бар жеке күзет ұйымының қызметкерлері, не "Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысымен бекітілген Терроризмге қарсы қорғалуды ұйымдастыруға қойылатын талаптарға және Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптарға (бұдан әрі – Объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуына қойылатын талаптар) сәйкес Іс басқармасы объектісінің жауапты адамы әзірлеген өткізу және объектішілік режимін ұйымдастыру тәртібіне сәйкес Іс басқармасы объектілерінің күзет функциялары мен өткізу режимін сақтауға жауапты қызметкерлері жүзеге асырады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету мақсатында өткізу режимі:

      1) аумаққа рұқсатсыз кірудің алдын алу, сондай-ақ бөгде адамдар мен автокөліктің бақылаусыз жүріп-тұру мүмкіндігін болдырмау;

      2) еркін айналымға тыйым салынған заттар мен нәрселердің, оның ішінде атыс қаруы мен суық қарудың, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғылардың рұқсатсыз қозғалуын болдырмау;

      3) материалдық және ақпараттық ресурстарды сақтау, құқыққа қайшы көріністерге жол бермеу, ұрлық фактілерінің жолын кесу;

      4) объектілердегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

      13. Өткізу режимі келесі жолдармен жүзеге асырылады:

      1) Іс басқармасының объектілеріне кіруді бақылау функциясы бар күзет бекетін ұйымдастыру;

      2) қорғаныс объектілерін бөгде адамдардың және автокөліктің рұқсатсыз кіруін болдырмауға, мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге арналған инженерлік-техникалық күзет құралдарымен, сондай-ақ кіруді бақылау мен басқарудың автоматтандырылған жүйелерімен, өрт және күзет дабылымен, бейнебақылаумен жарақтандыру;

      3) аумақты аралауды (патрульдеуді) жүзеге асыру, ықтимал күдікті заттарды, бөгде адамдардың болуын анықтау үшін көзбен шолып қарау;

      4) тұрақты, уақытша, біржолғы және материалдық рұқсатнамаларды енгізу және олардың иелеріне объектіге кіру, сондай-ақ тауар-материалдық құндылықтарды кіргізу/шығару (әкелу/әкету) құқығын беру;

      5) объектіге кіруге құқығы бар адамдардың, рұқсатнамалар беру жөнінде шешімдер қабылдауға уәкілетті жауапты қызметкерлердің тізбесін, сондай-ақ кіргізуге/шығаруға (әкелуге/әкетуге) тыйым салынған заттар мен нәрселерді айқындау;

      6) конфиденциалды және құпия құжаттармен жұмыс істеу үшін режимдік орынжайларға кіруге рұқсат берілген адамдар тобын шектеу;

      7) объектіге келген келушілермен келіссөздер жүргізуге арналған арнайы орынды, сондай-ақ қызметкерлердің немесе келушілердің жеке заттарын (ұялы телефондар, бейне-, кино- мен фотоаппаратуралар, ноутбуктер, портативті электрондық ақпарат тасығыштар, радиотехникалық құрылғылар) сақтауға арналған ұяшықтары бар шкафтармен жабдықтау;

      8) ішкі тәртіп ережелерін, оның ішінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылау жолымен жүзеге асырылады.

      Іс басқармасының объектілеріне кіргізуге (әкелуге) тыйым салынған заттар мен нәрселердің тізбесі осы Нұсқаулыққа 1-қосымшада айқындалған.

      ҚР МКҚ күзететін объектілерге кіргізуге (әкелуге) тыйым салынған заттар мен нәрселердің тізбесі "Күзетілетін объектілерге және күзет іс-шараларын өткізу аймағына алып кіруге тыйым салынатын нәрселер мен заттардың тізбесін айқындау туралы" ҚР МКҚ бастығының 2018 жылғы 9 қазандағы № 11-244 қбп бұйрығымен айқындалады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17599 болып тіркелген).

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Күзет қызметі субъектілерімен күзет қызметін көрсету туралы шарт жасасқан жағдайда ұйым басшысы күзет қызметі шартында терроризмге қарсы қорғалуды қамтамасыз ету бойынша күзет қызметі субъектісі іске асыратын іс-шараларды және тиісті қауіпсіздік деңгейін көрсетуі қажет, оған:

      1) Іс басқармасының объектісіне немесе оның бір бөлігіне (аймағына) қызметкерлерді, келушілерді өткізуді ұйымдастыру;

      2) Іс басқармасының объектісіне көлік құралдарын өткізуді ұйымдастыру;

      3) Іс басқармасы объектісінің аумағында заңға қарсы ниеті бар адамдарды, сондай-ақ объектіге кіргізуге (әкелуге) тыйым салынған заттар мен нәрселерді анықтау;

      4) объектіні күзету, оның ішінде бөгде адамдардың бақылаусыз болуын болдырмау;

      5) объектіде адамдар жаппай болуы ықтимал орындарды бақылау;

      6) жасалған терроризм актісі нәтижесінде туындайтын техногендік сипаттағы қатерлерді барынша азайтуға және жоюға бағытталған іс-шараларды орындау бойынша оқу іс-шараларын ұйымдастыру;

      7) техникалық қорғау құралдарын, оның ішінде Іс басқармасының объектісінде орнатылған құралдарды тиісті түрде пайдалану.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Күзет қызметі субъектісімен күзет қызметтерін көрсету туралы шарт болмаған жағдайда ұйым басшысы өткізу режимін ұйымдастыруға, бақылауға және қамтамасыз етуге жауапты адамдар мен құрылымдық бөлімшені анықтайды.

      ҚР МКҚ күзететін объектілерде өткізу режимін ұйымдастыруды, бақылауды және қамтамасыз етуді ҚР МКҚ жүзеге асырады.

      16. Ұйымның басшысы Іс басқармасының әрбір объектісінде өткізу және объектішілік режимін ұйымдастыру тәртібінің негізінде күзет функциясына жауапты қызметкердің лауазымдық нұсқаулығында тиісті құқықтар мен міндеттерді қарастырады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Лауазымдық нұсқаулықтың иесізденген сипаты болады және Іс басқармасының әрбір объектісі үшін оның ерекшеліктерін ескере отырып жасалады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Өткізу режимі туралы ақпаратты объектінің әкімшілігі тиісті аумақта көрінетін жерге орналастырады.

3-тарау. Алдын алу және оқу іс-шараларын ұйымдастыруға қойылатын талаптар

      19. Ұйым басшысы объектіде терроризмге қарсы қорғалуды қамтамасыз ету бойынша алдын алу және оқу іс-шараларын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді.

      ҚР МКҚ күзететін объектілерді терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі профилактикалық және оқу іс-шараларын ҚР МКҚ дербес және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізеді.

      ҚР МКҚ күзететін объектілерде терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету бойынша профилактикалық және оқу іс-шараларын жүргізу ҚР МКҚ келісімінсіз рұқсат етілмейді.

      20. Алдын алу іс-шараларының мақсаты қорғалатын объектіде терроризм актісін жасауды барынша азайтуға ықпал ететін жағдайлар жасау болып табылады.

      21. Оқу іс-шараларының мақсаты мүдделі адамдарды терроризмге қарсы қауіпсіздіктің негізгі қағидаларымен таныстыру, терроризм актісі жасалу қаупі төнген кезде және ол жасалғаннан кейін сауатты және ұтымды мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

      22. Алдын алу және оқу іс-шаралары нұсқамалар, сабақтар (практикалық және теориялық), эксперимент түрінде өтеді, ҚР МКҚ күзететін объектілерді қоспағанда, олар:

      1) объект қызметкерлерімен;

      2) күзет қызметі субъектілерінің қызметкерлерімен өткізіледі.

      23. Нұсқамаларды, сабақтарды (практикалық және теориялық) жоспарлау объектінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды өткізуге жауапты адам жүзеге асырады.

      ҚР МКҚ қорғайтын объектілерді қоспағанда, Іс басқармасының объектілерінде іс-тәжірибе ұйымдастыру мен жүргізуді терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб жүзеге асырады және ол Іс басқармасының объектілеріндегі режимді және олардың терроризм актісін жасауға кедергі келтіруге және оның салдарын барынша азайту мен жоюды қамтамасыз етуге дайындығын бағалаудан тұрады.

      Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Профилактикалық және оқу іс-шараларын өткізуге Іс басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ объектінің орналасқан жері бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің терроризмге қарсы комиссиясының (бұдан әрі – терроризмге қарсы комиссия) келісімі бойынша мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері тартылады.

      Жеке және заңды тұлғалар профилактикалық және оқу іс-шараларын өткізуге тартылған жағдайда ұйым басшысы осы іс-шараларды өткізу қажеттілігі туралы Терроризмге қарсы комиссияға хат жолдайды. Жоспарланған іс-шараның тақырыбын объектіні терроризмге қарсы қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ететін ұйымның жауапты адамы айқындайды.

      Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Объектінің терроризмге қарсы қорғалуы мәселелері бойынша алдын алу және оқу іс-шаралары тақырыптарының нұсқалары осы Нұсқаулыққа 2-қосымшада берілген.

      26. Күзет қызметтерін көрсету туралы шарттар жасасқан күзет қызметі субъектілерімен алдын алу және оқу іс-шараларын жоспарлауды күзет қызметі субъектісінің басшысы ұйымдастырады.

      27. Сабақтар (практикалық және теориялық), ҚР МКҚ күзететін объектілерді қоспағанда, күзет қызметі субъектісінің басшысының келісімі бойынша ұйым басшысы бекіткен өткізу кестелеріне сәйкес жүргізіледі.

      28. Объектінің орынжайларында және аумағында терроризм актісін жасау қаупі туындаған кездегі іс-қимылдар бойынша практикалық сабақтар объектінің барлық ұжымын қамти отырып, терроризмге қарсы комиссияның үйлестіруімен жылына кемінде бір рет өткізіледі.

      29. Объектінің барлық ұжымын қамти отырып, практикалық сабақтарды өткізер алдында қызметкерлердің жекелеген топтарымен (жұмыстың ерекшелігін ескере отырып) осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес терроризм актілерін жасаудың ықтимал сценарийлері кезінде мінез-құлық алгоритмдерін білуін қалыптастыруға бағытталған теориялық және практикалық сабақтар, нұсқамалар өткізіледі.

      30. Нұсқама өткізу сипаты мен уақыты бойынша жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлінеді.

      31. Жоспарлы нұсқама объект қызметкерлері топтарының әрқайсысы үшін жылына кемінде бір рет өткізіледі.

      32. Жоспардан тыс нұсқама:

      1) "Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 Жарлығына сәйкес объект орналасқан өңірде террористік қауіптілік деңгейінің бірі енгізілгенде: бірқалыпты ("сары"), жоғары ("қызғылт сары"), шекті ("қызыл") объектінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ететін адамның үйлестіруімен;

      2) объектінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі жауапты адамның үйлестіруімен объектіде терроризм актісін жасаудың ықтимал қаупі туралы ақпарат пайда болған кезде;

      3) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың үйлестіруімен сабақтарға, жаттығу іс-шараларына дайындалу, бөлімшелердің, күзетшілер мен объект қызметкерлерінің іс-қимылдарын бағалау кезінде;

      4) ҚР МКҚ үйлестіруімен күзет іс-шараларын өткізуге дайындалу кезінде өткізіледі.

      33. Жоспардан тыс нұсқаманың мазмұны оны жүргізу қажеттілігін тудырған себептер мен жағдайларға байланысты әрбір нақты жағдайда айқындалады.

      34. Алдын алу және оқу іс-шараларын өткізу үшін барлық немесе белгілі бір қызметкерлер тобын сыйыстыратын, арнайы көрнекі ақпаратты (стендтер, плакаттар) орналастыруға, тақырыптық слайдтарды көрсету үшін проектор орнатуға, аудиотехниканы немесе бейнетехниканы пайдалануға арналған орын бөлінетін орынжай пайдаланылады.

      35. Іс-шара аяқталғаннан кейін оның нәтижелері осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша терроризмге қарсы қорғалу жөніндегі оқу іс-шараларын есепке алу журналына (бұдан әрі - журнал) енгізіледі.

      36. Журнал нөмірленеді, тігіледі және мөрмен бекітіледі. Журналды толтыру қатаң бірізділікті сақтай отырып жүргізіледі.

      37. Журналды жүргізуді объектінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды өткізуге жауапты адам жүзеге асырады.

      38. Террористік көріністерге ден қою, сондай-ақ ҚР МКҚ күзететін объектілерде жасалған терроризм актісінің нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою мәселелері бойынша өзара іс-қимыл "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі туралы" және "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

4-тарау. Террористік көріністерге ден қою, сондай-ақ жасалған терроризм актісінің нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою мәселелері бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыруға қойылатын талаптар

      39. Терроризмге қарсы комиссиямен өзара іс-қимыл терроризм актілерінің алдын алу және жолын кесу, объектіге терроризм актісінің қаупі төнген немесе жасалған жағдайда қызметкерлерді, объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдарды оқыту және даярлау, объектінің іс-қимыл жасауға дайындығын айқындау мақсатында ұйымдастырылады.

      40. Терроризмге қарсы комиссиямен өзара іс-қимыл объект үшін террористік сипаттағы неғұрлым ықтимал қатерлерді нақтылау арқылы алдын алу және оқу-жаттығу іс-шараларын жоспарлау кезеңінде белгіленеді.

      41. Іс басқармасының объектілеріне қызмет көрсететін ұйымдар террористік сипаттағы ықтимал қауіптерге уақытылы ден қою мақсатында осы Нұсқаулыққа 5-қосымшада көрсетілген хабарлау схемасына сәйкес осы қауіп туралы хабардар етеді.

      Объектідегі террористік сипаттағы ең ықтимал қауіп-қатерлерді, объект ерекшеліктерін (объект типі, қызметкерлері мен күзет қызметі субъектілері қызметкерлерінің саны, объектінің орналасқан орны) ескере отырып, объектіде осы Нұсқаулыққа 3-қосымшада көрсетілген террористік сипаттағы ықтимал қауіп-қатерлерге объект адамдарының әртүрлі топтарының әрекет ету алгоритмдері нақтыланады.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      42. Бұл алгоритмдер уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен өткізілетін практикалық сабақтар, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі терроризмге қарсы сабақтар, жаттығу іс-шаралары, объектідегі оқу-жаттығу іс-шаралары мен күзет бөлімшелерінің іс-қимылдарын бағалау барысында пысықталады.

      43. Объектіні терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб әртүрлі деңгейдегі терроризмге қарсы оқуларына, жаттығу іс-шараларына, Іс басқармасы объектісінің қызметкерлері мен күзет бөлімшелерінің іс-қимылдарын бағалауға тартқан жағдайда ұйымның басшысы, сондай-ақ күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектісінің басшысы қажетті қызметкерлер топтарының аталған іс-шараларды өткізуге тартылуы мен қатысуын қамтамасыз етуге көмек көрсетеді.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      44. Әртүрлі деңгейдегі терроризмге қарсы оқуларын, жаттығу іс-шараларын, Іс басқармасы объектісінің қызметкерлері мен күзет бөлімшелерінің іс-қимылдарын бағалауды өткізудің қорытындысы бойынша тиісті жоспарларға, кестелер мен алгоритмдерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      45. ҚР МКҚ күзететін объектілерде террористік көріністерге ден қою мәселелері бойынша өзара іс-қимылдың ең негізгі міндеті ҚР МКҚ, ҚР ІІМ мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бөлімшелерін терроризм актілерінің дайындалу фактілері мен белгілері туралы уақытылы хабардар ету және оларға жол бермеуге бағытталған шараларды іске асыру болып табылады.

      46. Ұйымдардың басшылары, күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектілерінің басшылары терроризм актісінің (актілерінің) жасалу қаупіне немесе жасалуына ден қою дайындығын қамтамасыз ету шеңберінде:

      1) терроризм актісінің (актілерінің) жасалу қаупі немесе жасалуы туралы Қазақстан Республикасының аумақтық ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарын дереу хабардар ету;

      2) терроризм актісінің (актілерінің) жасалу қаупі немесе жасалуы туралы уәкілетті мемлекеттік органдардан ақпарат алынған кезде;

      3) қарудың, қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды дайындауға арналған бөлшектердің ұрлануы, заңсыз сатып алынуы туралы белгілі болған фактілер, сондай-ақ олардың сақталатын орындары туралы аумақтық ішкі істер органдарын уақытылы хабардар ету бойынша алғашқы ден қою алгоритмдерін әзірлейді.

      46-1. Террористік сипаттағы қауіптің алдын алу мақсатында ұйым басшысы мынадай шараларды қабылдайды:

      1) объектіні (ғимараттар мен құрылыстарды, олардың жекелеген конструктивтік элементтері мен инженерлік желілерін, аумағын) қарап тексеру жөніндегі іс-шараларды көрсететін егжей-тегжейлі нұсқаулықты бекітеді;

      2) сеніп тапсырылған жұмыс учаскесіне жауапты адамның күнделікті аралап шығуын қамтамасыз етеді;

      3) Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес арнайы құрылған комиссиялардың айына кемінде бір рет объектінің ішкі және сыртқы жай-күйін қарап тексеруін ұйымдастырады;

      4) террористік сипаттағы қауіпті тиісті журналда тіркеуді қамтамасыз етеді;

      5) аралап шығу мен тексерудің нәтижелері бойынша террористік сипаттағы қауіптің алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді;

      6) шұғыл ден қою қызметтерін уақытылы хабардар етуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. Қағидалар 46-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      47. Іс басқармасының объектісі ұйымының басшысы террористік қауіптілік деңгейлерін белгілеу кезінде мынадай қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді:

      1) террористік қауіптіліктің "сары" деңгейінде:

      объектіде өткізу режимін күшейту;

      қауіпсіздік жүйелерінің (хабарлау, бейнебақылау және күзет дабылы) жұмысқа жарамдылығын тексеру және қамтамасыз ету;

      келушілерді, қызметкерлерді және көлік құралдарын, қажет болған жағдайда арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып тексеру;

      алынған ақпаратқа байланысты тиісті саладағы мамандарды тарта отырып, күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектілері, дағдарыс жағдайларын жою жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын объектілердің қызметкерлері арасында нұсқама өткізу;

      қызметкерлермен терроризм актісінің (актілерінің) жасалу қаупі немесе жасалу кезіндегі іс-қимылдар бойынша нұсқама өткізу;

      эвакуация орындарын айқындай отырып, адамдарды, материалдық құндылықтар мен құжаттаманы шұғыл эвакуациялау мәселелерін пысықтау;

      2) террористік қауіптіліктің "қызғылт сары" деңгейі кезінде (террористік қауіптіліктің "сары" деңгейі белгіленгенде қабылданатын шаралармен қатар):

      терроризм актілеріне ден қою, сондай-ақ жасалған терроризм актісінің нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтармен бірлескен іс-қимылдарды пысықтау;

      күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектілерінің, дағдарысты жағдайларды жою жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын объектілер қызметкерлерінің жоғары дайындық режимінде болуы;

      3) террористік қауіптіліктің "қызыл" деңгейі белгіленген кезде (террористік қауіптіліктің "сары" және "қызғылт сары" деңгейлері енгізілгенде қабылданатын шаралармен қатар):

      адамдарды құтқару жөнінде шұғыл шараларды қабылдау, құтқару қызметтері мен құрылымдарының үздіксіз жұмыс істеуіне көмек көрсету;

      объектілердің қызметін тоқтата тұру (қажет болған жағдайда).

      Ескерту. 47-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-тарау. Террористік тұрғыдан осал объектінің терроризмге қарсы қорғалу паспортын әзірлеуге және оның айналымына қойылатын талаптар

      48. Террористік тұрғыдан осал объектінің терроризмге қарсы қорғалу паспорты (бұдан әрі - паспорт) терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мүдделі органдар объектіде терроризм актілерінің алдын алу, жолын кесу, олардың салдарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлаған кезде пайдалануға арналған.

      49. Паспорт қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қамтитын құжат болып табылады.

      Іс басқармасының объектілерінде паспортқа құпиялылық белгісі берілмесе, ол таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын құжат болып табылады және оның "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі болады. Паспортқа құпиялылық белгісін беру туралы шешім Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнамасына сәйкес қабылданады. Ұйым басшысы паспортқа оны әзірлеуге қатысуға, объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз етуге, объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жай-күйін бақылауға, терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың қызметіне тартылмаған адамдарға қол жеткізуді шектеу жөнінде шараларды қабылдайды.

      Ескерту. 49-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      50. Ұйым басшысы паспортты әзірлеуге, сақтауға және оның деректерін уақытылы жаңартуға жауапты адамды (адамдарды) тағайындайды.

      51. Паспорт Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе бірлескен бұйрығымен бекітілген Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32950 болып тіркелген) (бұдан әрі – үлгілік паспорт) электрондық нұсқасын қатар әзірлей отырып, екі данада жасалады.

      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      52. Паспорттың жобасы ұйым басшысы объектіні террористік тұрғыдан осал объектілердің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тізбесіне енгізу туралы тиісті хабарламаны алған кезден бастап 45 (қырық бес) жұмыс күні ішінде жасалады.

      53. ҚР МКҚ күзететін объектіні қоспағанда, Іс басқармасының объектісі паспортының жобасы ҚР ІІМ бөлімшелерімен келісіледі. ҚР МКҚ күзететін объект паспортының жобасы ҚР МКҚ-мен келісіледі.

      Паспорт жобасын келісу объектінің орналасқан жері бойынша әзірленгеннен кейін күнтізбелік 10 (он күн) ішінде жүзеге асырылады.

      Паспорт жобасын келісу мерзімі үлгілік паспортта көрсетілген лауазымды адамға паспорт келіп түскен күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.

      Келісуші адамнан паспорттың жобасына ескертулер болған кезде пысықтау мерзімі қайтарылған күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен, ал қайта қайтарылған кезде 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайды.

      Ескерту. 53-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      54. Келісілгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде паспортты ұйым басшысы бекітеді (оның ішінде ол жаңартылғанда).

      55. Объектілердің паспорттарын есепке алу номенклатуралық істер форматында жүзеге асырылады.

      56. Паспорттың бірінші данасы (түпнұсқасы) әзірленіп бекітілгеннен кейін оның сақталуына жауапты адамда сақталуы тиіс.

      57. Терроризм актілерінің салдарын жоюға және барынша азайтуға тартылған органдарға паспортты уақытылы беруді қамтамасыз ету мақсатында паспортқа екі данада құжаттарды уақытша беру актісі жасалады.

      58. Құжаттарды уақытша беру актісінің бір данасы паспортпен бірге терроризмге қарсы операцияға басшылықты жүзеге асыратын жедел штабқа беріледі. Екінші данасы паспортты сақтауға жауапты адамда қалады.

      59. Паспорттың екінші данасы электрондық нұсқасымен (электрондық ақпарат тасығышта PDF форматында) бірге бекітілген немесе түзетілген күнінен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кеш емес мерзімде сақтау үшін жіберіледі:

      - ҚР МКҚ күзететін объектілерді қоспағанда, Іс басқармасының объектілері үшін ҚР ІІМ аумақтық бөлімшелеріне;

      - ҚР МКҚ күзететін Іс басқармасының объектілері үшін ҚР МКҚ-ға.

      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      60. Паспорт келесі өзгерістер енгізілген жағдайда түзетуге жатады:

      1) меншік құқығы;

      2) ұйым басшысы;

      3) объектінің атауы;

      4) объектінің негізгі мақсаты;

      5) объектінің, іргелес аумақта құрылыс салудың жалпы ауданы мен периметрі немесе егер конструкцияға өзгерістер енгізілсе, күрделі жөндеу, ғимараттарды (құрылыстар мен ғимараттарды) және инженерлік жүйелерді реконструкциялау аяқталғаннан кейін;

      6) объектінің ықтимал қауіпті учаскелерінің тізбесі;

      7) объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету үшін қолданылатын техникалық құралдар.

      61. Өзгерістер түзетуге негіздер туындағаннан кейін күнтізбелік 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде енгізіледі.

      Паспортты әзірлеу, оған түзетулер енгізу мерзімдерін ұлғайтқан кезде, ұйым басшысы терроризмге қарсы комиссияға тиісті өтінішпен жүгінеді.

      Паспортқа сақталуына жауапты қызметкер ұйым басшысының қолымен расталған өзгерістердің себептері мен күндерін көрсете отырып, енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы белгі қояды. Паспорттың өзгерістер болған элементтері ғана ауыстырылуға жатады.

      Бір мезгілде ұйым басшысының қолы қойылған тиісті өзгерістер туралы ақпарат паспорттың электрондық нұсқасын бір мезгілде ауыстыра отырып, паспорттың екінші данасына қоса тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарына немесе ҚР МКҚ-ға жіберіледі.

      62. Паспорт мына жағдайда:

      1) бес жылда кемінде бір рет;

      2) паспорт мәтіні тармақтарының жартысынан астамына түзетулер енгізілген жағдайда толық ауыстыруға жатады.

      63. Паспорт тиісті акт жасала отырып, комиссиялық тәртіппен жойылуға жатады. Акт ұйымда қалады, ал актінің көшірмесі паспорттың екінші данасы сақталатын жерге жіберіледі.

6-тарау. Террористік тұрғыдан осал объектілерді инженерлік-техникалық жабдықпен жарақтандыруға қойылатын талаптар

      64. Терроризм актісін жасаудың ықтимал салдарын және инженерлік-техникалық жабдыққа қойылатын сараланған талаптарды айқындауды ескере отырып, объектілердің мынадай топтары белгіленеді:

      1) Іс басқармасының бірінші топтағы объектілері – ҚР МКҚ күзететін объектілер;

      2) Іс басқармасының екінші топтағы объектілері – ҚР ІІМ бөлімшелері күзететін объектілер;

      3) Іс басқармасының үшінші топтағы объектілері – жеке күзет ұйымдары күзететін объектілер;

      4) Іс басқармасының төртінші топтағы объектілері – 200 (екі жүз) және одан көп келушінің болуына есептелген, стационарлық медициналық көмек пен санаторийлік-курорттық қызметтер көрсетуге арналған объектілер;

      5) Іс басқармасының бесінші топтағы объектілері – 100 және одан көп орынға есептелген мектепке дейінгі білім беру объектілері.

      Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      65. Іс басқармасының объектілері осы тараудың 64-тармағында көрсетілген топтар бойынша бөлінуіне қарамастан бейнебақылау, хабарландыру, өрт сигнализациясы жүйелерімен жарақтандырылады.

      Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      66. Іс басқармасының объектілерінің бейнебақылау жүйелері Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығымен бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21693 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) қарастырылған тәртіппен және шарттарда Ұлттық бейнемониторинг жүйесіне қосылуға жатады.

      Бірінші топтың объектілері Ұлттық бейнемониторинг жүйесіне ҚР МКҚ келісімі бойынша қосылады.

      Ескерту. 66-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      67. Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді (бірінші, екінші) жарақтандыру осы тараудың 64-тармағында көрсетілген топтар бойынша бөлінуіне қарамастан Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптарға сәйкес қамтамасыз етіледі.

      68. Үшінші, төртінші және бесінші топтардың объектілері Нұсқаулықтың 65-тармағында көзделген инженерлік-техникалық құралдарға қосымша:

      1) күзет бекетімен;

      2) аумақтық ішкі істер органдарының кезекші бөлімшелеріне не күзет қызметі субъектілерінің орталықтандырылған бақылау пультіне шығарылған дабыл беру құралдарымен (дабыл түймесімен);

      3) дабыл беру және хабарлау, кіруді басқаруды бақылау, бейнебақылау, өрт дабылы жүйелерінің кемінде 2 сағат үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін аккумуляторлық қолдауы бар резервтік электрмен жабдықтау құралдарымен жабдықталады.

      Объектіде электр энергиясы ұзақ уақытқа авариялық өшірілген жағдайда (2 сағаттан көп) резервтік электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін дизель-генератор орнатылады.

      69. Үшінші топтың объектілері Нұсқаулықтың 68-тармағында көрсетілген инженерлік-техникалық құралдарға қосымша:

      1) кіруді бақылау және басқару жүйесімен;

      2) таранға қарсы құрылғылармен (объектінің аумағында адамдар жаппай болуы мүмкін ашық орындар және оларды көлік құралдары басып кету қаупі болған кезде);

      3) тексерудің техникалық құралдарымен;

      4) ықтимал қауіпті учаскелердің болуына байланысты күзет дабылы құралдарымен жабдықталады.

      70. Төртінші топтың объектілері Нұсқаулықтың 68-тармағында көрсетілген инженерлік-техникалық құралдарға қосымша:

      1) объектінің периметрін қоршаумен (физикалық тосқауыл);

      2) объектінің мақсатын ескере отырып, оның жекелеген ғимараттарына, орынжайлары мен аймақтарына рұқсат етілген кіруді, сондай-ақ олардан шығуды қамтамасыз ету мақсатында кіруді бақылау және басқару жүйесімен;

      3) таранға қарсы құрылғылармен (объектінің аумағында адамдар жаппай болуы мүмкін ашық орындар және оларды көлік құралдары басып кету қаупі болған кезде);

      4) тексерудің техникалық құралдарымен;

      5) ықтимал қауіпті учаскелер болуына байланысты күзет дабылы құралдарымен жабдықталады.

      71. Бесінші топтың объектілері Нұсқаулықтың 68-тармағында көрсетілген инженерлік-техникалық құралдарға қосымша объектінің периметрін қоршаумен (физикалық тосқауылмен) жабдықталады.

      72. Бейнебақылау жүйесі объектідегі жағдайға бақылау жүргізу, сондай-ақ жағдайды бағалау және тәртіп бұзушының іс-әрекетін тіркеу үшін рұқсатсыз кіру фактісін визуалды растау мақсатында орнатылады.

      66-тармақта көрсетілген үшінші, төртінші және бесінші топтар объектілерінің бейнебақылау жүйелері полицияның жедел басқару орталықтарына не аумақтық ішкі істер органдарының кезекші бөлімшелеріне бейнекөріністі жіберетін техникалық мүміндіктерімен орындалады.

      Кейіннен оқиғаларды талдау үшін бейнеақпаратты сақтау мерзімі кемінде 30 тәулікті құрауы тиіс.

      73. Бейнебақылау жүйесімен:

      1) объектіге іргелес аумақтың периметрі;

      2) күзет бекеті;

      3) бас және қосымша кіру/шығу орындары;

      4) объектінің ықтимал қауіпті учаскелері және оларға апаратын дәліздер;

      5) ұйым басшысының қалауы бойынша басқа орынжайлар жабдықталады.

      74. Объектінің бейнебақылау жүйелеріне қойылатын техникалық талаптар Қағидаларға сәйкес әзірленеді.

      75. Объектілер өздерінің қызметкерлері мен келушілерін штаттан тыс жағдайдың туындауы (терроризм актісінің жасалу қаупі немесе жасалуы және туындаған салдары) туралы жедел хабарлау және олардың іс-қимылдарын үйлестіру мақсатында хабарлау жүйелерімен және құралдарымен жабдықталады.

      76. Объектінің қызметкерлеріне және келушілеріне хабарлау алдын ала әзірленген жоспарға сәйкес техникалық және жылжымалы байланыс құралдарының (дабыл беру) көмегімен ішкі байланыс желілері арқылы жүзеге асырылады, олар мыналарды қамтамасыз етеді:

      1) ғимаратта, орынжайда, адамдар тұрақты немесе уақытша болатын объект аумағының учаскелерінде дыбыс сигналдарын (қажет болғанда жарық сигналдарын) беру;

      2) автоматты режимде (бұрын жазылған мәтінді оқу) және микрофонның көмегімен де қауіптіліктің сипаты, эвакуациялауды жүзеге асыру қажеттілігі, сондай-ақ объектідегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдар туралы ауызша ақпаратты трансляциялау.

      77. Хабарлағыштардың саны және олардың қуаттылығы адамдардың тұрақты немесе уақытша болатын барлық орындарында қажетті естуді қамтамасыз етеді, эвакуация жүргізілген жағдайда оны жүргізу үшін қажетті есептік уақыт ішінде әрекет етеді.

      78. Дабыл беру құралы (мобильді немесе стационарлық, дабыл түймесі орталықтандырылған бақылау пультіне жасырын сигнал беруге мүмкіндік береді) объектіде терроризм актісінің жасалу қаупі туралы күзет қызметі субъектілерін жедел хабардар ету мақсатында орнатылады.

      79. Дабыл беру құралымен жаппай өткізуге арналған күзет бекеті және/немесе объектіге кіреберістер, сондай-ақ ұйым басшысының қалауы бойынша айқындалатын орынжайлар жарақтандырылады.

      80. Дабыл беру құралы аумақтық полиция органдарының кезекші бөлімдеріне не күзет қызметі субъектілерінің орталықтандырылған бақылау пультіне жасырын сигнал беру мүмкіндігін ескере отырып орнатылады.

      81. Объектілерді қоршау адамдардың объектіге және объектіден еркін өтуіне, көлік құралдарының өтуіне кедергі келтіру мақсатында орнатылады. Қоршаудың:

      1) еркін өтуді болдырмайтын биіктігі мен топырақта тереңдігі бар;

      2) құрылымы қарапайым, беріктігі жоғары және ұзаққа жарамды;

      3) оны еңсеруді жеңілдететін тораптары мен конструкциялары болмайды.

      82. Іс басқармасының объектілері күзет қызметкерлері мен объектінің инженерлік желілерді пайдаланатын қызметкерлері арасында ақпаратпен алмасу және іс-қимылдарын үйлестіру үшін радиобайланыс құралдарымен жабдықталады.

      Ескерту. 82-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      83. Объектілердің топқа жатқызылуына қарамастан, олардың кіреберіс топтары, сондай-ақ қызметкерлер мен келушілер жаппай болуы мүмкін ашық орындары көлік құралдарының қозғалыс жолдарына тікелей жақын жерде орналасқан жағдайда объектілер көлік құралдарының жылдамдығын төмендету құралдарымен жабдықталады.

      84. Кіруді бақылау және басқару құралы өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыру тәртібінде айқындалған кіру аймақтарын ескере отырып, объектінің аумағына және оның бір бөлігіне қызметкерлердің, объектіге келушілердің кіруін қамтамасыз етуі тиіс.

      Ескерту. 84-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      85. Бақылаудың техникалық құралдарына тыйым салынған заттар мен нәрселерді анықтауға көмектесетін техникалық құралдар, оның ішінде стационарлық және қол металл детекторлары жатады.

      86. Ұйым басшысының шешімі бойынша объектіде оның терроризмге қарсы қорғалу деңгейін жоғарылатуға ықпал ететін қосымша инженерлік-техникалық жабдық орнатылуы мүмкін.

      87. Объектінің инженерлік-техникалық жабдығы әрдайым жұмыс күйінде ұсталуы тиіс.

      88. Объектіні террористік тұрғыдан осал объектілер тізбесіне енгізгеннен кейін 6 ай ішінде инженерлік-техникалық жабдықпен жабдықтау мүмкін болмаған жағдайда, ұйым басшысы Іс басқармасының объектісін жарақтандыруға бюджет қаражатын жоспарлау үшін шаралар қабылдайды, ал терроризмге қарсы комиссияға Іс басқармасының объектісін инженерлік-техникалық жарақтандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын келісуге ұсынады.

      Ескерту. 88-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің Іс Басқармасында
  террористік тұрғыдан осал
объектілердің терроризмге
қарсы қорғалуын ұйымдастыру
  жөніндегі нұсқаулыққа
  1-қосымша

Іс басқармасының объектілеріне кіргізуге (әкелуге) тыйым салынған заттар мен нәрселердің тізбесі

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қару (атыс қаруы; травматикалық, газбен және жарықпен-дыбыспен әсер ететін патрондары бар ұңғысыз қару; суық қару, сондай-ақ суық қаруға жатпайтын әртүрлі түрдегі пышақтар; лақтыратын; пневматикалық; газды; электрлік; сигналдық; зақымдаушы күші радиоактивтік сәулеленуді және биологиялық әсерді пайдалануға негізделген қару мен өзге де заттар; зақымдаушы күші электрмагниттік, жарық, жылу, инфрадыбыстық немесе ультрадыбыстық сәулеленуді пайдалануға негізделген қару мен өзге де заттар; жоғарыда аталған қару түрлеріне ұқсайтын нәрселер; қару ретінде пайдаланылуы мүмкін заттар (соғу-жару, лақтыру және шаншу-кесу әсері бар нәрселер); қаруға оқ-дәрі және оның құрамдас бөліктері).

      2. Адам ағзасына жас ағызатын, тітіркендіретін және жағымсыз әсері бар механикалық және аэрозольдық бүріккіштер мен құрылғылар.

      3. Заттар: жарылғыш, улы, уландыратын, радиоактивті, күйдіретін, пиротехникалық, тез тұтанатын.

      4. Нұсқаулықтың 66-тармағында көрсетілген 1, 2 мен 3 - топтардың объектілеріне келушілер үшін фото-, бейне- мен дыбыс жазу аппаратурасы, тасымалды электрондық ақпаратты жеткізгіштер.

      Бұл тармақ Іс басқармасының объектісі ұйымының басшысы ресми шақырған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне қолданылмайды.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің Іс Басқармасында
террористік тұрғыдан осал
объектілердің терроризмге
қарсы қорғалуын ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша

Терроризмге қарсы қорғалу мәселелері бойынша алдын алу және оқу іс-шаралары тақырыптарының нұсқалары

      1. Оқу сабақтары (теориялық) шеңберінде:

      1) Терроризмге қарсы қорғану мәселелері жөніндегі заңнаманың негізгі талаптары;

      2) Терроризмнің мәні мен қоғамдық қауіптілігі, террористік сипаттағы әрекеттерді жасағаны үшін жауаптылық;

      3) Террористік қауіптің ықтимал көздері туралы ақпарат беру;

      4) Іс басқармасы объектілерінің әртүрлі адамдары топтарының террористік сипаттағы ықтимал қауіп-қатерлерге қатысты іс-қимылдары алгоритмдерін белгілеу және олармен жалпы танысу.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Нұсқамалар өткізу шеңберінде:

      1) Объектінің аумағы шегінде терроризм актісінің жасалуы немесе жасалу қаупі жағдайындағы іс-қимылдар;

      2) Эвакуация жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы.

      3. Практикалық сабақтар өткізу шеңберінде:

      Объектіде практикалық іс-қимылдарды:

      1) иесіз заттарды, күдікті нәрселерді анықтау мақсатында орынжайларды тексеруді ұйымдастыру;

      2) иесіз заттар, күдікті нәрселер анықталғанда және миналау туралы хабарлама алынғанда іс-қимылдарды модельдеу;

      3) иесіз заттар, күдікті нәрселер анықталғанда және объектіні миналау туралы хабарлама алынғанда ҚР МКҚ, ҚР ІІМ мен ҚР ҰҚК бөлімшелеріне хабарлау жөніндегі іс-қимылдарды модельдеу;

      4) объектінің қызметкерлері мен келушілеріне хабарлауды ұйымдастыру;

      5) объектінің қызметкерлері мен келушілерін эвакуациялауды ұйымдастыру.

      Аталған іс-шараларға сәйкес қызметкерлердің іс-қимылдары бойынша мынадай жаттығулар өткізіледі:

      1) объектіні миналау туралы хабарлама алынған кезде;

      2) иесіз заттар мен күдікті нәрселер анықталған кезде;

      3) адамдарды эвакуациялау кезінде.

      Ескертпе: сабақтардың тақырыбы мен мазмұны туындап жатқан террористік сипаттағы қауіптердің өзектілігіне қарай өзгертілуі мен толықтырылуы мүмкін. Бір іс-шара шеңберінде бірнеше тақырып пысықталуы мүмкін.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің Іс Басқармасында
террористік тұрғыдан осал
объектілердің терроризмге
қарсы қорғалуын ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша

Іс басқармасының объектілеріндегі қызметкерлердің террористік сипаттағы ықтимал қауіп-қатерлерге қатысты іс-қимылдары алгоритмі

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Іс басқармасының объектілеріндегі қызметкерлердің террористік сипаттағы ықтимал қауіп-қатерлерге іс-қимылдарының алгоритмі терроризм актісін жасау қаупі туындаған жағдайда Іс басқармасының объектілерінің жұмыс істеуінің тұрақтылығын арттыру жөніндегі іс-шараларды басқару мақсатында әзірленді және олардың алдын алуға бағытталған.

      Террористік қатерлердің алдын алу адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға, террористік қатердің жүзеге асырылу қаупін барынша азайтуға және терроризм актісінің жасалуын барынша төмендетуге бағытталған іс-шаралар кешені болып табылады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Терроризм актісі жасалған жағдайда ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері жасалған терроризм актісі туралы Іс басқармасының басшылығына, құқық қорғау және арнайы органдарға дереу хабарлайды және объектідегі адамдарды эвакуациялауды қамтамасыз етеді.

      Терроризм актісінің жасалу қаупі туындауының алдын алу жөнінде жұмысты ұйымдастыру кезінде бөгде адамдардың объектілерге және осал учаскелерге (аймақтарға, жабдықтарға) еркін кіруін болдырмауға ерекше назар аудару қажет, бұл террористік құралдарды жеткізу мүмкіндігіне, сондай-ақ бақылау, автоматика аппаратурасы мен байланыс құралдарының істен шығуына жол бермейді.

      Террористік іс-әрекетті ықтимал дайындау мен жүзеге асырудың негізгі белгілері:

      мінез-құлқында ықтимал террористік шабуыл объектісінің жақын маңындағы жағдайды зерттеу, оның қызметінің белгілі бір аспектілеріне жоғары немесе негізсіз уәжделген қызығушылық байқалатын адамдардың пайда болуы;

      таңдалған объектілер жанында күдікті адамдардың бірнеше рет көрінуі және фото- мен бейнетүсірілім жүргізуі;

      объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметкерлермен және адамдармен негізсіз тілдесу, олардан жұмыс режимін, кіру тәртібін, қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін барлап білу;

      техникалық қызмет көрсетуге қатысы жоқ адамдардың жертөлелер мен шатырларға енуі;

      бөгде келушілерде (күдік тудыратын адамдарда) күзеттің объект ғимаратының кіру орнында тексеруі ұсынушының жеке басы туралы ақпарат бермейтін құжаттардың болуы;

      объектінің әкімшілігі мен қызметкерлеріне жалған ақпарат беру;

      объектінің осал учаскелерін және оларға кіру тәртібін, өткізу режимі мен күзету жүйесінің тәртібін зерттеу.

      Террористік шабуылдың үлгілік сценарийлеріне алдын ала жүргізілген талдаудың негізінде оларды қолайлы, жағымды жаққа өзгерту мақсатында төтенше жағдайлардың дамуының әрбір кезеңінде нақты бастапқы, аралық және қорытынды оқиғаларға тиімді әсер етуге мүмкіндік беретін іс-шаралар кешенін әзірлеу және нақты уақыт режимінде іске асыру маңызды.

      Түрлі оқиғаларды алдын ала пысықтау терроризм актісінің жасалу қаупі туындаған кезде объектілер қызметкерлерінің іс-қимылдар алгоритмін қалыптастыруға, оның ішінде ұқсас экстремалды жағдайлардағы іс-қимылдарды реттейтін атаулы нұсқаулықтар мен жадынамаларды әзірлеуге мүмкіндік береді.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар олардың туындау ықтималдығын және келтірілуі мүмкін зиянды ескере отырып жүргізіледі.

2-тарау. Ғимаратта немесе оның аумағында терроризм актісін жасау қаупі туындаған кезде Іс басқармасының объектілеріндегі қызметкерлердің іс-қимылдары

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Объектілерде немесе олардың аумағында терроризм актісінің жасалу қаупі туындаған кезде жүзеге асыруға қажет іс-қимылдарды ұйым басшысы ұйымның әрбір қызметкеріне жеткізеді.

      5. Объектілерде терроризм актісінің жасалу қаупі туындаған кезде шұғыл іс-қимылдар жүзеге асыру үшін мыналар негіз болып табылады:

      қандай да бір қызметкердің, келушінің күдікті затты анықтауы;

      ұйымға телефон арқылы немесе жазбаша түрде қорқытудың келіп түсуі ;

      ұйым қызметкерлеріне, келушілерге қарулы шабуылдың жасалуы;

      ұйым ғимаратында немесе оның аумағында террористердің қызметкерлерді кепілге алуы;

      террористің ұйымға шабуылы.

      6. Жоғарыда көрсетілген барлық жағдайда ұйым басшылығы болған оқиға туралы:

      Іс басқармасының басшылығына;

      ішкі істер органдарының "102" арнасына дереу хабарлайды.

      ҚР МКҚ объектіні күзеткен жағдайда жақын орналасқан күзет бекетіне немесе күзетілетін объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жауынгерлік ауысымның аға қызметкеріне хабарланады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-параграф. Күдікті нәрсені анықтау

      7. Күдікті нәрсе деп күдікті дыбыстары (шертулер, тықылдау) және ерекше иісі (бадам, хлор, аммиак) бар иесіз сөмке, пакет, жәшік, қорап, сымдары шыққан ойыншық болып түсінеді.

      Аталған нәрсе жарылғыш құрылғы немесе уландратын химиялық заттармен, биологиялық агенттермен (сібір жарасы, табиғи шешек, туляремия сияқты қауіпті инфекциялардың қоздырғыштарымен) толтырылған пакет болуы мүмкін.

      8. Қауіпті немесе күдікті нәрсені анықтаған адамдар ол туралы ішкі істер органдарының "102" арнасына дереу хабарлайды және шұғыл ден қою күштері келгенге дейін нәрседен қауіпсіз қашықтықта болады.

      ҚР МКҚ объектіні күзеткен жағдайда жақын орналасқан күзет бекетіне немесе күзетілетін объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жауынгерлік ауысымның аға қызметкеріне хабарланады.

      9. Ұйым басшысының іс-қимылдары:

      ұйымның тұрақты жұмыс істейтін қызметкерлері қатарынан қоршау қояды;

      шұғыл ден қою қызметтерінің (ішкі істер органдарының бөлімшелері, жедел медициналық жәрдем қызметтері, өрт сөндіру есептоптары, жедел-құтқару қызметтері) қауіпті немесе күдікті нәрсе анықталған жерге кедергісіз кіруін қамтамасыз етеді;

      ұйым қызметкерлерін және келушілерін эвакуациялау жөнінде шараларды қабылдайды.

      10. Қызметкерлердің іс-қимылдары:

      ұйым әкімшілігіне (телефон арқылы) хабарлайды және ғимаратқа ешкімді кіргізбейді (олар келгенге дейін);

      жақын тұрған адамдарды күдікті нәрседен қауіпсіз қашықтыққа (100 метрден жақын емес) қояды, оған жақындамайды, ұстамайды, ашпайды және орнынан қозғамайды;

      күдікті нәрсені анықтаған адамдар шұғыл ден қою күштері келгенге дейін қауіпсіз қашықтықта болады және болған оқиғаға қатысты мәлімет береді;

      иесіз нәрсенің ықтимал иесін анықтау мақсатында айналасындағылардан сұрайды;

      анықталған нәрсенің жанында радиобайланыс құралдарын, оның ішінде ұялы телефонды пайдаланудан бас тартады;

      анықталу уақыты мен орнын белгілейді;

      қауіпті аймаққа іргелес аумақтан адамдарды эвакуациялауды ұйымдастыруға көмек көрсетеді;

      қажет болғанда қорғануды қамтамасыз ететін нәрселердің (ғимараттың бұрышы, баған, жуан ағаш, автомашина) артында жасырынады, бақылау жүргізеді;

      объектіден шығады, мүмкіндік болмағанда күрделі құрылыстың артында және қажетті қашықтықта жасырынады.

      11. Ұйымның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдардың іс-қимылдары:

      күдікті нәрсені ұстамайды, оған жақындамайды, орнынан қозғалтпайды;

      иесіз нәрсенің ықтимал иесін анықтау үшін айналасындағылардан сұрайды;

      аталған нәрсенің жанында радиобайланыс құралдарын, оның ішінде ұялы телефонды пайдаланудан бас тартады;

      мүмкіндігінше анықталу уақытты мен орнын белгілейді;

      ішкі істер органдарының "102" арнасына күдікті нәрсенің анықталғаны туралы дереу хабарлайды. ҚР МКҚ объектіні күзеткен жағдайда жақын орналасқан күзет бекетіне немесе күзетілетін объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жауынгерлік ауысымның аға қызметкеріне хабарлайды.

      күдікті нәрсенің сыртқы түрін және оның анықталу мән-жайын сипаттауға дайын болады;

      дүрбелең туғызбау үшін не болғанын білу керек адамдардан басқа ешкімге жарылыс қауіпі туралы хабарламайды;

      күдікті нәрсе мен қауіпті аймаққа бөгде адамдардың кіруін шектеуді қамтамасыз етеді;

      қауіпті аймаққа іргелес аумақтан адамдарды ұйымдасқан түрде эвакуациялауды қамтамасыз етеді;

      қажет болғанда қорғануды қамтамасыз ететін нәрселер (ғимараттың бұрышы, баған, жуан ағаш, автомашина) артында жасырынады, бақылау жүргізеді.

      Жарылғыш құрылғы немесе жарылғыш құрылғыға ұқсайтын нәрсе анықталған кезде ұсынылатын эвакуация мен қоршау аймақтары:

      граната – 50 метр;

      салмағы 200 гр. тротил құтысы - 45 метр;

      жарылғыш құрылғы – кемінде 200 метр;

      0,33 л. сыра банкісі - 60 метр;

      дипломат (кейс) – 230 метр;

      жол чемоданы - 350 метр;

      жеңіл автомашина - кемінде 600 метр;

      шағын автобус - 920 метр;

      жүк машинасы (фургон) – 1240 метр.

2-параграф. Ұйымға телефон арқылы қорқытудың келіп түсуі

      12. Ұйымға ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі – АКТ) арқылы келіп түскен, салынған жарылғыш құрылғылар, адамдарды кепілге алу, бопсалау, қорқытып алу туралы ақпаратты қамтитын кез келген хабарлама назардан тыс қалмауға тиіс.

      АКТ арқылы ақпарат алған адам осы ақпараттың бақылаусыз таралуын болдырмау мақсатында оған және оның мазмұнына қол жеткізуді шектеу жөнінде шаралар қабылдайды.

      АКТ арқылы ақпарат алынған кезде оны алған адам хабарлау схемасына сәйкес террористік сипаттағы ықтимал қауіп туралы дереу хабардар етеді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Телефон арқылы қорқыту сөздерін алушының (басшы, қызметкер) іс-қимылдары:

      Сөйлесу барысында қоңырау шалушының жынысына, жасына және сөйлеу ерекшеліктеріне назар аудару қажет:

      даусы (қатты немесе ақырын, төмен немесе жоғары);

      сөйлеу қарқыны (жылдам немесе баяу);

      айтылуы (айқын, бұрмаланған, кекештеніп, сыбырлап, акцентпен немесе диалектімен);

      сөйлеу мәнері (дөрекі, келемеждеп, былапыт сөздермен).

      Дыбыстық фонға (автомашиналардың немесе теміржол көлігінің шуы, теле-немесе радиоаппаратураның дыбысы, дауыстар), қоңырау сипатына (қалалық, қалааралық) назар аудару маңызды.

      Сөйлесудің нақты басталу уақытын және оның ұзақтығын белгілеу қажет. Қалай болғанда да сөйлесу барысында келесі сұрақтарға жауап алуға тырысу қажет:

      бұл адам қайда, кімге, қандай телефон арқылы қоңырау шалып тұр?

      ол қандай нақты талаптар қояды?

      ол өз талабын қояды ма немесе делдал ретінде қандай да бір адамдар тобының атынан сөйлеп тұр ма?

      ол немесе олар қандай шарттарда ойлағандарынан бас тартуға келіседі?

      онымен қалай және қашан байланысуға болады?

      бұл қоңырау туралы кімге хабарлауға болады немесе қажет?

      Сіз және ұйым басшылығы шешім қабылдауы немесе қандай да бір іс-қимыл жасауы үшін қоңырау шалушымен мүмкіндігінше ұзақ уақыт сөйлесуге тырысу қажет.

      Мүмкіндігінше сөйлесу барысында немесе сөйлесу аяқталғаннан кейін телефон арқылы келіп түскен қорқыту туралы ішкі істер органдарының "102" арнасына және ұйым басшылығына хабарланады.

      ҚР МКҚ объектіні күзеткен жағдайда жақын орналасқан күзет бекетіне немесе күзетілетін объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жауынгерлік ауысымның аға қызметкеріне хабарланады.

3-параграф. Ұйымға жазбаша түрде қорқытудың келіп түсуі

      14. Жазбаша түрдегі қорқыту сөздерін алушының (басшы, қызметкер) іс-қимылдары:

      Осындай құжат алынғаннан кейін онымен барынша сақ болу қажет. Мүмкіндігінше оны таза, тығыз жабылатын полиэтилен пакетіне салып, бөлек қатты папканың ішіне салу қажет.

      Оған саусақ іздерін қалдырмауға тырысу қажет.

      Егер құжат конвертте келіп түссе, оны тек қана сол немесе оң жағынан шеттерін қайшымен мұқият кесіп ашу қажет.

      Бұл ретте барлығын: мәтіні бар құжаттың өзін, салынған барлық заттарды, конвертті және қаптамасын сақтау қажет, ештеңені тастауға болмайды.

      Құжаттың мазмұнымен таныс адамдардың санын көбейтуге болмайды.

      Ішкі істер органдарының "102" арнасына дереу хабарлау қажет.

      ҚР МКҚ объектіні күзеткен жағдайда жақын орналасқан күзет бекетіне немесе күзетілетін объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жауынгерлік ауысымның аға қызметкеріне хабарланады.

4-параграф. Ұйым ғимаратындағы қызметкерлер мен адамдарға қарулы шабуыл жасау

      15. Ұйым ғимаратындағы қызметкерлер мен адамдарға қарулы шабуыл жасалған кезде оларға өздерін оқшаулау үшін шаралар қабылдау, қауіпті аймақтан дереу шығу, сондай-ақ ішкі істер органдарының "102" арнасына хабарлау қажет.

      ҚР МКҚ объектіні күзеткен жағдайда жақын орналасқан күзет бекетіне немесе күзетілетін объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жауынгерлік ауысымның аға қызметкеріне хабарланады.

      Жасырынып, террористердің кетуін күту және мүмкіндік пайда болғанда ғимараттан шығу қажет.

      16. Басшының іс-қимылдары:

      қарулы шабуылдың фактісі мен мән-жайлары туралы құқық қорғау және/немесе арнаулы мемлекеттік органдарға дереу хабарлау;

      объектідегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру (эвакуациялау, ішкі кедергілерге тосқауыл қою, объектідегі штаттан тыс оқиға туралы хабарлау);

      терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың келіп жатқан күштерімен өзара іс-қимыл жасау.

      17. Қызметкерлердің (оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері) іс-қимылдары:

      оқиғаны бағалау, қызметкерлермен (мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілерімен), келушілермен бірге ғимараттан қалай кету туралы нақты жоспар жасау қажет;

      мүмкіндігінше тәрбиеленушілермен бірге қауіпсіз эвакуациялану, ғимараттан шығу;

      заттар мен сөмкелерді қалдыру;

      қолды жасырмау, олар көрініп тұруы қажет.

      Мүмкіндік болмаған жағдайда ғимараттан шығу қажет:

      кабинеттен, топтан жылдам бас шығарып қарау, дәліздегі барлық адамдарды (мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері) өз кабинетіне жіберу;

      таныс емес немесе объектіге кіруге рұқсаты жоқ адамдарды кабинетке кіргізбеу;

      есікті мықтап, мүмкіндігінше кілтпен жабу;

      терезелерді жабу, барлық жалюзи перделерін түсіру немесе жабу;

      қаскүнем есіктен қарағанда көре алмайтындай етіп қызметкерлерді (мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеленушілерін) қабырға жанында тұрғызу;

      қызметкерлер мен тәрбиеленушілер үшін "Қауіпсіз бұрыш" табу;

      жарықты және компьютерлердің мониторларын өшіру, ұялы телефондарды дыбыссыз сигналға қою;

      қызметкерлер мен тәрбиеленушілер үшін тыныштықты қамтамасыз ету;

      сабаққа қатысу парағын толтыру (дәліздерден алынған тәрбиеленушілерді тізімдеу) және осы бөлмеде тұрған тәрбиеленушілердің тізімін жасау.

      Ескертпе: Жарықты сөндіру алдында қызметкерлер (тәрбиешілер) өздерінің сабаққа қатысу журналын қолдарында ұстайды. Бұл мектепке дейінгі ұйымдардағы барлық тәрбиеленушілерді эвакуациялауды қамтамасыз етуге көмектеседі.

      спорт залындағы тәрбиеленушілерді шешінетін бөлмеге кіргізіп, барлық есіктерді құлыптап, қауіпсіз орын табу және жарықты өшіру;

      асханалардағы тәрбиеленушілерді жақын орналасқан орынжайларға көшіру және жарықты сөндіру;

      ұйым ғимаратынан тыс жердегі қызметкерлер (мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері) ең жақын орналасқан қауіпсіз жерге жүгіріп барады, тоқтайды, жерде қозғалмай жатады;

      дәретханадағы қызметкерлер кабинаны жауып, жарықты өшіреді;

      дәліздегі барлық адамдар дереу жақын орналасқан орынжайға кіріп, жарықты сөндіреді;

      медицина қызметкерлері, асхана, әкімшілік және техникалық қызметтердің қызметкерлері өздері тұрған орынжайларда қалады, есіктерді жауып, жарықты сөндіреді.

      Ескертпе: Басшының өкіміне дейін қауіпсіз жерлерде болу қажет.

5-параграф. Ұйымда адамдарды кепілге алу

      18. Басшының іс-қимылдары:

      қызметкерлердің (мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиеленушілерінің) қауіпсіздігі үшін барынша мүмкін жағдай жасауды ұйымдастыру;

      құқық қорғау және/немесе арнайы мемлекеттік органдарға қызметкерлер (мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері) кепілге алынғаны туралы дереу хабарлау;

      басқыншылардың талаптарын білуге тырысу;

      терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың келіп жатқан күштерімен өзара іс-қимыл жасау.

      19. Қызметкерлердің (тәрбиешілер) іс-қимылдары:

      қызметкерлерді (мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілерін) қорғауды ұйымдастыру, оның ішінде мүмкіндігінше оларды ғимараттан абайлап шығару не есіктерді бұғаттап орынжайларда жасыру және құқықтық тәртіп қызметкерлері келгенге дейін ұстау;

      құқық қорғау және/немесе арнайы мемлекеттік органдарға кепілдікке алудың мән-жайлары мен қаскүнемдер (саны, қару-жарағы, жарақтандырылуы, жасы, лақап аты, ұлты) туралы мүмкіндігінше кез келген қолжетімді тәсілмен және өз қауіпсіздігін кепілді қамтамасыз ету жағдайында хабарлау.

      20. Ұйымның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдардың іс-қимылдары:

      өз бастамасымен келіссөздер жүргізбеу;

      сақ болу, қылмыскерлердің белгілерін, олардың бет-әлпетінің ерекшеліктерін, киімдерін, аттарын, лақап аттарын, болуы мүмкін тыртықтары мен татуировкаларын, сөйлеу ерекшеліктері мен мінез-құлқын, әңгіме тақырыбын есте сақтауға тырысу.

      21. Кепілге алу кезіндегі іс-қимылдар:

      Қылмыскерлерді физикалық күш немесе қару қолдануға итермелейтін әркеттерден аулақ болу, қашуға тырыспау;

      Өзіңізге назар аудартпау;

      Егер қашудың сәттілігіне толық сенімділік болмаса, жүгіруге тырыспау;

      Террористер туралы мүмкіндігінше көбірек ақпаратты есте сақтау (саны, қару-жарағы, сыртқы келбеті, дене бітімі, акценті, әңгіме тақырыбы, темпераменті, мінез-құлық мәнері);

      Орналасқан (қамалған) жеріңізді анықтауға тырысу;

      Мүмкін болса, кез-келген қол жетімді байланыс әдісін қолдана отырып, өмірге қауіп төндірмей, сақтық танытып, не болғанын құқық қорғау органдарына немесе арнайы органдарға, қауіпсіздік бөлімшесіне немесе объектінің күзет қызметіне хабарлауға тырысу;

      Қандай болса да, тамақтан бас тартпау;

      Жарақат алған кезде өзіңізге алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысу;

      Ең бастысы дүрбелеңге салынбау, бандиттер өздерін бақылауды тоқтатса да;

      Терезелерден, есіктерден алыс тұру;

      Арнайы бөлімше қызметкерлері кепілге алынған адамдарды босату жөніндегі операцияларды жүргізген кезде мынадай талаптарды сақтау қажет:

      еденге төмен қарап жату, мүмкіндігінше қабырғаға жабысып, басын қолмен жабу және қозғалмау;

      ешқандай жағдайда арнайы бөлімше қызметкерлеріне қарсы жүгіруге немесе олардан қашуға болмайды, өйткені олар жүгірушіні қылмыскер ретінде қабылдауы мүмкін;

      егер мүмкіндік болса, есіктер мен терезелердің ойықтарынан алыс болу қажет.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6-параграф. Ұйым ішінде және оның аумағында атыс кезінде

      22. Басшының іс-қимылы:

      Қызметкерлердің (мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиеленушілердің) қауіпсіздігі үшін барынша ықтимал жағдайларды ұйымдастыру;

      құқық қорғау және/немесе арнаулы мемлекеттік органдарын атыс туралы дереу хабардар ету;

      қызметкерлердің (мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиеленушілердің) өмірін қорғауға арналған іс-әрекеттерді ұйымдастыру.

      23. Қызметкерлер іс-қимылы:

      егер сіз көшеде атыс естіген болсаңыз, терезе жанында тұрмаңыз, тіпті ол пердемен жабылған болса да;

      терезе алды тақтайының деңгейінен жоғары көтерілмеңіз;

      тәрбиеленушілерге атылған оқтың дауысы естілген үй-жайға кіруге рұқсат бермеңіз.

      Егер атыс кезінде көшеде болсаңыз, жерге жатып, таса жердің (ғимараттың бұрышы, гүлзар, аялдама) артына еңбектеп баруға тырысыңыз, егер жақын жерде ондай болмаса, басыңызды қолыңызбен жауып, қозғалмай тік жатыңыз.

      Бәрі басылған кезде, сіз көтеріле аласыз.

7-параграф. Ұйым ғимаратының жарылуы кезінде

      24. Басшының іс-қимылы:

      Қызметкерлердің (мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиеленушілердің) қауіпсіздігі үшін барынша ықтимал жағдайларды ұйымдастыру;

      ғимараттың жарылуы туралы құқық қорғау және/немесе арнайы мемлекеттік органдарды дереу хабардар ету;

      қызметкерлердің (мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиеленушілердің) өмірін қорғауға арналған іс-әрекеттерді ұйымдастыру.

      25. Қызметкерлердің іс-қимылы:

      шыны шкафтардың, витриналар мен терезелердің жанында болмауға тырысу, еденге жату;

      негізгі қабырғалардың астына тығылу керек, өйткені көбінесе арақабырғалар, төбелер, аспа шамдар өлім-жітімге әкеледі;

      баспалдақ алаңына шықпау, қосылған электр құралдарына қол тигізбеу;

      қараңғы жағдайына тап болғанда газдың, жанғыш заттардың, сұйықтықтардың тұтануын болдырмау үшін сіріңкелерді пайдаланбау;

      ғимараттан арқамен қабырғаға жанаса отырып шығу керек, әсіресе баспалдақпен түсуге тура келген кезде. Еңкейіп, басты қолмен жабу керек – жоғарыдан сынықтар мен әйнектер құлап тұсуі мүмкін.

      Көшеде қалсаңыз, ғимараттан алшақтаңыз, карниздер мен қабырғаларды қадағалаңыз, олар құлап кетуі мүмкін. Сіз тез және мұқият жүруіңіз керек, өйткені үй құлаған кезде қалың шаң бұлт көтеріледі, ол дүрбелең туғызуы мүмкін.

8-параграф. Ұйымға террористер шабуыл жасаған кезде

      26. Басшының іс-қимылы:

      қызметкерлердің (мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиеленушілердің) және келушілердің қауіпсіздігі үшін барынша мүмкін болатын жағдайларды ұйымдастыру;

      құқық қорғау және/немесе арнаулы мемлекеттік органдарға террористердің шабуылы туралы, оның ішінде объектідегі күдікті адамдар туралы дереу хабарлау;

      адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды және жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

      27. Қызметкерлер іс-қимылы:

      жанындағы адамдарды қорғауды ұйымдастыру: ғимараттан байқатпай шығару немесе үй-жайға тығылу, есікті бұғаттау, құқық тәртібі қызметкерлерінің келуін күту;

      қорғану: ғимараттан байқатпай кету немесе бөлмеде жасыру, есікті құлыптау, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің келуін күту;

      мүмкіндігінше құқық қорғау және/немесе арнаулы мемлекеттік органдарға, объектінің күзетіне, басшылығына қарулы шабуылдың фактісі мен мән-жайлары туралы кез келген тәсілмен хабарлау.

      28. Ұйым қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдардыңіс-қимылы:

      сыртқы белгілері бойынша террористі анықтау және мүмкіндігінше оның объектідегі адамдардың жаппай болатын жерлеріне қарай жылжуына тосқауыл қою;

      террористердің шабуылы туралы объект басшылығына, құқық қорғау және/немесе арнайы мемлекеттік органдарға кез келген тәсілмен хабарлау;

      объектідегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдау (эвакуациялау, ішкі кедергілерді оқшаулау және т. б.);

      қажет болған жағдайда күдікті адамның немесе адамдар тобының объект бойынша (жеке өзі немесе бейнебақылау жүйесі арқылы) қозғалысын бақылауды ұйымдастыру;

      өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

      29. Террористің сыртқы белгілері:

      ауа-райына сәйкес келмейтін, қолдан жасалған жарылғыш құрылғының элементтерін жасыруға арналған кең киім;

      киім астынан шығып тұрған қолдан жасалған жарылғыш құрылғының элементтері, сымдар, тумблерлер, ажыратқыштар;

      қолында қару немесе жарылғыш құрылғыны жасыруға болатын үлкен сөмкелер немесе жол дорбалардың болуы;

      тасымалданатын заттарды сақтықпен ұстау, оларды денеге қысып ұстау және оларды мезгіл-мезгіл өздігінен сипап қарау;

      түрлі бұзылулар (шеврондардың болмауы, форманың төменгі және жоғарғы бөліктері түсінің, бас киімнің сәйкес келмеуі) болуы мүмкін камуфляждалған формалық киімді пайдалану.

3-тарау. Іс басқармасының объектілерінде және олардың аумағында терроризм актілерінің алдын алу жөніндегі практикалық іс-шаралар

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Терроризм актілерінің алдын алу бойынша басшының іс-қимылы:

      терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы басшылық құжаттардың талаптарын өзі білу және талаптарды қызметкерлердің назарына жеткізу;

      ықтимал террористік қауіпке ден қою мәселелері бойынша Ішкі істер органдарының бөлімшелерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;

      қызметкерлердің (мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиеленушілердің) іс-қимыл алгоритмдерін пысықтау бойынша практикалық жаттығуларды тұрақты өткізу;

      ұйымының терроризмге қарсы қорғалу шараларын іске асыруға жауапты лауазымды адамды анықтау.

      31. Жауапты лауазымды адамның іс-қимылы:

      қызметкерлермен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сабақтар жоспарлау және өткізу;

      терроризм актісі қатері туындаған жағдайда ұйым аумағында және үй-жайларында іс-қимыл жасау бойынша қызметкерлермен жылына бір реттен кем емес жаттығуларды жоспарлау және өткізу;

      басшыға терроризмге қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұсыныстар беру;

      күн сайын ұйым объектісінің жағдайын бақылауды жүзеге асыру;

      қылықтары ерсі бөтен адамға назар аудару.

      32. Директордың әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі орынбасарының іс-әрекеттері:

      ұйым аумағының қараңғы уақытта жарықтандырылуын қадағалау;

      ұйым аумағынан қоқысты уақытында шығаруды қамтамасыз ету;

      қылықтары ерсі бөтен адамға назар аудару.

4 тарау. Шұғыл әрекет ету қызметтерінің телефондары

      33. Дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы дереу тұрғылықты жері бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті немесе ҚР ІІМ аумақтық органдарына, не сенім телефоны бойынша немесе электрондық пошта мекенжайына дереу хабарлаңыз.

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кезекші қызметінің телефоны: 110;

      Өртке қарсы қызмет телефоны: 101;

      Ішкі істер органдары кезекші қызметінің телефоны:102;

      Жедел медициналық жәрдем телефоны: 103.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің Іс Басқармасында
террористік тұрғыдан осал
объектілердің терроризмге
қарсы қорғалуын ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша

Терроризмге қарсы дайындық бойынша оқу іс-шараларын есепке алу журналы (титул парағы) ___________________ (ұйымның атауы)

      Терроризмге қарсы даярлық бойынша оқу іс-шараларын өткізуді есепке алу журналының № ___

      Журналды жүргізу басталған күн 20__ ж. "___" _____

      Журналды жүргізудің аяқталған күн 20__ ж. "___" _____

      1 бөлім. Нұсқамалар

№ р/с

Нұсқаманы өткізу күні

Нұсқау алушының Т.А.Ә. және лауазымы

Нұсқау түрі

Нұсқаманы жүргізген адамның Т.А.Ә. және лауазымы

Нұсқау алушының қолы

Нұсқама өткізген адамның қолы

1

2

3

4

5

6

7

      2 бөлім. Сабақ

      1. Сабақты өткізу күні.

      2. Сабақтың тақырыбы.

      3. Оқу сұрақтары.

      4. Қатысқан қызметкерлер саны.

      5. Сабақ өткізген адамның қолы.

      Сабақтарды өткізу туралы негізгі есептік құжаттар:

      1. Терроризмге қарсы дайындық бойынша іс-шараларды өткізуді есепке алу журналы;

      2. Терроризмге қарсы бағыттағы нұсқамаларды өткізу кестесі;

      3. Практикалық сабақтарды өткізу кестесі;

      4. Практикалық сабақтарды дайындау және өткізу жоспары;

      5. Терроризмге қарсы дайындық бойынша іс-шараларды өткізу нәтижелері туралы есеп;

      6. Теориялық сабақтардың тақырыптары бойынша дәріс материалдары.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің Іс басқармасында
террористік тұрғыдан осал
объектілердің терроризмге
қарсы қорғалуын ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша
  "Бекітемін"
Объектіге қызмет көрсететін
ұйымның басшысы
(лауазымы)
_________________________
(Т.А.Ә.)
__________________________
(күні)

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының объектілерінде террористік сипаттағы ықтимал қауіптер туралы хабарлау схемасы

      Ескерту. Қағидалар 5-қосымшамен толықтрылды - ҚР Президенті Іс басқарушысының 29.08.2024 № 04/198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с №

Іс-қимылдар

Уақыт

1

2

4

1

Террористік сипаттағы қауіп туралы ақпарат алған адам:
- өзінің тікелей басшысына, ал ол уақытша болмаған жағдайда оны алмастыратын адамға;
- Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының (бұдан әрі – Іс басқармасы) объектісінде орналасқан ұйым басшысына дереу хабарлайды.

2 минутқа дейін

2

Іс басқармасының объектісінде орналасқан ұйымның басшысы:
- объектіге қызмет көрсететін ұйымның (бұдан әрі – қызмет көрсететін ұйым) кезекшісіне (немесе диспетчеріне) дереу хабарлайды.

3

Қызмет көрсететін ұйымның кезекшісі:
- қызмет көрсететін ұйымның тиісті қызметінің бастығына / диспетчеріне;
- 110, 101, 102, 103 телефон номерлері арқылы тиісті шұғыл ден қою қызметтеріне дереу хабарлайды.

2 минутқа дейін

4

Тиісті қызметтің бастығы / диспетчер:
- басшының жетекшілік ететін орынбасарына және қызмет көрсететін ұйым басшысына дереу хабарлайды;
- тиісті шұғыл ден қою қызметтерін шақыруды бақылайды.

2 минутқа дейін

5

Қызмет көрсететін ұйымның басшысы не оны алмастыратын адам террористік сипаттағы қауіп туралы ақпарат бойынша қалыптасқан жағдай, сондай-ақ терроризм актісіне жол бермеу жөнінде қабылданған шаралар туралы Іс басқармасына:
- Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының жетекшілік ететін орынбасарына;
- Іс басқармасы аппаратының басшысына;
- Іс басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімінің меңгерушісіне және осы бөлімнің жетекшілік ететін бас инспекторларына дереу хабарлайды.

2 минутқа дейін

6

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары, Іс басқармасы аппаратының басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысына хабарлайды.

2 минутқа дейін

      Ескертпе:

      1. Көрсетілген схемадағы лауазымды адамдардың біреуі болмаған жағдайда схемадағы келесі лауазымды адамға хабарланады.

      2. Хабарлау схемасы қолжетімді жерде орнатылады және хабарлау схемасындағы жоғары тұрған буындар туралы ақпаратты және шұғыл қызметтердің байланыс деректерін қамтиды.

      3. Террористік сипаттағы қауіп туралы хабарлама беру уақытын қызмет көрсетуші ұйымның кезекшісі нөмірленген, тігілген және Іс басқармасының объектісіне қызмет көрсететін ұйымның мөрімен бекітілген террористік сипаттағы қауіпті немесе терроризм актісінің туындауын тіркеу журналында дереу тіркейді.

      Журнал объектінің тиісті қызметінің бастығында немесе диспетчерлік қызмет бар болса диспетчерінде арнайы бөлінген, қолжетімді жерде сақталады.

      Журналды террористік сипаттағы қауіп анықталуына немесе терроризм актісінің туындауына қарай аралап шығуды немесе қарап тексеруді жүзеге асыратын қызметкерлер толтырады.

      4. Іс басқармасының объектісіне қызмет көрсететін ұйымның басшысы террористік сипаттағы қауіп немесе терроризм актісі туындаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Іс басқармасына жазбаша түрде (оның ішінде жағдайдың сипатын, қауіптің немесе терроризм актісінің туындау себептерін, қабылданған шараларды көрсете отырып) хабарлайды.

      ______________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады