БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кідіртілген тауарларды өткізу, пайдалану және жою, оларды тасымалдау (тасу), қайта тиеу (тиеу, түсіру), сақтау бойынша шығыстарды, кідіртілген тауарларды өткізуге дайындалуға және өткізумен байланысты өзге де шығыстарды өтеу, сондай-ақ оларды өткізуден алынған сомаларды қайтару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 248 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16529 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыпта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 453-бабы 5-тармағына, 455-бабының 6-тармағына, 456-бабының 2, 3, 4-тармақтарына және 457-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кідіртілген тауарларды өткізу, пайдалану және жою, оларды тасымалдау (тасу), қайта тиеу (тиеу, түсіру), сақтау бойынша шығыстарды, кідіртілген тауарларды өткізуге дайындалуға және өткізумен байланысты өзге де шығыстарды өтеу, сондай-ақ оларды өткізуден алынған сомаларды қайтару қағидаларына:
тақырыпта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
1-тараудың тақырыбына орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Кідіртілген тауарларды өткізу, пайдалану және жою, оларды тасымалдау (тасу), қайта тиеу (тиеу, түсіру), сақтау бойынша шығыстарды, кідіртілген тауарларды өткізуге дайындалуға және өткізумен байланысты өзге де шығыстарды өтеу, сондай-ақ оларды өткізуден алынған сомаларды қайтару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 453-бабы 5-тармағына, 455-бабының 6-тармағына, 456-бабының 2, 3, 4-тармақтарына және 457-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және:";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Кідіртілген тауарларды іске асыруды уәкілетті заңды тұлға "Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін - салық берешегі есебіне, төлеушінің - кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі есебіне өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 111 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16387 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырады.";
20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Адамның өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктерге, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін жою "Адамның өмірі мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 140 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
21. Дәрілік құралдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жою "Жарамсыз болып қалған, жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, жалған және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа да дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндітін атқарушының 2020 жылғы 27 қазандағы № ҚР ДСМ-155/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21533 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Комиссияның шешімі бойынша одан әрі пайдалану үшін жарамды және уәкілетті заңды тұлға өткізе алмаған тауарлар баланың құқықтарын қорғау жөніндегi функцияны жүзеге асыратын ұйымдарға, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерге (ұйымдарға), балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге не арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін субъектілерге өтеусіз беріледі.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |