Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін - салық берешегі есебіне, төлеушінің - кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі есебіне өткізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 111 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 19 ақпанда № 16387 болып тіркелді.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 55-бабы 2-тармағына, 124-бабының 2-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 132-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.09.2024 № 648 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлған кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздың есебіне өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамамада белгіленген тәртіппен:

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялану және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 1 ақпандағы №111
бұйрығымен бекітілген

Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешектің, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздың есебіне өткізу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешектің, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздың есебіне өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 55-бабы 2-тармағына, 124-бабының 2-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 132-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешектің, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздың есебіне өткізу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.09.2024 № 648 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ағымдағы баға – электрондық аукцион барысында қалыптасатын лот бағасы;

      2) борышкер – өзінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкі Салық кодексіне сәйкес кепілге қойылған немесе салық берешегін, кеден төлемдері, салықтар бойынша берешектің, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздың өтеу есебіне мемлекеттік кірістер органының (бұдан әрі – МКО) шешімі бойынша мүлкіне билік етуі шектелген жеке немесе заңды тұлға;

      3) кепілдік жарна – борышкердің мүлкін сату бойынша электрондық аукционға қатысуға ниет білдірген жеке немесе заңды тұлға енгізген ақшалай сома;

      4) компания – "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 1-бабы 1-тармағының 68) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 3-бабы 1-тармағының 56) тармақшасына сәйкес айқындаған уәкілетті заңды тұлға;

      5) лот – бір немесе бірнеше бірдей және (немесе) біртекті заттардан тұратын борышкердің мүлкі не бөлінуі заттардың шаруашылық мақсатының (функцияларының) өзгеруіне әкеп соқтыратын заттар кешені;

      6) бастапқы баға – әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын баға;

      7) сату бағасы – электрондық аукцион нәтижесінде белгіленген, мүліктің бағалау құнының 65 пайызынан кем болмауға тиіс лоттың түпкілікті бағасы;

      8) мүлік – шартқа және (немесе) МКО қаулысына сәйкес салық берешегі, кеден төлемдері мен салықтар бойынша берешектің, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздың есебіне өндірілетін, билік етуі шектелген және (немесе) кепілге салынған мүлік;

      9) мүлікті өткізу бойынша шығыстар – компанияның бұйрығымен күнтізбелік жылғы 1 қаңтарға белгіленген және тиісті күнтізбелік жыл ішінде қолданылатын, қызметкерлерге еңбекақы төлеу қорын, іссапар және әкімшілік шығыстарды қоспағанда, лотты бағалау бойынша шығындар, маркетингке, борышкерлердің мүлкін бағалау жөніндегі қызметтерге арналған шығыстар, борышкердің мүлкін сату бойынша электрондық аукционды ұйымдастырушының қызметтерін пайдалану үшін жұмсалған, оны өткізуге байланысты шығыстар сомасы;

      10) жеңімпаз – лот үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған және сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамаға қол қойған электрондық аукционға қатысушы;

      11) сатып алушы – сатып алу-сату шартына қол қойған сауда-саттық жеңімпазы

      12) электрондық аукцион – қатысушылар өздерінің ұсыныстарын жария мәлімдейтін тізілімнің веб-порталындағы сауда-саттық нысаны;

      13) ұйымдастырушы – борышкердің мүлкін сату бойынша электрондық аукцион өткізу жөніндегі электрондық қызмет көрсету туралы компаниямен шарт жасасқан мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор;

      14) қатысушы – тиісті лот бойынша электрондық аукционға қатысу үшін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тіркелген жеке немесе заңды тұлға;

      15) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (бұдан әрі – тізілімнің веб-порталы) – борышкерлердің мүлкін сату бойынша электрондық дерекқорға (бұдан әрі – дерекқор) кіретін бірыңғай нүктені беретін www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан интернет-ресурс;

      16) техникалық істен шығу – ең болмағанда бір қатысушының электрондық аукцион рәсіміне қатысу мүмкіндігін және (немесе) электрондық аукцион өткізудің техникалық мүмкіндігін жоққа шығаратын тізілім веб-порталының жағындағы техникалық ақаулар.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің м.а. 21.07.2022 № 739 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.09.2024 № 648 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздың есебіне өткізу тәртібі 1-параграф. Борышкердің кепілге қойған мүлікті өткізуге беру

      4. Борышкердің кепілге қойған мүлікті өткізуді компания тізілімнің веб-порталында электрондық аукцион ұйымдастыру жолымен жүзеге асырады.

      5. Салық төлеуші салық міндеттемесін орындау кестесін және мүліктік кепіл туралы шартты бұзғаны борышкердің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін сату үшін негіз болып табылады.

      6. Салық төлеуші салық міндеттемесін орындау кестесін бұзған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде МКО:

      мүлік кепілі туралы шарттың;

      кепілге қойылған мүліктің нарықтық бағасы туралы бағалаушы есебінің электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, борышкер және оның мүлкі туралы мәліметтерді (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН); заңды мекенжайы және орналасқан жері, банктік деректемелер) дерекқорға енгізеді.

      7. Компания мен бағалаушы МКО құжаттарды дерекқорға енгізген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей борышкердің қатысуымен кепіл мүліктің және (немесе) билік етуі шектеулі мүліктің іс жүзінде болуын тексеріп, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кепіл мүлiктің және (немесе) билік етуі шектеулі мүліктің бар және (немесе) жоқ екені туралы акт жасайды, ол 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей МКО-ға жолданады.

      Кепіл мүліктің және (немесе) билік етуі шектеулі мүліктің іс жүзінде болуы салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу мерзімінің өзгеруіне байланысты борышкердің кепіл түрінде қамтамасыз етілген мүлкіне, сондай-ақ борышкердің билік етуі шектелген мүлкіне компания өкілдерінің және бағалаушының қол жеткізуін қамтамасыз ету арқылы МКО тарапынан жәрдем көрсетіле отырып тексеріледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.09.2024 № 648 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-параграф. Борышкердің билік етуі шектелген мүлкін өткізуге беру

      8. Борышкердің билік етуі шектелген мүлкін өткізуді компания тізілімнің веб-порталында электрондық аукцион ұйымдастыру жолымен жүзеге асырады.

      9. МКО салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы қаулысы борышкердің мүлкін сату үшін негіз болып табылады.

      10. Салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алуды қолдану туралы қаулы шыққан күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде МКО:

      салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алуды қолдану туралы қаулының;

      мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмнің;

      мүлiктің тізімдеме актісінің;

      мемлекеттік бюджетке ақша қаражатын аудару үшін деректемелердің;

      мұндай мүлікке меншік және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығын растайтын құжаттардың, бухгалтерлік баланстың (ол бар болса);

      мүлікке сәйкестендіру құжаттарының;

      міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке ауыртпалықтардың бар немесе жоқ екені туралы мәліметтерінің;

      мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзіндінің электрондық көшірмелерін қоса бере отырып борышкер (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН), заңды мекенжайы және орналасқан жері, банктік деректемелер, электрондық мекенжайы (ол бар болса)) және оның мүлігі бойынша мәліметтерді дерекқорға енгізеді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 21.07.2022 № 739 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      11. Алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің 26.09.2024 № 648 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-параграф. Лоттың бастапқы бағасын айқындау

      12. Лоттың бастапқы бағасы осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес бар екені расталған кепіл мүлікке және (немесе) билік етуі шектеулі мүлікке оның бар және (немесе) жоқ екені туралы акт жасалған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттардың біреуінің негізінде айқындалады:

      1) бірдей және (немесе) біртекті тауарлар бойынша Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жасалған бағалау туралы қолдағы бар есептің негізінде компанияның кепіл мүліктің және (немесе) билік етуі шектеулі мүліктің нарықтық бағасын белгілеу туралы қорытындысы (бұдан әрі – қорытынды). Компания қорытындыны осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, мүліктің техникалық сипаттамасын, сыртқы түрін жан-жақты және көзбен көріп бағалауға мүмкіндік беретін кемінде 3 (үш) фотосуретін қоса бере отырып жасайды. Бағалау туралы есептің деректері осындай есеп жасалған күннен бастап Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде айқындалған мерзім өткен күнге дейін алты айдан аспайтын уақыт өткен болса, қолданылады;

      2) Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы компанияның немесе тапсырыс берушінің тапсырысы бойынша жасаған кепіл мүліктің және немесе билік етуі шектеулі мүліктің құнын бағалау туралы есеп (борышкерде мұндай есеп бар болса).

      Компания мүліктің бастапқы бағасы айқындалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      тиісті МКО-ның қарап көруі үшін дерекқорға қорытындының немесе компанияның тапсырысы бойынша бағалаушы жасаған мүліктің құнын бағалау туралы есептің көшірмесін енгізеді;

      хабарламасы бар тапсырысты поштамен, сондай-ақ электрондық хабарламаның оқылғаны туралы растауды сұрата отырып борышкердің электрондық мекенжайына (ол бар болса) - бағалау туралы есеп орналастырылған тізілімнің веб-порталдағы дәл URL-мекенжайын көрсете отырып, борышкерге мүлікті өткізу туралы хабарлама жібереді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.09.2024 № 648 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Бірдей тауарларға олардың өздеріне тән негізгі белгілері: физикалық сипаттамалары, оның ішінде тозу дәрежесі, сапасы мен нарықтағы беделі, шығарған ел, өндірушісі, тауар белгісі бірдей тауарлар жатады.

      Егер қалған жағынан бұл тауарлар осы тармақтың талаптарына сәйкес болса, сыртқы түріндегі елеусіз сәйкессіздіктер тауарларды бірдей деп танымау үшін негіз болып табылмайды.

      14. Біртекті тауарларға бірдей емес, бірақ ұқсас сипаттамалары бар (шығарылған елі, тозу дәрежесі, сапасы) және ұқсас құрауыштардан тұратын тауарлар жатады, бұл оларға бір функцияны орындауға және олармен өзара алмасымды болуға мүмкіндік береді.

      Бағаланатын тауарлардың өндірушісіне қарағанда басқа тұлға өндірген біртекті тауарлар тек сол өндірушінің біртекті тауарлары анықталмаған не қолда бар ақпарат пайдалануға қолайлы деп есептелмеген жағдайда ғана назарға алынады.

      15. Бірдей немесе біртекті тауарларға борышкердің мынадай мүлкін жатқызуға болмайды: жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, арнайы техника.

      16. Егер бағалау нәтижелері бойынша борышкердің барлық мүлкінің құны оларды өткізу бойынша болжамды шығыстардан төмен болған жағдайда, компания кепіл мүлікті және (немесе) билік етуі шектеулі мүлікті одан әрі өткізуді жүргізбейді. Бұл ретте компания лоттардың бастапқы бағасын айқындау күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша борышкердің кепіл мүлкің және (немесе) билік етуі шектеулі мүлкін өткізуден бас тарту туралы хабарламаны дерекқорға енгізеді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.09.2024 № 648 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-параграф. Мүлікті өткізуге дайындау

      17. Компания лоттың бастапқы бағасы айқындалған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде дерекқорда өткізуге жататын мүлік туралы ақпаратты өзектілендіреді.

      18. Сауда-саттық өткізу туралы хабарлама жарияланғанға дейін компания тізілім веб-порталында әрбір лот бойынша мынадай ақпаратты дерекқорға енгізуді қамтамасыз етеді:

      1) мүлік бойынша мәліметтер;

      2) мүліктің орналасқан жері;

      3) мүлікті бағалау туралы мәліметтер (бағалау күні, бағалау құны, бағалаушының атауы);

      4) ауыртпалықтардың (тыйым салудың) бар-жоғы туралы мәліметтер;

      5) компанияның шешімі бойынша қосымша ақпарат.

      Енгізілген ақпаратқа қосымша компания тізілім веб-порталындағы дерекқорға мынадай құжаттардың сканерленген көшірмелерін енгізуді қамтамасыз етеді:

      мүлікті бағалау туралы есеп;

      мүлікке құқық белгілейтін құжаттар (бар болған жағдайда);

      техникалық жай-күйі туралы көріністі қамтамасыз ететін кемінде үш дана фотосурет.

      19. Тізілім веб-порталында электрондық аукцион өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін компания электрондық аукцион өткізу күніне дейін кемінде он бес күнтізбелік күн бұрын әрбір лот бойынша дерекқорға:

      1) электрондық аукционның күні мен уақытын;

      2) лот атауын;

      3) лоттың бастапқы бағасын;

      4) кепілдік жарнаның мөлшерін;

      5) ұйымдастырушының банк деректемелерін;

      6) өтінімдерді қабылдау мерзімін;

      7) ұйымдастырушы мен компанияның телефонын және мекенжайын;

      8) компанияның шешімі бойынша қосымша ақпаратты енгізеді.

      20. Ұйымдастырушы компания дерекқорға мәліметтерді енгізген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қателіктердің бар-жоғын және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келуін тексеруді жүзеге асырады және тізілім веб-порталына сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялайды.

      Ұйымдастырушы тізілім веб-порталын пайдаланушыларға, оның ішінде облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада орналасқан аумақтық бөлімшелер арқылы консультациялық көмек көрсетеді.

      Сауда-саттық өткізу туралы хабарлама жарияланғаннан кейін ұйымдастырушы тізілім веб-порталында орналасқан борышкердің мүлкі туралы ақпаратқа ниет білдірушілердің барлығына еркін қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 13.11.2018 № 1000 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Қатысушыларды тіркеу тізілім веб-порталында хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін 5 (бес) минут бұрын аяқталады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.09.2024 № 648 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-параграф. Электрондық аукционға қатысу шарттары және қатысушыларды тіркеу тәртібі

      22. Электрондық аукционға қатысу үшін жеке немесе заңды тұлға мынадай әрекетті жүзеге асырады:

      1) электрондық аукцион өткізу туралы хабарламада көрсетілген ұйымдастырушының банктік шотына кепілдік жарнаны енгізеді. Бұл ретте кепілдік жарналардың кез келген мөлшерін енгізуге жол беріледі. Бір кепілдік жарна сауда-саттығына қатысу үшін жеке немесе заңды тұлға осы кепілдік жарнаны енгізген лотты сатып алу құқығын береді.

      Әрбір лот бойынша электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна лоттың бастапқы бағасының 5 пайызын құрайды, бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 30 000 еселенген мөлшерінен аспайды;

      2) тізілім веб-порталында мыналарды:

      жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), тегін, атын және әкесінің атын (ол бар болса);

      заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), толық атауын, лауазымды тұлғаның тегін, атын және әкесінің атын (ол бар болса);

      кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі банк шоттарының деректемелерін;

      байланыс деректерін (пошта мекенжайы, телефон, факс, е-mail) көрсете отырып, тіркейді.

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген жағдайда жеке немесе заңды тұлға бір жұмыс күні ішінде тізілім веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді;

      3) электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық аукционға қатысуға электрондық өтінім (бұдан әрі – өтінім) береді.

      Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің м.а. 21.07.2022 № 739 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Өтінім тізілім веб-порталында тіркелгеннен кейін автоматты режимде өтінім берілген лот бойынша кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтің болуына тексеру жүргізіледі.

      Дерекқорда ұйымдастырушының шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болған кезде тізілім веб-порталы өтінімді қабылдауды және жеке немесе заңды тұлғаны сауда-саттыққа жіберуді жүзеге асырады.

      Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің м.а. 21.07.2022 № 739 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Жеке немесе заңды тұлғаның осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ электрондық аукцион басталғанға дейін 5 (бес) минут бұрын ұйымдастырушының шотына кепілдік жарнаның түспеуі өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.09.2024 № 648 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Өтінім берген жеке және заңды тұлғалар үшін борышкердің мүлкі бойынша қолда бар қосымша мәліметтерге ақысыз қол жетімділік, сондай-ақ:

      1) сатылатын мүлікті алдын ала қарау;

      2) өтінім беру мерзімінің өту уақытынан кешіктірмей оны кері қайтару;

      3) жеке немесе заңды тұлғаны қатысушы ретінде тіркеуден бас тарту себептері жойылған жағдайда өтінімді қайта беру мүмкіндігі беріледі.

6-тарау. Электрондық аукцион

      26. Электрондық аукцион Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасының мерекелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс, мереке күндерін қоспағанда, сейсенбіден бастап жұма аралығындағы кезеңде сағат 10.00-ден бастап 17.00-ге дейінгі уақыт аралығында (сағат 15.00-ден кешіктірмей басталады) тізілімнің веб-порталында өткізіледі.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.09.2024 № 648 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Электрондық аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде электрондық-цифрлық қолтаңбасын қолдана отырып, аукцион залында тіркеледі. Аукцион сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген уақытта аукцион залында лоттың бастапқы бағасын автоматты түрде орналастыруы арқылы басталады.

      Егер аукцион басталған сәтте аукцион залында лот бойынша аукционға екеуден аз қатысушы тіркелген және болған жағдайда, бұл лот бойынша аукцион өткізілген жоқ деп танылады.

      Жылжымайтын мүлік санатына жатпайтын, өткізілмеген мүлік, көлік құралдары және арнайы техника бойынша қайталама аукцион өткізу кезінде осы Қағидалардың 29-тармағына сәйкес жалғыз қатысушыға қатысу құқығы беріледі.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.09.2024 № 648 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Электрондық аукцион қатысушылардың баға ұсыныстарын беру әдісімен өткізіледі және қатысушылардың бірі ұсынған ең жоғары бағаға дейін өткізіледі. Лот үшін баға ұсынысы осы Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген ең төменгі бағаның шекті мәнінен төмен емес айқындалады. Бұл ретте бағаны өзгерту қадамы былайша белгіленеді:

      1) 20 000 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшердегі ағымдағы баға кезінде өзгеру қадамы 10 пайыз мөлшерінде;

      2) 20 000-нан 50 000-ға дейін еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі ағымдағы баға кезінде өзгеру қадамы 7 пайыз мөлшерінде;

      3) 50 000-нан 100 000-ға дейін еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі ағымдағы баға кезінде өзгеру қадамы 5 пайыз мөлшерінде;

      4) 100 000-нан 250 000-ға дейін еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі ағымдағы баға кезінде өзгеру қадамы 2,5 пайыз мөлшерінде;

      5) 250 000-нан 500 000-ға дейін еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі ағымдағы баға кезінде өзгеру қадамы 1 пайыз мөлшерінде;

      6) 500 000-нан және одан жоғары еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі ағымдағы баға кезінде өзгеру қадамы 0,5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      Ескерту. 28-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің м.а. 21.07.2022 № 739 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Электрондық аукцион мынадай тәртіппен өткізіледі:

      1) электрондық аукцион басталған сәтте аукцион залында қатысушылардың лот үшін баға ұсыныстары көрсетіледі, бұл олардың шарттарды сақтай отырып, лотты сатып алуға келісімін білдіру нысаны болып табылады және ағымдағы баға қалыптасады;

      2) электрондық аукцион басталған сәттен бастап қатысушыға басқа қатысушының ағымдағы ең жоғарғы бағасын осы Қағидалардың 28-тармағында белгіленген қадамға ұлғайту құқығы беріледі;

      3) егер электрондық аукцион басталғаннан бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бір де бірі ағымдағы ең жоғарғы бағаны ұлғайтпаса, онда оны ұсынған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал осы лот бойынша электрондық аукцион өтті деп танылады;

      4) егер электрондық аукцион басталған сәтте екі және одан да көп қатысушының баға ұсыныстары лот үшін бірдей ең жоғары бағаны қамтыса және осы ағымдағы баға жиырма минут ішінде ұлғайтылмаса, онда осы қатысушылардың арасында баға ұсынысы аукцион залында қатысушылардың басқа баға ұсыныстарынан бұрын тіркелген қатысушы электрондық аукцион жеңімпазы болып танылады;

      5) егер электрондық аукцион басталғаннан бастап жиырма минут ішінде аукцион залында қатысушылардың біреуі басқа қатысушының ағымдағы ең жоғарғы бағасын осы Қағидалардың 28-тармағында белгіленген қадамға ұлғайту жолымен лотты сатып алуға өз ниетін растаса, онда ағымдағы баға белгіленген қадамға ұлғайтылады;

      6) егер ағымдағы баға ұлғайтылғаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бір де бірі ағымдағы бағаны ұлғайту жолымен лотты сатып алуға өз ниетін растамаса, онда лотты сатып алуға өз ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал осы лот бойынша электрондық аукцион өтті деп танылады;

      7) егер электрондық аукцион аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда лотты сатып алуға өз ниетін соңғы болып растаған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал осы лот бойынша электрондық аукцион өтті деп танылады.

      Осы Қағидалардың 27-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес аукцион өтпеді деп танылған кезде, компания ЭЦҚ пайдалана отырып, тізілім веб-порталында қалыптастырылатын аукцион өткізілмегені туралы актіге қол қояды. Компания өткізілмеген мүлік бойынша қайталама аукционды өткізуді осы Қағидаларға сәйкес, өткізілмеген аукцион туралы актіге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей ұйымдастырады.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 21.07.2022 № 739 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Тиісті лот бойынша электрондық аукцион:

      1) сауда-саттық өткізу басталғанға дейін салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу туралы шешімнің күші жойылған;

      2) одан әрі сауда-саттықты өткізуге тыйым салатын сот органдарының шешімдері, ұйғарымдары болған кезде өткізілмейді.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 21.07.2022 № 739 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Электрондық аукцион барысында электрондық аукционды өткізуге кедергі келтіретін техникалық ақау туындаған кезде ұйымдастырушы:

      1) техникалық ақаудың болу фактісін тіркейді және ол тізілім веб-порталы жағында болған кезде компанияны және барлық қатысушыларды тізілім веб-порталында электрондық аукционды тоқтата тұру туралы ақпаратты орналастыру арқылы хабардар етеді;

      2) ұйымдастырушы техникалық ақауды түзеткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде аукционға қатысуға жіберілген қатысушыларды тізілімнің веб-порталында ақпаратты орналастыру арқылы осы электрондық аукционның жалғастырылу күні мен уақыты туралы міндетті түрде алдын ала хабардар ете отырып, аукционды жалғастыруды ұйымдастырады және тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық адресіне электрондық хабарлама жолдайды.

      Қатысушының компьютерлік және (немесе) телекоммуникациялық жабдығында техникалық ақау болған кезде электрондық аукцион жалғаса береді.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.09.2024 № 648 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      32. Алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің 26.09.2024 № 648 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Әрбір сатылған лот бойынша аукцион нәтижелері компания мен қатысушы сауда-саттық өткізу күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей ЭЦҚ пайдалана отырып тізілім веб-порталында қол қоятын сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамамен ресімделеді.

      34. Кепілдік жарна шегерілген сату бағасын электрондық аукционның жеңімпазы сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей ұйымдастырушының есеп шотына енгізеді.

      Ұйымдастырушы кепілдік жарна мөлшерін қоса алғанда, сату бағасын сауда-саттық өткізу күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде компанияның банк шотына аударады.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.09.2024 № 648 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

7-тарау. Электрондық аукцион қорытындысы бойынша шарт жасасу, кепілдік жарнаны қайтару

      35. Сауда-саттық қорытындылары туралы хаттама электрондық аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен борышкердің не борышкердің атынан МКО өкілінің сату бағасы бойынша лотты сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.

      Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына электрондық аукцион өткізілген күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сату бағасы компанияның банк шотына енгізілгеннен кейін қол қойылады.

      Қатысушы осы Қағидалардың 33-тармағында белгіленген мерзімде сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамаға қол қоймаған не оған қол қоюдан бас тартқан кезде, компания ЭЦҚ пайдалана отырып, тізілім веб-порталында қалыптастырылатын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және лот қайтадан аукционға шығарылады, бұл ретте қатысушы енгізген кепілдік жарна қайтарылмайды.

      Ескерту. 35-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің м.а. 21.07.2022 № 739 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Сауда-саттық қорытындылары туралы хаттама негізінде МКО:

      1) компанияның электрондық мекенжайына – мемлекеттік бюджетке ақша қаражатын аудару үшін деректемелерді және осы Қағидалардың 41-тармағында көзделген жағдайда борышкердің деректемелерін;

      2) борышкерге – пошта немесе өзге де байланыс ұйымдары арқылы не хабарламаны жіберу фактісін растайтын өзге тәсілмен жеңімпазбен мүлікті сатып алу-сату шартын жасасу қажеттігі туралы хабарламаны жібереді.

      37. Борышкер мүлікті сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқан не ол хабарлама жіберілген күннен кейінгі күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келмеген кезде борышкердің атынан мүлікті сатып алу-сату шартына МКО өкілі қол қояды.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 21.07.2022 № 739 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      38. Ұйымдастырушы қатысушының кепілдік жарнасын (электрондық аукционда жеңген қатысушыны қоспағанда) тізілім веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қойылған кепілдік жарналарды қайтаруға арналған өтінішке қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.

      39. Электрондық аукционда жеңген қатысушы енгізген кепілдік жарна қайтарылмайды және осы Қағидалардың 34-тармағында көзделген талаптарды ескере отырып, компанияның кірісіне есепке жатқызлады.

      Жеңімпаз осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген мерзімде сатып алу-сату шартына қол қоймаған кезде компания жеңімпазға сатып алу-сату шартына қол қою қажеттігі туралы немесе сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тарту туралы хабардар етеді.

      Жеңімпаз қабылданған шешімдер туралы компанияға 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарлайды.

      Егер жеңімпаз көрсетілген мерзімде өзінің шешімін ұсынбаса, компания кепілдік жарнаны қайтармайды және тізілімнің веб-порталы қалыптастыратын сауда-саттықтың нәтижелерін жою туралы актіге ЭЦҚ пайдалана отырып, қол қояды.

      Жеңімпаз осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген мерзімде сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқан не сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде компания кепілдік жарнаны қайтармайды және тізілімнің веб-порталы қалыптастыратын сауда-саттықтың нәтижелерін жою туралы актіге ЭЦҚ пайдалана отырып, қол қояды.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 21.07.2022 № 739 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      40. Осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес электрондық аукцион өткізілмеген кезде, лоттың бастапқы бағасын айқындау бойынша компанияның шығыстарын осы Қағидалардың 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес борышкер өтейді.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 21.07.2022 № 739 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      41. Мүлікті сатып алуға байланысты шығыстар сатып алушыға жүктеледі.

      42. Компания мүліктің сатылған бағасынан мүлікті өткізу бойынша шығыстарды өтейді және осы Қағидалардың 5-қосымшада белгіленген мөлшерде сыйақыны ұстап қалады.

      43. Компания сауда-саттық өткізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде МКО көрсеткен деректемелер бойынша борышкердің берешегін өтеу есебіне ақшаны мемлекеттік бюджетке аударады.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 21.07.2022 № 739 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      44. Барлық талаптарды қанағаттандырғаннан кейін қалған сома, осы Қағидалардың 43-тармағына сәйкес мемлекеттік бюджетке ақша аударылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде борышкердің банк шотына аудару жолымен оған қайтарылады.

9-тарау. Қорытынды ережелер

      45. Алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің м.а. 21.07.2022 № 739 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      46. Осы Қағидаларда реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуі тиіс.

  Салық төлеуші және (немесе)
үшінші тұлға кепілге қойған
мүлікті, сондай-ақ салық
төлеушінің (салық агентінің)
билік етуі шектелген мүлкін –
салық берешегі есебіне,
төлеушінің – кедендік төлемдер,
салықтар бойынша берешектің,
арнайы, демпингке қарсы, өтем
баждардың, өсімпұлдардың,
пайыздың есебіне өткізу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Кепіл мүліктің және (немесе) билік етуі шектеулі мүліктің бар және (немесе) жоқ екені туралы акт

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.09.2024 № 648 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20__ жылғы "__" _______ № ______ _____ жылғы "__" __________ № ______________

      шарт негізінде әрекет ететін _________________________________________________

      компаниясының атынан ____________________________________________________

      бірінші тараптан (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)) және ______________________

      атынан ___________________________________________ бағалаушы екінші тараптан

      борышкердің және (немесе) үшінші тұлғаның қатысуымен салық төлеушінің (салық

      агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы мемлекеттік кірістер

      органының 20__жылғы "___" __________ қаулысына және (немесе) кепіл мүлкі туралы

      шартқа сәйкес _____________________________________________________________

      (салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің атауы және (немесе) тегі, аты, әкесінің аты

      (ол бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН), e-mail

      және банк деректемелері) мүлкін өткізу мақсатында кепіл мүліктің және (немесе) билік етуі шектеулі мүліктің бар және (немесе) жоқ екені

      туралы осы (қажетінің асты сызылсын) актіні жасады.

      Тізімдеме актісіне және (немесе) 20 ___ жылғы "___" ___________ № ______________

      кепіл мүлкі туралы шартқа қосымшаға сәйкес тізімделген және (немесе) кепілге салынған

      мүліктің тізбесі:

Р/с№

Мүліктің атауы

Саны (дана)

Тізімдеме актісі бойынша құнының жиыны

Мүліктің нақты болуы немесе болмауы ия/жоқ

Мүліктің орналасқан жері

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7






















      Кепіл мүліктің және (немесе) билік етуі шектеулі мүліктің бар және (немесе) жоқ екені туралы актіні:

      __________________________________________________________________________

      (компания өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), қолы)

      _________________________________________________________________________

      (бағалаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), қолы)

      __________________________________________________________________________

      (салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің, лауазымды тұлғаның тегі, аты,

      әкесінің аты (ол бар болса), қолы, қол қойған күні)

      борышкердің және (немесе) үшінші тұлғаның қатысуымен жасады.

      Борышкер және (немесе) үшінші тұлға болмаған немесе ол қол қоюдан бас тартқан

      жағдайларда, акт мемлекеттік кірістер органы өкілінің және куәгерлердің (актіге жеке

      куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі) қатысуымен жасалады:

      __________________________________________________________________________

      (куәгердің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), қолы, қол қойған күні, ол бар болса ұялы телефон №)

      __________________________________________________________________________

      (куәгердің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), қолы, қол қойған күні, ол бар болса ұялы телефон №)

      __________________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты

      (ол бар болса), қолы, қол қойған күні)

  Салық төлеуші және (немесе)
үшінші тұлға кепілге қойған
мүлікті, сондай-ақ салық
төлеушінің (салық агентінің)
билік етуі шектелген мүлкін –
салық берешегі есебіне,
төлеушінің – кедендік төлемдер,
салықтар бойынша берешектің,
арнайы, демпингке қарсы, өтем
баждардың, өсімпұлдардың,
пайыздың есебіне өткізу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Кепіл мүліктің және (немесе) билік етуі шектеулі мүліктің нарықтық құнын белгілеу туралы қорытынды

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.09.2024 № 648 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20__ жылғы "____" _________ № ___________________

      Осы қорытындыны

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (уәкілетті заңды тұлғаның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), заңды мекенжайы)

      Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне,төлеушінің – кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешектің, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздың есебіне өткізу қағидалардың 12-тармағына сәйкес

      __________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      мүлкіне қатысты

      (салықтөлеушінің (салық агентінің), төлеушінің атауы және (немесе) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН), e-mail және банк деректемелері)

      салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы мемлекеттік кірістер органының 20___жылғы "___" ___________ № _________ қаулысына сәйкес жасады.

      Билік етуі шектелген мүліктің сипаттамасын көрсете отырып, оның атауы:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Билік етуі шектелген мүліктің нарықтық құны: __________________________________

      _____________________________________________________________________ теңге

      (цифрмен және жазбаша түрде)

      Қорытынды жасау үшін негіздеме:

      20__ жылғы "____" _________ № ____________ бағалау туралы есеп

      бірдей тауар



      біртекті тауар



      бірдей және (немесе) біртекті мүліктің сипаттамасын көрсете отырып, оның атауы:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      бірдей және (немесе) біртекті мүліктің нарықтық құны: ___________________________

      _____________________________________________________________________ теңге

      (цифрмен және жазбаша түрде)

      Қосымша: бірдей және (немесе) біртекті мүліктің фотосуреттері (саны)



      __________________________________________

      (уәкілетті заңды тұлға өкілінің тегі, аты,

      әкесінің аты (ол бар болса) және қолы)

      __________________________________________ Мөр орны

      (уәкілетті заңды тұлға басшысының (басшы

      орынбасарының) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      және қолы)

  Салық төлеуші және (немесе)
үшінші тұлға кепілге қойған
мүлікті, сондай-ақ салық
төлеушінің (салық агентінің)
билік етуі шектелген мүлкін –
салық берешегі есебіне,
төлеушінің – кедендік төлемдер,
салықтар бойынша берешектің,
арнайы, демпингке қарсы, өтем
баждардың, өсімпұлдардың,
пайыздың есебіне өткізу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Кепіл мүлікті және (немесе) билік етуі шектеулі мүлікті өткізуден бас тарту туралы хабарлама

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.09.2024 № 648 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20__ жылғы "____" ________ № _______________

      Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешектің, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздың есебіне өткізу қағидалардың 16-тармағына сәйкес

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (уәкілетті заңды тұлғаның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), заңды мекенжайы)

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің атауы және (немесе) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН)

      қатысты шығарылған 20__жылғы "___" __________ № ____ салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы мемлекеттік кірістер органының қаулысы және (немесе) кепіл мүлкі туралы шарт бойынша мынадай мүлікті өткізуден бас тартатыны туралы хабарлайды.

Р/с №

Мүліктің атауы

Саны

Мүліктің орналасқан жері

Мүліктің жиынтық құны, теңгемен

Ескертпе

тізімдеме актісіне сәйкес

мүліктің құнын бағалау туралы қорытындыға немесе есепке сәйкес

1

2

3

4

5

6

7





























      Қосымша (көрсетілсін):

      Кепіл мүліктің және (немесе) билік етуі шектеулі мүліктің нарықтық құнын белгілеу туралы компанияның қорытындысы



      Бағалаушының кепіл мүліктің және (немесе) билік етуі шектеулі мүліктің құнын бағалау туралы есебі



      Борышкер ұсынған кепіл мүліктің және (немесе) билік етуі шектеулі мүліктің құнын бағалау туралы есебі



      20____жылғы "___" __________________ № ________________ құжат

      (кепіл мүліктің және (немесе) билік етуі шектеулі мүліктің нарықтық құнын белгілеу туралы компания қорытындысының

      немесе кепіл мүліктің және (немесе) билік етуі шектеулі мүліктің құнын бағалау туралы есептің күні мен нөмірі)

      __________________________________________________________________

      (уәкілетті заңды тұлға қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және қолы)

      _________________________________________________ Мөр орны

      (уәкілетті заңды тұлға басшысының (басшы орынбасарының)

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және қолы)

  Салық төлеуші және (немесе)
үшінші тұлға кепілге қойған
мүлікті, сондай-ақ салық
төлеушінің (салық агентінің)
билік етуі шектелген мүлкін –
салық берешегі есебіне,
төлеушінің – кедендік төлемдер,
салықтар бойынша берешектің,
арнайы, демпингке қарсы, өтем
баждардың, өсімпұлдардың,
пайыздың есебіне өткізу
қағидаларына
4-қосымша
нысан

Электрондық аукционға қатысуға өтінім

      1. Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің мүлкін – кеден төлемдері, салықтар бойынша берешегі, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздың есебіне өткізу туралы жарияланған хабарламаны қарап және Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешектің, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздың есебіне өткізу қағидаларымен танысып,

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (дара кәсіпкер үшін: тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), заңды тұлға үшін: атауы)

      ________________________________________________________________________________

      тізілімнің веб-порталында 20__ жылғы "__" _________ сағат __ өткізілетін электрондық аукционға қатысуға ниет білдіреді.

      2. Мен (біз) электрондық аукционға қатысу үшін ________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (есеп шоттың деректемелері көрсетіледі)

      ұйымдастырушының есеп шотына жалпы сомасы ___________ (___________) теңге (цифрмен) (жазумен)_____ кепілдік жарнаны енгіздім (енгіздік).(саны)

      Енгізілген кепілдік жарна(-лар) туралы мәлімет:

Р/c №

Кепілдік жарнаның мақсаты және электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна енгізілген мүліктің атауы

Төлем құжатының №

Төлем құжатының күні

Кепілдік жарнаның сомасы, теңге

1

2

3

4

5

1





2






Жиыны




      3. Мен (біз):

      1) электрондық аукцион өткізу туралы хабарламада көрсетілген мүлікті сатып алушыларға қойылатын ерекше шарттар мен (немесе) қосымша талаптарға сәйкес келмейтін жеке (заңды) тұлға;

      2) ұйымдастырушы;

      3) компания қатысушы ретінде тіркелуге жатпайтыны туралы хабардармын (хабардармыз).

      4. Қатысушыға қойылатын талаптарға менің (біздің) сәйкес келмегенім (келмегеніміз) анықталған жағдайда, мен (біз) электрондық аукционда қатысу құқығынан айырылатыныммен (айырылатынымызбен), нәтижесінде мен (біз) қол қойған сауда-саттық қорытындылары туралы хаттама және сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылатынына келісемін (келісеміз).

      5. Егер мен (біз) сауда-саттық жеңімпазы болып танылған жағдайда, сауда қорытындылары туралы хаттамаға аукцион өткен күні ЭЦҚ қоюға, Қағидаларда белгіленген мерзімде сату құнын төлеуге және Қағидаларда белгіленген мерзімде сатып-алу сату шартына қол қоюға міндеттенемін (міндеттенеміз).

      6. Мынадай:

      1) сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамаға ЭЦҚ қоюдан бас тартқан;

      2) белгіленген мерзімде сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқан;

      3) сатып алу-сату шарты бойынша мен (біз) міндеттемелерді орындамаған және тиісінше орындамаған;

      4) менің (біздің) қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес келмегенім (келмегеніміз) анықталған;

      5) белгіленген мерзімде сату бағасын енгізу мерзімі бұзылған жағдайларда, мен (біз) енгізген кепілдік жарна сомасының қайтарылмайтынына және компанияда қалатынына келісемін (келісеміз).

      7. Осы өтінімнің сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамамен бірге сатып алу-сату шарты жасалғанға дейін қолданылатын шарт күші бар.

      8. Өзім (із) туралы мынадай мәліметтер ұсынамын (ұсынамыз):

      Жеке тұлға немесе дара кәсіпкер үшін:

      Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса): ________________________________________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі ЖСН:____________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәлімет (нөмірі мен берілген күні): ________________________________________________________________________________

      Мекенжайы: _____________________________________________________________________

      Телефон нөмірі (факс): ____________________________________________________________

      Банк деректемелері:

      ЖСК: __________________________________________________________________________

      БСК:___________________________________________________________________________

      Банк атауы:______________________________________________________________________

      Кбе:____________________________________________________________________________

      Заңды тұлға үшін:

      Атауы: _________________________________________________________________________

      Бизнес сәйкестендіру нөмір (БСН):__________________________________________________

      Басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса): ____________________________________

      Мекенжайы: _____________________________________________________________________

      Телефон нөмірі (факс): ____________________________________________________________

      Банк деректемелері:

      ЖСК: __________________________________________________________________________

      БСК:___________________________________________________________________________

      Банк атауы:______________________________________________________________________

      Кбе:____________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (қолы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы, басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      Мемлекеттік мүлік тізілімнің веб-порталы 20__ жылғы "__" _________ сағат __ минутта қабылданды.

      Қатысушының аукциондық нөмірі __________________________________________________

  Салық төлеуші және (немесе)
үшінші тұлға кепілге қойған
мүлікті, сондай-ақ салық
төлеушінің (салық агентінің)
билік етуі шектелген мүлкін –
салық берешегі есебіне,
төлеушінің – кедендік төлемдер,
салықтар бойынша берешектің,
арнайы, демпингке қарсы, өтем
баждардың, өсімпұлдардың,
пайыздың есебіне өткізу
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Компания сыйақысы мөлшерлемесінің мөлшері

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.09.2024 № 648 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Борышкердің мүлкін өткізуден түскен сома

Сыйақы мөлшерлемесі

1

2

3

1.

3 000 000 теңгеге дейін

3 %

2.

3 000 000 теңгеден 7 000 000 теңгеге дейін

6 %

3.

7 000 000 теңгеден 15 000 000 теңгеге дейін

4 %

4.

15 000 000 теңгеден жоғары

2 %

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады