Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 850 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 28 қарашада № 33694 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

  Қазақстан Республикасы
  ішкі істер министрі
  2023 жылғы 27 қарашадағы
  № 850 Бұйрығымен
  бекітілген

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізімі

      1. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары білім беру ұйымдарының түлектерін бөлу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 332 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9573 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының білім беру ұйымдарының түлектерін бөлу қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Ата-анасының (қорғаншысының) біреуі немесе екеуі де бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын түлектерге жұмыс орны олардың қөніл білдіруі бойынша ата-анасының (қорғаншысының) тұратын жері бойынша ұсынылады".

      2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 25 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13139 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларында:

      14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) оқуға кандидат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығымен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13999 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қабылдау қағидалары) 42-тармағының талаптарына сәйкес болған жағдайда кадр қызметі ІІМ арнаулы оқу орнына кандидаттың жеке ісін және оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа орналастыру кепілдемесі бар қолдаухатты жібереді.";

      20-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) транскриптімен және қосымшасымен (болған жағдайда) бұған дейінгі білім деңгейі туралы құжаттың көшірмесі, сондай-ақ олардың нотариалды расталған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы (шетелде білім алған адамдар үшін).

      Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білімді шетелде алған адамдар үшін бұған дейінгі білім деңгейі туралы құжат Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегі № 230 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33219 болып тіркелген) Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларында белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасында білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өтуі қажет;";

      29-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қабылдау қағидаларының талаптарына сәйкес болған жағдайда кадр қызметі ІІМ-нің арнаулы оқу орнына жеке ісін және оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа орналастыру кепілдемесі бар қолдаухатты жібереді.".

      3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнайы оқу орындарының, азаматтық қызметшілер лауазымдарын қоспағанда, педагогтар, ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына орналасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 16 қаңтардағы № 33 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13133 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнайы оқу орындарының, азаматтық қызметшілер лауазымдарын қоспағанда, педагогтар, ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына орналасу қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ішкі істер органдарына және әскери қызметке педагогтар ғылыми қызметкерлер лауазымына қызметке алғаш қабылданатын кандидаттарға қатысты конкурс Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 256, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 40, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 1009, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 358 және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 485 бірлескен бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31638 болып тіркелген) Конкурстық комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдерін, сондай-ақ құқық қорғау органдарындағы бос және уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту қағидаларына сәйкес өткізіледі.";

      18-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 211 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20123 болып тіркелген) Ішкі істер органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидалары және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздеріне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ.".

О внесении изменений в некоторые приказы

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 ноября 2023 года № 850. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 ноября 2023 года № 33694

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый перечень некоторых приказов, в которые вносятся изменения.

      2. Департаменту кадровой политики Министерства внутренних дел Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представить в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведения об исполнении мероприятий, предусмотренных пунктами 1) и 2) настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр внутренних дел
Республики Казахстан
Е. Саденов

  Утвержден приказом
Министр внутренних дел
Республики Казахстан
от 27 ноября 2023 года № 850

Перечень некоторых приказов, в которые вносятся изменения

      1. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 9 июня 2014 года № 332 "Об утверждении Правил распределения выпускников организаций образования органов внутренних дел Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9573) следующее изменение:

      в Правилах распределения выпускников организаций образования органов внутренних дел Республики Казахстан, утвержденных указанным приказом:

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Выпускникам, у которых один или оба родителя (опекуны) являются лицами с инвалидностью первой или второй группы, по их волеизъявлению предоставляется место работы в населенном пункте, где проживают родители (опекуны)".

      2. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 13 января 2016 года № 25 "Об утверждении Правил перевода и восстановления в военные, специальные учебные заведения Министерства внутренних дел Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13139) следующие изменения:

      в Правилах перевода и восстановления в военные, специальные учебные заведения Министерства внутренних дел Республики Казахстан, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 2) пункта 14 изложить в следующей редакции:

      "2) при соответствии кандидата на учебу требованиям пункта 42 Правил приема на обучение в военные, специальные учебные заведения Министерства внутренних дел Республики Казахстан, реализующие образовательные программы высшего образования, утвержденных приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 января 2016 года № 77 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13199) (далее – Правила приема) кадровая служба направляет в специальное учебное заведение МВД личное дело кандидата на учебу и ходатайство с гарантией трудоустройства после окончания учебы.";

      подпункт 2) пункта 20 изложить в следующей редакции:

      "2) копия документа о предыдущем уровне образования с транскриптом и приложением (при наличии), а также их нотариально заверенный перевод на казахский или русский язык (для лиц, получивших образование за рубежом).

      Документ о предыдущем уровне образования для лиц, получивших общее среднее или техническое и профессиональное, послесреднее образование за рубежом, должен пройти процедуру признания документов об образовании в Республике Казахстан в порядке, установленными Правилами признания документов о среднем, техническом и профессиональном, послесреднем образовании, утвержденными приказом Министра просвещения Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 230 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33219);";

      подпункт 2) пункта 29 изложить в следующей редакции:

      "2) при соответствии требованиям Правил приема кадровая служба направляет в специальное учебное заведение МВД личное дело кандидата на учебу и ходатайство с гарантией трудоустройства после окончания учебы.".

      3. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 16 января 2016 года № 33 "Об утверждении Правил замещения должностей педагогических работников и приравненных к ним лиц, научных работников военных, специальных учебных заведений Министерства внутренних дел Республики Казахстан, за исключением должностей гражданских служащих" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13133) следующие изменения:

      в Правилах замещения должностей педагогических работников и приравненных к ним лиц, научных работников военных, специальных учебных заведений Министерства внутренних дел Республики Казахстан, за исключением должностей гражданских служащих, утвержденных указанным приказом:

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. В отношении кандидатов, впервые поступающих на службу в органы внутренних дел и воинскую службу на должности педагогов, научных работников конкурс проводится в соответствии с Правилами формирования и работы конкурсной комиссии, сроков проведения этапов конкурса, а также перечня документов, необходимых для участия в конкурсе на занятие вакантной и временно вакантной должности в правоохранительных органах, утвержденными совместным приказом Генерального Прокурора Республики Казахстан от 26 декабря 2022 года № 256, исполняющего обязанности Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу от 26 декабря 2022 года № 40, исполняющего обязанности Министра внутренних дел Республики Казахстан от 28 декабря 2022 года № 1009, Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 29 декабря 2022 года № 358 и Председателя Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы) от 29 декабря 2022 года № 485 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 31638)";

      подпункт 1) пункта 18 изложить в следующей редакции:

      "1) личный листок по учету кадров по форме согласно приложению 2 к Правилам отбора на первоначальную профессиональную подготовку и условия ее прохождения для лиц, поступающих в органы внутренних дел, а также основания их отчисления от первоначальной профессиональной подготовки, утвержденным приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 13 марта 2020 года № 211 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20123)".