Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары білім беру ұйымдарының түлектерін бөлу қағидасын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 332 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 10 шілдеде № 9573 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары білім беру ұйымдарының түлектерін бөлу қағидасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) білім беру ұйымдарының бастықтары:

      1) түлектерді бөлу жөніндегі комиссиялардың уақтылы және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;

      2) ішкі істер және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерімен ІІМ білім беру ұйымдарының түлектерін бөлу, жұмысқа орналастыру және мониторингілеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасуын ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.

      3. ІІМ Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді және мерзімді баспа басылымдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ. Демеуовке және ІІМ Кадр жұмысы департаментіне (А.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
полиция генерал-лейтенанты
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 9 маусымдағы
№ 332 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары білім беру ұйымдарының түлектерін бөлу қағидасы

1-тарау. Негізгі ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары білім беру ұйымдарының түлектерін бөлу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) білім беру ұйымдарының күндізгі оқыту факультеттерінің, магистратураларының және PhD докторантураларының түлектерін бөлу тәртібін айқындайды.

      2. Білім беру ұйымдарының күндізгі оқыту факультеттерінің, магистратура мен PhD докторантураларының түлектерін (бұдан әрі – түлектер) бөлу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды ІІМ кадр бөлімшесі жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Түлектерді бөлу

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Түлектерді Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністеріне бөлу үшін ІІМ білім беру ұйымдарының жанында түлектерді бөлу жөніндегі комиссиялар құрылады.

      4. Түлектерді бөлу жөніндегі комиссиялардың құрамы жыл сайын ІІМ білім беру ұйымы бастығының бұйрығымен бекітіледі.

      Түлектерді бөлу жөніндегі комиссиялардың құрамына ІІМ білім беру ұйымының бастығы, ол төрағаның орынбасары болып табылады, ІІМ білім беру ұйымының факультеттерінің, бітіруші кафедралардың, кадрлар бөлімінің бастықтары, ІІМ полиция департаменттерінің (Көліктегі) (бұдан әрі – ПД (Көліктегі ПД)), қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің (бұдан әрі – ҚАЖД) өкілдері, сондай-ақ Ішкі істер органдарының Ардагерлер кеңесінің өкілдері кіреді.

      Түлектерді бөлу жөніндегі комиссия төрағасы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен айқындалады.

      Бітірушілерді бөлу жөніндегі комиссияның төрағасы болмаған жағдайда оның өкілеттіктерін оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Түлектерді бөлу жөніндегі комиссиялардың шешімдері бекітілген құрамның кемінде үштен екісі болған кезде көпшілік дауыс беруі бойынша қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының немесе оны алмастыратын адамның даусы шешуші болып табылады. Бөлу комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді.

      6. ІІМ білім беру ұйымы түлектерді дипломалды практикаға жібергенге дейін түлектерді бөлу жөніндегі комиссия отырысын өткізеді. Түлектер түлектерді бөлу жөніндегі комиссиялардың отырыстарына қатысады.

      7. Түлектерді бөлу жөніндегі комиссия:

      1) ішкі істер органдары бөліністерінің кадрларға және білім беру ұйымдарының ғылыми-педагогикалық кадрларға деген қажеттілігін олардың өтінімдеріне сәйкес зерделейді;

      2) түлектердің сауалнамалық деректерін зерделейді, ІІМ білім беру ұйымдарының оларды едәуір мақсатқа сай пайдалану туралы ұсынымдарын, сондай-ақ түлектің өзінің болашақ жұмысы туралы жеке тілегін тыңдайды және талқылайды;

      3) түлектерге алған мамандығын, оқу нәтижелері мен үлгерімін, денсаулығының жай-күйін, отбасы жағдайын ескеріп, қызмет орнын, ақшалай ұстауын көрсете отырып, тиісті лауазым ұсынады;

      4) комиссия отырысына келмеген түлектерді бөлу туралы мәселелерді олардың қатысуынсыз қарайды;

      5) түлектерді бөлу туралы шешімді ашық дауыс берумен қабылдайды;

      6) бөлу аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде ІІМ кадр бөлімшесіне түлектерді бөлу хаттамасын екі данада бекітуге және оның нәтижелері туралы есеп ұсынады. Бөлу хаттамасы және есеп еркін нысанда құрастырылады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Үздік диплом алған түлектерге бірінші кезекте ПД (Көліктегі ПД), ҚАЖД қызмет орнын таңдау беріледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Ата-анасының (қорғаншысының) біреуі немесе екеуі де бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын түлектерге жұмыс орны олардың қөніл білдіруі бойынша ата-анасының (қорғаншысының) тұратын жері бойынша ұсынылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 27.11.2023 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. ІІМ білім беру ұйымын біруақытта бітірген ерлі-зайыптыларға жұмыс бір елді мекенде орналасқан ПД (Көліктегі ПД), ҚАЖД бөліністерінде ұсынылады.

      Егер ерлі-зайыптылардың біреуі білім беру ұйымын бұрын бітірсе, онда оны бөлу жалпы негіздерде жүзеге асырылады. Оқуды кейін аяқтаған жұбайы (зайыбы) зайыбының (жұбайының) жұмыс орны бойынша бірінші кезекте бөлінеді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Дербес бөлу жөніндегі комиссия жұмысының аяқталуына қарай түлектер некеге тұрған кезде жұбайлардың жұмыс орны осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес ПД (Көліктегі ПД), ҚАЖД арасындағы келісімі бойынша ІІМ кадр бөлінісін хабарлаумен анықталады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Түлектерді бөлу жөніндегі комиссия шешімінің негізінде ІІМ білім беру ұйымы түлекке осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішкі істер органдарына жұмысқа жіберу туралы ұйғарым береді.

      Білім беру ұйымының түлектері ішкі істер органдарына жұмысқа жіберу туралы ұйғарымға сәйкес бөлінген жерге уақтылы келеді.

      Түлектерді бөлу жөніндегі комиссия шешіміне түлектің арыздануы оны бөлінген жерге келуден босатпайды.

      13. ІІМ білім беру ұйымдарының бастықтары:

      1) бөлу тәртібін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

      2) ПД (Көліктегі ПД), ҚАЖД-ға және ІІМ білім беру ұйымдарына оларды тағайындау үшін ұсынылған лауазымдар бойынша мәліметтер ұсыну туралы жыл сайын 10 желтоқсанға дейін сұрау салу (еркін нысанда) жолдайды;

      3) ПД (Көліктегі ПД), ҚАЖД және ІІМ білім беру ұйымдарының түлектерді тағайындау үшін бос лауазымдар туралы ақпаратын жинақтайды, түлектерді бөлу жөніндегі комиссия отырысына түлектердің сауалнамалық деректерін даярлайды;

      4) ІІМ білім беру ұйымдарының кадр бөліністері растаған, түлектерді бөлу жөніндегі комиссия отырыстары хаттамаларының көшірмелерін, сондай-ақ оқуға жұмсалған бюджет қаражаты туралы анықтаманы (еркін нысанда) қоса бере отырып жеке істерді ПД (Көліктегі ПД), ҚАЖД-ға жолдауды қамтамасыз етеді;

      5) түлектерге дипломдарымен біруақытта ішкі істер органдарына жұмысқа жіберу туралы ұйғарым беруді ұйымдастырады;

      6) ПД (Көліктегі ПД), ҚАЖД басшылығымен бірлесіп, ІІМ білім беру ұйымдарында кадрлар даярлауды жетілдіру мақсатында түлектердің жұмыс нәтижелеріне зерделеу жүргізеді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. ПД (Көліктегі ПД), ҚАЖД бастықтары:

      1) ІІМ білім беру ұйымдарына бос лауазымдардың бар-жоғы, ақшалай ұстау жалақысының мөлшері, оларға тұрғын үй алаңын беру мүмкіндігі туралы мәліметтер береді;

      2) ІІМ білім беру ұйымдарымен ішкі істер органдарының бөлімшелеріне түлектерді бөлу және жұмысқа орналастыру бойынша өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады;

      3) түлектерді бөлу жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу үшін кадр бөліністерінің өкілдерін жібереді;

      4) түлектерді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді;

      5) ІІМ кадр бөлінісін және ІІМ білім беру ұйымын он жұмыс күні ішінде түлектердің келгені туралы ақпараттандырады;

      6) түлектерді лауазымға тағайындауды ұйымдастырады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдары білім беру
ұйымдарының түлектерін бөлу
қағидасына қосымша
  Нысан

Ішкі істер органына жұмысқа жіберу туралы ұйғарым

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Түлек_______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

      _____________________________________________________________________

      (білім беру ұйымының атауы)

      ___________________________________________________ мамандығы бойынша

      Түлектерді бөлу жөніндегі комиссияның _________________ № _____________ шешімінің негізінде жұмысқа

      _____________________________________________________________ ретінде

      __________________________________________________________ орналасқан

      (мекенжайы)

      __________________________________________________________ жіберіледі

      (ПД (Көліктегі ПД), ҚАЖД, білім беру ұйымының атауы)

      ІІМ білім беру ұйымының бастығы                              Қолы

      ---------------------------------------------------------------------------------------------------------

      (кесу сызығы)

      ______________________________________________ түлегі болып табылатын

      (білім беру ұйымының атауы)

      мен, _________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

      ______________________________________________________________________

      орналасқан (мекенжайы) _________________________________________________

      жұмысқа жолдаманы (ПД (Көліктегі ПД), ҚАЖД, білім беру ұйымының атауы)

      ____________________________________________ лауазымға алғанымды растаймын.

      20__жылғы "___" ___________                  Түлектің қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады