Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 139 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17274 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 69) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының қаржы секторының шолуын қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулықта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 69) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда екінші деңгейдегі банктерден, Қазақстанның Даму Банкінен, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарынан және ипотекалық ұйымдардан қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мәліметтер (бұдан әрі – мәліметтер) түрінде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) ұсыну тәртібі белгіленеді.";
4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым" деген ұғым "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мәнінде қолданылады.
5. Қазақстан Республикасының резиденті және Қазақстан Республикасының бейрезиденті ұғымдары "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мәндерде қолданылады.
6. Қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мына мәліметтер:
Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтер;
Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдік компаниялардың филиалдарымен және өкілдіктерімен операциялар бойынша баланстық шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтер;
Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржы активтері мен пассивтеріндегі өзгерістер туралы мәліметтер;
Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланстық шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтер ұсынылады.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланстық шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары тоқсанның соңғы жұмыс күніндегі жағдай бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей береді.";
Нұсқаулыққа 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-қосымшадағы әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірмеде:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы түсіндірмеде "Шетелдік компаниялардың филиалдарымен және өкілдіктерімен операциялар бойынша баланстық шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтер" әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 69) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.";
3-қосымшадағы әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірмеде:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы түсіндірмеде "Қаржы активтері мен пассивтеріндегі өзгерістер туралы мәліметтер" әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 69) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.";
4-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Төрағасы |
Т. Сулейменов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтер
Әкімшілік деректер нысанының индексі: 700-N(D)
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезең: 20__ жылғы "______" ____________
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстанның Даму Банкі, ипотекалық ұйымдар
Мыналардың әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі:
1) Қазақстанның Даму Банкі – айдың соңғы жұмыс күні үшін есепті айдың соңғы күнінен кейінгі 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
жылдың соңғы жұмыс күні үшін қосымша есеп (банкішілік операциялар бойынша қорытынды айналымдарды ескере отырып) – аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей;
2) ипотекалық ұйымдар – айдың соңғы жұмыс күні үшін есепті айдың соңғы күнінен кейінгі 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
жылдың соңғы жұмыс күні үшін қосымша есеп (банкішілік операциялар бойынша қорытынды айналымдарды ескере отырып) – аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей.
Нысан
Кесте. Баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтер
№ | Көрсеткіштер атауы | Мәні |
1 | 2 | 3 |
1 | Шоттың нөмірі | |
2 | Резиденттік белгісі | |
3 | Экономика секторының коды | |
4 | Валюталар тобының коды | |
5 | Сомасы |
Атауы ______________________________________________________
Мекенжайы _________________________________________________
Телефоны ___________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ________________________________
Орындаушы ______________________________________ ___________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
__________________________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Күні 20___ жылғы "___" __________
Баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтер нысанына қосымша |
Баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтер (индексі – 700-N(D), кезеңділігі – ай сайын)
Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірмеде "Баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтер" әкімшілік деректер жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 69) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3тармағының 2) тармақшасымен сәйкес әзірленді.
3. Нысан ай сайын жасалады, айдың соңғы жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша толтырылады.
Қосымша есеп жыл сайын Нысан бойынша жасалады, банкішілік операциялар бойынша қорытынды айналымдарды ескере отырып, жылдың соңғы жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша толтырылады.
4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. Нысанда және осы Түсіндірмеде шоттардың нөмірлері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарына (бұдан әрі – Үлгі шот жоспары) сәйкес көрсетіледі.
6. Түсіндірмеде көрсетілген көрсеткіш ұсынылмайтын жағдайларды қоспағанда, барлық көрсеткіштер толтыру үшін міндетті болып табылады.
7. Нысанда респонденттің баланстық (активтер, міндеттемелер, меншікті капитал, кіріс, шығыс) және баланстан тыс (шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер, балансқа меморандум шоттары) шоттарындағы қалдықтар туралы мәліметтер көрсетіледі.
8. 1, 2, 3 және 4-жолдарда мәндер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы" ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтардан таңдап алынады.
9. 1-жолда Үлгі шот жоспарына сәйкес келетін шоттың төрт таңбалы нөмірі көрсетіледі
10. 2, 3 және 4-жолдарда резиденттік белгісінің, экономика секторы мен валюталар тобының кодтары осы Түсіндірменің 12, 13 және 15-тармақтарына сәйкес ерекшеліктерді ескере отырып, осындай нақтылау қолданылатын шоттар бойынша көрсетіледі.
11. 2 және 3-жолдарда:
1405, 1406, 1425, 1752 және 1864-шоттар үшін вексель берушінің резиденттік белгісі мен экономика секторының коды көрсетіледі;
1201, 1202, 1205, 1206, 1208, 1209, 1452, 1453, 1454, 1456, 1457, 1459, 1481, 1482, 1483, 1485, 1486, 1491, 1492, 1494, 1495, 1744, 1745, 1746, 1750 және 1757-шоттар үшін эмитенттің резиденттік белгісі мен экономика секторы коды көрсетіледі;
2301, 2303, 2306, 2401, 2402, 2405 және 2406-шоттар үшін бағалы қағазды ұстаушының резиденттік белгісі мен экономика секторы коды көрсетіледі, бағалы қағазды ұстаушыны дәйекті анықтауға мүмкіндік болмаған кезде – бағалы қағазды номиналды ұстаушысының (сенім білдірілген меншік иесінің) резиденттік белгісі мен экономика секторы коды көрсетіледі.
12. 3-жолда банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда немесе Ұлттық пошта операторында орналастырылған және 1250тобының шоттарында көрсетілген салымдар бойынша "5" экономика секторы коды көрсетіледі.
13. 1007, 1009, 1603 және 1604-шоттар үшін:
2-жолда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған бағалы металдардан жасалған монеталар мен ұлттық валютадағы коллекциялық монеталар үшін "1" коды, Қазақстан Республикасының бейрезидент эмитенттерінің бағалы металдардан жасалған монеталар мен коллекциялық монеталары үшін "2" коды көрсетіледі;
3 және 4-жолдарда көрсеткіштер толтырылмайды.
14. 3-жолда 1811, 1812, 1813, 1814, 1815, 1816, 1817, 1818, 1819, 1820, 1821, 1822, 1823, 1824, 1825, 1826, 1827, 1831, 1832, 1833, 1834, 1835, 1836, 1837, 1838, 1839, 1840, 1841, 1842, 1843, 1844, 1845, 1871, 1880, 2811, 2812, 2813, 2814, 2815, 2816, 2817, 2818, 2819, 2820, 2831, 2832, 2833, 2834, 2835, 2836, 2838, 2839, 2871, 2874, 2880, 3561, 3562, 3563 және 3564-шоттар бойынша көрсеткіш ұсынылмайды.
15. 4-жолда 1013, 1727, 2016, 2126, 2212, 2216, 2708 және 2717-шоттар бойынша көрсеткіш ұсынылмайды.
16. 2, 3 және 4-жолдарда 1011, 1012, 1601, 1602, 1610, 1651, 1652, 1653, 1654, 1655, 1656, 1657, 1658, 1659, 1660, 1661, 1662, 1691, 1692, 1693, 1694, 1695, 1696, 1697, 1698, 1699, 1854, 1857, 1858, 1859, 1873, 1874, 2854, 2857, 2858, 2859, 2861, 2872, 2873, 3001, 3003, 3025, 3027, 3101, 3200, 3400, 3510, 3540, 3580, 3589, 3599-шаттар және Үлгі шот жоспарының 4 (төртінші), 5 (бесінші), 6 (алтыншы) және 7 (жетінші) сыныптарының шоттары бойынша көрсеткіш ұсынылмайды.
17. 5-жолда үтірден кейін екі таңбалы сан форматында теңгедегі сома көрсетіледі.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Баланстық шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтер
Әкімшілік деректер нысанының индексі: BS(FN)_4-I(R)O_Q
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Есепті кезең: 20__ жылғы "______" ____________ жағдай бойынша
Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын
Нысан
Кесте. Баланстық шоттар бойынша қалдықтар
Баланстық шоттың нөмірі | Резиденттік белгісі | Экономика секторының коды | Валюта тобының коды | Сомасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Активтер | ||||
…. | ||||
Міндеттемелер | ||||
…. |
Атауы ___________________________________________________________
Мекенжайы ______________________________________________________
Телефоны ________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _____________________________________
Орындаушы ______________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
__________________________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Күні 20___ жылғы "___" __________
Баланстық шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтер нысанына қосымша |
Әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме
Баланстық шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтер (индексі – BS(FN)_4-I(R)O_Q, кезеңділігі – тоқсан сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірмеде "Баланстық шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтер" әкімшілік деректер жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 69) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы Нысанды есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша тоқсан сайын жасайды.
4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. 1-бағанда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16390 болып тіркелген "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, өзара сақтандыру қоғамдарына және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бухгалтерлік есеп жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 251 қаулысымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және өзара сақтандыру қоғамдарына және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарының (бұдан әрі – Шоттар жоспары) 2тарауының 1, 2, 3 және 4-параграфтарында көзделген баланстық шоттың нөмірі көрсетіледі.
6. 2, 3 және 4-бағандарда резиденттік белгісіне, экономика секторына және валюталар тобына сәйкес келетін кодтар көрсетіледі.
7. 2 және 3-бағандарда активтер бойынша резиденттік белгісі және дебитордың (эмитенттің) экономика секторының коды, міндеттемелер бойынша резиденттік белгісі және кредитор экономикасы секторының коды көрсетіледі.
8. 2 және 3-бағандарда:
1280 08-шот үшін резиденттік белгісі және вексель берушінің экономика секторының коды көрсетіледі;
1120, 1130, 1140, 1160, 1270 01, 1270 04, 1290 23, 2020, 2030, 2170 01 және 2170 03-шоттар үшін резиденттік белгісі және эмитент экономикасы секторының коды көрсетіледі;
4030 07 және 4030 10-шоттар үшін резиденттік белгісі және бағалы қағазды ұстаушының экономика секторының коды көрсетіледі, бағалы қағазды ұстаушыны дәйекті айқындау мүмкіндігі болмаған кезде – резиденттік белгісі және бағалы қағазды номиналды ұстаушының (сенімгерлік меншік иесінің) экономика секторының коды көрсетіледі.
9. 1300, 2300, 2400, 2600, 2700, 2930-шоттар бойынша 2, 3 және 4-бағандарда "0" коды көрсетіледі.
10. 1370, 1380, 1400, 1500, 1620, 2800, 2920, 3100, 3200, 3520, 3530, 3540, 4310, 4420, 4430 және 4440-шоттар бойынша 2 және 3-бағандарда "0" коды көрсетіледі.
11. 5-бағанда үтірден кейін екі таңбалы сан форматында есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша сома теңгемен көрсетіледі.