БҰЙЫРАМЫН:
1. "Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12533 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік (сағаттық) жалақыны бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасындағы жұмыс уақытының теңгеріміне қарай оқиға кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндерінің (жұмыс сағаттарының) санына көбейту жолымен есептеледі.";
мынадай мазмұндағы 7-1 және 7-2-тармақтармен толықтырылсын:
"7-1. Жұмыс уақытының жиынтық есебі кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы төлемінен басқа қызметкердің орташа жалақысы орташа сағаттық жалақыны орташа күндік жұмыс сағаттарының санына және оқиғаның күнтізбелік күндер санына көбейту жолымен есептеледі.
Орташа күндік жұмыс сағаттарының саны мынадай формула бойынша айқындалады:
ОртКЖС = ОртАЖС / ОртАКК * ККоқ, мұндағы:
ОртКЖС – орташа күндік жұмыс сағаттарының саны;
ОртАЖС – оқиғаның басына қолданыста болатын күнтізбелік жылдың жұмыс уақытының теңгеріміне сәйкес бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасындағы орташа айлық жұмыс сағаттарының саны;
ОртАКК – оқиғаның басына қолданыста болатын күнтізбелік жылдың жұмыс уақытының теңгеріміне сәйкес мереке күндерін есептегемегенде күнтізбелік күндердің орташа айлық саны;
ККоқ - оқиға кезеңіне сәйкес келетін мереке күндерін есептемегенде күнтізбелік күндер саны.
Жұмыс уақытының жиынтық есебі кезінде жұмыс берушінің актісінде егер қызметкерлердің жағдайын нашарлатпайтын болса, орташа жалақыны есептеудің өзге тәртібі көзделуі мүмкін.
7-2. Жұмыс уақытының жиынтық есебі бойынша жұмыс істейтін жұмыскерлерге еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақыны есептеу үшін орташа жалақы орташа сағаттық жалақыны жұмыс беруші жасаған ауысымдық кесте (вахта кестесі) бойынша еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан өткізіп алған жұмыс сағаттарының санына көбейту жолымен айқындалады, бірақ тиісті жылға жұмыс уақытының теңгерімінде белгіленген жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығынан аспайды.";
мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:
"15. Еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын (жыл сайынғы еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.
Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланбаған күндері үшін өтемақы төлемі еңбек шарты тоқтатылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тәртіппен жүргізіледі және бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасын негізге ала отырып, осы кезеңге сәйкес келетін жұмыс күндері (жұмыс сағаттары) есептеледі.
Жұмыс уақытының жиынтық есебі кезінде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланбаған күндері үшін өтемақы төлемі осы Қағидалардың 7-1-тармағында көзделген тәртіппен, бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы кезіндегі жұмыс уақытының теңгеріміне сүйене отырып жүргізіледі.";
қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департамент Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Жакупова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы " " . № бұйрығына қосымша |
Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларына қосымша |
Орташа жалақыны есептеу кезінде ескерілмейтін төлемдер
Орташа жалақыны есептеу кезінде ескерілмейтін төлемдерге мыналар:
1) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі үшін өтемақы;
2) еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы, сондай-ақ жұмыс беруші белгілейтін әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне қосымша төлемдер;
3) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезінде қызметкерлерге төленетін сауықтыруға арналған жәрдемақы;
4) қызметтік іссапарға жіберілетін қызметкерлерге берілетін өтемақы;
5) тұрақты жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипатында не қызмет көрсететін учаскелері шегінде қызметтік сапарлармен байланысты болған жағдайларда берілетін өтемақы төлемдері;
6) дала жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерге берілетін далалық жабдықталым;
7) қызметкерді жұмыс берушімен бірге басқа жерге жұмысқа ауыстыру немесе көшіру кезіндегі өтемақы төлемі;
8) қызметкердің (жеке тұлғаның) жеке мүлкін тараптардың келісімі негізінде жұмыс берушінің мүдделері үшін пайдаланған кездегі шығыстарды өтеу;
9) Еңбек кодексіне сәйкес берілген сүттің және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдер, арнайы киімнің және басқа да жеке қорғану құралдарының құны;
10) қызметкер еңбек міндеттерін атқару кезінде оның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша төлемдер (жоғалтқан жалақысы бөлігіндегі төлемдерден басқа);
11) қызметкерлерге жұмыс беруші (бала туған кезде, дәрігерлік қызметтің ақысын төлеу үшін, жерлеуге және басқа да жағдайларда) көрсететін материалдық көмек (ақшалай жәрдемақы), сондай-ақ жұмыс берушінің қаражаты есебінен ұжымдық шартта және (немесе) жұмыс берушінің актісінде қосымша көзделген өтемақылар мен әлеуметтік кепілдіктер төлемдері;
12) біржолғы көтермелеу төлемдері (біржолғы ақшалай сыйақыларды қоса алғанда);
13) Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушінің кінәсінен жалақы төлемдері кешіктірілген кезде және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін жұмыс берушінің қызметкерге төлейтін өсімақылары;
14) қызметкерлерді оқытуға және біліктілігін арттыруға байланысты жұмыс берушінің шығыстары;
15) спорттық байқауларда, конкурстар мен жарыстарда жүлделі орындар үшін берілетін ақшалай наградалар;
16) Еңбек кодексінің 124-бабына сәйкес қызметкерге мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындайтын жері бойынша төленген жалақы;
17) Еңбек кодексінің 72-бабына сәйкес қызметкерлерге күнделікті жұмысын (жұмыс ауысымын) бөліктерге бөлу кезіндегі жұмысы үшін өтемақы төлемдері;
18) үйде жұмыс істейтін қызметкерлерге төленетін өтемақы төлемдері;
19) Еңбек кодексінің 82-бабына сәйкес баланы (балаларды) тамақтандыруға арналған үзілістер уақыты үшін сақталған орташа жалақы;
20) Еңбек кодексінің 112-бабына сәйкес бос тұрып қалу жағдайында қызметкерлерге төленген сомалар жатады.