ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі міндетін атқарушысының 2023 жылғы 17 мамырдағы № 255 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32519 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аппараты лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарында:
8 және 9-тараулардың тақырыптары мынадай редакция жазылсын:
"8-тарау. ТЖМ Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс департаментінің лауазымдары бойынша
9-тарау. ТЖМ Кадр және тәрбие жұмысы департаментінің лауазымдары бойынша";
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) аумақтық органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарында:
7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"7-тарау. Кадр және тәрбие жұмысы бөлімшелерінің лауазымдары бойынша";
көрсетілген бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - ТЖМ) қарамағындағы мемлекеттік мекемелер лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарында:
1-бөлімде:
3 және 4-тараулар мынадай редакцияда жазылсын:
"
3-тарау. Кафедралардың лауазымдары бойынша | ||||||
8. | Кафедра бастығы |
С-SVU-6 | Жоғары оқу орнынан кейінгі |
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары: | С-SVU-6 санаты лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі № 67 бұйрықтың 15-тармағында көзделген талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс. |
Жоғары тұрған лауазымдарға орналасу үшін кадр резервіне алынған қызметкерлер мен әскери қызметшілер қатарынан тағайындалады. |
9. | Кафедра бастығының орынбасары |
С-SVU-7 | Жоғары оқу орнынан кейінгі | С-SVU-7, С-SVU-8 және С-SVU-9 санаты лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі № 67 бұйрықтың 16-тармағында көзделген талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс. | Жоғары тұрған лауазымдарға орналасу үшін кадр резервіне алынған қызметкерлер мен әскери қызметшілер қатарынан тағайындалады | |
10. | Профессор |
С-SVU-8 | Жоғары оқу орнынан кейінгі | |||
11. | Доцент |
С-SVU-8 | Жоғары оқу орнынан кейінгі | |||
12. | Аға оқытушы |
С-SVU-9 | Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі | |||
13. | Оқытушы |
С-SVU-12 | Жоғарыдан төмен емес | Жұмыс өтілі талап етілмейді. | ||
4-тарау. Азаматтық қорғаныс және әскери дайындық, төтенше жағдайларда қорғау кафедраларының лауазымдары бойынша | ||||||
14. | Кафедра бастығы |
С-SVU-6 | Жоғары оқу орнынан кейінгі |
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары: |
C-SVU-6 санаты лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс: |
Жоғары тұрған лауазымдарға орналасу үшін кадр резервіне алынған қызметкерлер мен әскери қызметшілер қатарынан тағайындалады. |
15. | Кафедра бастығының орынбасары |
С-SVU-7 | Жоғары оқу орнынан кейінгі |
C-SVU-7, C-SVU-8 және C-SVU-9 санаты лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс: | Жоғары тұрған лауазымдарға орналасу үшін кадр резервіне алынған қызметкерлер мен әскери қызметшілер қатарынан тағайындалады | |
16. | Профессор |
С-SVU-8 | Жоғары оқу орнынан кейінгі | |||
17. | Доцент |
С-SVU-8 | Жоғары оқу орнынан кейінгі | |||
18. | Аға оқытушы |
С-SVU-9 | Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі | |||
19. | Оқытушы |
С-SVU-12 | Жоғарыдан төмен емес | Жұмыс өтілі талап етілмейді. |
";
9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"9-тарау. Кадр жұмысы бөлімшелерінің лауазымдары бойынша";
17-тараудың 7-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"7 - параграф. Кадр жұмысы бөлімшелерінің лауазымдары бойынша";
2-бөлімнің 8-тарауының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"8-тарау. Кадр және тәрбие жұмысы бөлімшесінің лауазымдары бойынша".
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
С. Шарипханов |
"КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігі