"Азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі міндетін атқарушысының 2023 жылғы 17 мамырдағы № 255 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 696 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 25 желтоқсанда № 33797 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі міндетін атқарушысының 2023 жылғы 17 мамырдағы № 255 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32519 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аппараты лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарында:

      8 және 9-тараулардың тақырыптары мынадай редакция жазылсын:

      "8-тарау. ТЖМ Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс департаментінің лауазымдары бойынша

      9-тарау. ТЖМ Кадр және тәрбие жұмысы департаментінің лауазымдары бойынша";

      көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) аумақтық органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарында:

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Кадр және тәрбие жұмысы бөлімшелерінің лауазымдары бойынша";

      көрсетілген бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - ТЖМ) қарамағындағы мемлекеттік мекемелер лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарында:

      1-бөлімде:

      3 және 4-тараулар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3-тарау. Кафедралардың лауазымдары бойынша

8.

Кафедра бастығы

С-SVU-6
(қызметкер)

Жоғары оқу орнынан кейінгі

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары:
Өрт қауіпсіздігі
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі
Төтенше жағдайларда қорғау
Азаматтық қорғаныс күштерінің командалық тактикалық
Педагогикалық ғылымдар
Өнер және гуманитарлық ғылымдар
Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
Бизнес басқару және құқық
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
Ауыл шаруашылығы және биоресурстар
Қызметтер
Әскери іс және қауіпсіздік
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)
Сот сараптамасы
Техносфералық қауіпсіздік
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою

С-SVU-6 санаты лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі № 67 бұйрықтың 15-тармағында көзделген талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс.

Жоғары тұрған лауазымдарға орналасу үшін кадр резервіне алынған қызметкерлер мен әскери қызметшілер қатарынан тағайындалады.
Ғылыми дәрежесінің немесе ғылыми атағының болуы.

9.

Кафедра бастығының орынбасары

С-SVU-7
(қызметкер)

Жоғары оқу орнынан кейінгі

С-SVU-7, С-SVU-8 және С-SVU-9 санаты лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі № 67 бұйрықтың 16-тармағында көзделген талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс.

Жоғары тұрған лауазымдарға орналасу үшін кадр резервіне алынған қызметкерлер мен әскери қызметшілер қатарынан тағайындалады

10.

Профессор

С-SVU-8
(қызметкер)

Жоғары оқу орнынан кейінгі


11.

Доцент

С-SVU-8
(қызметкер)

Жоғары оқу орнынан кейінгі


12.

Аға оқытушы

С-SVU-9
(қызметкер)

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі


13.

Оқытушы

С-SVU-12
(қызметкер)

Жоғарыдан төмен емес

Жұмыс өтілі талап етілмейді.


4-тарау. Азаматтық қорғаныс және әскери дайындық, төтенше жағдайларда қорғау кафедраларының лауазымдары бойынша

14.

Кафедра бастығы

С-SVU-6
(әскери қызметші)

Жоғары оқу орнынан кейінгі

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары:
Өрт қауіпсіздігі
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі
Төтенше жағдайларда қорғау
Азаматтық қорғаныс күштерінің командалық тактикалық
Педагогикалық ғылымдар
Өнер және гуманитарлық ғылымдар
Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
Бизнес басқару және құқық
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
Ауыл шаруашылығы және биоресурстар
Қызметтер
Әскери іс және қауіпсіздік
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)
Сот сараптамасы
Техносфералық қауіпсіздік
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою

C-SVU-6 санаты лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:
1) құқық қорғау не арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
3) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
4) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Жоғары тұрған лауазымдарға орналасу үшін кадр резервіне алынған қызметкерлер мен әскери қызметшілер қатарынан тағайындалады.
Ғылыми дәрежесінің немесе ғылыми атағының болуы.

15.

Кафедра бастығының орынбасары

С-SVU-7
(әскери қызметші)

Жоғары оқу орнынан кейінгі

C-SVU-7, C-SVU-8 және C-SVU-9 санаты лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:
1) құқық қорғау не арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
3) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
4) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Жоғары тұрған лауазымдарға орналасу үшін кадр резервіне алынған қызметкерлер мен әскери қызметшілер қатарынан тағайындалады

16.

Профессор

С-SVU-8
(әскери қызметші)

Жоғары оқу орнынан кейінгі


17.

Доцент

С-SVU-8
(әскери қызметші)

Жоғары оқу орнынан кейінгі


18.

Аға оқытушы

С-SVU-9
(әскери қызметші)

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі


19.

Оқытушы

С-SVU-12
(әскери қызметші)

Жоғарыдан төмен емес

Жұмыс өтілі талап етілмейді.


      ";

      9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. Кадр жұмысы бөлімшелерінің лауазымдары бойынша";

      17-тараудың 7-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7 - параграф. Кадр жұмысы бөлімшелерінің лауазымдары бойынша";

      2-бөлімнің 8-тарауының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Кадр және тәрбие жұмысы бөлімшесінің лауазымдары бойынша".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
С. Шарипханов

      "КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік қызмет

      істері агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады