"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Мемлекеттік әскери-тарихи музейінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрін көрсетуі және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 527 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 1374 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 желтоқсанда № 33848 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 625 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 14.06.2024 № 625 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Мемлекеттік әскери-тарихи музейінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрін көрсетуі және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 527 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32664 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Мемлекеттік әскери-тарихи музейінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрін көрсетуі және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларында:

      4-тармақ алып тасталсын;

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген ақылы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін және қолма-қол ақшаны бақылау шотына (бұдан әрі – ақылы қызмет шоты) аударылатын ақшаның түсуiн және жұмсалуын есепке алу "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 31 мая 2023 года № 527 "Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) Государственным военно-историческим музеем Вооруженных Сил Республики Казахстан и расходования им денег от реализации товаров (работ, услуг)"

Приказ Министра обороны Республики Казахстан от 28 декабря 2023 года № 1374. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 декабря 2023 года № 33848. Утратил силу приказом Министра обороны Республики Казахстан от 14 июня 2024 года № 625.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра обороны РК от 14.06.2024 № 625 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 31 мая 2023 года № 527 "Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) Государственным военно-историческим музеем Вооруженных Сил Республики Казахстан и расходования им денег от реализации товаров (работ, услуг)" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 32664) следующие изменения:

      в Правилах оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) Государственным военно-историческим музеем Вооруженных Сил Республики Казахстан и расходования им денег от реализации товаров (работ, услуг), утвержденных указанным приказом:

      пункт 4 исключить;

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Учет поступления и расходования денег, поступающих от реализации платных товаров (работ, услуг), указанных в пункте 2 настоящих Правил, и зачисляемых на контрольные счета наличности (далее – счет платных услуг), осуществляется в соответствии с приказом Министра финансов Республики Казахстан от 4 декабря 2014 года № 540 "Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9934)".

      2. Государственному военно-историческому музею Вооруженных Сил Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан после его первого официального опубликования;

      3) направление сведений в Юридический департамент Министерства обороны Республики Казахстан об исполнении подпунктов 1) и 2) настоящего пункта в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Министра обороны Республики Казахстан по воспитательной и идеологической работе.

      4. Настоящий приказ довести до должностных лиц в части, их касающейся.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр обороны Республики Казахстан Р. Жаксылыков

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов

Республики Казахстан