Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 14.06.2024 № 625 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Мемлекеттік әскери-тарихи музейінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрін көрсетуі және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 527 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32664 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Мемлекеттік әскери-тарихи музейінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрін көрсетуі және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларында:
4-тармақ алып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген ақылы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін және қолма-қол ақшаны бақылау шотына (бұдан әрі – ақылы қызмет шоты) аударылатын ақшаның түсуiн және жұмсалуын есепке алу "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.".
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Р. Жаксылыков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі