"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 384 бұйрығына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 625 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 18 маусымда № 34509 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 384 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32375 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мәдениет саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемесінің көрсетілетін қызметті өткізу бойынша ақылы қызмет түрін көрсетуі және көрсетілетін қызметті өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Мәдениет саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемесінің көрсетілетін қызметті өткізу бойынша ақылы қызмет түрін көрсетуі және көрсетілетін қызметті өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидалары бекітілсін";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Мемлекеттік әскери-тарихи музейінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрін көрсетуі және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 31 мамырдағы № 527 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32664 болып тіркелген);

      2) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Мемлекеттік әскери-тарихи музейінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрін көрсетуі және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 527 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 1374 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33848 болып тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2024 жылғы 14 маусымдағы
№ 625 Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2023 жылғы "27" сәуірдегі
№ 384 бұйрығымен
бекітілген

Мәдениет саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемесінің көрсетілетін қызметті өткізу бойынша ақылы қызмет түрін көрсетуі және көрсетілетін қызметті өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мәдениет саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемесінің көрсетілетін қызметті өткізу бойынша ақылы қызмет түрін көрсету және көрсетілетін қызметті өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мәдениет саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемесінің көрсетілетін қызметті өткізу бойынша ақылы қызмет түрін көрсетуі және көрсетілетін қызметті өткізуден түсетін ақшаны жұмсау тәртібін айқындайды.

      Мәдениет саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ҚР ҚК ҰӘПО) және оның филиалдары болып табылады.

      2. ҚР ҚК ҰӘПО және оның филиалдары ақылы негізде мынадай көрсетілетін қызметтерді:

      1) фото-, бейнетүсірілім жүргізу бойынша көрсетілетін қызметті;

      2) мәдени, мәдени-бұқаралық, патриоттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша, оның ішінде Қарулы Күштерге ведомстволық тиесілігі жоқ жеке және заңды тұлғалармен бірлесіп көрсетілетін қызметті (жиынды, салтанатты іс-шараларды, концертті, қабылдауды, форумды, конференция мен кинотүсірілімді ұйымдастыру және өткізу);

      3) жетекші шығармашылық ұжымдар көрсететін қызметті;

      4) концерттік (шығармашылық, эстрадалық-би) ұжымдардың өнер көрсетуі бойынша көрсетілетін қызметті;

      5) залдарды (ғимаратты, құрылысжайды, үй-жайды) беру бойынша көрсетілетін қызметті;

      6) әскери оркестрдің өнер көрсетуі бойынша көрсетілетін қызметті;

      7) концерттік үй-жай мен алаңдар үшін мүкәммал (жабдық) беру бойынша көрсетілетін қызметті;

      8) репетиторлық көрсетілетін қызметті;

      9) өткізілетін мәдени-демалыс іс-шаралары шеңберінде қонақүй қызметін ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті;

      10) фото, бейнетүсірілімді, кино (деректі және көркем фильм) түсіруді ұйымдастыру, театрландырылған қойылым, фотосессияны, имидждік, оның ішінде шынайылықпен жанасқан бейнеролик жасау үшін ашық далада әскери техника павильонын қоса алғанда, мемлекеттік мекемеде экспозициялық алаң көрсететін қызметті;

      11) жоғары оқу орындарының студенттері, кино және теледидар, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері үшін, сондай-ақ әртүрлі фото және бейнеөнім жасау кезінде консультант ретінде қатысуды, сұхбат беруді және телебағдарламаны түсіріп жазуды қоса алғанда, басқа да мүдделі адамдар үшін білікті ғылыми консультация беру бойынша көрсетілетін қызметті;

      12) мемлекеттік мекеме залдарының тақырыптары бойынша дәрістік қызметті, көшпелі дәрістерді жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметті;

      13) көшпелі көрме ұйымдастыру және өткізу бойынша көрсетілетін қызметті;

      14) музейге экскурсиямен және онсыз бару бойынша көрсетілетін қызметті;

      15) экспонаттардың фото-, бейнетүсірілімі, құжаттарды көшіру бойынша көрсетілетін қызметті;

      16) құқық иесiнiң рұқсатымен реставрациялау жұмысы, макетті, экспонатты, қаруды және мұрағаттық құжаттарды реконструкциялау, көшiрмесiн жасау бойынша көрсетілетін қызметті;

      17) кәдесый және полиграфиялық өнімді жасау және өткізу бойынша көрсетілетін қызметті;

      18) Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға ведомстволық тиесілігі жоқ жеке және заңды тұлғалардың өтінімі бойынша ғылыми жобаларды әзірлеу және мұражайлық экспозиция жасау бойынша көрсетілетін қызметті;

      19) оқыту студиялары мен үйірмелерін, әртүрлі бейіндегі шеберханаларды, мұражай педагогикасы мен квестілерін ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті ұсынады.

2-тарау. Көрсетілетін қызметті өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрін көрсету және көрсетілетін қызметті өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібі

      3. Заңды тұлғаларға көрсетілетін қызметті өткізу бойынша ақылы қызмет түрін көрсету шарт негізінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғаларға көрсетілген қызметке жүргізілген төлемге сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген ақылы көрсетілетін қызметті өткізуден түсетін ақша "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (бұдан әрі – № 540 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес қолма-қол ақшаны бақылау шотына (бұдан әрі – ақылы көрсетілетін қызмет шоты) түсіріледі және жұмсалады.

      5. Қолма-қол ақшаны қабылдау ҚР ҚК ҰӘПО кассасы арқылы, сондай-ақ ақылы көрсетілетін қызмет шотына аудару арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша жүргізіледі.

      6. Көрсетілетін қызметті өткізу бойынша ақылы қызмет түрін көрсетуден түсетін қаражат:

      1) әскерге шақыру жасына дейінгі жастарды тартып, әскери-патриоттық сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге;

      2) әскери-патриоттық және спорттық іс-шаралар (әскери-спорттық және спорттық жарыс пен жиын, шығармашылық және зияткерлік конкурс пен фестиваль, форум) жеңімпазы мен қатысушыларына естелік кәдесый және баспаханалық өнім, грамота сатып алуға;

      3) іс-шараларға қатысушы делегация мен бірге жүретін адамдарды тамақтандыру, тұрмыстық және мәдени қызмет көрсету шығысын жабуға;

      4) ҰӘПО жеке құрамы мен патриоттық іс-шараларға қатысушылар үшін киім нысанын сатып алуға және тіккізуге;

      5) әскерге шақыру жасына дейінгі жастармен әскери-патриоттық және білім беру іс-шараларын өткізу үшін үй-жайды жайластыруға;

      6) қосымша ақы, үстемеақы, сыйлықақы белгілеуге;

      7) банктік көрсетілетін қызметті төлеуге;

      8) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырысы (өтінімі) бойынша оқыту үшін үй-жайды, көлік құралы мен жабдықты жалға алуға және оқу құралдарын, көрнекі материалдарды сатып алуға;

      9) Қазақстанның және шет мемлекеттер мамандарымен бірлескен жұмыс жүргізу арқылы жеке құрамның біліктілік деңгейін арттыруды ұйымдастыруға;

      10) ғимарат пен құрылысжайды реконструкциялауға, ағымдағы және күрделі жөндеуге, сондай-ақ ғимаратқа қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметті төлеуге;

      11) іссапар, оның ішінде шетелдік іссапар шығысына;

      12) жабдықты, құралды, жиһазды, оның ішінде музыкалық аспаптарды, дыбыстық жабдықты және шығыс материалын (барабан пластигін, барабан таяқшаларын, батарея, түтін генераторына сұйықтық) сатып алуға;

      13) музыкалық аспаптарды, дыбыстық жабдықты және сахналық костюмдерді жөндеуге;

      14) материалдық-техникалық базаны нығайтуға;

      15) мәдениет ескерткіштерін жаңғыртуға және тұрғызуға;

      16) қызмет көрсету үшін тартылатын мамандардың еңбегіне ақы төлеуге;

      17) оқу семинарын, тренинг, конференция өткізуге, сондай-ақ мамандардың біліктілігін арттыруға;

      18) шаруашылық шығысқа (байланыс бойынша көрсетілетін қызметті, көлік және коммуналдық көрсетілетін қызметті төлеу, ағымдағы мақсаттар үшін заттар мен материалдарды сатып алуға);

      19) ақылы негізде қызмет көрсету шеңберінде қажетті кеңсе және шаруашылық материалдарын сатып алуға;

      20) экспонаттар мен мұражайлық құндылықты сатып алуға;

      21) мұражайлық құндылықты сақтауға және реставрациялауға;

      22) ғылыми еңбекті, оқу құралын, экскурсиялық мәтінді түзетуге және аударуға;

      23) Қазақстан Республикасында және шетелде экспозициялық-көрме қызметін ұйымдастыруға, сондай-ақ қабылдауды өткізуге және шет елдердің көрмесін ұйымдастыруға жұмсалады.

      7. ҚР ҚК ҰӘПО көрсететін қызметті өткізуден ақшаның түсуін және жұмсалуын есепке алу № 540 бұйрыққа сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады