ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 04.04.2024 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ақпарат иеленушілердің отырыстарына қол жеткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2024 жылғы 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы |
К. Искаков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет)
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 605-НҚ бұйрығымен бекітілген |
Ақпарат иеленушілердің ашық отырыстарына қол жеткізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ақпарат иеленушілердің ашық отырыстарына қол жеткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және ақпарат пайдаланушылардың орталық атқарушы органдар мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдары алқалы органдарының отырыстарына қол жеткізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) ақпарат иеленушілер – орталық атқарушы органдар және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдары;
2) ақпарат пайдаланушы – ақпаратты сұрататын және (немесе) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
3) қол жеткізу шектелген ақпарат – мемлекеттік құпияларға, жеке басының құпиясына, отбасылық, банктік, коммерциялық құпияға, медицина қызметкерінің құпиясына және (немесе) заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған ақпарат, қолжетімділігі шектеулі дербес деректер, сондай-ақ "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар қызметтік ақпарат;
4) онлайн режим – бейне байланыс арқылы қашықтан режимінде жүзеге асырылатын қызмет;
5) оффлайн режим – жергілікті жерде тікелей қатысу нәтижесінде жүзеге асырылатын қызмет.
2-тарау. Ақпарат пайдаланушылардың орталық атқарушы органдар мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдары алқалы органдарының отырыстарына қол жеткізу тәртібі
3. Орталық атқарушы органдар мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдары алқалы органдарының отырыстары жабық отырыстарды, сондай-ақ құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың отырыстарын қоспағанда, ашық және ақпарат пайдаланушыларға қолжетімді болып табылады.
4. Қол жеткізу шектелген ақпарат санатына жататын мәселелерді қарау кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда отырыстар ақпарат пайдаланушылардың қатысуынсыз жабық режимде өткізілуі мүмкін.
5. Отырыстардың ашықтығы оларға мүдделі ақпарат пайдаланушылардың оффлайн және онлайн режимінде қатысу мүмкіндігіне кепілдік береді.
6. Табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар, жалпы елде немесе жекелеген өңірлерде жағдайдың тұрақсыздануы және террористік шабуыл немесе эпидемиологиялық аурулардың таралу қатері кезінде ашық отырыстарға қолжетімділік онлайн режимде қамтамасыз етіледі.
7. Ақпарат иеленушілердің ашық отырыстары қазақ және (немесе) орыс тілдерінде өткізіледі.
8. Ақпарат иеленуші алдын ала, бірақ отырыс басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей өзінің ресми интернет-ресурсында және (немесе) өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында алдағы ашық отырыстың анонсы мен күн тәртібін (ол бар болған кезде) орналастырады.
Анонс отырысты өткізу орны, күні, уақыты, форматы (онлайн, оффлайн), қарау жоспарланған мәселелерді және байланыс деректерін (жұмыс телефонының нөмірі және электрондық пошта мекенжайы) көрсете отырып, дайындауға жауапты адам туралы ақпаратты қамтиды.
9. Ашық отырысқа оффлайн режимінде қатысуға өтінім ақпарат пайдаланушымен отырыс өткізілетін күнге дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей қағаз немесе электрондық нысанда ресми анонста көрсетілген жауапты адамға береді.
Өтінімде отырысқа қатысқысы келетін адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған жылы, сондай-ақ кері байланыс үшін байланыс деректері көрсетіледі.
10. Ақпарат иеленушілер ашық отырыс өткізу үшін орындарды жазылған ақпарат пайдаланушылардың санын негізге ала отырып дайындайды.
11. Отырысқа кіруге рұқсат берілген ақпарат пайдаланушылар ғимараттардағы объектішілік және өткізу режимдерінің белгіленген тәртібін сақтайды.
12. Ақпарат иеленуші техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып Интернет желісінде онлайн-трансляциялауды ұйымдастыра отырып, не қолжетімді ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пайдаланыла отырып ашық отырысқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
13. Ақпарат иеленуші отырысты онлайн-трансляциялау кезінде келіп түскен комментарийлерге жауап беру арқылы ақпарат пайдаланушылармен кері байланысты қамтамасыз етеді.
14. Стенограмма және (немесе) хаттаманы (олар бар болған кезде) қоса алғанда, ашық отырыстың қорытындысы бойынша қабылданған шешім туралы ақпарат отырыс өткізілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей ақпарат иеленушінің интернет-ресурсында орналастырылады.