Астана қаласы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 133/16-VIII шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2023 жылғы 29 желтоқсанда № 1368-01 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабының 2-тармағына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Астана қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары;

      осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

      осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес арнайы орындарды пайдалану тәртібі;

      осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Астана қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      2. "Нұр-Сұлтан қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды анықтау туралы" Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 маусымдағы № 512/68-VI шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1275 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Аталған шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткесін күшіне енеді.

      Астана қаласы мәслихатының төрағасы Е. Каналимов

  Астана қаласы мәслихатының
2023 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 133/16-VIII шешімі
№ 1-қосымша

Астана қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары

Р/с №

Арнайы орын атауы

Материалдық-техникалық жарықтандырылуы

Шекті толу саны

1.

Ш. Құдайбердіұлы даңғылы мен А. Пушкин көшесі қиылысындағы шағынбақ

Жер учаскесінің аумағы – 4380 ш.м; көше жарығы;
электр энергиясын қосу нүктесі;
бейнебақылау және бейнежазба камералары;
35 тұрақ орны (1 кіру, 1 шығу)

1000 адам

2.

"Столичный" циркі ғимаратының жанындағы алаң

Жер учаскесінің аумағы – 2064 ш.м; көше жарығы;
электр энергиясын қосу нүктесі;
60 тұрақ орны (1 кіру, 1 шығу).
бейнебақылау және бейнежазба камералары;

1000 адам

3.

Сарыарқа даңғылындағы саябақтың шығыс бөлігі

Жер учаскесінің аумағы – 3500 ш.м; көше жарығы;
электр энергиясын қосу нүктесі;
бейнебақылау және бейнежазба камералары;

300 адам

4.

"Генерал И. Панфилов және 28 панфиловшылар батырлары" ескерткішінің жанында "Жерұйық" саябағы желекжолынан солтүстік-шығыс бөлігі

Жер учаскесінің аумағы – 2000 ш.м. көше жарығы;
электр энергиясын қосу нүктесі;
бейнебақылау және бейнежазба камералары;

200 адам

5.

Жазушылар аллеясынан (Абая даңғылы – Ә. Сембинов көшесі) бастап шағынбаққа (Ш. Құдайбердіұлы даңғылы – А. Пушкин көшесі) дейін

Бағыт ұзындығы 2055 м. құрайды;
көше бойында көше жарықтары бар;
бейнебақылау және бейнежазба камералары

1000 адам

      ______________________________

  Астана қаласы мәслихатының
2023 жылғы "___"__________
№ ______________ шешімі
№ 2-қосымша

Астана қаласында арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушының өкілдері бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде дыбыс-бейне жазу техникасын, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауға арналған техниканы пайдалануға құқылы.

      2. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.

      ____________________________

  Астана қаласы мәслихатының
2023 жылғы "___"__________
№ ______________шешімі
№ 3-қосымша

Астана қаласында арнайы орындарды пайдалану тәртібі

      1. Осы Астана қаласындағы арнайы орындарды пайдалану тәртібі (бұдан әрі – тәртіп) "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Тәртіп келесі ұғымдарды пайдаланады:

      1) бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын – Астана қаласының мәслихаты бейбіт жиналыстар өткізу үшін айқындаған жалпыға ортақ пайдаланылатын орын немесе жүру бағдары;

      2) бейбіт жиналыс – сипатына қарай бейбіт, күш қолданылмайтын және қаруланбайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін, Қазақстан Республикасының азаматтары жиналыс, митинг пен демонстрация, шеру мен пикеттеу нысанында өткізетін жария іс-шара;

      3) шеру – қоғамдық маңызы бар мәселелер және (немесе) адамдардың және (немесе) органдардың, ұйымдардың әрекеттері (әрекетсіздігі) бойынша пікірін жария білдіру мақсатында Қазақстан Республикасы азаматының немесе азаматтары тобының көлік құралдарын пайдаланбай белгілі бір уақытта, белгілі бір маршрут бойынша жүріп өтуі, бұл дыбыс күшейткіш техникалық құралдар, плакаттар, транспаранттар және өзге де көрнекі үгіттеу құралдары пайдаланыла отырып немесе онсыз, талаптар қойыла отырып немесе онсыз жүзеге асырылады;

      4) пикеттеу – қоғамдық маңызы бар мәселелер және (немесе) адамдардың және (немесе) органдардың, ұйымдардың әрекеттері (әрекетсіздігі) бойынша пікірін жария білдіру мақсатында Қазақстан Республикасының бір азаматының белгілі бір жерде, белгілі бір уақытта болуы, бұл қозғалыссыз және дыбыс күшейткіш техникалық құралдар пайдаланылмай, плакаттар, транспаранттар және өзге де көрнекі үгіттеу құралдары пайдаланыла отырып немесе онсыз жүзеге асырылады.

      3. "Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өкілі хабарлама/өтініш бойынша оң шешім қабылданған кезде, бейбіт жиналыстың/шерудің ұйымдастырушысымен бірлесіп, бір күн бұрын іс-шараны өткізу ережесін мынадай мәселелер бойынша келісу үшін арнайы орынға барады:

      1) периметрі және өткізу орнының материалдық-техникалық сипаттамасымен танысу мен анықтау;

      2) "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде дыбыс деңгейімен дыбысты күшейтетін техникалық құралдарды, плакаттарды, транспаранттар мен көрнекі үгіттеу құралдарын, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға;

      3) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудиовизуалды техника құралдарын пайдалану, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасау;

      4) жазушылар аллеясынан (Абай даң. – Ә. Сембинов көш.) бастап шағынбаққа (Ш. Құдайбердіұлы даң. – А. Пушкин көш.) дейінгі шеру бағытымен танысу.

      4. Бейбіт жиналыс өткізу күні ұйымдастырушы және оған қатысушылар:

      1) өтініште көрсетілген мерзім аралығында арнайы орынның аумағында орналасады;

      2) ғимараттардың, орын-жайлардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

      3) санитарлық нормалар мен қауіпсіздік ережелерін сақтап, Қазақстан Республикасының қоғамдық тәртіпті сақтау туралы заңнамасын сақтайды;

      4) "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгісінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 13 тамызы № 278 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21104 болып тіркелген) сәйкес бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылар айырым белгісін тағып жүреді.

      5. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      ____________________________

  Астана қаласы мәслихатының
2023 жылғы "___"__________
№ ______________шешімі
№ 4-қосымша

Астана қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Астана қаласының келесі объектілерінің іргелес аумақтарынан кемінде 800 метр қашықтықта пикеттеуді өткізу шекарасы айқындалсын:

      жаппай жерлеу орындарында;

      теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      Қазақстан Республикасы Президентінің резиденцияларына іргелес жатқан аумақтарда;

      қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда өткізуге тыйым салынады.

      ____________________________

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования, норм их предельной заполняемости, требований к их материально-техническому и организационному обеспечению, границ прилегающих территорий, на которых запрещено проведение пикетирования в городе Астане

Решение маслихата города Астаны от 26 декабря 2023 года № 133/16-VIII. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 29 декабря 2023 года № 1368-01

      В соответствии с пунктом 2 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан", маслихат города Астаны РЕШИЛ:

      1. Определить:

      следующие специализированные места для организации и проведения мирных собраний на территории города Астаны и нормы их предельной заполняемости, согласно приложению 1 к настоящему решению;

      требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест, согласно приложению 2 к настоящему решению;

      порядок использования специализированных мест, согласно приложению 3 к настоящему решению;

      границы прилегающих территорий, на которых запрещено проведение пикетирования в городе Астане, согласно приложению 4 к настоящему решению.

      2. Признать утратившим силу решение маслихата города Нур-Султан от 30 июня 2020 года № 512/68-VI "Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в городе Нур-Султане" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 1275).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата города Астаны Е. Каналимов

  Приложение № 1
к решению маслихата
города Астаны
от 26 декабря 2023 года № 133/16-VIII

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний в городе Астане и нормы их предельной заполняемости

№ п/п

Наименование
специализированного
места

Материально-техническое оснащение

Нормы предельной наполняемости

1.

Сквер на пересечении
проспекта
Ш. Құдайбердіұлы
и улицы А. Пушкина

Площадь земельного участка – 4380 кв.м;
уличное освещение;
точка для подключения электроэнергии;
камеры видеонаблюдения и видеофиксации;
35 парковочных мест (1 заезд, 1 выезд)

1000
человек

2.

Площадь у здания цирка
"Столичный"

Площадь земельного участка – 2064 кв.м;
уличное освещение;
точка для подключения электроэнергии;
парковочные места на 60 мест (1 заезд, 1 выезд);
камеры видеонаблюдения и видеофиксации

1000
человек

3.

Восточная часть сквера на проспекте Сарыарка

Площадь земельного участка – 3500 кв.м;
уличное освещение;
точка для подключения электроэнергии;
камеры видеонаблюдения и видеофиксации

300
человек

4.

Северо-восточная часть со стороны бульвара парка "Жерұйық" вблизи памятника "Генералу И. Панфилову и 28 героям-панфиловцам"

Площадь земельного участка – 2000 кв.м;
уличное освещение;
точка для подключения электроэнергии;
камеры видеонаблюдения и видеофиксации

200
человек

5.

Аллея писателей (проспект Абая – улица Ә. Сембинова) до сквера (проспект Ш. Құдайбердіұлы – улица А. Пушкина)

Протяженность маршрута составляет 2055м;
уличное освещение;
камеры видеонаблюдения и видеофиксации

1000
человек

  Приложение № 2
к решению маслихата
города Астаны
от 26 декабря 2023 года № 133/16-VIII

Требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест в городе Астане

      1. Организатор или представители организатора имеют право использовать средства аудиовизуальной техники, а также техники для произведения видео- и фотосъемки при проведении мирных собраний.

      2. Материально-техническое и организационное обеспечение проведения мирных собраний осуществляется организатором или представителями организатора и участниками за счет собственных средств, а также за счет средств и имущества, собранных и (или) переданных для проведения данных мирных собраний.

  Приложение № 3
к решению маслихата
города Астаны
от 26 декабря 2023 года № 133/16-VIII

Порядок использования специализированных мест в городе Астане

      1. Настоящий порядок использования специализированных мест в городе Астане (далее – Порядок) разработан в соответствии с Законом Республики Казахстан "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан".

      2. Порядок использует следующие понятия:

      1) специализированное место для организации и проведения мирных собраний – место общего пользования или маршрут следования, определенные маслихатом города Астаны для проведения мирных собраний;

      2) мирное собрание – публичное мероприятие, являющееся по своему характеру мирным, ненасильственным и невооруженным, не создающим угрозу интересам государственной безопасности, общественного порядка, охраны здоровья, защиты нравственности населения, прав и свобод других лиц, проводимое в форме собрания, митинга и демонстрации, шествия и пикетирования гражданами Республики Казахстан;

      3) шествие – прохождение гражданина или группы граждан Республики Казахстан без использования транспортных средств в определенное время по определенному маршруту с целью публичного выражения мнения по общественно значимым вопросам и (или) действиям (бездействию) лиц и (или) органов, организаций, осуществляемое с использованием звукоусиливающих технических средств, плакатов, транспарантов и иных средств наглядной агитации или без такового, с выдвижением требований или без такового;

      4) пикетирование – присутствие одного гражданина Республики Казахстан в определенном месте в определенное время с целью публичного выражения мнения по общественно значимым вопросам и/или действиям/бездействию лиц и/или органов, организаций, осуществляемое без передвижения и без использования звукоусиливающих технических средств, с использованием плакатов, транспарантов и иных средств наглядной агитации или без такового.

      3. Представитель Государственного учреждения "Управление внутренней политики города Астаны" при положительном рассмотрении уведомления/заявления совместно с организатором мирного собрания/шествия выезжает на специализированное место проведения за один день для согласования порядка ведения мероприятия по вопросам:

      1) определения периметра и ознакомления с материально-техническими характеристиками места проведения;

      2) использования при проведении мирных собраний звукоусиливающих технических средств с уровнем звука, плакатов, транспарантов и иных средств наглядной агитации, а также транспортных средств в случаях, предусмотренных Законом Республика Казахстан "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан";

      3) использования средств аудиовизуальной техники, а также техники для произведения видео- и фотосъемки при проведении мирных собраний;

      4) ознакомления с маршрутом шествия с Аллеи писателей (проспект Абая – улица Ә. Сембинова) до сквера (проспект Ш. Құдайбердіұлы – улица А. Пушкина).

      4. В день проведения мирного собрания организатор и его участники:

      1) находятся на территории специализированного места в течение времени, указанного в уведомлении/заявлении;

      2) обеспечивают сохранность зданий, сооружений, малых архитектурных форм, зеленых насаждений, а также иного имущества;

      3) соблюдают санитарные нормы и правила техники безопасности, законодательство Республика Казахстан по соблюдению общественного правопорядка;

      4) носят отличительный знак организатора мирных собраний в соответствии с приказом Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 13 августа 2020 года № 278 "Об утверждении форм отличительных знаков организатора мирных собраний" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативно правовых актов за № 21104).

      5. В случае, если на проведение мирного собрания в одном и том же месте и (или) по одному и тому же маршруту следования либо в одно и то же время одновременно претендует несколько организаторов мирных собраний, очередность использования указанного места определяется местным исполнительным органом исходя из времени получения им соответствующего уведомления или заявления от организатора мирных собраний.

  Приложение № 4
к решению маслихата
города Астаны
от 26 декабря 2023 года № 133/16-VIII

Границы прилегающих территорий, на которых запрещено проведение пикетирования в городе Астане

      Определить границы проведения пикетирования на расстоянии не менее 800 метров от прилегающих территорий следующих объектов города Астаны:

      в местах массовых захоронений;

      на объектах железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта и прилегающих к ним территориях;

      на территориях, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      на территориях, прилегающих к резиденциям Президента Республики Казахстан;

      на территориях, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      на магистральных железнодорожных сетях, магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи и прилегающих к ним территориях.