Нұр-Сұлтан қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды анықтау туралы

Күшін жойған

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 маусымдағы № 512/68-VI шешімі. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 шiлдеде № 1275 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 133/16-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 26.12.2023 № 133/16-VIII (бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткесін күшіне енеді) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8 бабы, 2 тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Нұр-Сұлтан қаласында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер өткізуге келесі орындар белгіленсін:

      1) А. Пушкин көшесі мен Ш.Құдайбердіұлы даңғылы қиылысындағы саябақ;

      2) "Столичный" циркі жанындағы алаң;

      3) Жеңіс, Абая даңғылы, Т. Бегелдинов және Желтоқсан көшелері төртбұрышындағы алаң.

      2. Шеру өткізу үшін бағдар ретінде Абай көшесі бойындағы Жазушылар аллеясынан А. Пушкин көшесі мен Ш.Құдайбердіұлы даңғылы қиылысындағы саябаққа дейінгі аралық бекітілсін.

      3. Бейбіт жиналыс орындарын пайдалану ережесі 1-Қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      4. Пикеттеу ережесі 2-Қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      5. Астана қалалық мәслихатының "Астана қаласында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер өткізу тәртібін қосымша регламенттеу туралы" 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 175/23-V шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 789 болып тіркелген, 2013 жылғы 13 қарашадағы №133 "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      6. Аталған шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткесін күшіне енеді.

      Нұр-Сұлтан қаласы
      мәслихаты сессиясының төрағасы С. Батпенов
      Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты
      хатшысының міндетін атқарушы М. Шайдаров

  Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының
2020 жылғы 30 маусымы
№ 512/68-VI шеміміне
1-қосымша

Бейбіт жиналыстар мен шерулерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану ТӘРТІБІ

      Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын – Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты бейбіт жиналыстар өткізу үшін айқындаған жалпыға ортақ пайдаланылатын орын немесе жүру маршруты.

      Бейбіт жиналыс – сипатына қарай бейбіт, күш қолданылмайтын және қаруланбайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін, Қазақстан Республикасының азаматтары жиналыс, митинг пен демонстрация, шеру мен пикеттеу нысанында өткізетін жария іс-шара.

      Шеру – қоғамдық маңызы бар мәселелер және (немесе) адамдардың және (немесе) органдардың, ұйымдардың әрекеттері (әрекетсіздігі) бойынша пікірін жария білдіру мақсатында Қазақстан Республикасы азаматының немесе азаматтары тобының көлік құралдарын пайдаланбай белгілі бір уақытта, белгілі бір маршрут бойынша жүріп өтуі, бұл дыбыс күшейткіш техникалық құралдар, плакаттар, транспаранттар және өзге де көрнекі үгіттеу құралдары пайдаланыла отырып немесе онсыз, талаптар қойыла отырып немесе онсыз жүзеге асырылады.

Бейбіт жиналыстар мен шерулер өткізу үшін арнайы орындардың материалдық-техникалық қамтамасыздығы


п/п

Арнайы орын атауы

Материалдық-техникалық қамтамасыздығы

Шекті толу саны

1.

Ш. Құдайбердіұлы даңғылы мен А. Пушкин көшесі қиылысындағы саябақ

Жер учаскесінің аумағы – 4380 ш.м.
- көше жарығы;
- электр энергиясын қосу нүктесі;
- бейнебақылау және бейнежазба камералары;
-35 тұрақ орны (1 кіру, 1 шығу).

1000 адам

2.

"Столичный" циркі жанындағы алаң

Жер учаскесінің аумағы – 2064 ш.м.
- көше жарығы;
- электр энергиясын қосу нүктесі;
-60 тұрақ орны (1 кіру, 1 шығу).
- бейнебақылау және бейнежазба камералары;

1000 адам

3.

Жеңіс, Абай даңғылы, Т. Бигелдинов және Желтоқсан көшелері төртбұрышындағы жазғы алаң

Жер учаскесінің аумағы – 1695 ш.м.
- көше жарығы;
- электр энергиясын қосу нүктесі;
-70 тұрақ орны
- бейнебақылау және бейнежазба камералары;

500 адам

4.

Жазушылар аллеясы (Абая даң. – Ә.Сембинов көш.) бастап, саябаққа (Ш.Құдайбердіұлы даң.– А.Пушкина көш.) дейін

Бағыт ұзындығы 2055 м. құрайды;
- көше бойында көше жарықтары бар;
- бейнебақылау және бейнежазба камералары.

1000 адам

      "Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі өкілі хабарлама/өтініш бойынша оң шешім қабылданған кезде, бейбіт жиналыстың/шерудің ұйымдастырушысымен бір күн бұрын іс-шараны өткізу ережесін келесі сұрақтар бойынша келісу үшін арнайы орынға барады:

      - бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылардың айрықша белгісі;

      - периметрі және өткізу орнының материалдық-техникалық сипаттамасымен танысу мен анықтау үшін;

      - бейбіт жиналыстар кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дыбыс күшейткіш техникалық құралдар, көлік құралдары, плакаттар, транспаранттар және өзге де көрнекі үгіттеу құралдары және осы Заңда көрсетілген құралдарды пайдалану туралы;

      - бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудиовизуалды техника құралдарын пайдалануға, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауды;

      - Жазушылар аллеясынан (Абай даң. – Ә.Сембинов көш.) бастап, саябаққа (Ш.Құдайбердіұлы даң. – А.Пушкин көш.) дейінгі шеру бағытымен танысу.

      Бейбіт жиналыс өткізу күні ұйымдастырушы және оған қатысушылар:

      - өтініште көрсетілген мерзім аралығында мамандандырылған орынның аумағында орналасады;

      - ғимараттардың, құрылысжайлардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

      - санитарлық нормалар мен қауіпсіздік ережелерін сақтап, Қазақстан Республикасының қоғамдық тәртіпті сақтау туралы заңнамасын сақтайды;

      - бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгісін тағып жүреді.

  Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының
2020 жылғы 30 маусымы
№ 512/68-VI шеміміне
  2-қосымша

Пикеттеу өткізу ережесі

      Пикеттеу – қоғамдық маңызы бар мәселелер және/немесе адамдардың және/немесе органдардың, ұйымдардың әрекеттері/әрекетсіздігі бойынша пікірін жария білдіру.

      Пикеттеуді өткізуге тыйым салынады:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының резиденцияларына іргелес жатқан аумақтарда;

      5) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      6) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      7) ТҚО объектілердің іргелес аумақтарында.

      Рұқсат етіледі:

      - бір азаматың белгілі бір жерде жіне статиқалық түрде болуы(қозғалыссыз);

      - плакаттар, транспаранттар және өзге де көрнекі үгіттеу құралдары пайдалану;

      - пикеттеу ұзақтығы (бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда), дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне екі сағаттан аспауға тиіс.

      Рұқсат етілмейді:

      -бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан көп пикет өткізуге жол берілмейді;

      -дыбыс күшейткіш техникалық құралдар пайдалануға;

      -пикеттеу жасауға тыйым салынған объектілердің іргелес аумақтарынан 350 метр қашықтықта пикеттеу жасауға.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады