Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақмола облысы бойынша балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 қазандағы №А-10/547 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25014 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақмола облысы бойынша балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады
Ақмола облысының әкімі | Е.Маржикпаев |
Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 1 наурыздағы № А-2/69 қаулысына қосымша |
|
Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 қазандағы №А-10/547 қаулысымен бекітілген |
Ақмола облысы бойынша балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Қосымша білім беру бағыты | Білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілердің саны | Бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) | Ерекше білім беруді қажет ететін бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) | ||
қала | ауыл | қала | ауыл | |||
1 | Ғылыми-техникалық | 3000 | 12 235 | 15 217 | 12 810 | 15 800 |
2 | Туризм және өлкетану | 400 | 12 235 | 15 217 | 12 810 | 15 800 |
3 | Экологиялық-биологиялық | 300 | 12 235 | 15 217 | 12 810 | 15 800 |
4 | Көркемдік-эстетикалық | 1900 | 12 235 | 15 217 | 12 810 | 15 800 |
5 | Әлеуметтік-педагогикалық | 1000 | 12 235 | 15 217 | 12 810 | 15 800 |
6 | Гуманитарлық | 1600 | 12 235 | 15 217 | 12 810 | 15 800 |
7 | Жаратылыстану-математикалық | 1600 | 12 235 | 15 217 | 12 810 | 15 800 |
Жиыны: | 9800 |