Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-4) тармақшасына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы бойынша балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 01.03.2023 № А-2/69 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | Е.Маржикпаев |
Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 қазандағы № А-10/547 қаулысымен бекітілген |
Ақмола облысы бойынша балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
Ескерту. Тапсырыс жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 01.03.2023 № А-2/69 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Қосымша білім беру бағыты | Білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілердің саны | Бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) | Ерекше білім беруді қажет ететін бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) | ||
қала | ауыл | қала | ауыл | |||
1 | Ғылыми-техникалық | 3000 | 12 235 | 15 217 | 12 810 | 15 800 |
2 | Туризм және өлкетану | 400 | 12 235 | 15 217 | 12 810 | 15 800 |
3 | Экологиялық-биологиялық | 300 | 12 235 | 15 217 | 12 810 | 15 800 |
4 | Көркемдік-эстетикалық | 1900 | 12 235 | 15 217 | 12 810 | 15 800 |
5 | Әлеуметтік-педагогикалық | 1000 | 12 235 | 15 217 | 12 810 | 15 800 |
6 | Гуманитарлық | 1600 | 12 235 | 15 217 | 12 810 | 15 800 |
7 | Жаратылыстану-математикалық | 1600 | 12 235 | 15 217 | 12 810 | 15 800 |
Жиыны: | 9800 |