"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 23 маусымдағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ақмола облысы Ақкөл ауданы Новорыбин ауылдық округінің Новорыбин ауылының көшелері қайта аталсын:
Украин көшесі Бейбітшілік көшесіне;
Целинная көшесі Тың игерушілер көшесіне;
Старосельская көшесі Ескі ауыл көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Новорыбин ауылдық округінің әкімі | Д.Шүленбеков |