Ақмола облысы Ақкөл ауданы Новорыбин ауылдық округінің Новорыбин ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл ауданы Новорыбин ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 16 наурызда № 8522-03 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 23 маусымдағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ақмола облысы Ақкөл ауданы Новорыбин ауылдық округінің Новорыбин ауылының көшелері қайта аталсын:

      Украин көшесі Бейбітшілік көшесіне;

      Целинная көшесі Тың игерушілер көшесіне;

      Старосельская көшесі Ескі ауыл көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Новорыбин ауылдық округінің әкімі Д.Шүленбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады